Кинолента 20 ғасырдың отызыншы жылдарында болған Қазақстанға жаппай жер аудару туралы баяндайды. Кореядағы көрсетілімді «Корея-Орталық Азия» Ынтымақтастық форумының хатшылығы, Қазақстан елшілігі мен «Қазақфильм» ұйымдастырған



Дата01.03.2024
өлшемі59.24 Kb.
#493718
түріСценарий
Жерұйық


"ЖЕРҰЙЫҚ" ФИЛЬМІ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЗАМАННЫҢ ШЫНДЫҒЫН КӨРСЕТТІ



Режиссер Сламбек Тәуекел мен сценарийші Лаврентий Сон түсірген «Жерұйық» фильмі Кореяның астанасы Сеул қаласында көрсетілді. Көрерменнің жоғары бағасын алған туындыға киносыншылардың өз пікірі бар.
Кинолента 20 ғасырдың отызыншы жылдарында болған Қазақстанға жаппай жер аудару туралы баяндайды. Кореядағы көрсетілімді «Корея-Орталық Азия» Ынтымақтастық форумының хатшылығы, Қазақстан елшілігі мен «Қазақфильм» ұйымдастырған.
«Жерұйық» фильмі 2011 жылы жарық көрді, бірақ Кореяда ресми түрде алғаш рет көрсетілген еді. Фильм еліміздегі ірі киностудиялардың бірінде корей тіліне аударылып, титрленген. Оған екі ай уақыт қажет болды, дейді мамандар.
Әрине, ерекше атап өтуге болатын қазақ фильмдері аз емес. Дегенмен, орны бөлектері бір төбе. Мәселен, запыран заманның зарын бере алған «Жерұйық» фильмі зорлық-зобалаңды шебер бейнелей алғанымен құнды.
Бұл көркемфильм 1937 жылы Қиыр Шығыстан кәрістер жер аударылған Алматы облысы, Үштөбе ауылында өскен сценарист Сон Лаврентийдің балалық шағы туралы десек те болады. Бірақ фильмнің сценарийін Лаврентий Сон мен Сламбек Тәуекел бірлесе отырып жазған екен.
Кезінде Корей ұлттық театрында «Жад» («Память») деп аталған қойылым сахналанды. Ол драмада корейлердің Қазақстанға депортациялануы көрсетілген еді. Сол қойылым кезінде көрермен залында отырған Сламбек Тәуекел туындыдан ерекше шабыт алып, Лаврентий Сон мырзаға осы тақырыпты кеңінен аша түсетін «Жерұйық» деген атаумен көркем фильм түсірсек деген ұсыныс тастапты. Ол фильмде қазақ еліне жер ауып келген корей, неміс, еврей, поляктар, шешендер, түріктер, күрдтер, тағы басқа да халықтар жайында, бастарынан кешірген ауыр тағдырларына тереңірек үңіліп, сол жайында көрсетілсе деген мақсат тұрған, дейді Сламбек Тәуекел.

Сламбек Тәуекел, кинорежиссер
Фильмнің басты идеясы — Қазақстандағы көпұлттылық­тың пайда болуын көрсету. Қазақ халқы отандастарымызды жылы қарсы алып, оларға мейірімділік танытты. Бұл фильм Корей елінде бұрын да көрсетілген. Қазақстанға келіп те талай шет елдік бұл туындымызбен танысқан еді. Жарық көргелі 8 жылдың жүзі болса да, бағаланып, көрерменін тауып жатқаны, әрине, Лаврентий екеумізді қуантады.
Сценарийі үш айда жазылып біткен фильм 2009 жылғы қарашадан 2010 жылдың қараша айына дейін Қаратал өзенінің бойында түсірілген.
Қазақ халқының қанына сіңген қонақжайлықты дәріптеген бұл көркем фильмдегі басты рөлдерді Болат Әбділманов, Назгүл Қарабалина, Сергей Попов, Бағлан Әбдіраимов, Тамара Қосубаева, Алтынай Нөгербек, Меңтай Өтепбергенов, Алексей Шемес сынды дарынды әртістер сомдаған. Алғашында «Атажұрт» деп аталып, кейіннен «Жерұйық» болып өзерген бұл фильмнің сюжеті қасіретті жылдардың ауыр жағдайында ізгілік пен адамгершілікті алға қойған Қазақстан халқының достығын бейнелейді.
«Адамзаттың бәрін сүй, ба­уырым деп». Ұлы Абайд­­ың осы сөзін беташар қылған кинолентаның көтерген жүгі барынша ауыр. Сталин заманындағы өзге ұлттарды қазақ жеріне қоныстандыру саясатының құрбандарын және олардың бастан кешірген ауыр да, азапқа толы тағдырларын осы фильмнен көре аламыз.
Ұжымдастыру, ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, соғыс сияқты небір зобалаңға тап келсе де, адалдығынан айнымаған, тектілігін жоғалтпаған, ізіне шам алып түскен сатқындардың сөзіне арбалмай, бір-бірін отқа итермеген мәрт адамдардың ерлігі еріксіз таң қалдырады. Кәріс, неміс, түрік, шешен, күрд және басқа да ұлттар амалсыз туған жерінен алыстап қазақ еліне келген кезде қатты жатсынады. Бірақ бауырмал қазақ халқы оларды төріне шығарып, бір үзім нанын да бөліп береді. Фильмде жұрттың берекесі мен бірлігін ойлап, елдің қамын жейтін нар тұлғалы азамат Орынбай - өмірде болған кейіпкер. Ол өз туған жерінен амалсыз көшіріліп әкелінген әртүрлі ұлттарды жатырқамай, бауырына басады. Міне, қазақтың қазақшылығы да осында ғой... Нағыз бұқпасыз шындықты дәл көрсеткен көркем туынды сапасы жағынанан да ешқандай фильмдерден кем емес. Фильм соңы мәрт азамат – Орынбайдың Сібірге жер аударылуымен аяқталады.
Бүгінге дейін кино өнері туралы бірқатар кітаптар шығарған, 100-ден астам мақалалар, рецензиялар, сұхбаттар мен зерттеулердің авторы, кинотанушы, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Назира Рахманқызы «Жерұйық» фильміне қатысты өз ойын былай деп білдірді:

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет