Кейс №2 (5-апта тапсырмасы) БӨЖ. №1 кейс (5-6 апта тапсырмасы) Мақсат



бет1/3
Дата22.10.2022
өлшемі197.83 Kb.
#463282
  1   2   3
БӨЖ


БӨЖ. КЕЙС № 2 (5-апта тапсырмасы)
БӨЖ. №1 КЕЙС (5-6 апта тапсырмасы)
Мақсат: Тақырыпты толық меңгеру.
Тапсырма:
5.1. Бұрыс жағын жою жолдарын қарастырыңыз және қарастырған мәселені шешудің нақты қадамын әзірлеңіз.
5.2. Өз шешеміңізді көрсете отырып, диаграмалық кесте құрастырыңыз және 2 минуттық бейнежазба дайындаңыз.
Топпен бірге жұмыстың барлық жоспарын талқылай отырып, «Тілдің шығуы» тақырыбына жоба жұмысын дайындаңыз.
Тілдің шығуы дегеніміз не?
Тілдің шығуы — адамзат қоғамының пайда болуымен байланысты, алғашқы адамдардың сөйлеу мүшелерімен дыбыстарды бірінен соң бірін ажырата айтуы арқылы қарым-қатынас қажеттілігінің туындауы. Тіл қоғамда пайда болды, оны дамытатын — қоғам, халық. Тілсіз қоғам, қоғамнан тыс тіл болмайды. Тілдің шығуы практикалық қызмет үстіндегі көрнекі ойлаумен тығыз байланысты, өмір сүру үшін күрес, еңбек процесінде, практикалық мәселені шешу үстінде пайда болды. Дыбыстап сөйлеудің шығуына дыбыс шығару қабілеті тікелей әсер етті. Тілдік қарым-қатынастың пайда болуы қоғамдық сананың қалыптасуымен тікелей байланысты. Адамды адам еткен — тіл. Тілдің шығуы — адамның әлеуметтік тіршілік иесіне айналуының алғы шарты. Дыбыстап сөйлеудің пайда болуы адамға тән екінші сигнал жүйесін қалыптастырды (сөз тітіркендіргіш қызметін атқарды, реакция туғызды). Сөздің пайда болуы адамдар арасындағы қатынасты жетілдіріп, қоршаған орта құпиясын ашатын ойлаудың жаңа сатысын туғызды. Тілдің шығуы мен жекелеген тілдердің пайда болуын шатастыруға болмайды. Қазіргі кезде дүние жүзіндегі тілдің саны 5 мыңнан асады. Бірақ олардың бәрінің субстраты — біреу, ол — адамды қоршаған орта, міндеті де біреу, ол қарым-қатынас құралы қызметін атқару. Тілдің шығуы теориялық тұрғыдан алғанда, қазіргі адамның (homo sapiens) пайда болуымен тұспа-тұс келеді.


Тілдің шығуы жөніндегі теориялар
Тілдің шығуы жөніндегі К. Маркс және Ф. Энгельстің тұжырымдары
Тіл философиясының ғылыми түсінігін кезіндегі археология мен этнографияның, антропология мен социологияның т.б. зерттеулеріне сүйене отырып жасап берген К.Маркс пен Ф.Энгельс болды. Олардың ілімінше, адам тілінің табиғи қалыптасуына бірден-бір себеп болған адам тектес маймылдардың адамға айналу процесінің барысында туған қоғамдық қажеттілік - алғашқы адамдардың бірлескен тіршілік іс-әрекеттерін үйлестіру қажетті еді. Демек, адам тілінің шығуы адам коғамының шығу, қалыптасу проблемасына барып тіреледі екен, өйткені біріншісі екіншісінің, яғни антропогенез бен социогенез проблемасының, құрамдас бөлігі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет