Көне дәуірдегі сөз өнері туралы ой-пікірлер



Pdf көрінісі
Дата22.09.2023
өлшемі2.9 Mb.
#478244
Aknur әдебиет сыны



Көне дәуірдегі сөз өнері
туралы ой-пікірлер
А


Көне дәуірдегі әдеби сын Көне
дәуірдегі әдеби мұралар күллі
түркі халықтарына ортақ
болып келетін XV ғасырға
дейінгі кезеңді қамтиды


Түркі дүниесіне бірдей қатысы бар ең
алғашқы әдеби ескерткіштер ретінде
Орхон Енисей жазбалары аталып жүр.
Күлтегін мен Білге хандар қайтыс
болғанда басына қойылған құлпытастарға
олардың өмір жолдарын, халқына еткен
қызметтерін сына жазуымен ойып салған
жазбалардың әдеби сипаты бар.Ел
басқарған, халқына жақсылық жасаған
азаматтардың өнегелі өмірін кейінгі
ұрпаққа паш ету мақсатымен сол кездегі
сөз өнерінің бар қуатымен жазылғандығы
көрінеді.


Орхон-Енисей жазбаларында
көркемдік танымды танытатын
парасатты пікірлер мен бейнелі
сөздер баршылық. «Қол қосылса,
күш өсер», «Жұқаны таптау оңай,
жіңішкені үзу оңай», секілді мақал-
мәтелмен қатар «орхон»
ескерткіштерінде шешендік
арнаудың, келісімді ырғақтың,
ойлы мақалдың, азалы жоқтаудың
үлгілерінің ұшырасуы халықтың
эстетикалық таным-білігінің ,
көркемдік түсінігінің
қалыптасуына септігін тигізді.


Түркі тілінің кесек әрі әлемдік мәні бар бір туындысы -
Ж.Баласағұнның «Құтты білігі». Ондағы ғасырлар
тәжірибесінен туған даналық, шешендік сөздер, жыр-
толғамдар баршы түркі халқының төл дүниесіндей сезіледі.



«Құтты білік» - бүтін бір тарихи кезеңнің көркемдік, саяси-әлеуметтік
арқауын жинақтаған рухани қазына. Бұл шығармадан халықтың
көркемдік таным-білігін яғни, тілдің қоғамдық, әлеуметтік, саяси,
эстетикалық мәнін айқындайтын бәйіттер табамыз. «Тіліңді бақ, басың
аман болады, сөзді қысқарт, жасың ұзақ болады», «Ақынның тілі
қылыштан өткір, қылдан жіңішке», «Сөз - ойдың көрінісі», «Тіл -
елшінің қылышы», «Айтылмаған асыл сөз ауыздан шықса бақыр
болады», «Басыңа саулық тілесең, тіліңе мықтап кісен сал» деген
нақылдық сөздердің тек ғибраттық мәні ғана емес, сыни ойдың да
ұшқындары бар екенін жоққа шығара алмаймыз.


Назарларыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет