Лекция бірінші сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі



бет1/9
Дата02.11.2023
өлшемі44.03 Kb.
#482221
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Doc2


13-лекция
БІРІНШІ СЫНЫПТА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Кіші жастағы мектеп оқушыларының жан-жақты есейіп, жалпы дамуына, олардың ақыл-ойы менрухани бай- лығының еселеп жетілуіне ана тілі тікелей әсер етеді. Өйткені барша таным процесі сөйлеу арқылы жинақталып жалпыланады, яғни тіл арқылы түсіндіріледі.
«Ана тілі» қатынас құралы ретінде де мектепте жүйелі оқыту арқылы ғана оқушыларды дұрыс сөйлеуге, елмен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелейді. Бұл тұрғыда қазақ тілін оқыту әдістемесінің атқаратын міндетінің аса зор екенін атап айтқан жөн. Қазақ тілін оқыту әдістемесі - педагогика ғылымының арнайы бір саласы. Ол «Ана тілін» оқытудың мазмұны мен принциптерін, әдістері мен тәсілдерін анықтайды. Қазақ тілін оқыту әдістемесі қолданбалы ғылым ретінде қарастырылады. Олай дейтініміз, оқыту әдістемесі оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуда, сондай-ақ жас ұрпақтың ой-өрісін дамытуда, шын мәнінде, аса қажетті практикалық міндеттерді жүзеге асырады. Оның негізгі мақсаты оқыту нәтижесінде оқушыларға ана тілі негізін тиянақты меңгерту болып табылады.
Оқыту әдістемесі дербес ғылым ретінде басқа ғылым- дармен, әсіресе, лингвистика, психология, логика және педагогика ғылымдарымен тығыз байланыста дамып отырaды. Мұның өзі, ең алдымен, мұғалімнің аталған ғылым негіздерін жан-жақты терең біліп, жете меңгеруін талап етеді. Өйткені мұғалім - білімнің қайнар бұлағы, оқыту мен тәрбие берудегі басты тұлға.
Сабаққа қажетті оқыту әдістері мен тәсілдерін, дидактикалық оқу материалдарын және жаттығу түрлерін дұрыс тандап, сабақта шебер қолдана білу ушін мұғалім кіші жастағы оқушылардың, ең алдымен, психологиялық ерекшеліктерін (жас ерекшелігі, нақты фактілер негізінде ұғымдылық ерекшелігі, т. б.) тікелей санасу керек. Сол сияқты, логикалық талаптарға да баса назар аударған жөн. Тіл ойлаумен тікелей байланысты, сондықтан тілді ойдан боліп алып дамыту мүмкін емес. Бала накты ойланады, ол қоршаған өмірді көру, есту, иіс, т. б. сезім мүшелері (анализаторлар) арқылы қабылдайды. Талдау мен жинактау, нақтылау мен жалпылау, т. б. ойлау түрлерін кіші жастағы оқушылар арнайы жүргізілетін логикалық жаттығулар негізінде біртіндеп үйрене бастайды.
Бұл айтылғандармен қатар, қазақ тілін оқытуда пәннің педагогикамен тікелей байланысы ешқашан да назардан тыс қалдырылмайды. Қазақ тілі сабақтарында, әсіресе, жалпы дидактикалык принциптер орынды пайдалануды қажет етеді.
Оқыту әдістемесі өз пәнінің мазмұнына тәуелді, соны ғана үйретеді. Әдістемелік ғылым алдында өз пәнін окытудын тиімді әдістері мен тәсiлдерiн аныктау проблемасы ғана тұрады. Осыған орай, пән мазмұны жетіліп дамыса, онын окыту әдістемесі де жетiлiп дамиды, пән мазмұны конерсе, әдістеме де ескіреді. Демек, казак тілін оқыту деген сөз оның теориялық мазмұнын жете меңгеру деген сөз.
Оқыту әдістемесінің басқа ғылымдардан өзгешеленетін негiзгi бiр ерекшелігі - ондағы барша оқыту процесі екі жакты бірліктегі карым-катынасты керек етеді. Атап айтқанда, бірі – мұғалім, екіншісі – оқушылар. Мұғалім оқытады, үйретеді, тәрбиелейді; оқушылар оқиды, үйренеді, тәрбиеленеді. Осыған орай, аталған жақтардың өзіндік міндеттері белгіленеді. Ортак максат - терең білім мен тәлімді тәрбиенi калыптастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет