«М. Ломносов» орта мектебі кмм және Талғар филиалымен бірлесіп атқарған жұмыстарға пікір



Дата29.08.2023
өлшемі14.74 Kb.
#476271
отзыв иле алатау


«М.Ломносов» орта мектебі КММ және Талғар филиалымен бірлесіп атқарған жұмыстарға пікір
Экологиялық білімді қалыптастыру және оларды практикада қолдану жан мен ақылға жаңа күш пен қуат беретіні сөзсіз. Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылы, М.Ломоносов орта мектебі Талғар филиалымен жылдар бойы біреле отырып жұмыс атқаруда. Атап айтар болсақ, Талғар филиалының Іле – Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері мен оқушылар арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық берік орнаған. Көптеген жылдар бойы флора мен фаунаның сирек кездесетін түрлерінің биологиялық қоршаған ортасын зерттеу мәселелері бойынша бірлескен жұмыстар арқасында семинарлар, конкурстар мен экскурсиялар өткізілді. Оқушыларға өз пікірін және патриоттық сезімін қалыптастырады.
Эколог ағартушы Ниетқалиева Жанаргүл Айболатқызы М. Ломоносов атындағы орта мектебінің бастауыш және орта буын мектеп орманшылығының жұмысына белсенді қатысып тұрады. Түрлі байқаулар өткізіліп, экология туралы қызықты әңгімелер жүргізіп отырады. Суреттер мен қолөнердің түрлі онлайн конкурстарын мектеп әкімшілігәмен бірлесе ұйымдастырады. Ауыл шаруашылығына байланысты ұсыныстар мен жадынамалар береді.
Мектеп оқушыларымен педагогикалық ұжым Ұлттық парк аумағында құзға шығу кезінде спорттық жарыстарға белсене қатысып жүреді. Аю Сай шатқалына және туристік бағыттар бойынша экскурсиялар жиі ұйымдастырылып тұрады. Тілге тиек етер керемет шараның бірі болып 2021 жылдың 18 мамыр күні Іле-Алатау ұлттық мемлекеттік табиғи паркінің Түрген шатқалында парктер шеруі өткен болатын. Бағдарлама мақсаты қызғалдақтарды сақтау болғандықтан "Қызғалдақтар фестивалі" өткізілді. Іс-шараға қатысқан Түрген филиалының мектеп орманшылығы, М.Ломоносов орта мектебінің оқушылары қатысып, өлеңдер, жеке туындылар мен суреттер көрмесі ұйымдастырылды.
Осы жағдайды пайдалана отырып, М.Ломоносов атындағы орта мектебінің директоры Мусина Гүлнар Байзоллақызы басшылығымен мектеп әкімшілігі Талғар филиалының директоры Нұрдәулет Жанболат Нұрқанатұлына барлық экологиялық іс-шараларға белсенді қатысқаны және шебер басшылық пен жемісті ынтымақтастығы үшін шынайы алғыс білдіреді. Біз іскерлік және достық қарым-қатынастарды ұзақ сақтауға және одан әрі бірлесе жұмыс атқарамыз деген сенімдеміз. Құрметпен М.Ломоносов орта мектебінің ұжымы.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет