Лекция №1 №1 тақырып. Экономикалық теория: пәні және зерттеу



Pdf көрінісі
Дата06.06.2023
өлшемі146.46 Kb.
#474761
түріЛекция
Лекция 1



Лекция №1 
 
№1 тақырып. Экономикалық теория: пәні және зерттеу.  
 
Мақсаты: Экономикалық теория курсының логикасы мен құрылымы. Экономикалық теорияның даму 
кезеңдері. Меркантелизм. Классикалық саяси экономика. Физиократтар. А.Смит және Д. Рикардо 
теориялары. Кейнсиандықтар. Неоклассикалық экономикалық теория <Экономикалық теория >, <саяси 
экономика >,<экономикс> арасындағы өзара байланыс. Микроэкономика. Макроэкономика
Экономикалық теория пәні. Материалдық және материялдық емес қажеттіліктер. Өндірістік кажеттіліктер. 
Маслоу бойынша қажеттіліктердің бес деңгейі. Қажеттілікке әсер етуші факторлар. Ресурстар. Материалдық 
және материалдық емес игіліктер. Қызметтер.
Экономикалық процесстерді әдістері. Ғылыми абстракция әдісі. Талдау және синтез. Индукция және 
дедукция. Тарихи және логикалық әдіс. Сандық және сапалық талдау. Формалды ойлу. Материалистік 
диалектика. Экономикалық модель. Экономикалық сараптама. Позитивті және нормативті талда. 
Экономикалық категориялар және заңдар. Экономикалық теорияның фунциялары:әдіснамалық, танымдық, 
практикалық, дүниетанымдық.
 Лекцияның сұрақтары: 
1. Экономикалық теорияның пайда болуы және қалыптасу кезеңдері. Экономикалық теорияның пәні 
және оның құрылымы. 
2. Экономикалық процестерді зерттеу әдістері: формалды логика, материалистік диалектика, жүйелік 
тәсіл, экономикалық үлгілер және тәжірибе. 
3. Позитивті және нормативті экономика. 
  
Лекцияның мазмұны: 
Экономикалық теориядан ең алғаш мектеп – меркантелизм. Меркантелистердің негізгі идеясы, 
қоғамның басты байлығы ақша, ал байлық көзі айналым деп түсіндірген. Мемлекет, олардың түсінігінше өз 
азаматтарының баюына мақсатты және балсеңді түрде экономикалық саясат арқылы көмектесу керек. 
Экономикалық теория дамуының екінші кезеңі – классикалық саяси экономия. Ол физиократтар және 
Адам Смит пен Давид Рикардоның нарық мектебіне бөлінеді. Меркантелистерге қарағанда, физиократтар 
қоғам баюының негізгі көзі - өндіріс, айналым емес дейді. Олар өндірісті кең түрде қарастырмай, ауыл 
шаруашылығы көлемінде қарастырады. 
Экономикалық теорияның келесі даму кезеңінде А.Смит пен Д.Рикардо зерттеу ортасын жалпы 
өндіріске бағыттап, ал ауыл шаруашылығын оның бір саласы ретінде қарастырды.Олар классикалық 
анықтаманы, қоғам баюының өсуінің алғаш шарты ретінде еркін және бәсекелестік нарықтық экономика деп 
түсіндірді. 
Экономикалық теорияның тарихи даму барысында идеологизация проблемасы болды. 
Мерканталистер сатып алушылардың қызығушылығын қорғаса, классиктер – капиталасттердің 
қызығушылығын қорғаған. 
Экономикалық теорияның идеологизациясын кең таратқан марксистер. Олар теоретикалық ашық 
түрде жұмысшы табының мүдделерін қорғауға бағыттаған. Сондықтан экономикалық ілім оны пролетарлық 
саяси экономия деп атаған. Ол теорияның негізгі постулаты – қоғамдық меншік барлық экономика өндіріс 
құралдары мен орталықтанған жоспарлы басқару еңбектенушілер мүддесіне. 
Экономикалық ғылымның қазіргі мектебінің екі бағыты бар: 
1. неоклассикалық; 
2. кейнсиандық; 
Олардың дискуссияының негізгі мәселесі мемлекеттің экономикалық рольі болды. Неоклассикалық 
бағытты қолдаушылар, экономикалық даму тиімді болу үшін мемлекеттің араласуы шектеулі болуы қажет 
деп тұжырымдайды. Ал, кейнсшілер, керісінше экономиканың прогрессивті дамуы үшін мемлекеттің 
бақылауы макро реттеу әдістері арқылы жүзеге асуы керек деп тұжырымдайды. 
Экономикалық теория адамдардың шектеулі ресурстар әлеміндегі экономиклық тәртібін, 
материалдық игілік пен қызметті өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну кезіндегі экономикалық қатынас 
жүйесін қоғам дамуының барлық сатысын зерттеп, оқыту болып табылады. Саяси экономия – таптық 
ғылым. Ол белгілі бір таптың экономикалық қатынасын, қызығушылықтарын зерттейді. «Экономикс» 
түсінігі экономика ғылымында «экономикалық теория» түсінігіне жақын, бірақ ол ғылым нарықтық 
шаруашылықты зерттейді, яғни нарық жүйесінің объектілерін зерттеу. 
Экономикалық теория шектеулі ресурстар әлеміндегі адам қажеттіліктерін қанағаттандыру әдістерін 
зерттейді. Қажетті категориялар түсінігіктерінде тоқталайық. 
Тұтыну қажеттілік сияқты анықталады, индивидтің тұлғалық және мәдени даму деңгейінің 
спецификалық формасында. Адам қажеттіліктері материалдық және рухани болып бөлінеді. Материалдық 
қажеттілікке тауар мен қызметті пайдаланғысы келетін, сонымен қатар олар тиімді. Материалдық 
қажеттіліктер: 
А. Бірінші қажеттілік заттары \тамақ, киім, баспана\ 
Б. Сән заттары \асыл заттар, норка тондары, яхта т.б.\ 


Жеке адам қажеттіліктерінен басқа өндіріс құралдары мен жұмыс күшіне өндірістік қажеттіліктер 
бар. 
Тұтынуға әсер ететін қажеттіліктер: 
А. Халық, мемлекет, фирмалардың табысы. 
Б. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы. 
В. Елдің экономикалық даму деңгейі. 
Г. Елдің тарихи және ұлттық ерекшеліктері т.б. 
Адам қажеттілігінің түрі шексіз. Бірақ лимит бар – ресустарды шығындауды шектейтін деңгей. 
Ресурс – ол өндірістік игілік пен қызметтерді пайдалануда, адам қажеттілігін қанағаттандыратын зат. 
Ұлттық ресурстар толығымен жұмыс істеп жатқанда, өндірістегі бір өнім көлемін ұлғайтудың бір ғана әдісі 
бар – басқа өндірісті қысқарту. Әрбір қоғам мүмкіндіктердің шектеулігі проблемасымен жиі кезігеді. 
Барлығының қажеттілігін қанағаттандыру мүмкін емес, әрбір адам, мемлекет немесе фирма тандау жасауы 
керек. Экономистер мұндай жағдайды альтернативтік құн арқылы сипаттайды. Альтернативтік құн – ол 
баға, басқа затпен өлшенеді, сонымен қатар айырбасталады. Таңдау және альтернативтің құн эффектісі 
өндірістік мүмкіндіктер қисығы көмегімен анықталады. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы сызық, ол өзінің 
әрбәр нүктесі арқылы өндірістегі экономикалық ресурстарды пайдаланғандағы екі өнімнің максималды 
көлемін көрсетеді. 
Экономикалық теорияны зартеуде экономикалық құбылыстарды ғылыми анықтауда келесі әдістер 
пайдаланылады: 
а. Талдау және синтиз әдісі - әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды бөлімдер арқылы зерттеу 
(талдау), жалпы (синтез) байланыс және тәуелділік; 
б. Ғылыми абстаркция әдісі – кез-келген түсінікті абстракция немесе катигория арқылы анықтау; 
в. Тарихи және логикалық әдіс – экономикалық процестерді тарихи кезендері мен оларды логикалық 
түсіндіруді зерттеп, соны жалпы бағалау және қортындылау; 
г. Индукция және дедукция әдісі – жеке фактлардың жалпыға әкелуі (индукция) ал жалпы жағдайдан 
жеке кортындылар жасау (дедукция); 
д. Сандық және сапалық талдау әдісі – экононмикалық теорияда статистикалық көрсеткішткерді, 
математикалық әдістерді, экономика-математикалық моделдеуді өндірістік қатынастар жүйесінде сапалық 
өзгерістерді анықтауда кең көлемді пайдалану. 
Экономиканы талдауда нормативті және позитивті әдістер қолданылады. Позитивті, немесе 
дискриптивті экономика обьективті немесе ғылыми экономика қызметін іздейді. Ол қазіргі уақытта бар 
немесе болуы керек құбылыстармен жұмыс істейді. Мысалы: егер мемлекет бір тауарға салықты өсірсе 
тауар бағасы өседі. 
Нормативті экономика субъективті негізделген, жеке бағалау әсерін ұсынады. Ол болашақта болуы 
керек құбылыстармен жұмыс істейді. Мысалы, бір экономист бюджетті толтыру үшін салықты өсіру қажет 
дейді. Бірақ салықтың өсуі, кәсіпкер стимулының төмендеуіне әкеледі. Егер «тиіс» және «лазым» түсініктері 
кезіксе – ол нормативті тәсілге қатысты. 
Экономикалық теория келесі қызметтерді атқарады: 
- Танымдық (экономикалық теория қоғам экономикасын зерттеуге және түсіндіруге, алынған 
білімді теоретикалық түрде көрсету); 
- Методологиялық (Экономикалық теория барлық экономикалық ғылым жүйесіне теоретикалық 
және методологиялық база ретінде қызмет жасайды); 
- Білім беру (экономикалық теория адамдардың экономикалық мәдениетінің құрылуына әсері); 
- Практикалық (экономикалық теория адамдардың практикалық мақсаттарына, қоғамның 
экономикалық даму жолын көрсетуге көмектеседі) 
  
Өз-өзін бақылау сұрақтары: 
1. Экономикалық теорияның пайда болуы және қалыптасу кезеңдері. 
2. Экономикалық теорияның пәні және оның құрылымы. 
3. Экономикалық процестерді зерттеу әдістері: формалды логика, материалистік диалектика, жүйелік 
тәсіл, экономикалық үлгілер және тәжірибе. 
4. Позитивті және нормативті экономика. 
 


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет