Медициналық және матадан тігілген маскаларды (бұдан әрі-маскалар) пайдалану ережелері



Дата31.10.2022
өлшемі39.39 Kb.
#463694
ҚБ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ПРАКТИКА 2021-2022 О.Ж (2)


Медициналық және матадан тігілген маскаларды (бұдан әрі-маскалар)
пайдалану ережелері

  1. Бір рет қолданылатын маскалар бір рет пайдаланылады;

  2. Масканы аузын, мұрнын және иегін жабатындай етіп кию керек. Бұл жағдайда ол тығыз бекітілуі керек. Егер маскада баулары болса, оларды мықтап байлаукерек. Маскада арнайы қатпарлар болған кезде оларды ашу керек, ал мұрын аймағында тігілген икемді пластина болған жағдайда, оны бетке неғұрлым толық жанасуды қамтамасыз ету үшін мұрынға мықтап бүгу керек.

  3. Масканы қолданған кезде сүзгілеу бетіне қолды тигізбеу керек;

  4. Медициналық ұйымдарда және үй карантиндегі адамдар масканы кемінде 2 сағатта 1 рет ауыстыру керек.

  5. Егер маска дымқыл немесе ластанған болса, жаңа таза және құрғақ маска киіңіз.

  6. Бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдаланбаңыз.

  7. Пайдалану кезінде медициналық масканы ұстамаңыз. Медициналық масканың сүзгіш жағынан ұстамай, резеңкесінен (байлау) шешу керек. Медициналық масканы шешкеннен кейін бетiнiздi ұстамаңыз және қолды бірден жуыңыз. Бұл ciз масканың бетін кездейсоқ ұстаған болсаңыз да, вируспен байланысты болдырмауға көмектеседі.

  8. Инфекцияның матадан тігілген маскалар арқылы таралуын болдырмау үшін оларды жиі жуып, ұқыпты ұстау керек. Матаның тозуының айқын белгілері болған кезде оны ауыстыру керек.


Персонал үшін сақтық шаралары


  1. Барлық қызметкерлерге COVID - 19 бойынша карантин кезiнде профилактикалық шараларды сақтау;

  2. Қызметкерлер өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезiнде маска киюге тиiс (маска ылғалданған жағдайда, бiрак кемiнде 3 сағатта 1 рет ауыстырылады), қолғаптармен арнайы киiммен, терi антисептиктерiмен және дезинфекциялау құралдарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етiлуi тиiс;

  3. Тазалаушыларға дезинфекцияны жеке қорғаныш құралдарын: униформа, қолғап, медициналық маска пайдалана отырып жүргізу қажет;

  4. Дезинфекциялық құралдармен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ адамдарды жіберу;

- егер келген кезде немесе болған кезде студенттерде аурудың кез келген белгілері
(жөтел, әлсіздік, жоғары температура және т.б.) байқалса, қызметкерлер арасында ден кою жоспары және жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау қажеттілігі туралы нұсқау беруді қамтамасыз ету;

Қолды қашан жуу және дезинфекциялау ережелері

1. Дененің жаланаш бөліктеріне, лас заттарға тигізгеннен кейін.


2. Жөтелу, түшкіру, қол орамалын немесе бір рет қолданылатын майлықты қолданғаннан кейін.
3. Лас жабдыкпен немесе ыдыспен жұмыс істегеннен кейін.
4. Өнiмдермен жұмыс жасамас бұрын.
5. Дәретханаға барғаннан кейін және ғимаратқа кірер алдында.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет