Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы



бет10/10
Дата14.06.2016
өлшемі0.78 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

КІТАП ЖӘНЕ ОҚЫРМАН
Ақпараттық технологияның қарқынды дамыған кезеңінде кітап өз маңыздылығын жоғалт­пақ емес. Кітап қай елде, қай жерде болмасын құнды дүние саналатындығы сол себепті. Ол білім мен рухани байлықтың қайнар көзі. Кітапта тарихтың, мәдениеттің, салт-дәстүрдің, дін мен тілдің бәрі де бар. Осы орайда алғаш рет, Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күніне орай “Кітапханадағы түн” атты кең көлемде іс-шара болып өтті.

Бір аптаға жалғасқан шарада түрлі бағдарламалар ұсынылып, жоғары деңгейде атап өтілді. Алғашында “Кітапхана ғасырларды жалғайды” ашық есік күні өтіп, онда оқырман­дарға “Кітап руханият қайнары” тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар “Кітапхана ресурстары және ақпараттық-библиографиялық қызмет” атты облыстық дең­гейдегі кітапханашылар семинары өткізілді.

Қазіргі таңда кітап оқитын оқырмандар қатары сиреп барады. Бұл шындық. Мұның сал­дары қиын болуы мүмкін. Ғаламтор оқырмандарды шаршатпайтын, дайын өнімді аса жылдамдықпен жеткізе алатын тиімді құралға айналды. Дегенмен, кітап ешқашан ескірмейді де, жоғалмақ та емес. Осы мақсатта жастардың кітапқа деген қызы­ғушылығын арттыру негізінде “Оқып болсаң, өзгеге ұсын” ұранымен оқырмандар жеке кітапханасынан қызықты әдебиеттерін алмасуға мүмкіндік алды. Ал, “Кітап, интернет және жастар” пікірталасы қызықты өтіп, жастар кітап пен интернет арасындағы айырмашылықтарды атап, өз ойларын ортаға салды.

Ең қызығы ымырт түсіп, кеш болған кезде “Кітапханадағы түн-2013” бағдарламасы бас­талды. Оған облыстағы белгілі ақын-жазушылар, түрлі сала қызметкерлері, жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері, оқырмандар, жастар ұйымдарының белсенді мүшелері қатысты. Жиынның мақсаты – қоғам мен кітапхана байланысын жаңа формада қалыптастыру, кітапхана ісін дамыту, оқырмандардың кітапқа деген сұранысын арттыру болып табылды.

Іс-шараның облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ержан Әбдірахманов ашып, жылы лебізін білдірді.

Көркем безендірілген кітапхананың әр бөлігінде түрлі бағдарламалары жүзеге асып жатты. “Жұлдызды сәт” деп аталатын флэш-мобта жастар тілектерін жазып, оны шарға салып ұшырды. “Ымырттағы оқулар” тақырыбында өткен әдеби оқулар Фариза Оңғар­сынованың шығармашылығына арналды. Ақынның ғашықтық жырларын жастар монолог түрінде орындап, сахналық қойылымдар көрсетілді. Одан әрі “Жүрегіңнің жылуын кітапқа бер” сұрақ-жауап кезеңінде жеңімпаз оқырман марапаттауға ие болды. Сонымен қатар шарада кітапханадан алған кітаптың қайтару мерзімі өтіп кеткендіктен оқырмандарға арнайы “Кешірім түні” акциясын ұсынды. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.

2013-04-27 14:16:32

Кітап – адамзаттың асыл қазынасы

18-Сәуір, 2013 Руханият 70 рет оқылды 1 пікір


Ақпараттық-технологиялық ғасырдың жоғары дамыған қарқынына қарамастан кітаптың адам өміріндегі алатын орны, мәртебесі жоғары болып қала беретіні сөзсіз. Алайда бүгінде кітапқа, оның келешектегі тағдырына байланысты алаңдаушылық та жоқ емес. Күллі технологиялар сандық, электрондық жүйеге ауысып жатқан кезеңде дәстүрлі кітап құралы сақтала ма, жоқ па деген мәселенің айтылып қалып жүргені аян. Осы ретте кітап өндірісінің бүгіндегі жай-күйі қалай, оның қандай мәселелері бар, баспагерлердің кітап саласындағы жобалары мен қолға алып жатқан келелі дүниелері қай бағытта өрбуде? Осы және өзге де көкейкесті мәселелерге таяуда Алматы қаласындағы «Атакент» Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығында болып өткен халықаралық «Ұлы Жібек жолымен» кітап және полиграфия көрмесінде жауап алғандай болдық.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы мен Қазақстан баспагерлері және кітаптаратушылар ассоциациясы «Атакент-Экспо» халықаралық көрме компаниясы бірлесіп өткізген маңызды шараға Қазақстан және шетелдердің баспалары қатысып, белсенді атсалысты. халықаралық «Ұлы Жібек жолымен» кітап және полиграфия көрмесі осымен жетінші рет өткізіліп отыр. Бүгінде бұл көрменің беделі жоғары. Көрменің өтуі барысында білікті баспагерлер басқосып, қазіргі өркениет заманындағы кітап және баспа өнімдерін шығару мәселелері турасында өздерінің ой-пікірлерімен алмасты.
Әріптестік байланыс жөніндегі шарттар жасалып, ол шарттың негізінде кітап индустриясы саласын дамытудың жаңа перспективалары айқындалды. Қалай дегенмен, «Ұлы Жібек жолымен» көрмесінің маңыздылығы тек баспагерлер үшін ғана емес, сонымен қатар қарапайым оқырмандар үшін де пайдалы болғаны сөзсіз. Бұл күні алыстан ат арытып келген меймандар, қала тұрғындары да көп жиналды. Талғамы биік оқырмандар өздерінің сүйікті баспаларының өкілдерімен емен-жарқын сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болды.
Аталмыш көрмеге жиыны 13 мемлекеттен 100-ге жуық баспалардың қатысқаны айтарлықтай көрсеткіш екені сөзсіз. Белгілі себептермен бұл көрмеге қатыса алмаған баспаларды қоспағанның өзінде мұндай көрсеткіштің өзі де біраз жайттан хабар берсе керек. Шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті төрасының орынбасары А.Нұрмаханов кіріспе сөзімен ашып, халықаралық «Ұлы Жібек жолымен» атты көрмесінің маңыздылығына тоқталды, кітаптың елші ретіндегі елдестіруші рөлі туралы келелі пікірін ортаға салды. Көрменің тұсаукесер рәсімін жасау құрметі белгілі қаламгерлер Мұрат Әуезов пен Мұхтар Шахановқа тапсырылды. Қазақстан баспагерлері және кітаптаратушылар қауымдастығының президенті, Қазақстан Республикасы мемлекеттік Кітап палатасының директоры Жанат Сейдуманов, Беларусь Республикасы Ақпарат министрінің бірінші орынбасары Л.Ананич, Украинаның Алматы қаласындағы бас консулы Л.Протасова, «Нұр-Отан» халықтық-демократиялық партиясы Алматы қаласы филиалының бірінші орынбасары Кенжехан Матыжанов, Тәжікстан баспа үйінің директоры М.Бадалов, Қырғызстан Ұлттық кітап палатасының директоры К.Мамынкулов, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Уәлихан Қалижан, Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапхананың бас директоры Әлібек Асқаров сынды тұлғалар көрменің салтанатты түрде ашылу рәсіміне қатысты.

Қонақтар мен делегация мүшелері кең сарайдай көрме залына жағалай орналасқан баспалардың өнімдерін тамашалады. Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Беларусь, Украина, Қытай және т.б. елдерден келген баспа өкілдері өздерінің алдыңғы қатарлы өнімдерін көрме сөрелеріне орналастырыпты. Көрмеге атсалысқан баспалардың ұсынған кітаптарының тақырыптық бағыттары да алуан түрлі болды. Мұнда көркем әдебиет, ғылым мен техника саласындағы кітаптар, сөздіктер, энциклопедиялық жинақтардың көптеген түрлері қойылған. Аталмыш көрмеге еліміздің беделді баспалары да қатысты. «Атамұра», «Фолиант», «Алматы кітап», «Көкжиек», «Өлке», «Мектеп» және т.б. баспалардың өнімдері мамандар тарапынан жоғары бағаға ие болды. Еліміздің баспа және полиграфия саласында 20 жыл бойы табысты қызмет етіп келе жатқан «Атамұра» баспасы бұл көрмеге өздерінің ең танымал, сондай-ақ жаңа өнімдерін әкеліпті. Олардың арасында «Атамұра» сериясымен шыққан белгілі қазақ ақын-жазушыларының шығармаларымен қатар, ғылыми-танымдық бағыттағы кітаптар да мол. «Атамұра» баспа корпорациясының президенті Рахымғали Құл-Мұхаммедтің айтуынша, «Атамұра» баспасы кітап шығару ісінде ең алдымен кітаптың мазмұнына, сапалы безендірілуіне үлкен көңіл бөледі екен. Баспаның соңғы кездегі шығарған кітаптарының қатарында «Қазақтың тазысы», «Гүлдер», «Қазақтың салт-дәстүрлері» және т.б. кітаптарды ерекше атап өтуге болады.

Қазақстан кітап саласында сапалы қызметімен көрініп жүрген баспалардың бірі – Астана қаласындағы «Фолиант» баспасы. 1996 жылы құрылған баспа бүгінде сан-салалы тақырыптарды арқау еткен кітаптарды шығаруда белсенді жұмыс істеп келеді. «Фолиант» баспасының бұл көрмеге әкелген кітаптары шетелдік және отандық баспалардың өнімдерімен бәсекелес бола алатындай дәрежеде екені аңғарылады. Мұны айтып отырған себебіміз, баспаның өнімдері сапа және мазмұн, безендірілу тұрғысынан алғанда талғамы биік оқырман қауымының сұранысына ие болары сөзсіз. Баспа бүгінде «Нартұлға», «Бабалар сөзі» сериясымен бірнеше кітаптарды шығарып, оның сыртында көптеген оқулықтар мен оқу құралдарын, көркем әдебиет, ғылыми-танымдық энциклопедияларды да шығару үстінде.

Қытай Халық Республикасынан атбасын тіреген қазақ ағайындардың да баспасы осы көрмеде лайықты орын алғанын атай кеткен орынды. Үрімжі қаласындағы «Баспалар тобы» корпорациясы директорының бірінші орынбасары Шәріпхан Әбдіәлидің айтуынша, Қытай жерінде қазақ кітаптарының шығу қарқыны жоғары. Баспа сонымен қатар аударма саласында да лайықты жұмысымен көрініп келеді екен. Мысалы, әйгілі түрік жазушысы, Нобель сыйлығының иегері Орхан Памуктің «Менің атым қызыл» романын аударып, баспадан шығарды. Енді 2012 жылғы Нобель сыйлығының иегері, қытай жазушысы Мо Яннің туындыларын аударуды қолға алыпты.

Үш күнге жалғасқан көрме аясында «Ұлттың интеллектуалдық деңгейін көтерудегі кітаптың рөлі» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференция, мемлекет тарапынан шыққан кітаптарды насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің стенді ұйымдастырылды. Әртүрлі аталымдар бойынша баспагерлерді, баспа ісімен айналысатын ұйымдарды марапаттау рәсімдері өткізілді. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бірлескен «Кітаптан туындаған ұлы кинолар» атты жоба аясындағы қазақ киносының қара шаңырағында өмірге келген туындылар насихатталып, отандық кино өкілдері, мектеп оқушылары және студенттермен кездесулер өткізілді. Қазақстан Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы, Қазақстан баспагерлері мен кітаптаратушылар ассоциациясы, Қазақстан Жазушылар одағы және «Жас өркен» ЖШС жариялаған жоғары сынып оқушылары арасындағы республикалық «Жауқазын» әдеби шығармалар бәйгесінің қорытындысына орай жеңімпаздарды марапаттау рәсімі болып өтті. «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Алматы қаласындағы 7 аудан мектептері мен жоғары оқу орындарында қырыққа жуық қазақтың белгілі ақын-жазушыларымен әдеби кездесулер өтті.

Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ// ана тілі.-2013.-18 -20сәуір.-1б.

Зулфухар ГАИПОВ, саяси ғылымдар докторы, Астана қаласы «Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК директоры

Білікті маман ғана бәсекеге қабілетті болады

– Зулфухар Сұлтанұлы, таяуда Білім және ғылым министрі Бақытжан Тұрсынұлы «Казахстанская правда» газетінде берген сұхбатында ҚР Білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының орындалуы мен жайы туралы айтқан болатын. Соның ішінде техникалық кәсіптік білім беру саласы қалай дамып келеді, бұл салада қандай жағымды өзгерістер болып жатыр?

– Иә, осыдан екі жыл бұрын бағдарлама қабылданған болатын. Бағдарламада білім саласының барлық деңгейі түгел қамтылған. Мен техникалық кәсіптік білім беру саласында қызмет еткендіктен осы жағына баса тоқталып өтейін.

Елбасы өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында техникалық кәсіптік білім беру саласына ерекше көңіл бөліп келеді. Өткен жылдың шілде айындағы Елбасының «Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында ел экономикасының негізін осы техникалық кәсіптік білім алушылар құрайтынын қадап айтқан еді. Бағдарламада техникалық кәсіптік білім беру саласына қатысты 15 индикатор анықталған. Олар осы уақытта өз дәрежесінде орындалды және орындалуда.Ең бастысы, жұмысберушілер мен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі арасында байланыс орнады. Кәсіптік білім беру саласы түлектерінің білім сапасы, жұмысқа орналасуы жақсарды. Өндірістен шеберлер көптеп тартылуда. Елімізде алғаш рет техникалық кадрларды даярлаудың ұлттық кеңесі құрылды.

Енді осы мәселені толығырақ тарқатып айтсақ: біріншіден, тек соңғы үш жылдың өзінде техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамытуда заңнамалық нормативтік-құқықтық базалары өзгерді. 2011 жылы «Білім туралы» заңға түбегейлі өзгерістер енгізілді. Соның ішінде әлемдік тәжірибені сараптай келе, техникалық және кәсіптік білім беру саласының материалдық-техникалық базасы жаңартылуда, оқу ғимараттары қайтадан жөнделуде, өндірісте оқытудың тәжірибелік сабақтарының уақыты көбейді. Оқу стандарттары икемді болуы бірнеше біліктілік беру, сонымен қатар дуальдық оқыту жүйесіне келешекте түбегейлі көшу жолдары қарас­тырылды. Нақтырақ айтатын болсақ, Халықаралық сарапшылардың қатысумен және ұсынысымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және ұлттық компаниялар өкілдерімен техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі білім мамандықтардың классификаторы жасалды. Халықаралық сарапшылардың тікелей қатысуымен 230 стандарт қайта қаралып шықты, 224 мамандық бойынша интеграциялық бағдарлама жасалды. Айта кету керек, осы аралықта материалдық-техникалық база 50%-ға дейін қайтадан жаңартылды. Сонымен қатар соңғы үш жылда 13000-нан астам мұғалім мен шебер біліктілігін арттырды, соның ішінде 420 ұстаз шетелде білімін жетілдіріп қайтты. Екіншіден, өндіріспен байланыс артып келеді. Оны біз «дуальдық жүйе» деп жүрміз. Дуальдық жүйе бойынша білім алушы өз уақыт бюджетінің 60%-ын өндірісте, ал қалған 40%-ын теориялық біліммен жалғастыру керек. Білім алушылардың біліктілігін бұрынғыдай Білім және ғылым министрлігі емес, керісінше өндіріс өкілдері, яғни жұмыс берушілер бағалағаны абзал. Мұндай жүйе дамыған Батыс елдерінде – Германия, Финляндия, Норвегия, Швейцария және «Шығыс айдаһарларының» бірегейі Оңтүстік Кореяда жақсы дамыған. Бізде екінші жыл қанатқақты бағдарлама бойынша Астана қаласында 8 оқу орны дуальдық жүйе бойынша жұмыс істеуде. Нәтижесі – қуантарлық. Үшіншіден, өндірістің 10 саласы бойынша соның ішінде темір жол саласына қатысты кәсіби стандарттар қазіргі таңда дайын болды. Мамандардың біліктілігін серти­фикациялау ісі де қолға алынды. Төртіншіден, елімізде бизнес қа­уымдастықтарымен және жұмыс берушілердің қатысуымен кәсіби тех­никалық кадрларды даярлаудың ұлттық кеңесі құрылды. Кеңестің мақсаты – ел экономикасына қажетті білікті мамандар даярлау.
– Сонда келешекте оқу орнын бітірген түлектерді жұмыс беруші өзі бағалайды деген сөз бе?

– Әрине, Елбасының біздің алдымызға қойған тапсырмасы да – осы. Мысалы, қазіргі таңда біздің оқу орнымыз «Қазақстан темір

жолы» Ұлттық компаниясымен үш жақты дуальдық жүйе туралы келісімді 2011 жылы қараша айында жасаған болатын. Келісімшарт негізінде колледжді бітіруші 47 студент «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының Астана қаласындағы Техникалық орталығында үш апта курстан өтіп, білімдерін дәлелдеу арқылы қолдарына куәліктерін алды. Енді осы 47 студент «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясына еркін жұмысқа орналаса алады. Яғни жұмыс беруші жас мамандарды өзі елек­тен өткізіп, таңдап алды. Бұл – жұмыс берушіге де және мамандар даяр­лаған біздер үшін де үлкен жетістік. Негізгі мақсат – бітіруші студенттерді жұмыспен қамтамасыз ету және болашақ мамандардың біліктілігін жетілдіру.

– Сіз жоғарыда айтқан мамандықтар бойынша стандарттар даярлауға жұмыс берушілер қаншалықты ынта танытуда?

– Біріншіден, ұзақ жылдар бойы елімізде қалыптасқан жоспарлы экономикалық саясаттың салдары барлығымызға белгілі, яғни кеңес заманында өндіріс пен оқу орны жеке-жеке дамыған болатын. Нәтижесінде, алдыңғы қатарлы инновациялық ғылыми жаңалықтар өндіріске енбейтін. Өкінішке қарай, сол менталитеттен әлі де арыла алмай келеміз. Біз басында сөз қылған дуальдық жүйенің артықшылығы да сол: біріншіден, кез келген инновация тікелей өндіріске ендіріледі. Екіншіден, білім алушы тікелей өндіріс орнында тәжірибеден өтеді. Әзірге бізде бұл үрдіс кең етек ала қойған жоқ. Әлі де болса жұмыс беруші ірі кәсіпорындарда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде ел экономикасына қажетті мамандарды анықтаудың әдістемелік негізі жоқ. Соның салдарынан кейбір мамандықтар сол аймақта болсын, республика деңгейінде болсын, қайталана береді. Еңбек нарығына, ел экономикасына қажетті мамандыққа деген тұтас мониторинг жасалмайды. Осының барлығы да жұмыс берушілердің мамандықтар стандарттарына әлі де болса немқұрайдылығын туғызып отыр. Білім беруде мемлекеттік және жекеменшік әріптестікті барынша нығайту керек. Үшіншіден, мемлекеттік тапсырыстың басым бөлігін келешекте жұмыс берушілерден түсетін тапсырыс құрау керек. Тек сонда ғана біз үлкен жетістіктерге жете аламыз. Менің ойымша, бұл жерде атқарылатын істер әлі де көп.

– Еліміздегі жоғары оқу орындарын оңтайландыру техникалық кәсіптік білім беру саласына да керек деп ойлайсыз ба?

– Бұл сұрақ алдындағы сұрақтың заңды жалғасы деп білемін. Әрине, қай оқу орны болса да, оның орнын нарық белгілейді. Қазіргі таңда Қазақстанда 888 кәсіптік-техникалық білім беретін оқу орны бар. Оның ішінде 499-ы– мемлекеттік, 399-ы – жекеменшік. Олардың сапасы да әртүрлі. Менің ойымша, бұлардың санының көбеюі – бұрынғы жоғары оқу орындарының жанынан ашылған колледждермен тікелей байланысты. Неге десеңіз, бұған дейін Қазақстанда 153 ЖОО болса, солардың қасында соншалықты колледж болды. Әрине, бұл сол жекеменшік ЖОО үшін белгілі бір табыс көзі болды. Неге? Өйткені колледжді бітірген студенттер кешенді тестілеуге қатыспай-ақ, тікелей сол ЖОО-ға автоматты түрде қабылданатын. Бұл, біріншіден, ел экономикасында, еңбек нарығында дисбаланс туғызды. Екіншіден, жоғарыдағы айтқан мамандықтарды бір қалада қатар тұрған екі колледж бірдей дайындады. Нәтижесінде, колледж бітірушілердің 70 пайыздан астамы тек әлеуметтік гуманитарлық бағытта дайындалған. Ал қалған 30 пайызы ғана медициналық және техникалық мамандықтарға тиесілі болды. Үшіншіден, жоғарыда айтылған ел экономикасына қажетті мамандарды алдын ала болжау әдістемесінің жоқтығы да өз әсерін тигізіп отыр. Төртіншіден, білім нарығы ол барометр іспеттес. Яғни қай оқу орнының сапалық деңгейі қандай екенін нарық өзі анықтайды.Бірақ тәжірибе көрсеткендей, мұнда да мемлекеттік реттеу керек. Қазіргі таңда бірінші рет Елбасының арнайы қаулысымен 2012 жылдың сәуір айынан бастап барлық облыс орталықтарында және Астана мен Алматы қалаларында бақылау департаменттері ашылып, қызмет етіп жатыр. Ендігі іс сол органның дұрыс жұмыс жасауында. Бұл үрдіс негізінен, дұрыс. Өйткені саны бар, сапасы жоқ оқу орындары мен мамандықтардан ел экономикасына келіп кететін пайда жоқ.
– Техникалық кәсіптік білім беру саласында білім беретін ұстаздардың сапалық деңгейі қандай?

– Баршамызға белгілі, білім саласында Бақытжан Жұмағұловтың бастамасымен үлкен өзгерістер болып жатыр. Соның ішінде, әсіресе, педагог-ұстаз мәртебесінің қазіргі таңда көтерілуі де тегін емес. Білім саласына үлкен қаражат бөлініп жатыр. Әсіресе, мұғалімдердің әлеуметтік жағдайына байланысты. Бәрімізге белгілі жыл сайын өткізілетін «Жыл ұстазы» байқауының жеңімпазы мың айлық көлемінде өзінің жалақысына қосымша стипендия алады. Стипендия сол ұстаздың білімін одан әрі жетілдіру үшін шетелге шығып, тәжірибе жинақтауы үшін және оқу құралын жазу үшін беріледі. Бұдан басқа, елімізде өткен жылы ұстаздардың білімін көтеретін республикалық Өрлеу институты құрылды. Сондай-ақ Назарбаев зияткерлік мектебінің қасынан арнайы біліктілігін көтеру курста-ры ашылған. Курстан жақсы өткен ұстаздардың айлығына өз айлық көлемінің 100 пайызы қосылады. Осының барлығы да техникалық оқу орындарда қызмет жасайтын оқытушыларға қолдау деп ойлаймын. Министр Бақытжан Тұрсынұлы үстіміздегі жылдың 2 сәуірінде «Казахстанская правда» газетінде берген сұхбатында өндірістен келіп, дәріс беретін шеберлер үшін Үкіметтен қосымша 1,6 миллиард теңге бөлінгендігі туралы айтты. Өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылар арасында «Үздік оқу орны», «Ең үздік маман» республикалық байқауы өткізіледі. Осының бәрі де техникалық кәсіптік білім саласындағы ұстаздар үшін үлкен мотивация. Бірақ ЖОО ұстаздар өзінің ғылыми дәрежесі үшін, ал мектептерде ұстаздар санат үшін қосымша үстеме алады. Осы үстеме техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ұстаздарға тиесілі емес. Осы жағын министрлік қарастырса екен. Бұл өз кезегінде осы салада қызмет ететін ұстаздар үшін үлкен мотивация болатыны даусыз.

– Техникалық және кәсіби білім беру(ТжКББ) саласы 2017 жылы Астана қаласында өтетін бүкіләлемдік ЕХРО көрмесіне қандай үлес қоса алады?

– Осы жерде тағы да Президентіміздің «Орта кәсіби білім – ел экономикасының негізі» деген сөзі өте орынды екенін айта кету керек. ЕХРО-ға дайындық осы ТжКББ басталады. Ол үшін Елбасы көтеріп отырған «жасыл экономикаға» қатысты мамандарды даярлауымыз керек. Осы салада барлық әлемдік тәжірибедегі ең озық ойлы инновацияларды қабылдауымыз қажет. Тағы да өзім басқарып отырған Астана қаласындағы «Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК-не тоқтала кететін болсам, бұл колледж – арнайы мамандырылған оқу орны. Біздің оқу орны Астана қаласында өтетін ЕХРО-ға жеңіл рельсті көліктерді жүргізетін және басқаратын мамандарды, байланысшыларды, энергетиктерді даярлайды. Қазіргі оқып жатқан мамандар осы тарихи оқиғаға өз үлестерін қоса алатынына сеніміміз мол. ЕХРО – еліміздің беделі, мәртебесі және жетістігі. ЕХРО-ға мамандар даярлауда ТжКББ үлес салмағы зор деп ойлаймын. ЕХРО-ға керекті мамандардың тізбесін анықтап, соларға деген мемлекеттік тапсырысты көбейтсе болар еді. Өйткені ЕХРО көрмесімен бірге бізге жаңа технология келеді, сол технологияны игеру керек. Тіпті көрме біткеннен кейін де осы көрме нысандарының одан әрі қалыпты қызмет жасауына орта буын кәсіби мамандардың керек екені даусыз емес пе?!

– Елімізде техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау және қайта даярлау үшін 4 аймақта ірі аймақаралық орталықтар құрылыпты, мақсаты неде?

– Қазіргі таңда Атырау қаласында мұнай-газ саласы бойынша, Екібастұз қаласында отын-энергетика саласы бойынша, Шымкент қаласында өңдеу және Өскемен қаласында машина жасау салалары бойынша 4 ірі өңіраралық кәсіптік орталық жұмыс істейтін болады. Мұндай еңбек бөлінісі кездейсоқтық емес әрі заңды. Аталған аймақтардың даму үрдісі осы салалармен тікелей байланысты. Сондықтан бұл аймақтардың экономика­лық кластерлер ретінде таңдап алынуы тегін емес. Техникалық және кәсіптік білімді дамыту жолында мүлдем жаңа жүйе қалыптасып жатыр. Соның бірі – «Кәсіпқор» акционерлік қоғамы. Бұл холдинг жоғарыда айтылған аймақтардағы оқу орталықтарының базасында болады. Ал орталықтардың мақсаты – жұмысберушілердің басын қосу, еңбек нарығы мен ТжКББ жүйесін біріктіріп, әлемдік тәжірибеге бейімдеу және бәсекеге қабілетті білікті мамандарды даярлау. Жоғарыда аталған орталықтар биылдан бастап өз жұмыстарын бастайды.

– Өткен жылы 45 мыңға жуық колледж бітірушілер кешенді тестілеуден өте алмады. Биыл осы салада қандай істер атқарылып жатыр?

– Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ТжКББ мекемелерін

жыл сайын 185000-дай түлек бітіріп отырған және де жыл сайын осын­шама студент ЖОО-ға автоматты түрде қабылданатын.

Өткен жылы бірінші рет ТжКББ мекемесін бітірген түлектер үшін кешенді тестілеу міндетті болды.Тестке 65 000-дай техникалық және кәсіптік білімі бар талапкер қатысты және Үкімет оларға арнап 2700 мемлекеттік білім беру грантын тағайындаған болатын. Нәтижесінде, тек 25000 техникалық және кәсіп-тік білім беру саласын бітірген студент кешенді тестілеуден төменгі межені жинады. Ал биыл өткен жылдан сабақ алған студенттер ке­шенді тестілеуге дайындықтарын әу бастан-ақ бастап кетті. Оқу орындары Республикалық дайындық тестілеу орталығымен етене жұмыс жасауда. «Талаптыға нұр жауар» дегендей жақсы оқып, талаптанған студентке әрқашан жол ашық. Сараптама көрсеткендей, өткен жылғы ЖОО-ға түскен техникалық және кәсіптік білім беру саласын бітірген студенттердің басым көпшілігі – ТжКББ мекемелерінде де жоғары нәтиже көрсеткен түлектер. Еңбектенген адам өз еңбегінің жемісін әрқашанда көреді.

– Жастар арасында кәсіби білімнің тартымды және беделді болуы үшін не керек деп ойлайсыз?

– Елбасы өткен жылдың шілде айында «Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» деген үлкен бағдарламалық мақаласын жариялады. Түсіне білген адамға бұл үл-кен ой салады. Егемендіктің 20 жылдығы ішінде біз еңбекпен бірге мамандықтың да қадірін жоғалтып алдық. Құрылыс саласы болсын, қызмет көрсету саласы болсын біз жалдамалы жұмысшыларға арқа сүйедік. Нәтижесінде, жастар еңбектің қадірін ұмыта бастады. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан, министрлік тарапынан көптеген жаңа бағдарламалар қабылданып, жүзеге асуда. Мысалы, «Жол картасы», «Дипломмен – ауылға!», «Жұмыспен қамту – 2020» және осы­­ған қатысты беріліп жатқан әлеуметтік қолдаулар мамандықтың беделін арттырады деп ойлаймын. Сонымен бірге өнертапқыштық және өнер­табыстық қызметке, техникалық шығармашылыққа бейім, талантты студенттерді анықтап, оларға қолдау көрсетілуі тиіс. Жұмыс берушілер тарапынан гранттар көбейтілсе, Қазақстанда ірі кәсіпорындар дамыса, орта кәсіби ма-ман иелеріне үлкен жол ашар еді және ТжКББ беделін біртіндеп көтерер еді.

Үкіметтің қаулысымен 2011 жылы қазан айында «Кәсіпқор» АҚ 2012 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары қабылданды. Холдингтің мақсаты – Қазақстан Республикасының территориясында техникалық және кәсіби білім беру саласының жаңа инфрақұрылымдарын құру. Бұл – бір. Екіншіден, кадр жұмыстарын жақсарту үшін техникалық және кәсіптік білім беру саласында корпоративтік білім беру жүйесін енгізу. Үшіншіден, техникалық және кәсіптік білім саласына жаңа инновациялық технологияларды ендірумен айналысады. Міне, осының барлығы да техникалық және кәсіби білім беру саласының беделін көтерумен қатар, мамандықтың да беделін арттырады деп ойлаймын. Қатарынан екі жыл бойы Теміртау қаласында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту бойынша халықаралық семинар өткізілуде. Бұл шараның да ТжКББ беделін арттыруға, сонымен қатар жастарды осы салаға тартуға тигізетін әсері мол деп білемін. Қорыта айтқанда, әркім өз ісінің шебері болса, соны құрметтесе, сонда ғана оның жемісін көреді. Жаһанданған әлемде тек білімді, білікті мамандар ғана әлемдік бәсекеге қабілетті бола алады.Әркім өз саласында білгір маман бо-луы тиіс.

– Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбаттасқан

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ *//Айқын.-2013.-19 сәуір.-6 б.

Раушан Нұғманбекова. //Егемен Қазақстан.-2013.-17 сәуір.-8б.
Вечен к книге интерес Дата:17.04.2013 Просмотров: 131
В VII Международной книжной и полиграфической выставке «По Великому Шелковому пути-2013» приняли участие 124 издательства из 13 стран мира.
Хотя информационные технологии все активнее проникают во все сферы общества, книги по-прежнему выполняют свою высокую просветительскую миссию перед обществом. На выставке широко представили свою продукцию и издательства нашей страны.
– Примечательно, что первая выставка состоялась в 2001 году, то есть Казахстан встретил нынешнее тысячелетие с книгой. И с тех пор уровень мероприятия держится на высокой планке. Выставка имеет огромное значение для молодежи, возрождая интерес к книге как источнику знаний и духовного обогащения, – считает поэт, директор издательства «Жибек Жолы» Бахыт Канапьянов.
Он напомнил, что в нынешнем году исполнится десять лет государственной программе «Культурное наследие», и в ходе ее реализации издательства Казахстана выполнили очень большую работу.
Традиционно широко представлены на выставке издательства из России. Немалый интерес вызывает продукция издательского дома «Дашков и К», специализирующегося на издании учебной и деловой литературы. Кстати, он входит в тройку ведущих издательств России по выпуску экономической литературы. Свои национальные стенды представили Китай, Кыргызстан, Беларусь, Таджикистан и Узбекистан.
Среди посетителей выставки – настоящие гурманы и любители хорошей книги.
– Я представляю то поколение читателей, которое с трепетом относится к книге и не может представить свою жизнь без нее. Выставка дает возможность насладиться разнообразием и качеством работ книгоиздателей, увидеть новинки, поэтому пропустить ее нельзя, – признался известный продюсер и режиссер Сергей Азимов.

Культурная программа выставки включает литературные встречи с казахстанскими и зарубежными писателями в школах, институтах, библиотеках, международную научно-практическую конференцию «Книга и чтение в интеллектуальном развитии нации», награждение победителей литературного конкурса «Жауказын», организованного Национальной государственной книжной палатой и Ассоциацией издателей и книгораспространителей Казахстана совместно с ТОО «Жас оркен».

Айгуль ТУРЫСБЕКОВА, //Казахстанская правда.-2013.-17 апреля.-С.8

Алаңда – оқытушылар

Сәрсенбі, 17 сәуір 2013 2:01
Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, профессор Мақтаали Бектемесовтің ұйытқы болуымен тұңғыш рет жоғары оқу орындарының волейбол құрама командалары арасында чемпионат өтті. Бұл жолы алаңға студенттер емес, профессорлар мен оқытушылар шықты. Үш күнге созылған бәсекеде Семей мемлекеттік медицина академиясы жеңімпаз атанды. Екінші орынға Шәкәрім атындағы СМУ, үшінші орынға СМПИ көтерілді. Қазақ ҚЭА-ның экономика кафедрасының доценті Бақытқазы Әлмағамбетов «Үздік қорғаушы», Шәкәрім атындағы СМУ-дің қызметкері Асқар Демесінов «Үздік шабуылшы», медакадемия әскери кафедрасының ұстазы, медицина қызметінің капитаны Ермек Нүриев «Үздік ойыншы» атанды.

Шахарзат ҚҰТТЫҚОЖАЕВА, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің математика және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор


БІЛІМ – БАСТЫ БАЙЛЫҚ
Иә, «білім – инемен құдық қазғандай» деп тегіннен-тегін айтпаған ғой. Бүгінгі өмірде білімдінің күні жарық, білімсіздің күні қаріп.

Ешқандай алтын-күміспен бағаланбайтын осынау кемер байлықтың тереңіне бойлай түскен сайын өзіңнің әлі де болса білгеніңнен гөрі білмейтінің көп екендігін аңғарасың. Бажайлайсың. Өз өмірін оқуға, ілім-білім алуға бағыштаған жан заман көшінен қалмайды. Қатарынан қашанда шоқтығы биік жүреді. Өзім тәлім беретін Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттеріне осы ойымды әрдайым айтып, құлақтарына құя жүремін. Өз басым сабақты қазіргі халықаралық талапқа сай ағылшын тілінде жүргіземін. Жалпы, біздің өмір бойғы азығымыз да, қазығымызда – білім болды. Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласындағы Ш. Уәли­ханов атындағы №2 қазақ орта мектебін аяқтай сала жоғары оқу орнына түстік, есімі Дүниежүзілік математиктердің тізіміне жазылған, атақты Шалтай Смағұловтан, өзімнің ғылыми жетекшім болған, еліміздің Ғылым және білім министрі Бақытжан Жұмағұловтан дәріс алып бүгінгі биікке, яғни профессор, физика-математика ғылымдарының докторы дәрежесіне жеттік. Осының барлығы білім бастауындағы құнарлы қазынамен сусындауға деген ұмтылыстың нәтижесінде мүмкін болды.



Дәл қазір бізге, біздің елімізге есепті жаңғақша шағатын, «милы бастар» – математиктер ауадай қажет. Осы мақсатта Жетісай қаласында біздің білім ордамызда біліктілігін арттырғысы келген шәкірт іздеу үстіндеміз. Сол сияқты өзге де талантты, талапты жастарды Көкшетау мемлекеттік университетіне оқуға шақырамын. «Оқу іздеген жас білімнің биік шыңына көтеріледі» деп сеніммен айта аламын. Ендеше, талаптану, іздену ешқашан да артық етпейді.
//Дала мен Қала.-2013.-29 сәуір.-10 б.
Каталог: ntb -> doc
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы
doc -> Исаак ньютон
doc -> -
doc -> ҚОРҚыт ата атындағы
doc -> Қалыптасқан қазақстан 2050 стратегиясы
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы
doc -> «ҚАЗақстан-2050» стратегиясы стратегия «Казахстан-2050»
doc -> Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы нұрлан темірбеков, Д. Серікбаев атындағы ШҚмту ректоры, профессор. Айқын да жарқын бағдарлама
doc -> «ҚАЗақстан-2050» стратегиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет