Лекция Философияның пайда болуы және дамуы- 4сағат. 1-2 апта



Pdf көрінісі
бет1/81
Дата21.11.2022
өлшемі3.51 Mb.
#465335
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
darister 1-15



Лекция 1Философияның пайда болуы және дамуы- 4сағат.1-2 апта 
Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдіс
Жоспар  
1. Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары.  
2.Философия ғылым ба әлде өнер мса?  
3.Философияның құрылымдары  
4.Классификациялық форма  
§ 1.Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары.  
Адам басқа тіршіліктерге қарағанда ерекше пенде - ол өзін бүкіл Дүниеден бөліп алып, оған 
қарсы қоя алады. Менің осы Дүниедегі орным қандай? Мен бұл өмірге не істеу үшін келдім?
неге жаратты? Бұл Дүниені адам Ұлы мәртебелі Табиғат Адамды Құдай, я болмаса танып 
түбіне жете алар ма екен? Мені жағалай қоршаған табиғат неге шексіз, әр-түрлі және сондай 
әсем? Ертең-ақ бұл әсем Дүниені өлер шағымда қалайша қиып кетемін? Егер мен бұл Дүниеге 
уақытша ғана келсем, онда бұл өмірдің мәні неде?, - деген осындай және мыңдаған басқа 
сұрақтар адамның ойына оқтын-оқтын келеді. Әрбір адам өзінің ой-өрісі, өмірден алған 
тәжрибесі, жалпы мәдениетінің деңгейіне қарай бұл сауалдарға жауап беріп, өзіне тән дүниеге 
деген көзқарас қалыптастырады.
Алайда, қайсыбір Дүниеге деген көзқарасты философияға жатқызуға болмайды, өйткені, 
соңғыға тек қана абстрактылық ой-өріс дамуының негізінде Дүниені ұғымдармен бейнелеу 
түрі жатады (abstractіo – латын сөзі, -ой арқылы заттың, құбылыстың әр-түрлі жақтарын бір-
бірінен бөліп алып қарау). Олай болса, философия – Дүниеге деген дамыған көзқарас түрі.  
Тарихи дүниеге деген көзқарастың тұрпайы түрі алғашқы қауымдық қоғамның шеңберінде 
Дүниеге келеді. Оны біз мифология дейміз. (mіthos - грек сөзі, - баян, аңыз, logos – грек сөзі, 
ілім деген мағна береді).
Миф – табиғат, қоғам және адам жөніндегі алғашқы тұрпайы фантастикалық түсініктер 
(phantasіa – грек сөзі, -қиял, елес). Алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік дамудың тым 
төмендігі, адамның табиғаттың әр-түрлі күштеріне қарсы тұра алмауы, сонымен қатар, өзінің 
өмірге деген қажеттіктерін өтеу жолындағы сол табиғат құбылыстарын сезіну және түсіну 
іңкәрі – мифтердің Дүниеге келуінің қайнар көзі болып табылады.
Әрбір халық өзінің дүниеге келу жолында әр-түрлі мифтерді ойлап шығарды. Дүниенің пайда 
болуы мен тәртібі, жақсылық пен жамандық, көркемдік пен түрсіздік, адам өмірінің мәні мен 
құндылығы т.с.с. сұрақтарға берген жауаптар халықтар аңыздарында әртүрлі дәрежеде 
берілген. Ол жағалай қоршаған табиғаттың ерекшелігіне және соған сәйкес қалыптасқан халық 
тіліне байланысты болса керек.
Бірақ, тереңірек қарасақ, әр-түрлі халықтардың дүниеге қойған сұрақтары, ізденістерінің бір-
біріне ұқсас жақтарын да көруге болады. Олар – Дүние қалай пайда болды? Кім адамды 
тудырды? Адам неге өледі? Адамдардың сөйлейтін тілдері неге әртүрлі? Аспан мен жер неге 
бір-бірінен бөлінген? т.с.с.
Әрине, бұл сұрақтарға берілген жауаптар бүгінгі адамдарды қанағаттандырмайды, оған ол 
тұрпайы болып көрінеді, өйткені, мифтерде табиғаттың құбылыстары сиқырлы күштер арқылы 
түсіндіріледі. Мифтер – адамзаттың “балалық тарихындағы“ туындылары. Сол кездегі адамдар 
мифтердегі айтылатын сиқырлы күштерге адам өзінің ықпалын тигізе алатынына кәміл сенді. 
Сонымен, олар жағалай қоршаған ортаны, табиғаттың зор күштерін қиялдық жолмен түсінуге 
және игеруге тырысты.
Жалпылай келе, әр-түрлі халықтардың мифтерін белгілі бір топтарға бөлуге болады. 
Мифтердің ең үлкен бөлігінің бірі космогониялық (cosmos - грек сөзі, -әлем, genesіs - грек 
сөзі, -дүниеге келу, пайда болу) аңыздар. Оларда көбінесе Дүниенің алғашқы жағдайы хаос 
(chaos – грек сөзі, -шексіз шашылған бытыраңқы дүние) арқылы көрсетіледі.


Сиқырлы құдіретті күштің іс-әрекеті арқылы хаос жер мен көкке бөлініп, Дүниеге тәртіп келіп, 
әр-түрлі табиғаттың құбылыстары дүниеге келеді.
Дүниеге деген жалған көзқарас ретінде мифтің қандай ерекшеліктерін атап өтуге болады?
Біріншіден, миф алғашқы пайда болған қоғамдық сананың формасы ретінде өзінің ішінде 
болашақта дүниеге келетін өнер, дін, саясат, мораль сияқты құбылыстардың элементтерін 
бойында сақтайды. Сондықтан мифті ғалымдар қоғамдық сананың синкретикалық түрі деп 
есептейді (synkretіsmos – грек сөзі, -қосылған, араласқан, бөлінбеген деген мағна береді).
Екінші ерекшелігі – мифтегі адам мен табиғаттың бірлігі, жағалай қоршаған ортаны 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет