Мектепте ерекше білім беруге қажеттілігі бар дарынды оқушыларғА Қолдау (КӨмек) КӨрсетуді ұйымдастыру



бет1/4
Дата06.05.2023
өлшемі100.5 Kb.
#473271
  1   2   3   4
Инклюзив тапсырма ІІ (2) (1)




МЕКТЕПТЕ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУГЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ (КӨМЕК) КӨРСЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ


психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету (көмек) – әр баланың мүмкіндіктеріменқажеттіліктерінесәйкестабыстыоқытумендамытуүшін әлеуметтік-психологиялықжәнепедагогикалықшарттарқұрубарысындағы педагогтар мен мамандардың ұйымдастырылған қызметжүйесі.
мектеп ортасын даярлау
инклюзивті мектеп ортасын дайындау келесі міндетті шарттарды сақтауды көздейді:

  • оқушыныңмүмкіндіктерінеқарамастанпедагогтардыңәрбіроқушыны теңдейқабылдауы;

  • білім беру процесінің барлық қатысушылары мен техникалық қызметкерлердің төзімді мінез-құлық мәдениетімен қамтамасызету;

  • ебҚ бар оқушының жақын даму аймағына сәйкес оқу мақсаттарын анықтау;

  • ебҚ бар оқушыны оқудан тыс мектеп іс-шараларынақосу;

  • оқушыға қолдау көрсетуде отбасы әлеуетінпайдалану.

инклюзивті орта құру бойынша мектеп жұмысының күтілетін нәтижесі:
а) оқушының мектепке, мұғалімдерге, сыныптастарына жағымды көзқарасы;
б)жалпыбілімберу,қысқартылғаннемесежекебағдарламашеңберіндегі академиялықтабыстылығы;
в) оқушының әлеуметтік бейімделуі.
ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға психологиялық- педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастырудың негізгі бағыттары:

    • психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жергілікті нор- мативтік негізінқұру;

    • білім беру процесіне қатысушылардың қызметінанықтау;

    • мектептің ағымдық жағдайын талдау жәнебағалау;

    • мектептің педагогикалық ұжымын кәсібидайындау;

    • мектеп қауымдастығындайындау;

    • одақтастар мен әлеуметтік серіктестердііздеу.

психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жергілікті норматив- тік негізін құру мектеп құжаттамасына (мектеп жарғысы, мектепті да- мыту жоспары және т. б.) қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, оқушыларға қолдау көрсету нәтижелерін тіркейтін ішкі нормативтік актілерді жасауды және үдерісті реттеуді болжайды[22].
білім беру процесіне қатысушылардың қызметтік міндеттері. Ди- ректор психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметін (ппҚҰ) құру туралы бұйрық шығарады, ппҚк қызметі, арнайы сыныптардың қызметі туралы ережені бекітеді, мамандардың тиісті міндеттерін бекітеді; мамандардың бағыну иерархиясын және олардың өзара әрекеттесу принциптерінқалыптастырады;басқарудыңәрбірдеңгейіндеақпаратты жинау және өңдеу тәртібін айқындайды; балалар ұжымының бөлінуіне жол бермейтін жағдайлар жасайды; пәнаралық негізде мұғалімдер мен мамандардың кәсіби өсуіне жағдайжасайды.
Директордыңоқуісіжөніндегіорынбасарыоқушыларғапсихологиялық- педагогикалық қолдау көрсету процесіне басшылық жасайды, қолдау көрсету мамандары мен педагогтардың өзара әрекеттесуін реттейді; жеке психологиялық-педагогикалыққолдаукөрсетубағдарламасынқұрастыруға, қолдау көрсету нәтижелері мен оқушының мектеп жетістігін талқылауға қатысады Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығында толерантты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және қолдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді; барлық оқушылардысыныптантысжәнебосуақыттағыіс-шараларғақатыстырады. бұл ретте оқушылардың біркелкі емес мүмкіндіктері ескеріледі және бала- лар арасындағы бәсекелестік жағдайыжеңілдетіледі.
мұғалім-оқытудағы қиындықтары бар оқушыларды анықтайды, қиындықтардың сипатын бағалайды, оқу материалын меңгерудегі про-
блемаларды анықтайды, оқу бағдарламаларын қысқартуды (бейімдеуді) орындайды, жеке оқу бағдарламаларын құрастыруға қатысады, типтік, қысқартылған немесе жеке оқу бағдарламаларына сәйкес ебҚ бар оқушылардың жетістіктерін бағалау және оқыту процесін дараландырады. мұғалім психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің маман- дарымен бірігіп жұмыс жасайды.
мектептіңпсихологиялық-педагогикалыққолдаукөрсетуқызметі(пси- холог, логопед, арнайы педагог, әлеуметтік педагог, тәрбиеші, педагог- ассистент):

  • оқыту қиындықтары бар оқушыларды анықтайды, қиындықтардың сипатын және олардың пайда болу себептерін бағалау мақсатында психологиялық-педагогикалық тексеружүргізеді;

  • тексеру нәтижелерін тиісті формалардақұжаттайды;

  • зерттеу нәтижелері бойынша оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерінанықтайды;

  • оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жеке бағдарламаларынжасайды;

  • оқушылармен жеке және топтық сабақтаржүргізеді;

  • мұғалімдерге, ата-аналарға, мектеп әкімшілігіне кеңесбереді;

  • психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бағдарламаларын іске асыру нәтижелерінің мониторингін жүзегеасырады;

  • әлеуметтік серіктестермен өзара қарым-қатынасжасайды.

ппҚк мамандары мектептің педагогикалық кеңесінің құрамына енгізіледі. Олардың педагогикалық кеңестің жұмысына қатысуы оқушылардың үлгермеушілігінің және мінез-құлқының бұзылу себептерін анықтауға және оларды жеңу тәсілдерін талқылауға мүмкіндік береді.
әдістемелік бірлестіктердің отырыстарында мамандар жоспарлы түрде мұғалімдерді оқытудың арнайы әдістері және тәсілдерімен, жеке және сараланған тәсілдердің технологиясымен таныстырады.
мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысы келесі принципте құрылады:
а) бағалаудың кешенді (пәнаралық) тәсілі:медициналық мәліметтер мен баланың әлеуметтік-психологиялық даму тарихының зерттелуі, әр түрлі мамандардың (психолог, логопед, арнайы және әлеуметтік педагогпен) тексеруі;
б) жүйелі және біртұтас тәсіл: оқыту қиындықтарының пайда болу себептері мен механизмдерін белгілеу, табысты оқытуға кедергі келтіретін бастапқы (жетекші) және қайталама қиындықтардың арақатынасын белгілеу;
в) оқушылардың өзгеріп отыратын қажеттіліктерін динамикалық зерт- теу: оқыту процесінде жаңа қажеттіліктерді қанағаттандырудың және олардың пайда болуының мониторингі;
г) командалық жұмыс негізінде:

    • ебҚменмектептеоқытудыңқиындықтарынанықтауменбағалауға қойылатын бірыңғай амал мен талаптардысақтау;

    • бірыңғайқұндылықтарынұстану:оқушыныңжекетұлғасынадеген құрмет,оныңішіндеотбасыбергенбалатуралыақпараттыңқұпиялылығын сақтауды болжайды;

    • білім беру үрдісінің қатысушылардың ынтымақтастығы өзара құрметті және сенім артуы: мұғалімнің, маманның, ата-ананың және баланың;

    • қолдаукөрсету мамандары арасындағы жауапкершілікті бөлу. мектептің ағымдағы жағдайын талдау мен бағалауды мектепәкімшілігі

және ппҚк мамандары төмендегі көрсетілген мақсаттар үшін жүргізеді:

    • ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға қолдау көрсетуге мектеп ұжымының дайындығын зерттеу. сауалнама, сұрақтар, әңгімелеуді қолдану[23]

-ерекше білім беру қажеттілігі әлі айқындалмаған оқыту қиындықтары бар балаларды анықтау.
мектептің педагогикалық ұжымын кәсіби дайындау. мектеп әкімшілігі инклюзивті білім берудің принциптері мен құндылықтары, оқушыларды оқыту қиындықтарының көріністері мен себептері, оқытудың бейімдік әдістері,оқушыларғажекеәдістертехнологиялары,жекежәнеқысқартылған оқу бағдарламаларын құрастыру әдістері туралы педагогтардың ақпараттарын арттыруға бағытталып, ұйымдастыруы тиіс. кәсіби дайындық біліктілікті арттыру курстары, семинарлар, дөңгелек үстелдер, конкурстарға, конференцияларға және т.б. іс-шараларға педагогтардың қатысуы арқылы жүзегеасырылады.
мектеп қауымдастығын дайындау мектеп әкімшілігі мен ппҚк мамандарының педагогикалық ұжыммен, оқушылармен, ата-аналармен толерантты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында алдын ала және ағымдағы жұмысын болжайды. әңгіме, семинарлар, дидактикалық ойындар, әлеуметтік роликтерді қарау, кинофильмдерді, мақалаларды, кітаптарды талқылау сияқты жұмыс түрлері қолданылады [24].
Одақтастар мен әлеуметтік серіктестерді іздеу қосымша ресурстар ретінде мектеп әкімшілігі, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мамандары жүзеге асырады. мұндай әріптестер арнайы білім беру ұйымдарының педагогтары (пмпк, ппкк, арнайы мектептер), ғылыми- зерттеу орталықтары, зертханалар; жоғары оқу орындары; қоғамдық ұйымдар; ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарының ұйымдары, басқа да мүдделі ұйымдар мен тұлғалар бола алады.
.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет