Кейiннен өткiзуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы



Дата24.02.2016
өлшемі39.98 Kb.
Кейiннен өткiзуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 4 қарашадағы N 1754 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" газетi 2009 жыл 24 қараша № 386-388 (25785) "Казахстанская правда" от 12.11.2009 г., № 266 (26010); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 55, 452-құжат


      РҚАО-ның ескертпесi!
      Қаулының қолданылуы 2010 жылғы 1 маусымға дейiн тоқтатыла тұрады - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 наурыздағы № 161 Қаулысымен.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңы 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қоса берiлiп отырған Кейiннен өткiзуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғанынан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                       К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң    
2009 жылғы 4 қарашадағы
N 1754 қаулысымен
бекiтiлген    

Кейiннен өткiзуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын
союды ұйымдастыру ережесi

      1. Осы Кейiннен өткiзуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру ережесi (бұдан әрi — Ереже) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және кейiннен өткiзуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру тәртiбiн айқындайды.


      2. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      ет өңдейтiн кәсiпорын - жануарларды сою және сойылған өнiмдердi өңдеу жүзеге асырылатын, мал базасы, өндiрiстiк цех, өндiрiстiк ветеринариялық-санитариялық бақылау бөлiмi және ветеринариялық-санитариялық нормалар мен талаптарға сай келетiн басқа да қосалқы объектiлерi бар өндiрiстiк кешен;
      сою алаңы (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңы) - ет өңдейтiн кәсiпорын немесе сою пункттерi жоқ кезеңде, ветеринариялық-санитариялық ережелер сақталып және жануар мен оның сойылған өнiмдерiне ветеринариялық тексеру жүргiзе отырып, мал сою үшiн белгiленетiн бейiмделген үй-жай (орын);
      сою пунктi - ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргiзiле отырып, жануарларды соятын және жануарлардың сойылған өнiмдерiн бастапқы өңдейтiн жабдықтармен жарақтандырылған, ветеринариялық-санитариялық нормалар мен талаптарға сай келетiн мамандандырылған үй-жай.
      3. Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлерi ұшалары  мен ағзаларын сою алдындағы ветеринариялық тексерiп қарауға және союдан кейiнгi ветеринариялық тексерiп қарауға жатады.
      4. Союдан кейiнгi ветеринариялық тексерiп қарау нәтижелерi бойынша ұшаға "алдын ала тексерiп қарау" таңбасы қойылады.
      5. Ауыл шаруашылығы жануарларын сою алдындағы ветеринариялық тексерiп қарау мен ұшалар мен ағзаларды союдан кейiн ветеринариялық тексерiп қарау нәтижелерiн ветеринариялық дәрiгер арнайы журналдарда тiркейдi.
      6. Кейiннен өткiзуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын сою Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгiленген ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен нормаларды сақтап және белгiленген тәртiппен ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүргiзiп, ветеринариялық және ветеринариялық-санитариялық талаптар мен нормаларға сәйкес келетiн сою пункттерiнде немесе еттi қайта өңдеу кәсiпорындарында жүзеге асырылады.
      7. Сою пункттерi немесе еттi қайта өңдеу кәсiпорындары жоқ кезеңде ауыл шаруашылығы жануарларын сою және жануар мен оның сою өнiмiн ветеринариялық тексерiп қарау ветеринариялық және ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес келетiн сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында) жүзеге асырылады.
      8. Ауыл шаруашылығы жануарларын сою тек қана Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен берiлетiн есептiк нөмiрлерi бар сою пункттерiнде, сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында) және еттi қайта өңдеу кәсiпорындарында жүзеге асырылады.
      9. Жануарларды сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында) сойған кезде ветеринариялық дәрiгер:
      ауыл шаруашылығы жануарында бiрдейлендiру нөмiрiнiң, ветеринариялық паспортының және онда өткiзiлген ветеринариялық-профилактикалық iс-шаралар мен диагностикалық зерттеулер туралы белгiнiң болуына тексеру;
      ветеринария саласындағы уәкiлеттi органмен белгiлеген тәртiппен ауыл шаруашылығы жануарларын сою алдында ветеринариялық тексерiп қарау және ұшалар мен iшкi ағзаларды союдан кейiн тексерiп қарау, ұшаларды таңбалау жүргiзiледi.
      Ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою аландарында) сойған кезде ұшаларда тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы орган бөлiмшесiнiң ветеринариялық дәрiгер берген жануарды сою алдында ветеринариялық тексерiп қарау және ұшалар мен ағзаларды союдан кейiн ветеринариялық тексерiп қарау нәтижелерiн көрсетiп, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң қолайлылығы туралы ветеринариялық анықтама бiрге жүредi.
      Ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңында сою нәтижесiнде алынған ұшалар мен ағзалар өткiзудiң алдында уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өтедi.
      10. Сою пункттерiнде немесе еттi қайта өңдеу кәсiпорындарында сойған кезде ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасының немесе өндiрiстiк бақылау бөлiмшесiнiң ветеринариялық дәрiгерi:
      ауыл шаруашылығы жануарында бiрдейлендiру нөмiрiнiң, ветеринариялық паспорттың және онда өткiзiлген ветеринариялық-профилактикалық iс-шаралар мен диагностикалық зерттеулер туралы белгiнiң болуын тексерудi;
      ветеринария саласындағы уәкiлеттi органмен белгiлеген тәртiппен жануарды сою алдында ветеринариялық тексерiп қарауды және ұшалар мен iшкi ағзаларды союдан кейiн ветеринариялық-санитариялық сараптауды, сараптама актiсiн берудi, ұшаларды таңбалауды ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүргiзедi.
      Ауыл шаруашылығы жануарларын сою пункттерiнде немесе еттi қайта өңдеу кәсiпорындарында сойған кезде ұшасы ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасының немесе өндiрiстiк бақылау бөлiмшесiнiң сараптама актiсiнiң негiзiнде белгiлеген тәртiппен берiлген ветеринариялық сертификатпен бiрге жүредi.
      11. Жануарлардан алынатын өнiмдер (ет және ет өнiмдерi) мен шикiзатты iшкi сауда объектiлерiнде өткiзу ауыл шаруашылығы жануарының осы ереженiң талаптарына сәйкес сойылғандығын растайтын ветеринариялық құжаттар болған кезде ғана жiберiледi.
Каталог: images -> downloads -> podzakonnie-akti
podzakonnie-akti -> Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және күтiп-ұстау ережесiн бекiту туралы
podzakonnie-akti -> Жергiлiктi бюджеттер жобаларын әзiрлеу ережесiн бекiту туралы
downloads -> Қостанай облысының әкімі Н. М. Садуақасовтың халықтың өкілдерімен есептік кездесуіндегі «Қостанай облысының 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2013 жылға арналған негізгі міндеттері туралы»
downloads -> Конкурс тәсілімен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізуге қатысудың қорытындылары туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет