Келер шақ Ic



Дата20.09.2023
өлшемі53 Kb.
#478061
Келер шақ


Келер шақ
Ic, қимыл, амалдың сөйлеп тұрған уақыттан кейін істелетінін көрсететін етістіктің түрі к e л e p ш a қ деп аталады.
Қелер шақ мағынасына және тұлғасына қарай үш түрлі болады: 1) болжалды келер шақ,.2) мақсатты келер шак, 3) ауыспалы келер шақ.
1. Болжалды келер шақ. Ic, қимыл, амалдың алдағы уақытта не істелетіндігі, не істелмейтіндігі дәл көрсетілмей, болжай көрсетілетін етістіктің түрі б o л ж a л д ы к e л e p ш a қ делінеді.
Болжалды келер шақ етістіктің түбіріне -ap, -ep, -p жұрнақтары жалғанып, бұлардан кейін жіктік жалғаудың қосымшасы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: айт+ар+мын, кел+ер+мін, сана+р+мын; айт+ар+сың, кел+ер+сің, сана+р+сың.
Болжалды келер шақ болымды және болымсыз түрде айтылады. Бұның болымсыз түрі болымсыздық мағына беретін -ма, -ме, -ба, ле, -пa, -пe жұрнақтарынан соң -c жұрнағы жалғану арқылы жасалады.
Болжалды келер шақтың жіктелу үлгісі



жақ

жекеше

көпше

I II
III

айтармын, айтпаспын айтарсың, айтпассың айтарсыз, айтпассыз айтар, айтпас

айтармыз, айтпаспыз айтарсыңдар, айтпассыңдар айтарсыздар, айтпассыздар
айтар, айтпас



2. Мақсатты келер шақ. Ic, қимыл, амалды алдағы уақытта істеуге, орындауға істі істеуші жақтың мақсат етіп отырғанды-ғын білдіретін етістіктің түрі мақсатты келер шақ деп аталады.
Мақсатты келер шақ етістіктін. түбіріне -мақ, -мек, -бақ, -пақ, -пек жұрнақтары жалғанып, бұлардан соң жіктік жалғаудың қосымшасы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: оңда+мақ+пын, жөнде+мек+сің, қаз+бақ+пын, үз+бек+сің, сат+пақ+пын, кет+пек+сің.
Мақсатты келер шақтың жіктелу үлгісі



жақ

жекеше

көпше

I II
III

сатпақпын, кетпекпін сатпақсың, кетпексің сатпақсыз, кетпексіз сатпақ, кетпек

сатпақпыз, кетпекпіз сатпақсыңдар, кетпексіндер сатпақсыздар, кетпексіздер сатпақ, кетпек



Кейде мақсатты келер шақ тудыратын -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтарынан соң -шы, -ші жұрнақтары жалғанып та айтыла береді. Мысалы: бар+мақ + шы+мын, айт+пақ+шы+сың, қаз+бақ+шы+мын, кел+мек+ші+сің т. т.
Мақсатты келер шақтың болымсыз түрІн жасау үшін -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пак,, -пек жұрнақтары жалғанған негізгі етістіктен coң емес сөзі тіркесіп айтылады да, жіктік жалғаудың қосымшасы сол көмекші етістікке жалғанады. Мысалы: Мен бармақ (бармақшы) емеспін, сен айтпақ (айтпақшы) емессің. Ол келмек (келмекші) емес т. т.
3. Ауыспалы келер шақ. Сөйлемдегі өзге сөздерге байланыс-ты бірде келер шақтық, бірде осы шақтық ұғым тудыратын етіс-тіктің түрі a y ы c п a л ы к e л e p ш a қ делінеді.
Ауыспалы келер шақтың жасалуы ауыспалы осы шақтағы айтылғандай. Тұлғалық жағынан бұл екеуінің ешқандай айырмасы жоқ. Бір грамматикалық тұлға бірде осы шақтңқ, бірде келер шақтық ұғым беретін болғандықтан, ауыспалы деп аталады. Бұл тұлғаның сөйлемде қай шақты білдіріп тұрғандығы сол сөйлемдегі мезгілдік ұғымы бар езге сөздер арқылы дәлденеді, айқындалады. Мысалы: Мен Алматыдағы жолдасыма хат жазамын. Мен жолдасыма хатты ертең жазамын. Бұл сөйлемдердегі жазамын деген сөздің тұлғалық жағынан айырмасы жоқ. Сейте тұрса да, бірінші сөйлемде ауыспалы осы шақ, екінші сөйлемде ауыспалы келер шақ. Өйткені екінші сөйлемдегі ертең деген мезгілдік үстеу жазамын деген етістіктіқ шақтық мағынасын дәлдеп, істің әлі істелмегендігін, алдағы уақытта істелетіндігін білдіріп, келер шақтық ұғымды білдіріп тұр.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет