Күйiстiлер дикроцелиозы
Дикроцелилозбен үй жəне жабайы жануарлардың көптеген түрi, əсiресе күйiс малы жəне кемiргiштер ауырады. Өте сирек жағдайда адамдар да зақымданады. Дикроцелиозге шалдыққан түлiк арықтап, оның өнiмi азайып, кейде тiптi өлiмге де ұшырайды. Зақымдалған мал бауыры, əдетте тамаққа жарамсыз. Сорғыштар бауырдың өт жолдары мен өт қалтасында (қабында) тiршiлiк етедi. (29-сурет)
Қоздырғышы. Dicrococoelium lanceatum (Stiles et Hassal,1896) ұзынша келген (тұрқы 0,5-1,5 см) жiңiшке, өте ұсақ, қандауыр (ланцент) тəрiздi жалпақ құрттар. Бұл гельминттердiң артқы жағы шұңқырлау, ал алдыңғы жағы үшкiрлеу келедi. Денесiнiң үшкiрлеу тұсында көлемi бiркелкi ауыз жəне құрсақ емiзiктерi (сорғыштары) орналасқан. Алдыңғы қатарда, яғни құрсақ сорғышының қасында қалақшаға ұқсас екi еркек жыныс бездерi жалғасқан. Дикроцелийдiң қалған 2-3 бөлiгiне жуығын iшi уақ қоңыр жұмыртқаға толы жатыр алып жатады. Уыздықтары тым кiшкене болады.
Өсiп-өнуi. Дикроцелиоз қоздырғышы аралық жəне қосымша иелерi көмегiмен дамиды. Олар жер бетiндегi аралық иелерi-құрлық ұлулары (Bradibenidae тұқымдастары) жəне қосымша иелерi құмырсқалар (Formica туысынан) болып табылады. Құрт жұмыртқалары iшiнде қалыптасқан ұрығы – мирацийдий бар. Олар мал нəжiсiмен бiрге сыртқа шығады. Одан кейiн олар жайылым-дардағы ұлулар денесiне дариды. Ұлу iшегiнде мирацийдий жұмыртқа қақпақшасынан шығып, бауырына өтедi. Мұнда ол өзiнiң сыртқы түгiнен айырылып, аналық спороцистаға айналады. Ал аналық спороциста бойында кезектi ұрпағы жеткiн спороцистасы қалыптасады, ал одан келесi сатысы-церкарий пайда болады. Бiр ұлудың өзiнде бiрнеше мың церкарий болуы ықтимал. Ұлу организмiнде құрттардың мирацийдий сатысынан церкарийге дейiн даму уақыты 3-6 ай болып саналады. Бұл мерзiмнiң ұзақ-қысқалығы аралық иенiң түрiне, сырттағы ауаның жылуына, дымқылдығына байланысты. Жетiлген церкарийлер ұлулардың тыныс қуысына ауысып, денесiнен топ-тобымен бөлiнiп шығып, ылғалды тас, шөп-өсiмдiктерге жабысады. Бұлардың бiр орында шоғырланғандарын “кiлегейлi шарлар” немесе “жиынтық” цисталар деп атайды. Олар бiрнеше сағат, тiптi бiрнеше тəулiк бойы тiрi сақталады. Мұндай “жиынтық шарлармен” құмырысқалар қоректенгенде, олардың 277 құрсақ қуысында 1-2 ай аралығында ең қауiптi метацеркария сатысы пайда болады. Мал өрiсте зақымдалған құмырсқаларды шөппен бiрге жұтып, дикроцелиоз ауруын жұқтырады. Ақтық иесiнiң “асқазанiшегiне” жетiсiмен метацеркарийдiң сыртқы қабығы ерiп кетедi, сонан соң олар iшектен өт арнасы арқылы бауырдағы өт жолдарына жетiп, 2,5-3 ай аралығында жынысы жетiлген ересек трематодаға айналады. Мал бауырында олар 6 жылдан артық күнелтедi. 29-сурет Dicrocoelium lanceatum
Эпизоотологиясы. Дикроцелиоз малға тек қана өрiсте жұғады. Тау бөктерiнде бидайық-жусаны мол жайылымда дикроцелийдiң аралық иесi құрлық ұлулары, сондай-ақ трематодалардың қосымша иелерiқұмырысқалар жиi кездеседi. Дикроцелий жұмыртқалары ыстық, суыққа өте төзiмдi келедi. Ұлулар мен құмырысқада құрт ұрпақтары (церкарий жəне метцеркарий) 3 жылдай сақталады. “Жиынтық шарлар” қар астында да өлмей қыстап шыға алады. Кейде қой қорасы маңынан мыңдаған дикроцелиоз жұмыртқасымен зақымданған улуларды табуға болады.
Дикроцелиоз кең тараған гельминтоз. Елiмiздiң көптеген өлкелерiнде кездеседi. Қазақстанның барлық таулы, тау-бөктерлi, əсiресе 278 Оңтүстiк, Оңтүстiк-шығысында кең етек алған. Далалы, шөлдi аймақтарында сиректеу ұшырасады.
Дикроцелиозбен төрт түлiкпен қатар шошқа, жабайы арқар, елiк, марал, бөкен жəне кемiргiштер ауырады. үй жануарларына бұл гельминтоз жабайы аңдар мен кемiргiштерден таралуы мүмкiн. Мал дикроцелиозды өрiске шыққанда жұқтырады, бұл дертке барлық жастағы түлiк, көбiнесе жасы ұлғайғандар (сақа қойлар) шалдығады жəне олардың бауырындағы сорғыштар саны үстемелеп көбейiп отырады. Көктемде жайылымға шыққан түлiктiң қиынан екi айдан кейiн паразит жұмыртқасы табыла бастайды.
Аурудың өршуi жаз жəне күз айларында айқын байқалады. Ылғалды жауынды жылдары дертке шалдыққан малдың саны көбейе бередi. Аурудың өрбуi өт жолдарындағы, өт қалтасындағы дикроцелий құрттары санына байланысты. Бауырды жайлаған жүздеген, мыңдаған сорғыштар жыбырлап, жалжып орындарын ауыстырып отырады, сөйтiп өт арнасын бiтеп тастайды. Созылмалы түрi мен ауырған малда паренхиматоздық жəне интерстициалды гепатиттiң белгiлерi айқын көрiнедi. Бұл уақытта бауыр бiртiндеп iсiне бастайды, өт жолдары қабынып, жараланады (цирроз). Мұның салдарынан ащы iшекке өт құйылмайды, асқорыту жүйесi қызметi бұзылады: малдың iшi өтедi, денесi уланады. Осыған орай саулықтардың тууы нашарлайды, басқа ауруларға қарсы тұру қабiлетi төмендейдi.
Достарыңызбен бөлісу: |