Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы



бет1/8
Дата09.06.2016
өлшемі1.2 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8
Мазмұны:
ҚАЛЫПТАСҚАН ҚАЗАҚСТАН- 2050 СТРАТЕГИЯСЫ


1

Уәлихан ҚАЛИЖАНОВ, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер нститутының директоры, филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сенім мен серпін.//Егемен Қазақстан.-2013.-16 қаңтар.- 2б.

3

2

Серік ПІРӘЛИЕВ, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Жасампаздықтың жаңа межесі.//Айқын.-2013.-16 қаңтар.-4б.

6

3

Қуат БАЙМЫРЗАЕВ, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, география ғылымдарының докторы, профессор. Болашақ ұстаздың тұлғасы білім ордасында қалыптасады //Егемен Қазақстан.-2013.-17қаңтар.-2б.

9

4

Габит ТУЯКБАЕВ, президент общественного фонда «Руханиятты колдау», кандидат филологи-ческих наук, доцент. Развивать чувство хозяина своей земли //Кызылординские Вести.-2013.-17 января.-С.1

12

5

Айтжан ОРАЗБАҚОВ, тарих ғылымдарының кандидаты.Татулық - тірегіміз//Сыр бойы.-2013.-19 қаңтар.-10б.

13

6

Жамбыл АЙМЕНОВ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің бірінші проректоры. Жоғары мектеп үлкен бәсекелестікке қабілетті болуы тиіс. //Егемен Қазақстан.-2013.-23 қаңтар.-2б.

14

7

Жуматай УРАЗБАЕВ, проректор по научно-исследовательской работе Евразийского национального университета им. Л.Гумилева Стратегические ориентиры вузовской науки. //Казахстанская правда .-2013.-24 января.- С.5

18

8

Әлима ӘБДІХАЛЫҚОВА, М.Маметова атындағы гуманитарлық колледж директоры. Жаңа Жолдау –жарқын мұрат..//Ақмешіт апталығы.-2013.-24 қаңтар.-4б.

20

9

Асқар ӘБДУӘЛІ, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының директоры. Білім беруді жетілдіру – дәуір талабы.//Егемен Қазақстан.-2013.-26 қаңтар.-2б.

22

10

Ерлан СЫДЫҚОВ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры, Ғылым мен инновация – жаңашылдық арқауы.//Егемен Қазақстан.-2013.-29 қаңтар.-7б.

24

11

Рахымжан Елешев, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі. Бәсеке болмай, даму болмайды////Класс Тайм.-2013.-30 қаңтар.-6б

28


Қазақстандағы жоғары білім


12

Н. НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті. Қазақстан Республикасының Заңы № 67-V ҚРЗ. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы //Егемен Қазақстан.-22 қаңтар.-9б.

30

13

Қанат Қабділмәжит.Миллионер мұғалімдер көбейсін//Класс TIME.-2013.-23 қаңтар.-2б.

40

14

Бастама. Жинақтау жүйесі іске қосылды//Класс TIME.-2013.-23 қаңтар.-2б.

41

15

Назарыңызда болсын! ҮНДІСТАННЫҢ БІЛІМ ГРАНТТАРЫ БӨЛІНЕДІ//Класс-TIMES.-2013.-30 каңтар.- 14б.

41











Қызылорда облысының ғылымы, білімі және мәдениеті

Жоғары білім:

16

Валерий ХИЖНЯК. Овощи-фрукты, свежие продукты//Класс TIME.-2013.-16 января.-С.13

42

17

Бауыржан ЕЛЕУСІНОВ, «Өрлеу» білікті арттыру орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктігін арттыру институтының директоры. Кемелдік пен парасат//Егемен Қазақстан.-2013.-22 қаңтар.-15б.

44

18

Валерий ХИЖНЯК В чужом краю терзаюсь но не каюсь... Класс TIMES.-2013.-23 января.-С.10

46

19

Руслан АБУТАЛИПОВ. Сварщик – профессия современная //Кызылординские Вести.-2013.-29 января.-С.1

48

20

Болатбек ТОКТАГАНОВ. СБОРЫ. С лыжами и коньками на «ты». //Кызылординские Вести.-2013.-26 января.- С.8

49

21

Кайрат КЕТЕБАЕВ. Меморандум. Конкретизируя сотрудничество //Кызылординские Вести.-2013.-29 января.-С.3

49

22

Айнұр БАТТАЛОВА. Тәртіпке бас иген құл болмайды.// Сыр бойы.-2013.-31 қаңтар.-4б.

50


Қорқыт Ата атындағы ҚМУ қызметкерлері баспасөз беттерінде

23

Күлпаш ІЛИЯСОВА, Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, Дастан СӘТБАЙ, журналдың меншікті тілшісі. Конференция материалдары жарық көрді.//Қазақ тарихы.-2012, №6.-27б.

51

24

Дастан СӘТБАЙ, тарих ғылымдарының докторы. Далалық семинар. //Қазақ тарихы.-2012,№6.- 19б.

53

25

Кулжамал ДАУЛБАЕВА, старший преподаватель КГУ им.Коркыт Ата. Обучения русскому языку в казахской аудитории.//Қазақстан мектебі.-2012,№12.-С.24-27

54

26

Жақсыбек ЕГІЗБАЙҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, профессор. Жаны жайсаң, жүзі жарқын жан еді. (Жүніс Алмабаев тың 80 жылдығына арналады)//Айқын.-2013.-17 қаңтар.-26б.

57

27

С.НАРЕНОВА химия және экология кафедра сының меңгерушісі, К.АРЫНОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты. Күлбарам келбеті. //Ақмешіт апталығы.-2013.-24 қаңтар.-10б.

60

28

Дастан СӘТБАЙ, тарих ғылымдарының докторы. Ұлттық идеяның шырғалаңы. //Әлімсақ.-2013,№1.-8-9б.

62

29

Н.КӨБЕГЕНҰЛЫ. Болашаққа мейірім көзімен қараған қарт //Әлімсақ.-2013,№1.-21-22б.

65

30

Рахила ДОСПАЕВА, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ң ғылыми-техникалық кітапханасының бөлім меңгерушісі. Ғасыр мұрасының жанкешті сақшылары //Әлімсақ.-2013,№1.-35-37б.

67

31

Қазыбай ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ экономика ғылымдарының кандидаты, профессор.Ел Көшербаевтан не күтеді?//Халық.-2013.-31 қаңтар.-5б.

71

ЖАСЫЛ ЭНЕРГИЯ - ЭКСПО- 2017

32

Мемлекет басшысының Өкімімен ТАҒАЙЫНДАУ.

//Егемен Қазақстан.-2013.-17 қаңтар.-1б.



72

33

Нина МИТЧИНОВА, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі. Ұлт мерейі//Егемен Қазақстан.-2013.-16 қаңтар.-5б.

72

34

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. Күн сәулесінен қуат алған. (Жамбыл облысында алғашқы күн электр стансасы іске қосылды) //Егемен Қазақстан.-2013.-16 қаңтар.-1,3б.

74


Қалыптасқан Қазақстан - 2050 стратегиясы
Уәлихан ҚАЛИЖАНОВ, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнернститутының директоры, филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Сенім мен серпін

Біз ғаламат ғасырда өмір сүріп отырмыз. Бұл ғасыр – қазақ ғасыры, бұл ғасыр – Қазақстан ғасыры. Өйткені, сонау атамзаманнан бері ел болып көсегесі көгерген мемлекет құру бабаларымыздың асыл арманы еді. Кең сахараны үдере көшіп жүріп, өзінің шекарасын жасақтады. Ұлан-ғайыр далада өзінің көшпелі мәдениетін қалыптастырды. Ғасырлар тоғысты, заман өзгерді, қоғам жаңарды. Осындай алмағайып кезеңдерде де қазақтың басынан не өтпеді? 1896 жылғы патша санағы бойынша Ресейдің шеткері аймағындағы бұратана деп аталатын халықтардың үлес салмағы қандай еді? Сол дерекке назар аударайық. Қазақтар 3 миллион 900 мың адам еді. Ал көрші өзбектер 2 миллион 900 мың адамды құрайтын. Бүгінгі статистика мынандай: қазақтар 10 миллион 500 мыңнан асса, өзбектер27 миллион. Бұл аласапыран уақыттағы қазақтың қырылған тағдыры. Ашаршылық қазақ үшін қолдан жасалынды. Голощекиндік саясат 3,5 миллион қазақты қырды. Бір миллион қазақ тарыдай шашырап ауып кетті. ВКП(б)-нің XVIII съезінде Украинадағы 4,5 миллион опат болған халықтан кейін ең көп қырылған қазақ халқы екені ресми мойындалды. Қазақтың қанды қасіреті осындай! Десек те ғасырлар тоғысында қазақтың бағы жанды.

Тәуелсіздік жылдары Елбасы да, халық та ұлы сыннан өтті. Ғасырлық жолдан өтті. Әлем картасында толыққанды қазақ мемлекеті орнықты. Енді қазақ елі – шекарасы заңмен бекітілген Қытай, Ресей, Өзбек, Қырғыз мемлекеттері парламенттерінде ратификациядан өткен, заңдық құқығы мойындалған мемлекет.

Қазақстан әлемдік саяси додадан өзінің орнын алды. Қазақтың етектегі басы төрге шықты. «Еліміз қайта ел болды, халқымыз қайта халық болды», «Кедей халықты бай қылды, аз халықты көп қылды». Міне, сонау сегізінші ғасырда Күлтегін, Тоныкөк қалдырған тас жазу ХХІ ғасырда қайта жаңғырды. Қазақ қазақ болғалы, қазақ мемлекет құруға ұмтылғалы қазақтың аты мұндай шыққан емес, қазақтың жұлдызы мұндай жанған емес! Енді қазаққа не керек! Енді қазақ өркениетті 50 елдің емес, отыз елдің қатарына қосылуы керек. Бұл мүмкін бе? Оған шүбә жоқ! Біз Қазақстанның 21 жылдық қалыптасу, даму, кемелдену кезеңін бастан өткердік. Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауларының кезең-кезеңдерін көзбен көріп, құлақпен естіп, оның орындалу барысын бірге қадағаладық. Кезінде 2030 бағдарламасын жариялағанда, оған дейін «кім бар, кім жоқ» деп сары уайымға салынушылар да, жаңа заман болса да ескі әуеннен жаңылмайтын заржақ оппозиция да барды. Бірақ, бәріне заман, бәріне уақыт төреші. Сонымен, «Қазақстан − 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саясаты» атты Қазақстан Республикасы Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауының тіні не? Бұған былай деп қорытынды жасауға болады.– Қуатты да табысты – тәуелсіз Қазақстан құрылды. Билік тармақтарының теңгермеушілігі сақталған заманауи мемлекеттік басқару жүйесі қалыптасты. - Демократияландыру мен ырықтан-дырудың жоғары стандарты қалыптаса бастады.– Әлемдік эталон азаматтық татулық пен ұлтара лық келісімге қол

3

жеткізілді.–Қазақстан халқы Ассамблеясы кіші ООН дәрежесіндегі бағаға ие болды.– Соңғы 15 жыл ішінде Қазақстан серпінді дамушы бес елдің қатарына қосылды.– Экономи-калық рейтингі жөнінен Қазақстан 51-ші орынды иемденді. Бұл Назарбаев белгілеген өркениетті елу елдің қатарына қосылу мақсаты орындалғанының көрінісі емес деп кім айта алады? Қазақстан әлемдік саясаттың ордасына айналды. ОБСЕ-ге жетекшілік еттік, теңдесі жоқ Астана декларациясы қабылданды, СВДА қалыпты жұмыс істейді, Ислам ынтымақтастық ұйымына, ОДКБ-ға жетекшілік жасадық. Қазақстан ядролық қаруды таратпау идеясын көтерді. АҚШ, Ресей, Қытай сынды мемлекеттер Қазақстан қауіпсіздігіне кепілдік беріп, стратегиялық әріптестікке қол қойды. 21 жылда қол жеткен табыстарды түйіндей айтсақ, осы кезеңде кәсіби мемлекет құрылды, адамның өмір сүру деңгейі өсті, орташа айлық 9,3есе, зейнетақы 10есе ұлғайды. Халықтың ақшалай кірісі 16есе өсті. Білім мен ғылым саласы қарышты дамыды. 1997 жылдан бері 942 мектеп, 758 аурухана салынды.



Соңғы 12 жылда жоғары білімге берілетін грант 182 пайызға өсті. Енді не істеу керек? Соңын саралайтын, алдын болжайтын Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Қазақстанның жаңарған 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын ұсынды.

Бұл Елбасының қазақтың қамын ойлаған көреген саясаты. Ұлттың көз тіккен бағыты. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді халық даналығы. ХХІ ғасыр қазақ ғасыры болатынына берік сеніммен жолдау арнаған Назарбаев сөзі жүрекке жақын, көзге ыстық, сенімге берік!

Мұндай даму стратегиясы бізге не береді? Бізді қандай қиындықтар мен белестер күтіп тұр. Өйткені, жаһандық қатерлер толастар емес. Әлем халқы күрт өсуде. Күні кеше әлем халқы 6 миллиард адамды құраса, енді 7 миллиардтан асты. Ал 2050 жылға қарай ол 9 миллиард адамға жетеді деп күтіледі. Жер осыншама адамды асырай ала ма? Қазба байлықтар жете ме? Міне, осындай сұрақтар Қазақстанның даму жолымен астастырыла қаралды. Сондықтан да Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл Жолдауы өзінің адамзат құндылықтарымен ғана емес, ұлттық өсіп-өркендеу жолымыздың жасампаз бағыттарының айқындалуымен құнды.

Қазақстан халқының орта жасы 35-ті құрағанымен, демограф ғалымдардың сараптамаларына сәйкес «енді 40-жылдан кейін 60-тан асқан адамдардың саны 15-ке толмағандардан асып түседі». Оған әлемдегі аштықтың белең алуын қосыңыз. Мұның бәрі әлемдегі заңсыз көші-қон процестерін үдете түсетіні белгілі. Егіні жайқалып, малы марқайып, қазба байлықтары игеріліп, ұлты жасампаздық танытып отырған қазақ елі, қазақ мемлекетіне оңтайлы өмір сүру кепілі ретінде қарап, атбасын қалай да осы жаққа бұрғысы келетіндердің саны көбеймесе, азаймақ емес. Менің қолымда бар деректерге қарағанда, Қазақстандағы мигранттардың саны 450 мыңға жуық. Осыдан төрт жыл бұрын олар 1 миллионға жуық адамды құраған болатын. Бұл Қазақстанның алтын валюталық қоры шетелге тоғытылып жатыр деген сөз. Қазақстанда жұмыс бар. Бірақ оны атқаратын қазақ жоқ. Біз өз құрылысшымызды, өз етікшімізді даярламай, өз өнімімізді өзіміз жинамай бұл процесс тоқтамақ емес. Сондықтан да Елбасы ұлттық индустриялизация мен жаңа технологияларды жетілдіруді мемлекеттік саясат деңгейіне қойып отыр. «Біз таяу болашақта кері үдеріспен елдің шегінен тыс жерлерден бізге келетін еңбек иммиграциясымен бетпе-бет келуіміз әбден мүмкін екенін түсінуге тиіспіз».



4

Біз өз тарапымыздан осындай келеңсіз жағдаяттардың орын алмауы үшін ұлттық саналылықпен қатар «мемлекеттік ой-сананы» қалыптастыруымыз қажет. Бұл әр Қазақстан азаматы өз деңгейінде ұлтына адал қызмет етуі керек деген сөз. Елбасы ұсынған мемлекеттің жаңа саясаты ұлтты біріктіруші ғана емес, ұлтты жұмылдырушы стратегиялық мақсатқа жұмыс істейтін болады. Сонымен, алдағы көрінген көкжиектер қандай? Ол бәсекеге қабілетті экономика, пайда әкелетін инвестиция, яғни шашу емес, жинауға негізделген экономикалық прагматизм. Ол – жаңа кадр саясаты. Енді бір әкімнің, бір министрдің соңынан сеңдей соғылысып көшіп жүретін кадрлар көшкіні тоқтатылады.– Ол – қалыпты бюджет саясаты, бөлінген бюджеттің оңтайлы жұмсалуын қадағалау;– Ол – үдемелі инновациялық индустрия;– Ол импорттауға лайық өнім және жаңа техно-логиялар паркі;– Ол ауыл кластерін жетілдіру және дамыту. Заман өзгерді, қоғам қалай өзгермек? Бұл Жолдауда ерекше орын алған маңызы зор талап: «Мемлекет өзінің рөлін өзгертуі тиіс», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл мәселеге аса байыппен, сараптап қарауға тура келді. Өйткені, біздің Ата Заңымызда Қазақстан зайырлы, әлеуметтік мемлекет екендігі тайға таңба басқандай етіп жазылған. Сол қалай дамымақ?! Байыптап, сараптап қарасақ, Қазақстанды жекешелендірудің екінші кезеңі тосып тұр екен. Мұның оңай тимесі белгілі. Мұны Нұрсұлтан Назарбаев жасырмайды. «Мемлекет пен нарық арасындағы жауапкершілікті қайта бөлісу» оңай емес. Мемлекеттік байлықта халықтың өз үлесі бар. «Халықтық ІРО» соның айғағы. Бұл болашақта «ҚазТрансОйл» сияқты барлық ұлттық компанияларға халықтың өзі ие болады деген сөз. Бірақ «үркіп, қорқып қалған халық» баяғы пиктердің кебін киеміз деп жалтақтай бергені жасырын емес. Халыққа мұның жай-жапсарын түсіндіретін сындарлы ақпарат қажет.«ҚазТранс­Ойлдың» акциялары 28 миллиард теңгеден асып жығылуы бұл сұраныстың болашақта жалпыхалықтық сипат алатынының белгісі деп білемін. 2050 бағдарламасы әлеуметтік саясаттың жаңа сипатын ашты.– Кедейшілікке жол бермеу;– Мемлекет болашақта әлеуметтік қолдауды тек бұған мұқтаж топтарға ғана көрсетеді;– Әлеуметтік және зейнетақылық қамтамасыз етілу жүйесі жетілдіріледі;– Ана мен бала қорғала береді; – Жұмыссыздарды оқыту мен қайта даярлау саясаты өрістейді;– Өңірлік даму барысында әлеуметтік теңгерімсіздік мәселелеріне жете назар аударылады.– Көші-қон мәселелері кешенді түрде шешіледі;– Еңбек төлемі саясаты жаңғыртылады;– Ұлт болашағы –ұлт денсаулығы екендігін түйсіну және осыған орай «медицинаның сапасының бірыңғай стандарттарын» қалыптастыру жүзеге асырылады; –«Жаһандық технологиялық төңкерістің» айналы мына қатысу көзделген;Мемлекеттік жастар саясаты жетілдіріледі;Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және Қазақстандық демократияны дамыту;–Жер-гілікті өзін-өзі басқаруды толыққанды жүзеге асыру; Қазақстандық патриотизм – көпұлтты және көп конфессиялы қоғамды одан әрі қамтамасыз ету;Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру;Қазақтың бірлігі – елдіктің кілті екенін санаға құю;Ұлттық интеллигенцияның рөлін күшейту;– Мәңгілік ел болу.Ұлы бабаларымыздан қалған Орхон-Енисей жазбаларында, Күлтегін қалдырған мынадай асыл аманат бар:«Бегі халқын, халқы бегін сыйлайтын ел мәңгі жасайды».Мәңгілік ел идеясы ұлтты біріктіруші идеология! Н.Назарбаев мәңгілік елдің уығын қадап, шаңырағын көтерді. Ендігі сөз ұлттың өзінде, интеллигенцияның сөзінде!

//Егемен Қазақстан.-2013.-16 қаңтар.- 2б.

5

Серік ПІРӘЛИЕВ, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Жасампаздықтың жаңа межесі

Қазақстан Республикасы Президентінің биылғы Жолдауы елімізді одан әрі дамытудың алдағы бағыттарын айқындауға арналған. Еліміз жасампаз 21 жылда дәулетіне сәулеті сай, әлем таныған қуатты мемлекетке айналды. Қазір Қазақстан-өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымдары бар мығым мемлекет. Әлемдегі алмағайып дағдарыстар мен қиындықтарға қарамастан, экономиканы қарқынды дамытудың инновация мен индустрияландыру жолына түсті.

Әрине, тым құбылмалы тарихи жағдайда жаңа сын-қатерлерді лайықты еңсеру үшін жаңа саяси бағыт - «Қазақстан - 2050» стратегиясын қабылдау қажет болып отыр. Президент өз сөзінде елдің шешілуге тиісті міндеттерін сапалық тұрғыдан өзгергенін атап көрсетіп, кезекті дүниетанымдық серпіліс жасау керектігін ескертті. Қазір мемлекет кемелдікке келді. Демек, бүгінгі күн тәртібі елдің қалыптасу кезеңіндегіден өзгеше болуға тиіс. Себебі жаңа сын-қатерлерді лайықты қабылдау үшін ендігі жерде «Қазақстан - 2030» стратегия-сының аясы тарлық етеді. Ел дамуының жаңа межесі ретінде 2050 жылдың алынуы жайдан - жай емес. Бізге «15 жыл бұрынғыдай кезекті дүниетанымдық серпіліс жасауымыз керек» деп атап көрсетті Елбасы. Біріккен Ұлттар Ұйымында 2050 жылға дейінгі өркениеттер дамуының жаһандық болжамы әзірленген, ал Дүниежүзілік азық-түлік ұйымы 2050 жылға дейінгі болжамдық баяндаманы жариялаған. Елбасымыз болашақты алыстан болжайтын стратег ретінде мемлекетіміздің 2050 жылға дейінгі әлемдегі ең жоғары дамыған 30 мемлекет қатарына енуін ұлттық саяси даму стратегиясына негіз ете отырып, осы уақыт ішінде бағындырылуға тиісті жеті басымдықты белгілеп берді. Олар: жаңа бағыттың экономикалық саясаты, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері, білім және кәсіби біліктілік, мемлекеттілікті, қазақстандық демократияны дамыту, салиқалы сыртқы саясат, жаңа қазақстандық патриотизм.

Жолдауда Елбасы қол жеткен табыстарға тоқтала отырып, елдің дамуына, экономика мен әлеуметтік саланың жаңа талаптарына сай өркендеуіне ықпал ететін негізгі 10 бағытты айрықша атап көрсетті және осы стратегияның 10 бағытын іске асырудың нақты бағдарламаларын жасап, оны биылғы 1 шілдеге дейін бекітуге ұсынуды Үкіметке нықтап тапсырды. Бұл стратегиялық бағыттардың ең бастылары – халықты сапалы жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орын-дарын ашу; қолжетімді тұрғын үй салуды өрістету, әсіресе, жас отбасылар мен аз қамтылғандарды арзан тұрғын үймен қамтамасыз етудің жолдарын қарастыру, құрылыс индустриясын дамыту; өңірлерді дамыту, халықтың өсіп-өркендеуіне қолайлы жағдайлар туғызу; денсаулық сақтау саласында аурудың алдын алу шараларына баса көңіл бөліп, әрбір адамның дұрыс ем алуына жағдай жасау; зейнетақы төлеу жүйесін қайта қарап, оны жетілдірудің жаңа жолдарын қарастыру; өндірісті индустрияландыру мен дамытудың жаңа иннова-циялық бағдарламаларын жедел іске асыру; ауыл шаруашылығын барынша өркендету, оған мемлекет тарапынан қолдау көрсетудің барлық мүм-кіндіктерін тиімді қолдау.

6

Жолдауда, міне, осындай нақты межелер белгіленді. Осы бағдарламаларды іске асыру арқылы халықтың әл-ауқаты,тұрмысы одан әрі жақсарып, өмір сүру



деңгейі барынша көтерілетіні, қол жеткен жетістіктер баянды етілетіні атап көрсетілді. Ол үшін ең алдымен еліміздің тыныштығы, халқымыздың бірлігі қажет, дей келіп, Елбасы «Игілік басы - ынтымақ» деген даналық сөзді еске алып, бүкіл қазақстандықтарды қойылған міндеттерді іске асыру жолында жұдырықтай жұмылып еңбек етуге шақырды. ХХ1 ғасырдың бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болатынына сенім білдірген Елбасы Қазақстан халқын жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтары - ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерді бойға сіңіруге шақырды.

Елбасы белгілеп берген «Қазақстан - 2050» жаңа саяси стратегиясының даму бағыты қазақстандықтарды жаңа белестерді бағындыруға жетелейтін және ортақ мақсатқа топтастыратын тарихи құжат болып табылады.

Елбасының жыл сайынғы Жолдауларының өн бойынан әлеуметтік салаға үлкен мән берілетінін білеміз. Ал биылғы Жолдауда Президент ұсынған 10 бағыттың көпшілігі осы салаға арналып отыр деуге болады. Елбасының сапалы білім беруді жақсарту, ғылыми-инновациялық жұмыстардың өндіріспен байланысын жандандыра түсу, жастардың жайлы баспанаға қолжетімділігін арттыру және тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілуі, білім беру ісіндегі тәрбиенің рөлі жайында айтқандары бәріміздің көңілімізден шығады.

Білім жүйесін жаңғыртуда оқыту үдерісіне озық әдістеме мен технологияларды енгізу арқылы әлемдік білім кеңістігіне еркін енуге болатын-дығын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Ендеше, Елбасымыз айтқандай, халықаралық стандарттарға сай, Назарбаев Университеті мен интеллектуалды мектептердегі озық тәжірибелерді қазақстандық білім беру жүйесіне кеңінен таратып, барлық білім беру мекемелерін солардың деңгейіне жеткізу төңірегінде терең ойланғанымыз жөн.

«Іс тетігін кадрлар шешеді» деген қанатты сөз әлі де өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ. Жоғары оқу орындарында білім беру бар да, сондай-ақ өмірлік тәжірибемен ұштасқан сапалы маман бар. Міне, осы екі нәрсенің аражігін ажырату үшін біліктілік мәселесі бой көрсетеді. Биылғы Жолдауда университетті тәмамдаған түлектердің ертең жұмыс орнына орналасу үшін біліктілікті растайтын тәуелсіз жүйе құру қажеттілігі қойылды.

Бұл дегеніміз, әрбір жоғары оқу орны өзінің бітіруші түлегіне белгілі бір мамандық бойынша білім алғанын растайтын құжат береді де, ал оның келешек мамандығын меңгеру мүмкіндігін айқындайтын қоғамдық ұйымдар, ата-аналар комитеті, қамқоршылар кеңесі және жұмыс берушілер ұйымының өкілдерінен құралған тәуелсіз комиссия бітірушінің мамандығына сәйкес немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдап, біліктілігін бекітетін болады. Бұл жүйе, әрине, әлемдік тәжірибеде кеңінен орын алған мәселе. Ал мұның қазақстандық білім жүйесіне енгізілуі - жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін, университеттің рейтингісін анықтауға мүмкіндік береді. Осыған сәйкес, болашақ талапкерлердің қандай жоғары оқу орнын таңдау керектігі, ол қандай сапалы мамандар дайындай алады деген ақпараттарды алдын ала білуге, университет жайында толыққанды мағлұматты алуға болады. Сонда ғана университеттер арасындағы бәсекелестік шын мәнінде шынайылыққа,



7

ашықтыққа, жариялылыққа жол ашатын болады. Сайып келгенде, білім беру ісіндегі педагогикалық құрамның сапасын арттыру мәселесі өте көкейкесті екендігі Жолдауда анық көрсетілген. Ендеше, мектептер мен жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін көтеру, талаптарын күшейту қажет-тілігі күн тәртібіне қойылып отыр. Олай болса, еліміздегі педагог кадрлар дайындайтын жоғары оқу орындарының атқарар міндеттері бұрынғыдан да артып, олардың білікті кадр дайындау жауапкершілігі тереңдей түспек. Жалпы, жаңа тұрпатты педагог дайындауға жаңа көзқарас қалыптастыруымыз керек. Жолдаудағы аса бір айта кететін жайт, білім беру ісіндегі тәрбиенің орны. Білім беру ісі патриотизм, адамгершілік, ұлтаралық келісім, толеранттылық, рухани даму, заңға бағынушылық сияқты құндылықтармен астаса жүруі керек екендігі қоғам тарапынан қолдау тауып отырғанын айтуымыз керек. Айтылғандардың бәріне немқұрайлықпен қарамай, тәрбие ісінде ұсақ-түйек болмайтындығын барлығымыз жете түсініп, ата-ана, қоғам мүшесі ретінде көзқарасымызды айқын танытып, жастарымыздың бойына адами құндылықтарды сіңіре білсек, нұр үстіне нұр болар еді. Білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы талай-талай көкжиек-терге құлаш сермейтінімізді жете түсінген Президент бұл салаға барынша қамқорлық көрсетіп отыр. Болашақта білімді ұрпақ экономикамыз бен мәдениетімізді, ішкі және сыртқы саясатымызды дамыған мемлекеттер қатарында танытады деп сенеді. Адам әлеуетін арттырудың келесі бір маңызды бағыты - қазақстандық ғылыми-инновациялық жүйені нығайту керектігін, отандық ғалымдарды қолдау қажеттілігі қадап айтылған биылғы Жолдауда келешегі зор ғылыми-зерттеулерге инновациялық гранттарды бөле отырып, қаржыландыру мәселесін шешуді Үкіметке тапсырған.Елбасына оқымыстылар ерекше ризашылығын білдіруде. Жолдаудағы жаңа технологиялар жасауға мүмкіндік туғызатын инновациялық-индустриялық кластер Назарбаев Уни-верситеті жанынан қалану керектігі және Астанада жоғары технологиялық кәсіпорындар құру қажеттілігі туралы айтылған міндеттер межесінен шығу үшін отандық ғалымдар дайын екендігін баса айтқымыз келеді. Отанымыздың күні ертең тұтқасын ұстап, алдыңғы толқынның игілікті ісін ілгері апаратын талантты жастарды тауып, оларды балапандай баулып, қатарға қосу біздер үшін үлкен парыз. Елбасы өз Жолдауында «Қазақстанда адами капиталдың сапасын өсіру. Бұл ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтау» дей келіп, жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге әлеуметтік бейімделу үдерісінде де пайдала-на білу керектігін атап өтті. Ең бастысы, патриотизм,мораль мен парасаттылық нормалары туралы айтылған сөздер барлық ұстаздар қауымына жүктелген міндет екені анық. Елбасы өзге мәселелермен қатар, мемлекеттік тіл-қазақ тілін дамыту жөнінде де тоқталды. «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген өзінің ұстанымын тағы да алдымызға қойды. Сондықтан да біз Елбасының осы айтқандарын жадымызда ұстауымыз керек. Мемлекеттік тілге байланысты Елбасының, егер қазақстандықтардың барлығы қазақша сөйлегенде біз Қазақ мемлекеті боламыз деп жариялаймыз деп атап өткені, шынында да көпшіліктің көңілінен шықты. Бұл бізге қойылып отырған үлкен рухани міндет. Енді біздер осыны ойдағыдай жүзеге асыруымыз керек. Бейбітшілікті, ынтымақ пен бірлікті, ұлттық, мемлекеттік саясатты өрістетіп, халықтың көкейіндегісін тауып, елді мұратына жеткізу үшін тың міндеттер белгілеген Елбасы бұл жолы да көрегендік танытты. Еліміздің ғасыр ортасына дейінгі жолын айқындап берген Елбасы арнауы ұлт мүддесін, халық мұратын көздеген, мемлекет ертеңін жоспарлаған даналығын көрсетті. Бүгінде «Қазақстан - 2050» стратегиясы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті профессор оқытушылары, студенттері арасында жан-жақты

талқыланып, олардың жігеріне жігер қосуа. Мақсат айқын. Енді бәріміз осы бағытта құлшына еңбек етуге тиіспіз.

//Айқын.-2013.-16 қаңтар.-4б.

8


Каталог: ntb -> doc
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы
doc -> Исаак ньютон
doc -> -
doc -> ҚОРҚыт ата атындағы
doc -> Қалыптасқан қазақстан 2050 стратегиясы
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы
doc -> «ҚАЗақстан-2050» стратегиясы стратегия «Казахстан-2050»
doc -> Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы нұрлан темірбеков, Д. Серікбаев атындағы ШҚмту ректоры, профессор. Айқын да жарқын бағдарлама
doc -> «ҚАЗақстан-2050» стратегиясы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет