КлассTime. 2013. №21. 22 мамыр Құсайынова Ж. Тәрбие рухани құндылықтан басталады



Дата03.07.2016
өлшемі27.87 Kb.
#174694
КлассTime.- 2013.- №21.- 22 мамыр

Құсайынова Ж.



Тәрбие рухани құндылықтан басталады
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін­дегі студенттердің бос уақыттарын тиімді пайдалануын қадағалап әpi талантты жастардың бейімін шыңдау мақсатында құрылған Қоғамдық кәсіптер факулътетінің еңбегі айрықша. Бүгінде аталған ұжымға танымал өнер саласының маманы, профессор Б.Байсағатов басшылық етуде. Бұл факультетте студенттер әртүрлі өнер түрлері бойынша кәсіби мамандармен жұмыс жасайды.

Қоғамдық кәсіптер факультетінде «Шабыт» ұлт-аспаптар ансамблі, «Ақжелкен» студент­тер театры, «Шаттық» және «Қызғалдақ» би ансамбльдері, «Аграрка сарбаздары» көңілді тапқырлар клубы тәрбие беру ісін нығайтуда. Аталған факультет университет қоғамынан тыс қалалық, республикалық маңызды шараларға да атсалысып, мәдени іс-шаралар ұйым- дастыру бағытында қызмет атқарады. Мұндай игі қадамдар өз кезегінде университеттің беделін көтеріп қана қоймай, студент жастарды рухани, мәдени тұрғыда тәрбиелеуге тиісті бағыт-бағдар бере алады.

Сонымен қатар, ұлттық рухани кұндылықтарды насихаттауға үлес қосып отырған танымдық клубтар жұмысында бір мақсатқа біріккен білімгерлердің ізденісін, ұлттық мә­дени, тарихи, әдеби мұраларға деген сүйіспеншілігін шыңдауға көңіл бөлінуде. Осы орайда, «Таным» жас философтар клубы, «Атамекен» этнографиялық клубы, «Мирас» тарихи клубы, «Жас түлек» әдеби клубы, «Тіл сақшысы» деп аталатын тіл жанашырлары клубының жас белсенділері жемісті қадамдар жасауда.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехни­калық университетінің Ғылыми кеңес құрамының 12 пайызын студент-жастар иеленеді (9 студент). Олар аға буын өкілдерінен дұрыс шешім қабылдауды, қоғамдағы, ұжымдағы проблемалық мәселелерді уақытында шешіп отыруды, оқу-тәрбие үдерісіндегі инновациялық жаңалықтарды, кәсіби мамандарға қойылып отырған талаптар туралы ақпараттар алып, университеттің перспективалық бағыттарын орындауға үлес қосуға, саналы шешім қабылдауға үйренеді.

Жастар ісі жөніндегі комитет - мемлекеттік ұйымдармен университеттегі жастар ұйымын байланыстырып, жастар саясатын дамытуға қатысты іс-шараларды жүзеге асыруға үлес қосуда. Студенттік кәсіподақ ұйымы - көп балалы отбасынан шыққан, жетім студенттер мен әлеуметтік жақтан аз қамтылған отбасынан шыққан студенттерге қолдау көрсетіп, тегін тамақтану, қалалық әкімдіктен бөлінетін тегін жолақы билеттерін алатын студенттерді іріктеумен айналысады. Университет басшылығымен бірлесе отырып, студенттік асханаларда тамақтану құнының қымбаттамауын қадағалайды. Бүгінде білім ордамызда әр студенттің кешенді тамақтануына 250 теңге кетеді. Бұл мәселелер асханаларды жалға алушыларға жалдау құнын қымбаттатпау арқылы шешімін тапқан.

Жоғары оқу орнында да тәрбиелеу мәселесін сөз еткенде, ең әуелі, жастардың әлеуметтік сұраныстарының назарға алынуы маңызды. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде бүгінгі танда он мыңға жуық студент оқиды. Оның жетпіс пайызы - ауылдық жерден келіп білім алып жатқан жастар. Студенттік ортадағы әлеуметтік мәселелерді сараптай келе, оқу орнымызда университет ректоры, профессор А.Күрішбаевтың басшылық жасауымен арнайы бағдарлама жасалып, жастарға әлеуметтік жақтан қолдау көрсету мақсатында бірнеше әлеуметтік нысандар ашылып, тиімді жұмыс істеуде. Соның бірі - университет аумағынан ашылған «Студент» атты әлеуметтік дүкен. Дүкенде азық-түлік және шаруашылық тауарлары нарықтағыдан 10-20 пайызға төмен сатылады.



Өткен жылдың қараша айынан бастап ҚазАТУ-дың түлектерінен түскен

Даму қорынан балалар үйінен келген барлық жетім студенттерге ай сайын 10 мың теңге көлемінде шәкіртақы белгіленді. Мұндай әлеуметтік көмектер жастарға қолдау көрсетуде өте маңызды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен университет аумағынан білімгерлерге сапалы әрі жедел медициналық көмек көрсететін студенттік емхананың ашылуы да студент жастарға үлкен қолдау болып отыр. Ендігі жерде университетіміздің күндізгі және сырттай оқу бөлімінде оқитын білімгерлердің студенттік емханадан медициналық бақылаудан өтуге және емделуге мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда емханада үш дәрігер-терапевт, медбикелер, кардиолог, невропатолог және психологтар қызмет көрсетеді.
Каталог: docs
docs -> Қызылорда облысының 2015 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері
docs -> Бекітемін Тарих және шетелдік студенттермен жұмыс факультетінің деканы
docs -> Программа по истории Казахстана: программа для 5-9 кл. / Б. К. Абдугулова. Алматы, 1999. 42 с. Абдугулова, Б. К. «Воспитание учащихся в духе дружбы народов при изучении истории ссср»
docs -> Қазақстан Республикасының Заңы
docs -> А. С. Пушкин атындағы шығыс қазақстан облыстық кітапханасы а. С Пушкин атындағы кітапхана қорына түскен жаңА Әдебиеттер тізімі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет