Мекемедегі лидер және басшы мәселесі Орындаған: Слямбекқызы Ж. Басшы мен лидердің айырмашылығы



Дата25.04.2023
өлшемі0.64 Mb.
#472735
Мекемедегі лидер ж не басшы м селесі


Мекемедегі лидер және басшы мәселесі
Орындаған: Слямбекқызы Ж.
Басшы мен лидердің айырмашылығы
Лидер мен басшының функциясы, қасиеті ұқсас болып көрінуі мүмкін. Бірақ бұл екеуі екі түрлі ұғым. Бұл екеуінің ең басты айырмашылығы – басшыны тағайындайды, ал лидер бейресми түрде лидер атанады. Басшының құзыреті өзгелерден жоғары, бірақ ол оны лидер етпейді.
Басшы мен лидердің айырмашылығы
Басшы мен лидердің айырмашылығы
Бағыт
Басшы қызметкерлерге бағыт беріп, оның жұмысының нәтижесіне жауап береді. Ол жұмыс процесіне араласып, тапсырмалардың ретін қадағалайды.
Ал лидер әріптестеріне энтузиазммен қарап, оларды шабыттандырады. Жұмысына еркіндік береді.
Басшы мен лидердің айырмашылығы
Мақсат
Ал лидер керісінше мақсатты жағдайға қарай, өздігінен қояды.
Басшылар бұған дейін қалыптасқан тұрақты мақсатқа немесе басқа біреудің белгілеп берген межесіне сүйенеді.
Басшы мен лидердің айырмашылығы
Тәртіп
Басшылар қарамағындағы қызметкерлермен иерархиялық қатынас пен құзырет тұрғысында қарым-қатынас жасайды.
Ал лидер командасына тең дәрежеде қарайды, олардың әр пікіріне ашық.
Басшы мен лидердің айырмашылығы
Тәжірибе
Басшылар өз тәжірибесі мен білігіне қарай шешім қабылдап, жұмыс істейді.
Ал лидер жаңа, бейстандарт, өзгенің тәжірибесінен өткен шешім қабылдайды. Бір проблема шешімін тапса, ол әдейі басқа проблема іздейді. Себебі ол әрдайым ізденіс үстінде.
Басшы мен лидердің айырмашылығы
1. Басшы басқарады, лидер өзгертіп, шыңдай түседі.
2. Басшы – көшірме, лидер – түпнұсқа.
3. Басшы қолдайды, лидер дамытады.
4. Басшы жүйе мен құрылымға басымдық береді, лидер адамға басымдық береді.
5. Басшы бақылауға ден қояды, лидер сенім артады.
6. Басшының ойы қысқа мерзімді, ал лидер ұзақ мерзімді перспективаға мән береді.
Психолог Уоррен Беннис лидер мен бастық айырмашылығын сипаттайтын 12 метафора жазған:
Басшы мен лидердің айырмашылығы
7. Басшы "қалай? қашан?" деген сұрақ қояды, лидер "не себепті?" деген сұрақ қояды.
8. Басшы "Барлығы" деген төмендегі есептің жиынына қарайды, ал лидер көкжиекке қарайды.
9. Басшы еліктейді, лидер жасайды.
10. Басшы қазіргі жағдайды қабылдайды, мойынсұнады, лидер оған қарсы шығып, ұмтылады.
11. Басшы – классикалық қатардағы сарбаз, ал лидер – жеке тұлға.
12. Басшы барлығын дұрыс жасайды, лидер дұрыс нәрселер жасайды.
Басшы мен лидердің айырмашылығы
Дегенмен лидер мен басшының ұқсастығы да бар:
– Басшы да лидер бола алады, лидер де басшы бола алады;
– Басшы да, лидер де билікке ие, бірақ олардың билік ету формасы әртүрлі;
– Басшы да, лидер де қоршаған ортасына әсер ете алады, бірақ мәселе екеуінің қалай әсер ететінінде.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет