Көлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша салық есептілігі (декларация) жасау қағидалары



Дата27.02.2016
өлшемі134.49 Kb.
#28176
Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Орынбасары-

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің

2013 жылғы «6» желтоқсандағы

№ 558 бұйрығына

53-қосымша


Көлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығы

бойынша салық есептілігі (декларация) жасау қағидалары

(700.00-нысан)

 
1. Жалпы ережелер

 

1. Бұл Қағидалары көлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша салық есептілігі (декларация) жасау қағидасі (700.00-нысан) (бұдан әрі - қағидалары) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және осы Қағидаге қосымшаға сәйкес салық төлеушілердің көлік құралдары салығын, жер салығы мен мүлік салығын есептеуге арналған Көлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша салық есептілігін (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 365, 373, 394-баптарында көрсетілген салық төлеушілер, сондай-ақ Салық кодексінің 407-бабында көрсетілген объектілер бойынша жеке нотариустар, адвокаттар, жеке кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар толтырады.



2. Декларация Декларацияның өзінен (700.00-нысан) және көлік құралдары салығын, жер салығын және мүлік салығын салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (700.01-ден 700.02-ге дейінгі нысандар) тұрады.

3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде Декларацияның тиісті торкөзі толтырылмайды.

5. Декларацияға қосымшалар тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін Декларациядағы жолдар толтырылған кезде міндетті тәртіпте толтырылады.

6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуге тиіс деректер болмаған жағдайда жасалмайды.

7. Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда Декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.

8. Осы Қағидаде мынадай арифметикалық таңбалар қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең.

9. Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде « - » белгісімен белгіленеді.

10. Декларация жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады;

2) электронды тасығышта – Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

11. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не болмаса өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не болмаса оның өкілінің мөрімен куәландырылады.

12. Декларацияны тапсырған кезде:

1) келу тәртібінде қағаз тасығышта - екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз тасығышта - салық төлеуші почта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) электронды түрде - салық төлеуші салық есептілігінің салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесімен қабылданғандығы немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.

13. Лизинг шарттары бойынша берілген (алынған) объектілер бойынша Декларацияны және тиісті оған қосымшаларды лизинг алушы толтырады және тапсырады.

14. Пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн жер салығы мен мүлік салығы салынатын объектiлер бойынша Декларацияны пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы толтырады және тапсырады.

15. Концессия шарты бойынша берілген мүлік салығы салынатын объектілер бойынша Декларацияны концессионер толтырады және тапсырады.

16. Декларацияға қосымшалардың (700.01-ден 700.02-ге дейінгі нысандар) «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде осы Декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.

 

2. Декларацияны жасау


17. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша төлеушінің ЖСН/БСН); 

2) салық есептілігі тапсырылатын салық кезеңі (жыл) - Декларация тапсырылатын есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);

3) салық төлеушінің атауы.

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі.

Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлік басқарушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі;

4) декларация түрі.

Тиісті торкөздер Декларацияны Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігі түріне жатқызу есебімен белгіленеді;

5) хабарламаның нөмірі мен күні.

Жолдар Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген хабарлама бойынша қосымша Декларация тапсырылған жағдайда белгіленеді;

6) салық төлеушінің санаты.

Торкөздер егер салық төлеуші А, В, С, D жолдарында көрсетілген бір немесе бірнеше санатқа жатқан жағдайда белгіленеді;

7) келісімшарт жасасқан күн және нөмірі.

Егер 6 D жолы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірі мен жасалған күні көрсетіле отырып, белгіленсе, жер қойнауын пайдаланушы толтырады;

8) валюта коды.

«Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланыталын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген 23 «Валюта жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;

9) тапсырылған қосымшалар.

Тапсырылған Декларацияға қосымшалардың торкөздері белгіленеді;

10) қосымшалар парағының саны.

Мынадай нысандар бойынша тапсырылған Декларацияға қосымшалардың парақтарының саны көрсетіледі (араб сандарымен көрсетіледі):

А жолында – 700.01 қосымшасы бойынша;

В жолында – 700.02 қосымшасы бойынша.

18. «Көлік құралдары салығы» бөлімінде:

1) 700.00.001 жолында 700.00.002 және 700.00.003 жолдарының сомасы ретінде айқындалатын салық кезеңі үшін есептелген салық сомасы барлығы көрсетіледі;

2) 700.00.002 жолында ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын көлік құралы салығын төлеушілерді қоспағанда, көлік құралдары салығын төлеушілер салық кезеңі үшін есептеген, 700.01.001-ден C бағанының 700.01.033-ге дейінгі жолдардың арасындағы жолдар сомасы ретінде айқындалатын салық сомасы көрсетіледі;

3) егер 700.00.003 жолында ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын көлік құралы салығын төлеушілер салық кезеңі үшін жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте есептеген және Салық кодексінің 451-бабына сәйкес 70 процентқа азайтылған, 700.01.001-ден C бағанының 700.01.033-ге дейінгі жолдардың арасындағы жолдар сомасы ретінде айқындалатын салық сомасы көрсетіледі;

4) 700.00.004 жолында ағымдағы төлемдердің салық кезеңі үшін есептелген сомасы көрсетіледі;

5) егер 700.00.001 жолында көрсетілген салық кезеңі үшін есептелген салық сомасы 700.00.004 жолында көрсетілген есептелген ағымдағы төлемдердің сомасынан көп болған жағдайда 700.00.005 жолында 700.00.001 және 700.00.004 жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын есептеуге салық сомасы көрсетіледі;

6) егер 700.00.004 жолында көрсетілген салық кезеңі үшін есептелген ағымдағы төлемдер сомасы 700.00.001 жолында көрсетілген есептелген ағымдағы төлемдердің сомасынан көп болған жағдайда 700.00.006 жолында 700.00.004 және 700.00.001 жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын азайтуға салық сомасы көрсетіледі.

19. «Жер салығы» бөлімінде:

1) 700.00.007 жолында жер учаскесіне сәйкес келетін бюджет сыныптамасының тұсына 700.02 барлық нысандарының әрбір бюджет сыныптамасының коды бойынша 700.02.009 І және 700.02.009 ІІ жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, салық кезеңі үшін есептелген салық сомасы көрсетіледі;

2) 700.00.008 жолында жер учаскесіне сәйкес келетін бюджет сыныптамасының тұсына жыл басына жер учаскесі бойынша салық төлеуші табыс еткен Жер салығы және мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебі (701.01) G бағанының 104303, 104304, 104305, 104306, 104307, 104308 жолдарының мәні қосу (алу) салық кезеңі ішінде бюджет сыныптамасының кодтары бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде табыс етілген Жер салығы және мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебінің (701.01) барлық нысандары бойынша G бағанының мәні ретінде айқындалатын салық кезеңі үшін есептелген ағымдағы төлемдер сомасы көрсетіледі;

3) егер әрбір бюджет сыныптамасының коды бойынша 700.00.007 жолында көрсетілген салық кезеңі үшін есептелген жер салығы сомасы әрбір бюджет сыныптамасының коды бойынша 700.00.008 жолында көрсетілген салық кезеңі үшін есептелген ағымдағы төлемдер сомасынан көп болған жағдайда, әрбір бюджет сыныптамасының коды бойынша 700.00.009 жолында есептеуге (+) салық сомасы көрсетіледі;

4) егер әрбір бюджет сыныптамасының коды бойынша 700.00.008 жолында көрсетілген салық кезеңі үшін есептелген ағымдағы төлемдер сомасы әрбір бюджет сыныптамасының коды бойынша 700.00.007 жолында көрсетілген салық кезеңі үшін есептелген салықтардың сомасынан көп болған жағдайда, әрбір бюджет сыныптамасының коды бойынша 700.00.010 жолында азайтуға (-) салық сомасы көрсетіледі.

20. «Мүлік салығы» бөлімінде:

1) 700.00.011 I жолында Салық кодексінің 394-бабында көрсетілген салық төлеушілермен (104101 бюджеттік сыныптамасының коды бойынша барлық санаттағы) салық кезеңі үшін есептелген мүлік салығының сомасы көрсетіледі;;

2) 700.00.011 II жолында ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру өнімдерін (балық шаруашылығы) өндіруші және селолық тұтыну кооперативтері - заңды тұлғалар үшін арнаулы салық режимін қолданатын төлеушілермен жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте және Слаық кодексінің 451-бабына сәйкес 70-пайызға төмендетіліп салық кезеңіне есептелген салық сомасы көрсетіледі;

3) 700.00.011 III жолында Салық кодексінің 407-бабында көрсетілген объектілер бойынша салық төлеушілермен, жеке нотариустармен, адвокаттармен, жеке кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалармен (104102 бюджеттік сыныптамасының коды бойынша) салық кезеңі үшін есептелген мүлік салығының сомасы көрсетіледі;4) 700.00.012 I жолында ағымдағы салық кезеңі үшін барлық тапсырылған 701.01 нысандар бойынша Жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебінің (701.01) G бағанының 104101 жолдарын жиынтықтау арқылы айқындалатын салық кезеңі үшін есептелген ағымдағы төлемдердің сомасы көрсетіледі.

5) егер әрбір бюджет сыныптамасының коды бойынша 700.00.011 жолында көрсетілген салық кезеңі үшін есептелген салық сомасы 700.00.012 жолында көрсетілген есептелген ағымдағы төлемдер сомасынан көп болған жағдайда, 700.00.013 жолында 700.00.011 және 700.00.012 жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын есептеуге салық сомасы көрсетіледі;

6) егер 700.00.012 жолында көрсетілген салық кезеңі үшін есептелген ағымдағы төлемдер сомасы 700.00.011 жолында көрсетілген есептелген салық сомасынан көп болған жағдайда, 700.00.014 жолында 700.00.012 және 700.00.011 жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын, азайтуға салық сомасы көрсетіледі.

21. «Салық төлеушінің жауапкершілігі» бөлімінде:

1) «Салық төлеушінің (басшының) аты-жөні» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес салық төлеушінің (басшының) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі. Егер Декларацияны жеке тұлға тапсыратын болса, жолда жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылатын салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қамтылуы тиіс;

Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде мүлікті сенімгерлікпен басқару шартына сәйкес сенімгерлікпен басқарушының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын басқа жағдайларда пайда алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі;

2) декларацияның берілген күні.

Декларацияны салық органына табыс еткен ағымдағы күн көрсетіледі;

3) салық органының коды.

Салық салу объектісінің орналасқан және (немесе) тіркеу орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;

4) «Декларацияны қабылдаған лауазымды тұлғаның аты-жөні» жолында Декларацияны қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі;

5) декларацияны алу күні.

Салық органына Декларацияның нақты табыс етілген немесе почта немесе өзге байланыс ұйымынан келіп түскен күн көрсетіледі.

6) құжаттың кіріс нөмірі.

Декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі.

7) пошта штемпелінің күні.

Пошта немесе өзге байланыс ұйымында қойылған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.


3. Көлік құралдары салығы – 700.01-нысанын жасау

 

22. Аталған Декларацияға қосымша Салық кодексінің 13-бөліміне сәйкес салық төлеушілердің көлік құралдары салығын есептеуге арналған. 700.01-нысаны салық кезеңі ағымындағы меншік құқығындағы, шаруашылық жүргізу құқығындағы, жедел басқару құқығындағы, сондай-ақ қаржы лизингі шарты бойынша берілген (алынған) жиынтық барлық көлік құралдары бойынша салық төлеушімен толтырылады. Қосымша жеке толтырылады:



1) арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын көлік құралдары бойынша;

2) арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылмайтын көлік құралдары бойынша бөлек жасалады;

23. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) көлік құралдары салығын төлеушінің БСН;

2) салық есептілігі тапсырылатын кезең (жыл) – салық есептілігі табыс етілетін есепті салық кезеңі;

3) 3 жолды Салық кодексінің 448-452-баптарына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер толтырады және көлік құралдарына қатысты қолданылатын салық салу режимінің түрі көрсетіледі:

3 А торкөзін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын көлік құралдары бойынша салық төлеушілер белгілейді;

3 В торкөзін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылмайтын көлік құралдары бойынша салық төлеушілер белгілейді;

24. «Көлік құралдары салығын есептеу» бөлімінде:

1) «көлік құралдарының түріне (категориясына) қарай салық салу объектісі» бағанында көлік құралдары көлік құралдарының түріне (категориясына) қарай бөлініп және Салық кодексінің 367- бабында анықталған көлік құралының мінездемесі мен салық ставкасына қарай топтастырылып көрсетіледі;

700.01.001-ден 700.01.004-ге дейінгі жолдарда «Жүк таситын, арнаулы автомобильдер (тіркемелерді есепке алмағанда)» 1 кіші бөлімі бойынша ақпарат көрсетіледі;

700.01.005 жолда «Тракторлар, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдері, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналар және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында жүруге арналмаған  басқа да автокөлік құралдары» 2 кіші бөлімі бойынша ақпарат көрсетіледі;

700.01.006-ден 700.01.008-ге дейінгі жолдарда «Автобустар» 3 кіші бөлімі бойынша ақпарат көрсетіледі;

700.01.009-ден 700.01.010-ге дейінгі жолдарда «Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, шағын кемелер» 4 кіші бөлімі бойынша ақпарат көрсетіледі;

700.01.011-ден 700.01.014-ге дейінгі жолдарда «Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар» 5 кіші бөлімі бойынша ақпарат көрсетіледі;

700.01.015-ден 700.01.021-ге дейінгі жолдарда «Жеңіл автомобильдер» 6 кіші бөлімі бойынша ақпарат көрсетіледі;

700.01.022-ден 700.01.026-ге дейінгі жолдарда «2013 жылдың 31 желтоқсанынан кейін Қазақстан Республикасының аумағына шеттен әкелінген немесе 2013 жылдың 31 желтоқсанынан кейін Қазақстан Республикасында шығарылған (дайындалған немесе жиналған) двигатель көлемі 3000 текше.см жоғары жеңіл автомобильдер» 6.1 кіші бөлім бойынша ақпарат көрсетіледі;

700.01.027-ден 700.01.029-ге дейінгі жолдарда «1999 жылғы 1 сәуiрден кейiн Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерден сатып алынған ұшу аппараттарына» 7 кіші бөлімі бойынша ақпарат көрсетіледі;

700.01.030-ден 700.01.032-ге дейінгі жолдарда «1999 жылғы 1 сәуiрге дейiн сатып алынған, сондай-ақ 1999 жылғы 1 сәуiрден кейiн сатып алынған және Қазақстан Республикасында 1999 жылғы 1 cәуipгe дейiн пайдалануда болған ұшу аппараттарына» 8 кіші бөлімі бойынша ақпарат көрсетіледі;

700.01.033 жолда «Темір жол тартқыш және мотор-вагондық жылжымалы құрамдар» 9 кіші бөлімі бойынша ақпарат көрсетіледі.

2) 700.01.001-ден 700.01.033-ге дейінгі жолдарда:

В бағанында – жылына көлік құралдарының саны;

С бағанында – нақты иелік ету кезеңі үшін салық сомасы көрсетіледі;

D бағанында – жеңіл автомобильдердің қозғалтқыштың жиынтық асып кету көлемі/1999 жылғы 1 сәуiрден кейiн Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерден сатып алынған ұшу аппараттарының, 1999 жылғы 1 сәуiрге дейiн сатып алынған, сондай-ақ 1999 жылғы 1 сәуiрден кейiн сатып алынған және Қазақстан Республикасында 1999 жылғы 1 cәуipгe дейiн пайдалануда болған ұшу аппараттарынның, темір жол тартқыш және мотор-вагондық жылжымалы құрамдардың жиынтық қуаты бойынша анықтамалық ақпарат;

Е бағанында - нақты иелік ету айларының жалпы саны бойынша анықтамалық ақпарат көрсетіледі.
4. Жер салығы - 700.02-нысанын жасау

 

25. Бұл қосымша Салық кодексінің 14-бөліміне сәйкес салық төлеушілердің жер салығын есептеуіне арналған. 700.02 нысанын салық кезеңі ішінде меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы тегін уақытша жер пайдалану құқығындағы әрбір жер учаскесі үшін жасалады.



26. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) жер салығын төлеушінің ЖСН/БСН;

2) құрылымдық бөлімшесі филиал, өкілдік болып табылатын заңды тұлғаның БСН.

Бұл жол егер құрылымдық бөлімше дербес төлеуші болып танылған жағдайда толтырылады;

3) cалық кезеңі (жыл) – салық есептілігі табыс етілетін есепті салық кезеңі.

27. «Жер салығын есептеу» бөлімінде:

1) 700.02.001 жолында Салық кодексінің 375 және 376-баптарына сәйкес жер салығы салынатын объекті болып табылатын жер учаскесінің орналасқан жері (жер учаскесіне ортақ үлестік меншік кезінде - жер үлесі) көрсетіледі;

2) 700.02.002 жолында сәйкестендіру құжаттары негізінде жер учаскесінің кадастрлық нөмірі көрсетіледі;

3) 700.02.003 жолында жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарына сәйкес жер учаскесінің жалпы ауданы көрсетіледі. Салық кодексінің 374-бабы
2-тармағында айқындалған салық төлеушілер нақты иелігіндегі және пайдалануындағы жер учаскесінің жалпы ауданын көрсетеді;

4) 700.02.003 І жолында Салық кодексінің 375-бабының 2-тармағына сәйкес жер салығы салынбайтын жер учаскесінің ауданы көрсетіледі;

5) 700.02.003 ІІ жолында 700.02.0038 және 700.02.003 І жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын жер салығы салынуы тиіс жер учаскесінің ауданы көрсетіледі;

6) 700.02.004 жолында Салық кодексінің 387-бабының 1-тармағына сәйкес салық кезеңі үшін жергілікті өкілдік органның шешімімен белгіленген жер салығының ставкасын арттыру немесе төмендету мөлшері (пронцентта) көрсетіледі;

7) 700.02.05 жолында Салық кодексінің 386-бабына сәйкес салық кезеңіне жергілікті өкілдік органның шешімдеріне сәйкес автотұрақтар, автожанармай құю станциялары, казино орналасқан жер учаскелеріне белгіленген жер салығының ставкасын арттыру мөлшері көрсетіледі;

8) 700.02.006 жолында тиісті салық төлеушілер үшін Салық кодексінің 387-бабының 2, 3-тармақтарында белгіленген коэффициент көрсетіледі;

9) 700.02.007 жолында арнаулы экономикалық аймақ аумақтарында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге арналған, Салық кодексінің 387-бабының 5-тармағында белгіленген коэффициент көрсетіледі;

10) 700.02.008 жолында 700.02.004, 700.02.005, 700.02.006 және 700.02.007 жолдарында көзделген базалық салық ставкасын түзетулер ескеріле отырып, жер салығының ставкасы көрсетіледі;

11) 700.02.009 І жолында (700.02.003 ІІ х 700.02.008/12) х нақты жер учаскесіне иелік ету кезеңінің айлар саны формуласы бойынша айқындалатын салық кезеңі үшін есептелген салық сомасы көрсетіледі.

Салық төлеушіге инвестициялық салық преференцияларын қолдануға арналған келісімшартқа сәйкес жер салығы бойынша инвестициялық салық преференциялары берілген жағдайда бюджетке төленуі тиіс жер салығының сомасы 100 пайызға кемітіледі және тиісінше. Бұл жолда 0 көрсетіледі;

12) 700.02.009 ІІ жолында Салық кодексінің 451-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, (700.02.003 ІІ х 700.02.008/12) х нақты жер учаскесіне иелік ету кезеңінің айлар саны формуласы бойынша айқындалатын төленуге тиісті салық кезеңі үшін есептелген салық сомасы көрсетіледі х 0,3;

13) 700.02.010 жолында уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен жер салығының тиісті бюджет сыныптамасының коды көрсетіледі.



_____________________________



Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет