Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы



бет1/10
Дата14.06.2016
өлшемі0.78 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Мазмұны:

Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы


1

А.МҰХАМЕДИҰЛЫ, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ректоры, өнертану докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері алтын адамнан – алтын ғасырға //Егемен Қазақстан.-2013.-30 сәуір.-2б.

3

2

ОДИН НАРОД – ОДНА СТРАНА – ОДНА СУДЬБА. Говорят участники XX сессии Ассамблеи народа Казахстана:К.БИСЕНОВ ректор КГУ им. Коркыт Ата, Г.ЩЕРБАКОВА, председатель этно-культурного центра «Славяне», Г.ГЕЙДАРОВА, председатель Турецкого этнокультурного центра//Страна и Мир.-2013.-29 апреля.-С.4; //Кызылординские Вести.-2013.-25 апреля.-С.2

7


Қазақстандағы жоғары білім


3

Б.ЖҰМағұлов ҚР Білім және ғылым министрі, Міндет зор, мүмкіндік мол//Класс Тайм.-2013.-17 сәуір.-2 б.

9

4

Наука – великая поэзия века//Класс Тайм.-2013.-17апреля.-С.2

11

5

Қ.ҚАБДІЛМӘЖИТ,Ғалымдарды үлкен жұмыстар күтіп тұр//Класс Тайм.-2013.-17 сәуір.-3 б.

14

6

А. БИМЕНДИЕВА, Ұстаздан шәкірт озар//Класс Тайм.-2013.-17 сәуір.-3 б.

16

7

Ш.ӘМІРОВ, Жолдау жүйелі іске бастайды//Егемен Қазақ-стан.-2013.-17 сәуір.-2б.

17

8

М. ТУРЕЖАНОВА, «Болашак» – устремленный в будущее //Казахстанская правда.-2013.-17 апреля.-С.1-2

18

9

Д. БІТІКОВА, «Болашақ» болашаққа бағдарланған

//Егемен Қазақстан.-2013.-17 сәуір.-2б.



20

10

Г.ОМАР, ЖИЫРМАҒА ТОЛҒАН «БОЛАШАҚ» //Түркістан.-2013.-18 сәуір.-10 б.

22

11

Д. МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ, Ғылыми жаңалық өндіріске ене бастады //Түркістан.-2013.-18сәуір.-10б.

23

12

Н. Ә.НАЗАРБАЕВ: Әлемнің 30 елі қатарына кіреміз десек, осылай оқып, білім алуымыз керек// Айқын.-2013.-19 сәуір.-1б.

27

13

Е.ДОСЫМБАЙ, БІЛІМДІГЕ ҚОНҒАН БАҚ.//Дала мен Қала.-2013.-20 сәуір.-3 б.

32

14

Г.ТАЙҚҰЛАҚОВА,экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, «Болашақ» бағдарламасының стипендианты Білім байлығы – ел болашағы, //Айқын.-2013.-20 сәуір.-6 б.

33

15

Университеттер – көп, қайтарымыаз//Егемен Қазақстан.-2013.-20 сәуір.-4 б.

35

16

Б. ОРЫНТАЕВА, Білім орындары бірікті //Егемен Қазақстан.-2013.-20 сәуір.-5 б.

37

17

Б.Т. ЖҰМАҒҰЛОВ,ҚР Білім және ғылым министрі, «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңес Бюросының мүшесі, «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ – ЖЕТІСТІК ПЕН МҮМКІНДІК СИМВОЛЫ. //Дала мен Қала.-2013.-22 сәуір.-3 б.

38




18

Е.ДОСЫМБАЙ., ҰЛТ ДАМУЫ БІЛІМГЕ БАЙЛАНЫСТЫ. //Дала мен Қала.-2013.-22 сәуір.-2 б

40

19

Қ.ҚАБДІЛМӘЖИТ, Б.ЖҰМАҒҰЛОВ: «БОЛАШАҚТЫҢ» ШАРАПАТЫ ЕЛГЕ ТИІП ТҰР //КлассТайм.-2013.-24 сәуір.-2 б.

42

20

М.БЕКТЕМЕСОВ, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор.

Транзитология – толымды тақырып //Егемен Қазақстан.-2013.-26 сәуір.-7 б.

44

21

«Түркістан-ақпарат»: ҒЫЛЫМИ-ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ. //Түркістан.-2013.-25.-сәуір.-8 б.

46

22

Бауыржан ЕЛЕУСІНОВ,  «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы, Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институтының директоры

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУ «ӨМІР БОЙЫ БІЛІМ АЛУ»

ҚАҒИДАСЫНА ЖОЛ АШАДЫ//Айқын.-2013.-25 сәуір.-28 б.

47

23

С. ІЗМҰХАМБЕТОВА, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» директоры, п. ғ.к..Төр – мұғалімдікі //Егемен қазақстан.-2013.

49

24

К.Бозымов, ректор Западно-Казахстанского аграрно-технического университета им. Жангир-хана, д. с/хк наук Оптимизация во благо//Казахстанская правда.-2013.-27 апреля.-С. 9

51

25

А. АБИШЕВ,ректор UIB, доктор экономических наук, профессор, UIB – стабильность, качество, престиж//Казахстанская правда.-2013.-27 апреля.-С. 9

53

26

Қ.АХМЕТОВ ДУАЛЬДЫ БІЛІМ ТИІМДІ//Айқын.-2013.-30 сәуір.-

55

27

А.НҰРЫМОВ эғд, профессор ЕНДІГІ КЕЗЕК-ҒАЛЫМДАРДА.. //Айқын.-2013.-30 сәуір.-

56

28

Е.АЙМАГАМБЕТОВ, ректор Карагандинского экономического универ-ситета Казпотребсоюза, доктор экономических наук, профессор. Диалог разных и равных//Казахстанская правда.-2013.-30 апреля.-С.8

58


Қызылорда облысының ғылымы, білімі

және мәдениеті

Жоғары білім:




ҚМУ – баспасөз орталығы хабарлайды:




29

Жас әнші Марат Сүгірбай «Қәнеки, тілім, сөйлеші!» атты республикалық байқаудың жеңімпазы атанды

61

30

Дидар» халықтық фольклорлы-этнографиялық ансам-блі «Жұбанов көктемі - 2013» фестивалінің Гран-приін иеленді

61

31

Студенттік ғылыми конференцияның пленарлық мәжілісі

62

32

Физиканың ғажайып әлемі

63

33

Университетпринял активное участие в международной он-лайн конференции

63

34

«ядролық сынақтарға тыйм салудан – ядролық қарусыз әлем» атты флешмоб

64

35

библиотерапиялық сауалнама

64

36

Говорят участники XX сессии Ассамблеи народа Казахстана: Мир и покой в НАШЕМ ОБЩЕМ ДОМЕ - НЕТ НИЧЕГО ДОРОЖЕ //Кызылординские Вести.-2013.-25 апреля.-С.2

65

37

«Жас ҒАЛЫМ-2013» ғылыми жобалар байқауы //Халық.-2013.-25сәуір.-10 б.

66



Қорқыт Ата атындағы ҚМУ қызметкерлері баспасөз беттерінде



















38

А.Кемелбаева, жазушы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. Тілдік символдар – білгенге жыр//Қазақ әдебиеті.-2013.-19 сәуір.-1,6б

67

39

С.НҰРМҰРАТОВ, философияғылымдарының докторы, профессор. Ғалымның хаты//Қазақ әдебиеті.-2013.-19 сәуір.-1,6б.

72

40

Ж. СЫДЫҚОВА, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың аға оқытушысы

ЖҰМБАҒЫ КӨП ЖАНКЕНТ//Сыр бойы.-2013.-20 сәуір.-9 б.

76

41

Г.КИЗАТОВА, кандидат филологических наук, профессор КГУ имени Коркыт Ата, ПАТРИАРХ ВЫСШЕЙ ШКОЛЫ //Кызылординские вести.-2013.-20 апреля.-С.6

79

42

Ы. ТӘЖІҰЛЫ, ҚАЙСАР ҚАЛАМ. //Сыр бойы.-2013.-20 сәуір.-10б.

81

43

Р.ДОСПАЕВА Қорқыт Ата атындағы ҚМУ кітапханасының бөлім мең-герушісі.ІЗДЕГЕН ЖЕТЕР МҰРАТҚА//Сыр бойы.-2013.-25сәуір.-4б.

84

44

О.БЕРМАХАНОВ Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ң кафедра меңгерушісі. ЖАҚСЫДАН ТИЕР ШАРАПАТ// Сыр бойы.-2013.-27сәуір.-4б.

85


Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы
Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ректоры, өнертану докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

алтын адамнан – алтын ғасырға
Қазақ мемлекеттілігі тарихының тереңдігін айшықтайтын Алтын адам феномені әлемдік деңгейдегі сирек құбылыс. Мен мыңжылдықтар құпиясын тұла бойына құндақтаған осы Алтын сарбаздың дүниенің түкпір-түкпіріне жасаған салтанатты шеруінің куәгері болып, қазақтың ұлттық мәдениетінің жаһанға танылуына тікелей үлесімді қосқанымды ерекше мақтан тұтамын. Басынан бастасақ, 2002 жылдың мамыр айында Эрмитажда «Алтын адам. Сақ қорғандарының қазынасы» атты көрме ұйымдастырылды. Кейінірек Кремльдің Қару-жарақ палатасында өткізілді. Содан соң 2005 жылы біз Вашингтонда және Нью-Йорк, Хьюстон, Сан-Диего сияқты ірі қалалардың мұражайларында өткізген Алтын адам көрмесінде зор табысқа жеттік.

Ресейлік және америкалық өнер зерттеушілері мен жалпы көрермендер сақ сарбазының таза алтыннан жасалған ғажайып киіміне ғаламат таңданыс білдірді. Көрмеге келушілерді атақты сақ «аң» стилінде асқан зергерлік шеберлікпен жасалған жануарлардың бейнелері, ою-өрнектердің нәзіктігі таңғалдырды. Мұражайларда сақ мәдениетін жетік білгісі келгендер ұзын-сонар кезекке тұрып, олар сақ шеберлерінің зергерлік жұмыстарына сағаттар бойына қолдарындағы лупаларымен мұқият қарағаны әлі есімде.

«Біздің заманымызға дейінгі бесінші ғасырда көшпенділер осындай ғажап дүниелер тудырды ма?» деп шетелдік мамандар таңқалысқан еді. Яғни біздің ата-бабаларымыз тіршілік ету қамымен өмір сүріп қана қоймай, жұлдызды көкке назарын тіккен сұңғылалығымен ерекшеленді.

Негізі, жоғарыда айтылған көрме бастапқыда 20 күнге жоспарланған еді. Алайда, Эрмитаж директоры Михаил Пиотровскийдің жеке өтініші бойынша көрме мерзімі екі айға созылды. Оған көрермен қауымның таңғажайып сақ мәдениетіне, соның ішінде Алтын адам тұлғасына деген шынайы қызығушылығы себеп болды.

Есік қаласы маңындағы сақ қорғанынан Кемел Ақышев бастаған археологтар тобымен табылған Алтын адам бүгінде Тәуелсіз Қазақстанның символдарының біріне айналды.

Тарихи сәйкестікке назар аударсақ, 18 жастағы Алтын сарбаз аталған қорғанда жерленіп және оның ішінде екі жарым мың жыл бойы (б.з.д. V – ІV ғасырлардан бастап) жатып, өзінің алтын ғасырын, оны барша адамзат тамсанар шұғылалы шағын күткендей көрінеді.

Расында да «Мәдени мұра» тек Қазақстан мен бүкіл түркі әлемінің түп-тамырын ғылыми жүйелеп қана қоймай, ол, әлемдік өркениет қазынасын толықтыруымен де ерекшеленді. Бір ғана мысал. 2009 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Монғолияға Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының алғашқы PhD докторанттарының тобы ғылыми-зерттеулік экспедицияға барған сапарында ұлттық тарихқа қатысты қаншама құнды дүниелерге тап болған еді. Ал осындай мақсатпен өзге де елдердің мұрағаттарынан жеткізілген құжаттар ел тарихының көкжиегін қаншалықты кеңейткенін бағамдай беріңіз. Бұл игілікті іс одан әрі жалғасын тауып, алдағы уақытта қазақ халқының этногенезін тереңдетуге байла­нысты ауқымды шаруаны қолға алу жоспарланып отырғаны бәрімізді қуантты.

Әлемдік деңгейдегі үздік-создық қайталанып тұратын экономикалық дағдарыстарға қарамастан, мәдениет пен өнер, білім және денсаулық сақтауға байланысты жобаларды қаржыландыру елімізде еш тоқтатылмайтынын ерекше атап өту қажет. Тәуелсіз еліміз азаттықтың алғашқы күнінен бастап халықаралық үрдістердің белсенді мүшесіне айналды. Елбасы Нұрсұлтан

3

Назарбаев жаһандану дәуірінде әлемдік қауымдастықпен тығыз байланыс орнатпайынша, елдің ертеңін жарқын ету мүмкін еместігін көрегенділікпен тап баса білді.



Әлемдік деңгейдегі саясаткер ретінде Елбасы республикамыздың халықаралық беделінің артуына, гүлденуіне және дүние жүзінде қауіпсіздік пен келісім орнатуға өлшеусіз еңбек сіңіріп келеді. Соңғы 20 жылдан астам уақытта осындай жаһандық деңгейдегі өміршең ұсыныстар жасаған басқа ірі саясаткердің атын атау қиын. Тіпті қарапайым тізімнің өзі таңдандырады: әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан бас тартып, атом қаруын таратпауға белсенді түрде қатысу туралы келіссөзге қол қойды. Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық тұрғыда танылған Еуразиялық идеясы мен ТМД, Кеден одағы, ЕурАзЭҚ сияқты Қазақстанның интеграциялық күш-жігері мен бастамалары бейбітшілік пен ынтымақтастықтың әлеуетін елеулі түрде нығайтуға қосылған қомақты үлес болды.

Елімізді мекендеген түрлі этнос өкілдерінің өзара ынтымағына жол аша отырып, Қазақстанда ұлтаралық кикілжіңдер мен қақтығыстарды болдырмауға қол жеткізіп қана қоймай, қоғамның алуан этностық және поликонфессиялық сипатын өзінің мәдени баюы мен ілгерілеуінің оң факторына айналдыра алды.

Әртүрлі алауыздық жер бетіндегі соғыстың басты себебіне айналғалы тұрған тұста, Мемлекет басшысы Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін шақыруды ұсынды. Содан бері аталмыш съездер адамзаттың рухани өмірінен елеулі орын алып келеді. Әлемнің барлық конфессиясының жетекшілері Қазақстанды толеранттылық эталоны ретінде таныды. Сыртқы саясатта Нұрсұлтан Назарбаевтың дара саясаткерлігі 2010 жылы Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық етуі мен он бір жылдық үзілістен кейін Астанада ЕҚҰЫ Саммитін жетістікпен өткізуі еді.

Мен бірнеше рет әртүрлі елдердің мемлекет басшылары қатысқан күрделі келіссөздердің куәсі болып жүрмін. Қазір басқа елдердің мемлекет басшылары біздің Президентімізді құшақ жая қарсы алады. Бұл Елбасының аз уақыт ішінде әлемдік қауымдастықты өзінің ерен еңбегімен мойындатқанының айқын дәлелі. Қазақстан Нұрсұлтан Әбішұлының дүние жүзін түгел қанаттандырып отырған әлемдік үйлесімділік идеялары арқылы интегратор мемлекетке айналды. Орталық Азияда көшбасшы атанды, Еуропамен үзеңгі қағыстыра бастады. Бұл республика Президентінің жаһанда, ондағы алдыңғы қатарлы елдерде игі нәтижесін беріп отырған, дамушы мемлекеттер үшін аса қажет ұлттық сәйкестік үрдісін сәтті бастап кеткендігінің көрсеткіші.

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің отандастарын өзін-өзі сыйлауға, ал бүкіл әлемнің Қазақстанды құрметтеуге үйретті деп айтуға болады.

Қазақстан өзінің геосаяси орналасуы жағынан Еуропа мен Азияны, Шығыс пен Батысты, еуропалықтар мен ислам өркениетін өзара байланыстырушы дәнекер, алтын көпір іспетті. Бұл Жаратқанның жазуымен біздің мемлекетімізге жүктелген басты миссия болуы да мүмкін. Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету арқылы Шығыс пен Батысты жақындастырып, өркениет диалогын жасады. Жалпы, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына кірген мемлекеттер исламға қатысты келісілген саясат жүргізуі аса маңызды деп білемін.

Нұрсұлтан Назарбаев «Ғасырлар тоғысы» деп аталатын кітабында: «Қазақстан жерінде және онымен шектесіп жатқан аймақтарда әртүрлі мәдениеттер пайда болып, көптеген әлем халықтарының дамуына ықпал етті. Біздің бабаларымыз екі мыңға жуық уақыт бойы Қиыр Шығыс пен Батыс Еуропа, Сібір мен Үндістанға дейін маңызды рөл атқарды», деп жазды.

Қазіргі ұрпақтар даңқты бабаларымыздың жарқын істеріне лайық болуы керек.

Еліміздегі барлық тарихи өзгерістердің басында тұрған Елбасының әр сала бойынша нақтылап берген бағыт-бағдарын лайықты іске асыру баршамызға міндет. Бұл орайда мен іргелі Қазақ елінің азаматы әрі шынайы патриоты ретінде өзімнің салам бойынша тәуелсіздіктің қалыптасуы мен нығаюына үлесімді қосып келе жатқаныма қуанамын.

Өткенге көз салсақ, Елбасы 1992 жылы «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясын» қабылдады. Онда, саяси тұрғыдан: бірінші – формальді құқықтық тәуелсіздіктен нақты тәуелсіздікке ауысу; екінші – мемлекеттілікті нығайту; үшінші – жүйелі және көлемді экономикалық реформалар; төртінші – сыртқы экономикалық әріптестерді таңдаудағы прагматизм және тұтастай прагматикалық сыртқы саясат. Идеологиялық бағытта: ұлтаралық келісім; ішкі ұлттық бірлік, қазақстандық қоғамды жаңғырту мұрат етілді. Нұрсұлтан Әбішұлы сол күрделі жылдардың өзінде әлемдік нарыққа батыл ену туралы міндет жүктеді: «Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те, өйткені, олар біздің жаһандық экономикаға кіруімізге жәрдемдеседі әрі сол арқылы біздің қолайлы эконо­микалық-географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарымызға сүйенеді», – деп көрегендікпен түйіндеген еді.

Тәуелсіздік жылдары қазақ экономикасы қарыштап дамыды. Өйткені, бұрын-соңды саяси-экономикалық, жалпы қоғамдық құрылымы, өмір сүру бағыты өзгеше болып келген мемлекеттің тұтастығын, бірлігін сақтай отырып, қоғамдық салалардың барлығында дамудың жаңа пішіндерін, заманауи-техникалық үлгілерін қалыптасыру Елбасының жаңа бағдарламалары мен жобалары арқылы өркендеді. Мәселен, индустриялық-инновациялық, «Жұмыспен қамту-2020», «Бизнестің жол картасы-2020», т.б. көптеген бағдарламаларды атауға болады. Тәуелсіздік жылдары ғасырға бергісіз, әр айы жылға татитын, жарқын да шешуші кезеңдерге толы тұтас дәуірді құрап келеді. Халықты бір тудың астына жинап, біртұтас ел қылуды міндет еткен сонау Түркі қағанаты дәуіріндегі Естеми, Бумын қаған, Күлтегін бабалардан бастап, жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен Абылай хан, Бөгенбай, Қабанбай сынды батырлардың, ұлт-азаттық күрестің ту ұс­таушылары Сырым Датұлы, Исатай-Махамбет, Кенесары, арманда кеткен арыстарымыз Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Шоқай, Т.Рысқұлов және басқа да арыстарымыздың асыл армандары орындалды. Әлем алдында «Қазақстан» деген атпен дербес мемлекет пайда болды. Осы мемлекетті кемел келешекке, жарқын көкжиекке жетелеген Елбасы мен Тәуелсіздік егіз ұғымға айналды. Елбасы бас-аяғы 22 жылда Қазақстанды өсуші транзиттік елден қалыптасқан мемлекетке айналдырып, алға әлемдегі ең озық отыз елдің қатарына кіргізу жөнінде өршіл міндет қойды. Алтын адамға қайта оралғанда, оның композициясындағы қанатты барыс үстіндегі «Алтын адам» мемлекеттің ұлттық символына айналды. Ал, тұтасымен алғанда, біздің республикамызды өзінің алтын ғасырына жеткізген еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасының көреген саясатының символы. Астана – Елбасының төл перзенті. Қаланың нағыз архитекторы Мемлекет басшысы екеніне ешкім шүбә келтіре алмайды. Елбасының бірегей идеясы арқылы Астана Батыс пен Шығыс мәдениеті мен дәстүрін бойына сіңірді. Елорданың ерекше ғимараттары Президенттің қолымен салған суреттері мен сызбалары арқылы өмірге келді. Әлемнің әйгілі сәулеткерлері Кисе Курокава, сэр Норман Фостер, Кензо Танге және тағы басқалары Елбасының ұсыныстарын жүзеге асырды.

Астана қаласын ұлттық ерекшеліктерге сай көркейтуде де Елбасы көптеген заманауи жаңа жобалар ұсынды. Қазақ тарихынан сыр шертетін Күлтегін ескерткіші, философиялық мазмұнға бай әрі тәуелсіз жас мемлекеттің символына айналған Бәйтерек мұнарасы, «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы, қазақтың тереңде жатқан тарихын суреттеген «Қазақ елі» тарихи-мемориалды монументі, ерекше «Астана-опера» опера және балет театры, келешекте ашылуы жоспарланып отырған Ұлттық музейі және басқа да мәдени кешендер Астана қаласының көркі болуымен қатар, ұлттың мәдениетінен, руханиятынан сыр шертеді.

Елдің мақтанышына айналған және «визит карточкасы» болып саналатын бірегей архитектуралық композициялар: «Бәйтерек», Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, «Хан Шатыр» Астана қаласының сәніне әдемі үн қосып тұр. Ұшар басында қасиетті Самұрық құс бейнеленген «Қазақ елі» мемориалды кешені, оның «Тұңғыш Президент және Қазақстан халқы», «Ерлік», «Ынтымақ» және «Болашақ» атты қоладан жасалған төрт барельефі қазақстандықтардың алдағы даму жолының жарқын үлгісін көрсетеді.

Жаңа астана арқылы Нұрсұлтан Әбішұлы қазақ ұлтының бүкіл рухани әлемін жаңартты. Халық тарихи биігіне көтерілді. Ұлттық серпіліспен бірге, ұлттық сана оянды. «Жаңа астанамен – жаңа ғасырға!», сол сияқты «Астананың өркендеуі – Қазақстанның өркендеуі» деп қуаттанған ел Астананың гүлденуіне сүбелі үлестерін қосып келеді.

Астана әлем төріне айналды. Төрткүл дүние осы жерде, Елбасының айналасында бас қосты. Мемлекет басшысының тікелей жетекшілігімен Астана елеулі халықаралық форумдар өтетін киелі орынға айналды. Олардың арасында Астана Декларациясы қабылданған ЕҚЫҰ-ның тарихи Саммиті бар. Сол тәрізді Бүкіләлем­дік Ислам экономикалық форумын, аса беделді халықаралық құрылымдардың бірі болып табылатын Шанхай ынтымақтастық ұйымының мерейтойлық саммитін қабылдады. Жас астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері өтіп келеді.

Елорда тек кемелденген саясатымен, дамыған экономикасымен ғана емес, сонымен бірге, мәдени-рухани және сауатты да саламатты өмір салтын ұстанған қала ретінде танымал. 2011 жылы «Азияда – 2011» әлемдік олимпиаданың өтуі қазақ халқы мен оның астанасын тағы бір рет әлемге паш етті. Елорда мен Елбасы бүкіл әлемге, Батыс пен Шығысқа егіз ұғымдай әсер етеді. Бұған себеп өз елінің тарихын ту ете отырып, жаңа заман ағымын көрегендікпен қалыптастырған Нұрсұлтан Назарбаевтың алтын ғасырды орнатқан сындарлы саясаты дейміз.

Қазақстан халқының жарқын болашағын білім мен ғылымға ерекше мән берген Н.Ә.Назарбаевтың мұндағы мақсаты – экономика, техника мен технология, өндіріс пен бизнес салаларында өркениетті елдер тәжірибесіне сүйене отырып, мемлекетіміздің қоғамдық құрылымын арттыру және дамыту болып табылады. Ағылшынның әйгілі премьер-министрі Уинстон Черчилль: «Болашақтың империясы – интеллектілік империясы», деген болатын. Біздің Елбасымыз да интеллектілік бәсекеге қабілеттілік жаңа ғасырдың әлемдік ұстанымына айналғанын үнемі айтып келеді. Сонымен қоса Нұрсұлтан Назарбаев озық ойлардың интеграторы да бола білді. Ұлы ғұлама Аристотель атап көрсеткендей интегратордың басты мұраты мемлекетті әйтеуір ұстап тұру емес, оны бақытты өмірдің қайнарына айналдыру. Осы тұрғыдан қарасақ, Елбасының интегратор ретіндегі қабілеті мен қарымын, бір мемлекеттің аясына сыймайтын, әлемдік кеңістіктегі даралыққа балай аламыз.

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында «Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана «Мәңгілік ел» боламыз», деп атап көрсетті. Сөз басындағы біздің даңқты бабаларымыздың символы Алтын адам азаттыққа ұмтылса, сол Алтын адамның бүгінгі мұрагері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – ақылымен, парасатымен, лидерлік қасиетімен ғасыр көшін бастаған біргей тұлғаға айналды. Ал, Қазақстанның алтын ғасырының куәгері болған бақытты ұрпақ ретінде біз ерен істерді еңсеруден ешқашан тайсалмақ емеспіз. Ендеше, Елбасы жалғаған ұлы сабақтастық Қазақ мемлекетін «Мәңгілік елге» айналдыратыны сөзсіз.


//Егемен Қазақстан.-2013.-30 сәуір.-2 б.

Каталог: ntb -> doc
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы
doc -> Исаак ньютон
doc -> -
doc -> ҚОРҚыт ата атындағы
doc -> Қалыптасқан қазақстан 2050 стратегиясы
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы
doc -> «ҚАЗақстан-2050» стратегиясы стратегия «Казахстан-2050»
doc -> Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы нұрлан темірбеков, Д. Серікбаев атындағы ШҚмту ректоры, профессор. Айқын да жарқын бағдарлама
doc -> «ҚАЗақстан-2050» стратегиясы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет