Кіші мектеп жасындағы оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу



бет1/8
Дата06.07.2022
өлшемі130.57 Kb.
#459623
  1   2   3   4   5   6   7   8
Кіші мектеп жасындағы оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу

Кіші мектеп жасындағы оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу




МАЗМҰНЫ


Кіші мектеп жасындағы оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу 1
МАЗМҰНЫ 2
КІРІСПЕ 3
І-БӨЛІМ. КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. 5
1.1Тұлғаны рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің қазіргі кездегі мәселелері. 5
ІІ-БӨЛІМ. КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ. 25
2.1Кіші мектеп жасындағы оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі сынып жетекшінің рөлі 25
2.2. Кіші мектеп жасындағы оқушыны рухани-адамгершілікке педагогикалық процесте тәрбиелеу жолдары. 36
Қорытынды 47
Пайдаланылған әдебиеттер: 50


КІРІСПЕ


Зерттеу көкейтестілігі: Қоғамның ең жоғарғы құндылығы –адам. Қазақстан Республикасында жүріп жатқан саяси, әлеуметтік, экономикалық демократиялық өзгерістер сол құндылық деп бағаланып отырған адамның деп қайта түлеуі, игілігі үшін жасалуда.
Адамгершілік құндылықтар ғасырлар бойы халық- тәлім тәрбиесінің өзегінің бірі бола отырып, адамдық келбетін сақтау, дамытуға өзек болды.
Қазіргі кездегі адамгершіліктің, құндылықтың кемуі жаман мінез-құлықтың өрістеуіне, әділетсіз істер мен қатыгездік сияқты белең алды.
Қазақстан Республикасының «Білім беру» заңында ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін арнайы жағдайлар жасау білім беру жүйесінің басты міндеті деп көрсетілген. Сондықтан, бүгінгі таңда рухани-адамгершіліктер арқылы адамгершілітер арқылы адамгершіліктік сана, сезім, мінез-құлықтарды тәрбиелеуде адамгершіліктің құндылықтарда орнықтыру әрбір мектеп нысанасына айналады.
¤ткеннің тәжірибесін адамның төл бойына дарыту озық өнегелі рухани дәстүрлі жалғастыру арқылы ұрпақтар сабақтастығының тарихи процесі жүріп отырады. Бұл процессіз қоғамның өркениетті елдер деңгейіне жетуі мүмкін емес.
Еліміз зайырлы мемлекет. Зайырлы болу деген дінсіз болу деген сөз емес. Халықтың дамуында діни негізінде адамгершіліктер қарастырылған. Сондықтан, адамгершілік бастаулары діни негізде руханилықта дамып, адамгершіліктік кемелденуіне көмектесіп отырғаны белгілі.
Ежелден Әл-Фараби, Абай, Шоқан, Ыбырай және тағы басқа қазақ зиялыларының еңбектері адамгершілік мұраттарға толы.
Адамгершілікке қатысты халықтық, діни озық құндылықтарды пайдалана отырып, ұрпақ тәрбиелеу арасындағы туындаған қайшылықтарды зерттеп отырған тақырыбымыздың проблемасы болып табылады. «Кіші мектеп жасындағы оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу» деп дипломдық жұмыс тақырыбын алуға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: Рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы кіші мектеп жасындағы оқушыларды тәрбиелеудің мүмкіндіктерін негіздеу.
Зерттеу обьектісі – кіші мектеп жасындағы оқушыларына адамгерішіліктік тәрбие беру процесі.
Зерттеу пәні: оқу-тәрбие процесінде рухани-адамгершіліктік құндылықтар арқылы оқушыларды тәрбиелеу.
Зерттеу міндеттері – халықтық тәлім-тәрбиенің озық дәстүрлері және адамгершілік туралы педагогикалық, психологиялық еңбектердегі адамгершілікке қатысты материалдарды талдау;

  • қазақ халқының тәлім-тәрбиесіндегі тарихи-әлеуметтік, мәдени дамуындағы адамгершілік тәрбиесінің алатын орнын, мәнін, қазіргі кездегі проблемасын, тәрбиелік мүмкіндіктерін айқындау;

  • кіші мектеп жасындағы рухани-адамгершілік туралы зерттеулерді анықтау;

  • осы кездегі рухани-адамгершіліктің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін белгілеу.

Зерттеу болжамы: рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы кіші мектеп жасындағы оқушылар тәрбиеленсе өзіндік адамгершілік сезім, сана, мінез-құлқын тиімді әдіс-тәсілдермен тәрбиелесе адамгершілік туралы негізгі түсініктері тәрбиеленіп, адамгершілік мінез-құлық элементтерін байқауға болады.
Зерттеу әдістері- педагогика, дін, философия, психология, этика саласы ғалымдарының адамгершілікке қатысты материалдарын талдау, қазіргі кездегі адамгершіліктік инновациялық технологияда болып жатқан материалдарды жинақтау, талдау жасау; педагогикалық – тәжірибе кезінде кіші мектеп жасындағы оқушылармен адамгершілікке тәрбиелеудің тиімді әдіс-тәсілдерін айқындап көру, қорытындылау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет