Конспектісі. Тақырыбы: «Жақсы сөздер»



Дата16.06.2016
өлшемі45.72 Kb.
#139881
түріКонспект
МКҚК «Балауса» № 58 балабақша


Ересектер тобындағы Өзін - өзі тану сабағының конспектісі.

Тақырыбы: «Жақсы сөздер»


Мұғалімі: Уразбекова М.М.


Ересектер тобындағы оқу іс-әрекетіне ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Таным», «Денсаулық», «Әлеуметтік»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Өзін-өзі тану»
Тақырыбы: «Жанға жылы сөздер»
Мақсаты: «Қайырымдылық», «Жақсылық жасау»; балаларды қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге, жылы сөйлеуге үйрету.
Сөздік жұмыс: Жақсылық, қуаныш сыйлау.




Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері

- Сәлематсыздар ма, балалар? Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.




Балалар бірін бірі: «Сәлем, мен сені көргеніме өте қуаныштымын!» жалғастыра айтып шығады.


Іздену-ұйымдастырушы

Өлең жолдарын

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бар жандарға,

Ертемен ақ пейілмен:

«Қайырлы таң!» - деймін мен

Күндіз де елді елеймін:

«Қайырлы күн!» - тілеймін.

Үйге кешке келемін,

Не дерімді білемін:

«Кеш жарық!» - деп кіремін.

Балалар, бүгін бізде сабақ ерекше болмақ. Біз бүгін Жақсылық және Сыйластық туралы әңгімелейміз.Жақсылық- ол өте ұлы сезім.Ол бізді көп нәрсеге үйретеді. Біз бірімізге жақсылық жасай отырып достық қарым қатынаста боламыз.
Жаттығу «Көңілді шылдырмақ»



  • Егер жер бетінде жақсылық көп болатын болса, үлкендер де, кішілер де қуанады.

  • Ал қандай адамды жақсы адам деп айтуға болады? Күнбағыстың дәнін көрсетіп:

  • Мынау не?

  • Бұл дәннен не өсіп шығады?

  • Кімнің жақсы іс-әрекеті күнбағыстың өсіп шығуына көмектеседі.

  • Ал сендердің өсулеріңе кімнің жақсылығы көмектеседі?



Ойын «Жақсы жаңбыр»

Өлең оқу.

Мен бастаймын, ал сендер өлең жолдарын аяқтаңдар.


Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін жақсысын

Саған таңдап әперді.

Не деп барып жеу керек?
Балалар жүр көшеде,

Естіледі айқай шу.

Сен де шықтың, көршіңді

Қағып кеттің байқамай

Мұндайда не деу керек?
Осы келген бетіңде,

Допты қудың жарыстың.

Көшенің сол шетінде,

Кезікті бір танысың.

Сен не деу керексің?
Бар көңілмен айтылған жылы, жақсы сөзді естіген кезде сен де жадырап қоя бересің, олай болса келіңдер,ойын ойнайық.

Ойын:«Мейірімді сөз» ( доппен)
Тәрбиеші сөздер айтады


  • Күн

  • Бұлақ

  • Бүгінгі күн

  • Ана


Біздің шығармашылығымыз «Жақсылық гүлін жасау»
Жақсылық жасау – бақыт, қуаныш.

Мына гүлдерді ең жақсы көретін адамдарымызға сыйлаймыз.





Балалар кезекпен шылдырмақты ұрып жақсы сөздер айтады.
Сұраққа жауап береді.


  • Күнбағыстың дәні

  • Күнбағыс

  • Адамның жақсылығы, жердің жақсылығы, күннің жылуы, жауынның жаууы. Ата-аналарымыз, ата-әжелеріміз, тәрбиешілеріміз.

  • Балалар шеңбер жасап тұрады. Олардың әрқайсысы жаңбырдың тамшылары.Көңілді әуенге бұлтты айнала би билейді.Әуен тоқтаған кезде бұлт балаларға ыдыстан су шашады да: «су кімге көмектесті?»- деп сұрайды. Ал балалар сұраққа жауап береді. Мысалы:

  • Мен шөлдеп тұрған гүлге су шашқанын көрдім.

  • Мен жолдағы лас көлікті жуғанын көрдім.

Ал мен балалардың жаңбыр астында шаттанып қуанғанын көрдім


  • Ал мен балалардың жаңбыр астында шаттанып қуанғанын көрдім.

-РАХМЕТ!
-Кешіріңіз!
-Сәлеметсіз бе?

Төмендегі сөздерге жылы сөздер тауып айтады.

- Күнім

- бұлағым



- бүгінгі күнім

- анашым


Балалар қолдағы материалдардан гүлдер жасайды.


Өлең жолдарын оқиды.

Біздің топта балалар

Тату тәтті ойнайды.

Дос көңілі әрқашан

Тек жақсылық ойлайды.


Рефлексті - коррекциялаушы

Шеңбер «Жүректен жүрекке»
Зеңгір көктен

Нұрын төккен,

Ортақ біздің күніміз.

Жайнап өскен,

Жайдары өскен

Біз-өмірдің гүліміз.

Бал достыққа,

Жолдастыққа

Шақырады әніміз.

Тыныштықты,

Нұр құшақта

Бақыттымыз бәріміз.









Күтілетін нәтиже:

Білуі: Жақсы сөздер

Болуы: Жақсылық, жақсы іс-әрекет туралы түсініктерінің болуы.

Баланың қолынан келуі: жақсы істер жасай білу, жылы сөздер арқылы өзінің сезімін білдіре білуі.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет