Құлқыбаев Ғ. Тұғыры биік тұлға / Ғ. Құлқыбаев // Егемен Қазақстан. 2005. 20 наурыз



Дата29.02.2016
өлшемі98 Kb.
#32033
Құлқыбаев Ғ.

Тұғыры биік тұлға / Ғ. Құлқыбаев // Егемен Қазақстан. - 2005. - 20 наурыз
Ебіней (азан шақырып қойған аты Евнғабиден) Арыстанұлы Бөкетовтің өмірі мен шығармашылығы жайлы кейінгі уақытта біраз еңбектер жарық көрді. Олардың катарында інісі Камзабай Бөкетовтің "Досым менің, бауырым менің" кітабы, жазушы Медеу Сәрсекенің "Ебіней Бөкетов" атты көлемді өмірбаяндық роман-толғауы, "Қыры ғылым, өрі өлең" атты көлемді естеліктер жинағы, "Аласарма еңселім", "Ебіней бұлағы" атты академикке арналған өлеңдер жинағы, ақын К.Салықовтың "Ебіней Бөкетовке реквием" атты поэмасы бар.

Газеттердің беттерінде академиктің өмірі мен шығармашылығына арналған талдау, естелік мақалалар да көптеп шығып жатыр. Әрине, академиктің ғылыми еңбектерінің көптомдығы да дайын. Әдеби-публицистикалық шығармаларының "Көкейкесті — Сокровенное" атты екі томдық жинағы және шыкты.

"Алты хат" романы қазақ, орыс тілдеріңде жеке-жеке басылды, шығармашылық қырлары және басқа да әдеби, ғылыми-көпшілік жанрда жазылған еңбектері жарық көрді.

Атақты ғалым-академик Е.Бөкетовтің атын есте калдыруға мемлекет дәрежесіңде де көптеген істер атқарылды. Мәселен, өзі тұңғыш ректоры болған Карағанды мемлекеттік университеті мен туған жері Солтүстік Казақстан облысындағы бір мектептің, облыстық техникалық кітапхананың аты академик Бөкетов атымен аталады. Карағандыдағы өзі тұрған үйі мен өзі көп жыл директор болған Химия-металлургия институтында ескерткіш тақта орнатылған. Қарағанды мемлекеттік университеті жанында Е.Бөкетовтің музейі бар.

Осының бәрі де дұрыс қой. Әттең, өмірі қысқа болды. Осыншама талант иесі, батыр тұлғалы ерен жаратылған Ебіней Бөкетов небәрі 58 жыл ғана өмір сүрді. Ол кісінің қыска ғұмырының қалай өтіп, нендей істер істеп, жетістікке жеткендері жайында жоғарыда аталған кітаптар мен естеліктерде толығынан баяндалған. Оларды кайталап жазудың жөнін көре алмадым.

Қайталап айтсам, табиғат шіркін Ебекеңнен ештемесін аямай-ақ молынан бере салған еді. Әрине, ең алдымен Бөкетов аса талантты ғалым. Ол көзінің тірісінде ғылыми мектеп жасақтап (24 ғылым докторын және 60-қа тарта ғылым кандидатын даярлаған), еңбегінің жемісін көріп кеткен ғалым.

Дей тұрғанмен, академик Бөкетовтің кандай ғылыми проблемаларды шешуге ат салыскаңдьпы жайлы тарата айту кажет. Өйткені, академиктің жастайынан айналыскан ғылым салалары және оның шешім тапқан жетістіктері бүгінгі инновациялық-индустриялық бағытпен үндес һәм алдыңғы қатарлы галыми технологияны, казіргіше айтсақ, ғьшыми сиымды технология-ларды өндірістің жаны етуге ұмтылыс оның еңбекгерінің ең басты белгілері болатын.

Ебіней Бөкетов ғалым есебінде қалыптасуы Қазақтын политехникалық институтында (қазіргі Қ.И.Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университет) академик В.Пономаревтің жетекшілігімен жеңіл және сирек кездесетін металдар кафедрасында басталды. Жас ғалым физикалық химия және жеңіл һәм сирек кездесетін металдар металлургиясын терендей зерттеуді осы кафедра кабырғасында бастап, кейіннен бұл проблема оның өмірлік ісіне айналды. Әсіресе, ол 1960 жылы тікелей академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ұсынуымен Карағандыдағы химия-металлургия институтына директор болып келгеннен кейін оның ғылыми таланты жарқырай ашылып, өзінің ғажайып жемісін бере бастады.

Е.Бөкетов директор болып келгенде бұл институттың құрылғанына небәрі екі-ақ жыл болған еді. Құрылымы әр текті болатын. Геологиялық, тау-кен, металлургиялық және химиялық, көмір байыту, тіпті экономикалық бөлімшелері де болатын. Басшылық тізгінін қолға алған жас (Ебекең ол кезде 35-ақ жаста болатын) директор институттың ғылыми бағдарын тез арада бір ретке келтіріп, Орталық Казақстанда және республикада металлургиялық өнеркәсіптің жетекші орнын ескере отырып, оның ұзак мерзімді ғылыми негіздемесін жасау, болашағын анықтау мәселелерін күн тәртібіне қоя білді. Осыған сәйкес, жаңа зертханалар ашып, жас ғылыми кадрлар легін еселей дайындауға көп күш-жігерін жұмсады. Мәселен, жаңадан ашылған түсті, сирек және бытыранқы металдар зертханасын тікелей өзі басқарды. Қазақстанда түсті металлургия Балқаш және Жезқазғандағы аса ірі комбинаттарда шоғырланган еді. Еңді міне, осы өндіріс орындарының діттеген ғылыми проблемаларын шешуді институт өз мойнына алуға тиісті деп есептеді. Институттың ғылыми бағыттарының аймақтық мәселелерді шешуге арналуы жас директордың көрегендігінің жемісі еді. Ебіней Арыстанұлының айналасына шоғырланған талантты жас ғалымдар ұстаздарының бастаған істерін қолдап, жұмыла жұмыс істеудің үлгісін көрсетті. Академик Е.Бөкетовтің ең жақын шәкірттерінің бірі профессор В.Малышев кейіннен осы бір аршындаған жастық шақтың алаулаған кезені жайлы былай деп жазды: "Біз өзіміз (шәкірттерді айтады), қарапайым тілмен түсіндірсем, өзара химик пен металлург, теоретиктер мен практиктер, технолог пен аналитиктер болып бөлетінбіз. Ал Ебіней Арыстанұлы болса бір өзі сол айтылған мамандықтардың бәрінің де білгірі болатын, қай-қайсысына болса да ақыл бере алатын әмбебап ұстаз болатын... Бұл жөнінен де Құдайтагала бізге шынайы демократ, кемеңгерлігі кенен, білгірлігі, кісілігі мол ақылды ұстаз сыйлап, ғылым жолына дендеп түсуімізге шынайы себеп болғанын мойындауға тиіспіз...

Сөйтіп жүріп, ұстазымыз өзі түбегейлі шұғылданған сан салалы зерттеулердің басын біріктірер жайтты ұзақ ойлап, іштей саралаудың нәтижесінде бәрімізді таң қалдырған, шексіз шаттандырған, шынын айтқанда, химияның асқан білгірі Менделеевше тереңнен толғап, өзі соған кіріскен кезде жай-жапсары күңгірт ілімге дәл де мейлінше мәнді ат тауып, "Халькогендер мен халькогенидтердің химиясы мен технологиясы" — деп атады" — деп жазды өзінің Е. Бөкетовтің ғылыми шығармашылығына арналған кітабында.

Бұл зерттеулер қарқынды дамып, өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында түсті металлургияның түйіршіктелген металдарын шахталық күйдіруден өткізу және автоклавты (яғни, үлкен қысыммен) халькогендер мен халькогенидтер деп аталатын күкірт, селен, теллур, мышьяктың қатысуымен гидрохимиялық үрдістер атты екі тақырыптан тұрды. Бірінші тақырып бойынша, жезқазғандық концентраттардың күшейтілген күйдіруден өткізу үрдісі алғаш 1965 жылы өндіріске еңгізілді. Бұл жұмыстар үшін Е.Бөкетов 1969 жылы Балқаш кен-металлургия комбинатыңда мыс концентраттарын конверторлау сатысыңда оттегіні қолдану арқылы кешенді қайта ұқсату технологиясын игеруге қатысушы ретінде КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Бұл технологияға зымырандық техника үшін өте құнды рений алу бойынша Е. Бөкетовтің басшылығымен жүргізген зерттеулердің нәтижесі кірді.

Осы бағыттағы екінші тақырып бойынша, автоклавтық үрдістерді пайдалана отырып, флотациялық байыту сатысында бос жыныстардан айырып алуға жеңілірек көнетін тотықтандырылған мысты сульфиттік түрге айналдыру бодды. Осының нәтижесінде жарамдылығы аз кендерден жоғары сапалы шикізат алуға болатыны дәлелдеңді.

Міне, осы аталған тақырыптардың жүйелі түрде дамуының нәтижесінде академик Е.Бөкетов негіздеген халькогеңдер мен халькогенидтер химиясы және технологиясы атты келелі ғылыми бағыт дами бастады. Осы ғылыми бағыттың даму барысын талдауға арналған Бүкілодақтық бірнеше ғылыми конференция өтті. Оның алғашкы екеуі академик Е.Бөкетовтің көзінің тірісінде, өзінің басшылығымен өтті.

Академик Е.Бөкетовтің аса мән беріп, білек сыбана ат салысқан екінші ғылыми бағыты - ол марганец ферроқұймасын алу технологиясы болатын. Осы сала да оның шәкірттерінің табанды еңбегінің арқасында шешімін тауып, оларға үлкен абырой әкелді. 2001 жылы Е.Бөкетовтің шәкірттері - академиктер Ж.Әбішев, А.Жәрменов, профессорлар С.Байсанов, М.Толғымбеков, Т.Хасенов өте сирек ферросиликоаллюминийді өндіріп алу технологиясын жасағаны үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары атанды.

Академик Е.Бөкетов бастап, дамуына үлкен үлес қосқан химия ғылымының тағы бір саласы - электрохимия. Шәкірті профессор Әбдуәлі Бәешовпен бірге жасап шығарған "Фосфор шламындағы фосфорды анықтау" әдісі әлем ғалымдарына "Букетов-Баешов" әдісі деген атпен белгілі. Осы еңбектердің дамуы өте жемісті болып академик Е.Бөкетовтің шәкірті, профессор Әбдуәлі Бәешов пен Ажар Бәешовалар 2003 жылы тағы да бір топ ғалымдармен бірге Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.

Қарағанды Химия-металлургия ғылыми-зерттеу институтында алғашқы ұйымдастырылған жылдан бастап, органикалық химия мәселелері де жақсы дамыды. Өзі директор болып тұрған кезіңде академик Е.Бөкетов бұл мәселеге де айрықша көңіл бөліп, дұрыс дамуына ықпал жасады. Өмірінің соңы кезінде ол кісі көмір химиясымен де аса мұқият айналысты. Көмірден сұйық отын алу проблемасының отандық өнеркәсіпке аса қажеттілігін сезінген ол - бұл проблемаға көп көңіл бөлді. Профессор Б.Ермағамбетов бастаған жас шәкірттерін осы мәселеге жұмылдырды және осы көмірден сұйық отын алуға жаңаша әдіс табуға ұмтылды.

Е.Бөкетовтің бұл ізденістерін аса көрнекті мәскеулік орыс ғалымдары, Еңбек Ері, академик В.Спицин, профессор А.Новоселова қызу қолдады және олар көптеген ақыл-кеңес қосты.

Әттең, бұл жұмыстарды аяқтауға өзінің өмірі жетпеді. Дегенмен, осы жұмыстардың нәтижесінде Қарағандыда Қазақстан Ғылым академиясының Органикалық синтез және көмір химиясы ғылыми зерттеу институты ұйымдастырылды. Ол институт қазір Е. Бөқетовтің аса дарынды шәкіртінің бірі, академик З.Молдахметовтың баскаруымен жемісті еңбек етуде.

Академиктің ғылыми еңбектерінің нәтижелерін қорыта айтсақ, ол кісі бастаған ғылыми бағыттардың негізінде үш жаңа ғылыми-зерттеу институттары ашылды (органикалық синтез және көмір химиясы институтынан басқа фитохимия институты (директор Е.Бөкетовтің шәкірті, академик Серғазы Әдекенов), Жер қойнауын кешенді игеру институты (директоры Е.Бөкетовтің шәкірті, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Б.Хасенов).

Ғылым әлемінде ғылыми және ғылыми ұйымдастыру идеялары осындай дәрежеде іске асқан ғалым - өте сирек кездесетін құбылыс. Осы жағынан келгенде, академик Бөкетов аса бакытты тағдыр иесі деуіміз керек. Әсіресе, ғалымның осы 80 жылдық мерейтойы тұсында осыны баса айтқанды жөн көріп отырмын. Өйткені, шын мәніндегі ұлы ғалымның болжампаздық қасиеті, шығармашылық диапазонының телегей кеңдігі, қойған мақсатына жетудегі қажырлылығы бәрі-бәрі академик Ебіней Бөкетовтің алпамсадай тұлғасынан керемет жарасым тауып тұратын. Айналасын жарықтандырып, сәулеге малып, шуаққа бөктіріп жүретін. Ол кісінің жолын қуған қаншама шәкірттері шабыт қанатында ғажап еңбектер тудырып, қаншама табысқа жетті. Тек өзінің ғана ғылыми мектебінен өріс алған шәкірттерінің ішінен 5 академик, 9 Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 20-дан астам ғылым докторы, профессор өсіп шықты.

Оның шарапаты тек шәкірт дайындауға ғана тиіп қойған жоқ. Ол өзінің ғажайып парасатымен, жан-жақты мәдениеттілігімен, шығармашылық қуатымен Орталық Қазақстан өңірінің, қала берді, бүкіл Қазақстанның зиялы қауымының қалыптасып, жаңа сапаға ауысуына орасан зор өсер етті деп айтқан орынды деп есептеймін. Онын осы жаңартқыш, жаңғыртқыш қасиеттері 1972 жылы Қарағандыда университет ашылып, ол кісі соған ректор болып тағайындалғаннан кейін тіпті жарқырай көрініп, жаңаша бір өріс алды.

Өмірінің бұл кезеңі (1972-1980 жылдары) академиктің педагогтық, ағартушылық, оқу ісін және ғылымды асқан зор ұйымдастырудағы қабілетінін жарқырай ашылған кезі болды деу керек. Алғаш ректор болып тағайындалған кезінде Ебекең үлкен толқыныс үстінде жүрді. Университет бұрынғы Қарағанды педагогикалық институтының негізінде ашылған еді. Сондықтан да жергілікті кадрлар университеттік өреде жұмысын ербітіп әкетеді деу қиын еді.

Сондыктан да, Ебіней Бөкетов университеттің жұмысын тиісті дәрежеде бастау үшін бірнеше шұғыл ұйымдастырушылық шараларды іске асырды. Біріншіден, ол кісі университетте сабақ беріп, ғылыми педагогтік кадрлар тарту мәселесімен түбегейлі түрде айналысып, Мәскеу, Ленинград, Томск мемлекеттік университетінен және өзіміздің Қазақ ұлттық университетінен білікті мамандар легін Қарағандыға шақырып, жұмыс істеулеріне жақсы жағдайлар жасады. Профессорлар: физик Көкетаев, Краус, Кеулс, Б.Минаев, доценттер: Перевертун, Ильина, Құсайынова, тағы басқалардың Қарағанды университетіне келіп, жемісті еңбек ете бастауы соның нәтижесі еді. Ғылымды ұйымдастыру ісінің кәнігі шебері, университеттік ғылымның перспективасын бір кісідей терең түсінген ректор кафедралар жанынан ғылыми-проблемалық зертханалар ұйымдастырып, оларды осы заманғы ғылыми құралдармен жабдықтады. Университетте жұмыс істей бастаған бірегей гелий қондырғысы, өлшеу құралдары- сектрофотометрлер, сол кездегі алдыңғы қатарлы электронды есептегіш мәшинелер, тағысын-тағылар сол жұмыстын нәтижесі еді. Қарағанды университеті тек осы заманғы үлгідегі жоғары оку орны емес, зор мүмкіншіліктері бар ғылыми орталық есебінде де қалыптаса бастады.

Мұның өзі академик Е.Бөкетовтің ректорлық жұмысын университеттік ілім жүйесін әлемдік өреге лайық жүргізуінің, кадрлық саясатты болашаққа бағдарлап іске асыруының нәтижесі еді.

Ректор тек сырттан кадр тартып қоймай, университеттің өз қабырғасында бұрыннан істеп жүрген педагог-оқытушылардың әлеуетін арттыру ісін де қызу қолға алып, олардын кандидаттық, докторлық диссертацияларын қорғап шығуына көмектесті және университеттің жанынан бірнеше мамандық бойынша аспирантура, докторантуралар ашьш, көптеген жас кадрларды Алматы, Новосибирь, Мәскеу, Ленинградтағы ғылыми педагогикалық орталықтар арқылы даярлау ісін жолға қойды. Сонымен қоса, университетке сабақ беруге Карағандыдағы ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдарын да тартты.

Екіншіден, академик Е.Бөкетов әлемдік білім беру жүйесін түбегейлі зерттеп, "Университеттік ілім", "Республикадағы екінші" сияқты мақалалар сериясын жариялады. Бұл еңбектер әлі буыны қатпаған жас мамандар мен жаңа құрылған кафедралардың бағыт-бағдарын анықтап, іске сенімдерін арттыруға зор ықпал етті.

Өзі "Алғашқы сабақ", "Мамандыққа кіріспе" деген сияқты методологиялық лекцияларын бірінші курс студенттері алдында оқуды дәстүрге айналдырды.

1975 жылы Ғылым академиясының академигі болып сайланған университет ректорының ғылыми, адами беделінің шарықтап тұрған шағында бұл лекциялардың тартымдылығыңда шек болмайтын. Ол лекцияларды қаланың барлық студент жастары, интеллигенция өкілдері тыңдауға құштар болатын. Өйткені, Ебіней Арыстанұлы жастарға түсінікті етіп ғылым тарихынан қызықты оқиғалар, әлемдік ғылыми ашылымдар жайлы көркем тілмен, публицистикалық серпінмен, шеберлікпен айтып, студент жастардың ғажайьш қызығушылықтарын оятатын.

Үшіншіден, Е.Бөкетов университет оқытушыларын оқу әдістемелік жұмыстарды істеуге, оқулықтар жазуға жұмылдыратын. Өзі де осы іске құлшына кірісіп, Менделеевтің периодтық заңы бойынша және шәкірттерімен бірге электрохимия бойынша оқулықтар жазып шығып, жариялады.

Төртіншіден, ол кісі Қарағанды университетін Кеңес Одағының ғылыми әлеуеті шоғырланған Мәскеу, Киев, Новосибирск, Томск, Алматы сияқты қалалардағы жоғары оқу орындарымен шығармашылық байланысты жолға қойды.

Әрине, ректор Е. Бөкетов студенттердің оқу жағдайын жақсартуға көп көңіл бөлді. Мәселен, университеттің Гоголь көшесіндегі оқу корпусын жарты-ақ жылда салдыртып бітіп, 1978 жылғы қыркүйекте университеттің салтанатты ашылу рәсімін сол ғимаратта өткізді. Оңтүстік шығыстағы "Университет қалашығын" салдырту, студенттік жатақханалар, студенттік асхана, профилакторий салып, іске қосуға да ерекше көңіл бөлді. Былайша айтқанда, бас-аяғы үш-төрт жылдың ішінде Қарағандының мемлекеттік университеті қай жағынан болмасын толыққанды жұмыс істейтін үлкен һәм күрделі оқу орнына айналды.

Шығармашылық ой - жүйесі кенен, ақыл-парасаты мол, халық тарихын, оның барлық болмысын жан тәнімен ұғатын академик Е.Бөкетов күнделікті күйбеңнен әлдеқайда биік жүретін. Халық үшін, жастар үшін есте қалар ұлағатты істер істеуге бейім болатын. Ондай істерді ол ел аузына ілігу үшін істемейтін, ол оның табиғаты, болмысы болатын.

Міне, осыдан 33 жыл бұрын Ебіней Бөкетов негізін қалаған Қарағанды мемлекеттік университеті қазір қанатын кеңге жайған. Алыс, жақын шетелдегі университеттермен терезесі тең қарым-қатынас жасайтын, жоғары білім берудің қазіргі мамандық технологияларын игерген қабырғалы оқу орнына айналды. Қазір университет кафедраларында 80-нен астам ғылым докторлары және 380-дей ғылым кандидаттары жұмыс істейді. 30-дан астам ғалым докторантурада және 180 адам аспирантурада оқиды.

Университет алғаш ұйымдастырылғанда 4 ғылым докторы болғанда соншама қуанған Ебекен ғалымдардың сапасы нық өсуінің бүгінгі көрсеткіштерін көрсе, қандай шаттанар еді.

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Ебекен үшін қиындығы мен қысымы көп болса да аса жемісті жылдар болды. Ол 1969 жылдың аяғында КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды, 1970 жыл Ғылым академиясының мүше-корреспонденті болып сайланды, 1971 жылы КСРО Жазушылар одағының мүшелігіне кірді. 1972 жылы Қарағанды университетінің бірінші ректоры болып тағайындалды, ал 1975 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының толық мүшесі (академигі) болып сайлаңды.

"Ғылым мен өнер өкпе мен жүрек тәрізді бір-бірімен айрылыспастай байланысты" деп Лев Толстой айтпақшы, әлем тарихында қандай да болмасын ұлы адамдардың өміріне зер салсаңыз, жанағы айтылған сөздің растығына кез жеткізер едініз. Иә, Ебіней Арыстанұлы әдебиет пен өнерді жанындай жақсы көретін жан еді. Өзінің қысқа өмірінде көптеген әдеби шығармалар жазып, әлем классикасынан тамаша аудармалар жасап кетті.

Иә, академик Бөкетов ғылымға қоса әдебиетте де айқын із қалдыра білді деп айтсам, артықтығы жоқ. Өзінің туған інісі, әрі биографы Қамзабай Бөкетовтің есебінше, Ебіней Бөкетовтің 50-ден астам көркем шығармасы (оның ішінде, "Алты хат" атты роман-эссесі, аяқталмай калған "Сәтбаев" романы бар), 20-дан астам дүниежүзілік классикалық әдебиеттен жасаған аудармасы және көптеген әдеби публицистикалық, әдеби-сын мақалалары, хаттары бар. Соның бәрінің басын қосса, қалың-қалың 5 томнан асып қалады екен.

Зиялы қауым ол кісінің қазақ және орыс тілдерінде шыққан "Атан қомында туған адам", "Шығармашылық қырлары", "Алты хат" кітаптарын жақсы біліп, іздеп жүріп окыған. Ебекеңнің кейбір шығармалары сол кездегі Мәскеу басылымдарында жарияланып үлгеріп еді. Мәселен, "Атан қомында туған адам" "Знамя" журналында, ал "Шоқанның қасиетті ісі" деген көлемді көркем очеркі одактық "Пути в незнаемое" жинағында жарық көріп еді. Ғалымдардың әдеби шығармалары мен ғалымдар жөнінде жазылған көркем дүниелерді жариялап тұратын "Пути в незнаемое" атты өте беделді жинақтың редколлегия мүшесі де болған еді.

Ебекеңнің "Алты хат" романының "Простор" журналына "Жарқын тағдырдың сырлы сәті" деген атпен жарияланған кезі бір естен кетпес өкінішті кез еді. Академиктің жарқырай ашылып, жалындап-лапылдап келе жатқан әдеби таланты іші тар көр соқырлардың қызғанышын өрттей лаулата бастаған болатын. Ол кісі сырт көзге ішкі толқыныстарын көрсете де бермейтін. Тапжылмай еңбек етіп, "Сәтбаев" романының тарауларын жазудан бір сәтте қол үзбей еді. Тіпті, сол еңбек рахаты оның көңілін басқаға алаң қыла бермейтін. Дегенмен де, жаралы жаны ауырып, жүрегі сыздаған кездерде өзінің жақын достары мен шәкірттеріне Абай өлендерің жатқа дауыстай оқығанды әдет етер еді.

Міне, осылай өзінің жан тірегі, көңіл қуаты Абай өлеңдері арқылы іштегі дертті, жалын мен түтінді, көңілдегі кірбінді, ойдағы сыздауықты сыртқа сыздықтай шығарар еді.

Академик Бөкетовтің әдеби еңбектерінін ішіндегі ең шоқтығы биігі оның көркем очерктері дер едім. Өйткені, олар Ебекеңнің шығармашылық кредосы мен талант қуатын емен-жарқын ашып берген деу керек. Бұл шығармаларында ол кісі өзіне ерекше жақын қазақтың ғылыми интеллигенциясының тар жол, тайғақ кешуі мен киын ізденіс-толғаныстары аркылы бүгінгі ғылыми ойдың шыңдарына өрлеу жоддарын баян етеді. Оның көбісі өз ойларымен, өз толғаныстарымен қабысып жатқаны, әрине, табиғи. Ебекең очерктерінің негізгі кейіпкерлері аса көрнекті, жан-жақты дарынды ғалымдар Шоқан Уәлиханов, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғүлан және т.б. Ол кісінің құмарлана жазатын тұрақты кейіпкерлерінің кең алымды дүниетанымы, жан-жақты таланты, көз қарықтырар ізденістері, түңғиық терең толғаныстары ерекше. Осы көркем очерктерінің ішінде ең кемел жазылғаны, меніңше, Шокан жайлы еңбегі. Шоқанның ғалымдығы, суретшілігі жайлы толғағанда Бөкетовтің қаламы су төгілмес жорға. Ол кісі Шоқанның күнделіктерінен үзінді келтіре отырып, оның жазушылық қабілетінің керемет екендігін ең алғашқылардың бірі болып паш етеді. Мәселен, Шоқанның генерал, Гасфорттың мақаулау кердең келбетін суреттеуі оның жазушылық дарынының ғажап бір дәлелі. Шоқан суреттерін саралай отырып, олардың сатиралық штрихтарын айнытпай тап басады.

Ебекең жазбаларын окып отырғанда оның Сәтбаев талантына шексіз табынатынына тәнті боласыз. Сәтбаевтың ұлан-ғайыр эрудициясы, білімдарлығына қайран қалады да отырады. Меніңше, Бөкетовтің Шоқан мен Сәтбаев өміріне көркемдік барлау жасауы бекерден бекер емес. Себебі, оның өзі де айрықша тұлға еді, оның да жан дүниесі алуан түрлі қырларымен жарқырап тұратын.



Академик Бөкетовтің аудармалары бөлек бір өңгіменің аркауы болуға лайык деп ойлаймын. Бүл жерде айта кететін бір жайт, аударма жасаған шығармалары кілең әлемдік немесе орыстың классик ақын-жазушыларының роман, хикаят, . поэмалары. Бүл ретте Ебекеңнің шығармашылық аукымы мен нәзік талғамы кісі таңкаларлық. Болгар классигі И.Вазовтың "Бүғауда" романы, француз классигі Э.Золяның әңгімелері, В.Шекспирдің әйгілі "Макбет", "Юлий Цезарь" пьесалары, В.Маяковскийдің "Кэгаала" драмасы мен "Керемет!" поэмасы, С.Есениннің "Анна Снегина" поэмасы, "Качаловтың иті" т.б. елеңдері. Тек қана аттарын атап шыққан шығармалардан көрініп түрғандай, ол өз халқының оқырмандарын кандай ғажайып көркемдік өлемнің көусарынан сусындатуға үмтылған. Бүл үмтылыс ХІХ-ХХ ғасырдағы Абай мен Шокан, Шәкөрім мен Ахмет, Мағжан мен Міржақып, Мүхтар мен Жүсіпбек, Сәкен мен Ілияс сынды үлт зиялылары мен ағартушылары бастаған керемет дәстүрдің жалғасы іспетгі. Бүл дана бабаларымыздың казақ үлтының өресін дүние жүзінің ең еркениетті елдерінің катарына қоскысы келген жанқиярлық еңбегінің жалғасы академик Бөкетовтің аудармашылык шығар-машылығында көрініс берді десек, артык айтпаған болармыз.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет