«Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы» Орындаған: мэг-21 Альмагамбетова Улпан



бет1/3
Дата02.01.2022
өлшемі0.93 Mb.
#453202
  1   2   3
Мангыстау обл
СПИРТ ПЕН СҰЙЫҚ КӨМІРСУТЕКТЕРДІ АЛУДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БИОТЕХНОЛОГИЯ

«Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы»

Орындаған: МЭГ-21 Альмагамбетова Улпан


Облыстың ауыл шаруашылығы (850 шаруа (фермер) қожалығы, ауылшаруашылық өндірісінің басқа кәсіпорындары мен ұйым-дары, халықтың жеке қожалығы) 2004 жылы өндірілген жалпыреспубликалық ауылшаруашылық жалпы өнімі көлемінің 0,2% береді.

Облыста 6,9 млн.гектар ауыл шаруашылығы пайдаланатын жер бар, оның 0,4 мың га. егіндік жерлер. 2004 жылы 0,7 мың тонна көкөніс, 9,4 мың тонна ет (сойылған салмағы-мен), 5,3 мың тонна сүт, 0,7 мың тонна жүн (нақты салмағымен), 27,2 мың қаракөл терісі өндірілді.

2004 жылдың соңында ірі қара малдың саны - 7,2 мың бас (оның 4,1 мыңы - сиыр), қой мен ешкі - 430 мың, шошқа - 0,2 мың, жылқы - 30 мың және түйе - 34 мың бас құрады.

2004 жылы 15,5 млн тонна шикі мұнай, 2,8 млрд тк. метр табиғи газ шығарылған, 2,9 млрд кВт сағат электр энергиясы, 74 тонна тіс пастасы мен ұнтағы, 311 тонна өңделген сұйық сүт пен кілегей өндіріледі.



Маңғыстау өңірі Қазақстандағы бірден бір жер үсті су көздері жоқ, қатал табиғатымен ерекшеленетін, экономика дамуының негізгі салалары мұнай мен газ өндіру болып табылатын, шөл және шөлейт аймақ. Сол себепті Маңғыстау облысын аграрлық өңірге жатқызу мүмкіндігі шектеулі. Дейтұрғанмен, аграрлық секторды облыс экономикасының драйверіне айналдыру мақсатында ата кәсіп – мал шаруашылығын қарқынды дамытумен қатар, егін шаруашылығын дамыту іске асырылып келеді. Бұл туралы Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Берішбаев мәлімдеді.

Айта кету керек, бірінші жарты жылдықта 2658,5 тонна ет, 3000 тонна сүт, 808,6 мың дана жұмыртқа, 4708,6 тонна ұн, оның ішінде 4513,3 тонна бірінші сұрыпты ұн өндірілген. Жалпы мал шаруашылығы саласында ілгерілеу жоқ емес. Ароөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында, мал шаруашылығында тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру негізгі екі бағыт бойынша айқындалған.

2017 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттен 80 300,0 мың теңге қаражат бөлініпті. Асыл тұқымды мал шаруашылығы – сапалы да мол өнім өндіру көзі, малдың өміршеңдігі мен өнімділігін, өнім сапасын арттырудың негізгі жолы. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы бойынша 36 асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектісі тіркелген.

2017 жылдың 1 шілдесіне дейінгі статистикаға көз жүгіртсек, мал санының көрсеткіші мынадай: ірі қара мал – 19656 бас, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда – 16101 бас, яғни көрсеткіш 22,1% артып отыр.

Ал қой болса – 398279 басқа жеткен, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстыратын болсақ 3,4% артқан. Ешкі – 114747 бас, өткен жылы 106154 бас болатын, арту көлемі 8,1% құрады. Жылқы басы болса 10,4%-ға артқан, яғни 83348, өткен жылы 75518 болатын.

Түйе – 62597 бас, ал өткен жылдың осы кезеңімен салыстыратын болсақ 8,0%-ға артқандығы байқалады, яғни 2016 жылы – түйе саны 57987 бас болатын. Құс болса – 28949 бас, өткен жылмен салыстырған 2,1%-ға артып отыр.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет