Мәнжазба Тақырыбы: Кәсіпорынның инвестициялық ресурстары. Инвестициялық қаржыландыру Орындаған



Дата24.02.2022
өлшемі24.53 Kb.
#455712
14 Диас



Мәнжазба
Тақырыбы: Кәсіпорынның инвестициялық ресурстары. Инвестициялық қаржыландыру

Орындаған: Клышбеков Д.
Тексерген: Тлеубергенова М.А

Ақтөбе
2021 жыл
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі кез келген бизнестің дамуының негізін құрайды. Ал кәсіпорынның инвестициялық қызметінің бағыттары мен формалары инвестициялық ресурстар есебінен іске асырылады. Бұл ресурстардың қалыптасу сипатынан тек инвестициялық қызмет қана емес, кәсіпорынның барлық шаруашылық қызметі тәуелді болады.
Кәсіпорынның инвестициялық ресурстары нақтылы және қаржылық инвестициялау нысандарына салу үшін тартылатын капиталдың барлық формаларын көрсетеді. Кәсіпорынмен қалыптастырылатын инвестициялық ресурстардың бірқатар ерекшеліктері бар:

  • инвестициялық ресурстарды қалыптастыру инвестициялық процесті жүзеге асырудың алғышарты болып табылады;

  • кәсіпорынның инвестициялық ресурстарын қалыптастыру процесі капиталды бастапқы жинақтау процесімен байланысты. Капиталды бастапқы жинақтау қарқыны көбінесе елдің экономикалық даму деңгейімен анықталады;

  • кәсіпорынның инвестициялық ресурстарын қалыптастыру базасы оның реинвестицияға арналған капиталы болып табылады;

  • инвестициялық ресурстарды қалыптастыру оның экономикалық дамуымен байланысты өмірлік циклының барлық сатыларымен қатар жүреді;

  • инвестициялық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалану кәсіпорынның инвестициялық процесінің барлық сатыларымен байланысты;

  • кәсіпорынның инвестициялық ресурстарын қалыптастыру үздіксіз процесті көрсеетеді;

  • инвестициялық ресурстарды қалыптастыру процесі детерминантталған және реттелетін сипатта болады;

  • инвестициялық ресурстарды қалыптастыру кәсіпорынның инвестициялық стратегиясының мақсаттарымен және бағыттарымен байланысты;

  • пайда есебінен инвестициялық ресурстарды қалыптастыру қарқыны менеджерлердің уақыттыағы қалауымен анықталады;

  • жекелеген көздер айрығында инвестициялық ресурстарды тиімді қалыптастыру кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының маңызды шарты болып табылады;

  • кәсіпорынның инвестициялық ресурстарын қалыптастыру мүмкіндігі шаруашылық циклда қол жеткізілген капитал құрылымымен анықталады;.

  • инвестициялық ресурстарды қалыптастыру көздері мен көлемдері оларды тарту құнымен (капитал құны) анықталады.

  • Инвестициялық ресурстар көптеген белгілері бойынша жіктеледі:

  • Меншік формасы бойынша инвестициялық ресурстар екіге бөлінеді – меншікті және қарыз.

  • Кәсіпорынға қатысты тарту көздерінің топтары бойынша ішкі және сыртқы көздерден тартылатын ресурстар деп бөлінеді.

  • Натуралды-заттай формасы бойынша ресурстардың келесі түрлері бөлінеді: ақшалай формадағы инвестициялық ресурстар; қаржылық формадағы инвестициялық ресурстар; материалдық формадағы инвестициялық ресурстар; материалдық емес формадағы инвестициялық ресурстар.

  • Тартудың уақыттық кезеңі бойынша инвестициялық ресурстар ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді негізде болып ажыратылады.

  • Капитал иесінің ұлттық тиесілілігі бойынша отандық және шетелдік капитал есебінен қалыптасатын ресурстарды бөледі.

  • Пайдаланудың мақсатты бағыты бойынша шынайы инвестициялау процесінде пайдалануға арналған және қаржылық инвестициялау процесінде пайдалануға арналған инвестициялық ресурстарды бөледі.

  • Инвестициялық процестің жекелеген сатыларын қамтамасыз ету бойынша инвестиция алдындағы сатыны қамтамасыз ететін, инвестициялық сатыны қамтамасыз ететін және инвестициядан кейінгі сатыны қамтамасыз ететін ресурстарды ажыратады.

Инвестициялық қызметтің тиімділік деңгейі инвестициялық ресурстардың мақсатты қалыптастырылуымен анықталады.
Инвестициялық ресурстарды қалыптастыру саясатында меншікті және қарыздық ресурстар есебінен іске асырылуы мүмкін.
Әрекет етуші кәсіпорында меншікті капитал келесі негізгі формалармен көрсетілген (сурет 1):
Сурет 1. Меншікті капитал формалары
Кәсіпорында меншікті инвестициялық ресурстарды қалыптастыруға бағытталған арнайы инвестициялық саясат әзірленеді. Мұндай саясат кәсіпорынның жалпы инвестициялық стратегиясының бөлігін көрсетеді және келесі негізгі сатылар бойынша іске асырылады:

  • Алдыңғы кезеңдерде кәсіпорынның меншікті инвестициялық ресурстарын қалыптастыруды талдау.

  • Меншікті инвестициялық ресурстарға деген жалпы қажеттілікті анықтау.

  • Әртүрлі көздерден меншікті капиталды тарту құнын бағалау.

  • Ішкі көздер есебінен меншікті инвестициялық ресурстарды тартудың максималды көлемін қамтамасыз ету.

  • Меншікті инвестициялық ресурстарды сыртқы көздерден тартудың қажетті көлемін қамтамасыз ету.

  • Меншікті инвестициялық ресурстарды қалыптастырудың ішкі және сыртқы көздерінің арақатынасын қамтамасыз ету.

Кәсіпорынның тиімді инвестициялық қызметі қарыз қаражаттарын тартусыз мүмкін емес. Қарыз капиталын пайдалану кәсіпорынның инвестициялық қызметінің көлемін кеңейтуге, меншікті капиталды тиімді пайдалануға, инвестицияларды қаржыландыратын қорларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Қарыз капиталы келесідей дифференциацияланады (сурет 2):
Сурет 2. Қарыз капиталының дифференциациясы
Инвестициялық қызмет процесінде қаржылық міндеттемелерді өтеу шамасы бойынша жаңа қарыздық инвестициялық ресурстарды тартуға қажеттілік туындайды. Инвестициялық мақсатқа кәсіпорынмен тартылатын қарыз қаражаттарының көздері мен формалары сан алуан және былайша жіктеледі (кесте 1):
Кесте 1
Кәсіпорындағы қарыз қаражаттарының жіктелімі



Белгісі

Түрлері

1

тарту мақсаты бойынша

· Айналымнан тыс активтердің ұдайы өндірісі үшін тартылатын;
· Айналымдағы активтерді инвестициялау үшін тартылатын;
· Басқа инвестициялық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін тартылатын.

2

тарту көздері бойынша

· Сыртқы көздерден тартылатын;
· Ішкі көздерден тартылатын.

3

тарту кезеңі бойынша

· Ұзақ мерзімге тартылатын (1 жылдан артық);
· Қысқа мерзімге тартылатын (1 жылға дейін).

4

тарту формасы бойынша

· Ақшалай формада тартылатын (қаржылық несие);
· Жабдықтар формасында тартылатын (қаржылық лизинг);
· Тауарлық формада тартылатын;
· Басқа да материалдық немесе материалдық емес формада тартылатын.

5

қамтамасыз ету формасы бойынша

· Қамтамасыз етілмеген қарыз қаражаттары;
· Кепілмен қамтамасыз етілген.

Қарыздық инвестициялық ресурстарды тарту саясаты қарыз капиталын әртүрлі көздер мен әртүрлі формаларда кәсіпорынның инвестициялық қызметінің қажеттіліктеріне сәйкес әртүрлі көздер мен әртүрлі формаларда тартуды көрсетеді.
Осылайша кәсіпорынның инвестициялық ресурстарының мәні мен құрамы туралы сәйкес көрініс компанияның табысты инвестициялық қызметінің негізі болып табылатын олардың тиімді ұйымдастырылу мүмкіндігін анықтайды.  


Пайдаланылған әдебиеттер:
1. cfin.ru/finanalysis/invest/investment_appeal.shtml
2. Анализ инвестиционной привлекательности организации: науч­ное издание/ Д.А. Ендовицкий, В.А. Бабушкин, Н.А. Батурина и др.; под ред. Д. А. Ендовицкого. - М.: КНОРУС, 2010. - 376 с.
3. Анализ финансового состояния и инвестиционной привлека­тельности предприятия: Учеб.пособие для студентов вузов, обучающих­ся по специальностям: «Финансы и кредит», «Бух.учет, анализ и аудит», «Мировая экономика», «Налоги и налогообложение» / Э.И. Крылов, В.М. Власова, М.Г. Егорова.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет