Мемлекеттік органдар интернет-ресурстары және операторға бекітілген «электрондық үкімет»



Дата03.07.2016
өлшемі119.48 Kb.
#175228


Мемлекеттік органдар интернет-ресурстары

және операторға бекітілген «электрондық үкімет»

ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдар

объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы «__» _____ Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген Мемлекеттік органдар интернет-ресурстары және операторға бекітілген «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдар объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

2. «Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді қалыптастыру мен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 17 сәуірдегі № 180 (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуге алу тізілімінде № 7675 тіркелді, 2012 жылы 25 тамызда «Казахстанская правда» жарияланды № 286-287 (27105-27106) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті  (Т.Б. Қазанғап):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 3 тармағының 1), 2) және 3) тармақшасында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.




Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы «__» ______
№__ бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік органдар интернет-ресурстары және операторға бекітілген «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдар объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидалары


1. Жалпы ереже
1. Осы Мемлекеттік органдар интернет-ресурстары және операторға бекітілген «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдар объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі Қағидалар) Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы «__» _____ Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленген.

Қағида Мемлекеттік органдар интернет-ресурстары және операторға бекітілген «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдар объектілерінің тізбесін қалыптастыру (бұдан әрі - Тізбе) тәртібін анықтайды.

2. Осы Қағида «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына кіретін телекоммуникациялар желісіне және өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың, олардың ведомствоға бағынысты ұйымдары және жергілікті өзін өзі басқару органдары, сонда-ақ өзге де ақпараттандыру субъектілерінің (мемлекеттік органдардың Бірыңғай көліктік ортасы) оқшау (Интернетке қолжетімділігі бар оқшау желілерді қоспағанда), ведомстволық және коррпоративтік телекоммуникация желілеріне таралмайды).

3. Осы Қағидаларда келесі түсініктер қолданылады:

1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласынд басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2) ақпараттық жүйе – ұйымдастырып реттелген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған және ақпараттық өзара іс-қимылы жасасу арқылы белгілі бір технологиялық әрекетті жүзеге асырушы қызмет көрсетуші персоналдар мен техникалық құжаттамалар жиынтығы;

3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері – ақпараттық жүйелер, технологиялық тұғырнамалар, аппараттық-бағдарламалық кешендер, телекоммуникация желілері, сондай-ақ техникалық құралдардың үздіксіз жұмыс істеуін және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелері;

4) «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор) – «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің шешімі бойынша айқындалатын заңды тұлға;

5) «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы – «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын, «электрондық үкiметтiң» және «электрондық әкімдіктiң» архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға.

2. Мемлекеттік органдар интернет-ресурстары және операторға бекітілген «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдар объектілерінің тізбесін қалыптастыру тәртібі

4. Мемлекеттік орган мемлекеттік органдар интернет-ресурстары және (немесе) операторға бекітілген «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдар объектілерін (бұдан әрі -объект) Тізбеге енгізу үшін, уәкілетті органға 30 наурыздан кешіктірмей осы Қағидаға 1 қосымшадағы нысанға сәйкес өтінішпен келесі құжаттарды бере отырып жүгінеді:

1) объектінің сипаттамасы ;

2) техникалық құжаттамалардың (техникалық-экономикалық негіздеме, техникалық тапсырма, техникалық ерекшелік), сондай-ақ өнеркәсіптік пайдалануға өткізу құжатының көшірмесі;

3) ақпараттық жүйенің тіркелген пайдаланушыларының саны және олардың белсенділігі туралы мәліметтер;

4) осы ақпараттық жүйе көмегімен көрсетілетін мемлекеттік электрондық қызметтер, немесе осы ақпараттық жүйе көмегімен автоматтандырылатын мемлекеттік органдар функцияларының тізбесі;

5) ақпараттық жүйедегі деректерді пайдалану туралы мәліметтер;

6) ақпараттық жүйе ендірілген обхектілер туралы мәліметтер (мемлекеттік органдар, ведомствоға бағынысты ұйымдар, аумақтық бөлімшелер);

7) мемлекеттік органның интернет ресурсы объектінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі аттестатының көшірмесі (егер ақпараттық жүйе дамыту сатысында болған жағдайда мерзімі өтіп кеткен аттестат).

5. Мемлекеттік орган берген құжаттарды уәкілетті орган өтініш келіп түскен күннен бастап он күн ішінде жиынтықтылығын және дұрыс толтырылуын тексереді

6. Егер құжаттар талап етілген жиынтықтылыққа сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган құжаттарды алған күнен бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның өтінішін қараусыз қайтарады, ол өтініш беру мерзімі сақталған кезде және сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін өтінішті қайта тапсыруға кедергі келтірмейді.

7. Құжаттардың қойылатын талаптарға сәйкестігі кезінде уәкілетті орган құжаттарды алған күннен бес күн аралығында осы Қағидаға 2 қосымша бойынша объектінің өлшемдерге сәйкестігі туралы қорытынды беру үшін сервистік интеграторға оларды жібереді.

8. Сервистік интегратор құжаттарды объектінің өлшемдерге сәйкестігін қарастырады және келіп түскеннен бастап жиырма күннен кешіктірмей қорытынды береді.

9. Сервистік интегратор:

1) «Ақпараттандыру туралы» ___ ______ Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабының 14) тармақшасына сәйкес мемлекеттік органның интернет-ресурсының бекітілген Мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкестігін;

2) ақпараттық жүйенің өлшемдеріне сәйкестігін тексереді.

10. Уәкілетті орган сервистік регистратор ұсынған қорытынды негізінде бес жұмыс күні мерзімнен кешіктірмей шешім қабылдайды:

1) объектіні Тізбеге қосу туралы;

2) объектіні Тізбеге қосудан бас тарту туралы.

11. Өлшемге сәйкес таңдау нәтижесі бойынша үштен кем емес балл жинаған, сонымен бірге әр өлшемнен кемінде бір балдан жинауы қажетті, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі Тізбеге қосылуға жатады.

12. Объектінің Тізбеге қосудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік органға бас тарту себебі көрсетілген ілеспе хат ұсынады.

13. Тізбеге қосылған объекті туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, немесе объектіні пайдалану тоқтатылса, немесе объектіні Тізбеден шығару туралы шешім қабылданса мемлекеттік орган уәкілетті органға ескертеді және Тізбені өзектендіру үшін растайтын құжаттарды жібереді.


Мемлекеттік органдар интернет-ресурстары және операторға бекітілген «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдар объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидалары 1 қосымша



Нысан


Кімге__________________________________
      (уәкілетті органның атауы)

Мемлекеттік органдар интернет-ресурстары және операторға бекітілген «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдар объектілерінің тізбесіне қосуға                                 

 ӨТІНІШ
__________________________________________________________________
____________________________________________________________________
             (мемлекеттік органның атауы)

____________________________________________________________________


____________________________________________________________________ сұрайды.
            (мемлекеттік органның интернет-ресурсының және (немесе) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникация инфрақұрылымы объектісінің атауы).
      ____________________________
             (қолы, күні)

М.О.




Мемлекеттік органдар интернет-ресурстары және операторға бекітілген «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдар объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидалары 2 қосымша



Мемлекеттік органдар интернет-ресурстары және операторға бекітілген «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдар объектілерінің тізбесін қалыптастыру кезінде ақпараттық жүйелерді іріктеу өлшемдері




Өлшемдер атауы

Нұсқалар

Иә

Жоқ

1

Ақпараттық жүйенің ауқымы







1.1.

Орталық мемлекеттік органның (бұдан әрі - ОМО) 1-ден артық қызметкері ақпараттық жүйенің тіркелген және белсенді пайдаланушылары (ақпараттық жүймен тұрақты негізде жұмыс істейді) болып табылады

1

0

1.2.

Бір ОМО –ның ведомствоға бағынысты ұйымдарының және 16 аумақтық бөлімшелерінің (бар болғанда) барлық қызметкерлері ақпараттық жүйенің тіркелген және белсенді пайдаланушылары (ақпараттық жүймен тұрақты негізде жұмыс істейді) болып табылады

1

0

1.3.

1-ден артық ОМО –ның ақпараттық жүйесі осы ақпараттық жүйемен деректер алу үшін ықпалдасқан және деректерді тұрақты негізде қолданады

1

0

1.4.

Бір ОМО –ның ведомствоға бағынысты ұйымдарының және 16 аумақтық бөлімшелерінің (бар болған жағдайда) осы ақпараттық жүйемен деректер алу үшін ықпалдасқан және деректерді тұрақты негізде қолданады

1

0

1.5

Орталық мемлекетік және жергілікті атқарушы органдардың барлық қызметкерлері ақпараттық жүйенің тіркелген және белсенді пайдаланушылары (ақпараттық жүймен тұрақты негізде жұмыс істейді) болып табылады

1

0

2

Ақпараттық жүйе санаты







2.1.

Ақпараттық жүйе азаматтар және олардың мүліктері туралы деректердің жекелеген санаттарына эталондық сақтау орны болып саналады

1

0

2.2.

Ақпараттық жүйе мемлекеттік қызметтерді алу кезінде талап етілетін басқа бастапқы деректердің эталондық сақтау орны болып саналады

1

0

2.3.

Ақпараттық жүйе 3-тен артық мемлекеттік қызметті беру үшін жағдай жасайды немесе іске қосылған

1

0

2.4

Ақпараттық жүйе мемлекеттік органдардың жабық кілттермен электрондық цифрлық қолтаңбаларын куәландыратын ақпарат тасушыларды пайдаланумен мемлекеттік органдардың

өзара іс-қимылын және оларды санцияланбаған қол жеткізуден қорғауды қамтамасыз етеді және




1

0

2.5

Ақпараттық жүйе Қазақстан Республикасы Бірыңғай көліктік ортасында жұмыс істейді

1

0

3

Ақпараттық жүйе пайдаланушыларының саны







3.1.

Ақпараттық жүйеде 1000-нан астам белсенді тіркелген пайдаланушылар бар

1

0

3.2.

Ақпараттық жүйедегі бастапқы деректерді 100 000-нан астам адам пайдаланады

1

0

3.3

Ақпараттық жүйеге Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік қызметкерлердің 50%-дан кем емесі қосылған

1

0


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет