Мұғалжар аудандық мәслихатының тарихы және жұмысы туралы мәлімет



Дата29.02.2016
өлшемі74.84 Kb.
#30668
Мұғалжар аудандық мәслихатының

тарихы және жұмысы туралы мәлімет

1994 жылы наурыз айында халық депутаттарының жергілікті кеңесі таратылып, оның орнына жергілікті мәслихаты-депутаттар жиналысы құрылды.


Бірінші сайланған Октябрь аудандық мәслихаты-депутаттар

жиналысы 1994-1999 жылдарында қызмет жасады
Бірінші сайланған Октябрь аудандық мәслихаты-депутаттар жиналысының сайлауы 1994 жылы 7 наурызда өтті. Оған 23 депутат сайланды,олардың арасында 3 әйел, 20 ер адам болды.

Олардың ішінде: жоғары білімді-15 депутат

арнаулы орта білімді-6 депутат

орта білімді-2 депутат болды.

Октябрь аудандық мәслихаты-депутаттардың жиналысының хатшысы болып Серік Енсепұлы Енсепов сайланды.Ол 1994-1999 жылдар аралығында қызмет жасады.

Аудандық мәслихат-депутаттардың жиналысы 1994 жылдың наурыз айынан бастап 1999 жылдың 22 қазанға дейін өз жұмысын атқарды.Осы уақыт аралығында олар 27 сессия отырысын өткізді.


Бірінші сайланған Мұғаджар аудандық мәслихаты-депутаттар

жиналысы 1994-1997 жылдарында қызмет жасады
Бірінші сайланған Мұғаджар аудандық мәслихаты-депутаттар жиналысының сайлауы 1994 жылы 7 наурызда өтті.Оған 23 депутат сайланды,олардың арасында 5 әйел, 18 ер адам болды.

Олардың ішінде: жоғары білімді-18 депутат

арнаулы орта білімді-3 депутат

орта білімді-2 депутат болды.

Мұғаджар аудандық мәслихаты-депутаттардың жиналысының хатшысы болып Балихан Жүсіпұлы Жоламанов сайланды.Ол 1994-1996 жылдар аралығында қызмет жасады.Кейін Ақтөбе облыстық мәслихатына хатшы болып сайланды.

Соңғы жылы Мұғаджар аудандық мәслихаты-депутаттардың жиналысының хатшысы болып Жасқайрат Танқайұлы Кайралапин сайланды.

Аудандық мәслихат-депутаттардың жиналысы 1994 жылдың наурыз айынан бастап 1997 жылдың маусым айына дейін өз жұмысын атқарды. Осы уақыт аралығында олар 17 сессия отырысын өткізді.

1997 жылы 18 шілдеде Октябрь және Мұғаджар аудандары қосылғаннан кейін, 18 аудандық мәслихат атауы «Мұғалжар аудандық мәслихаты» болып өзгертілді.




Екінші сайланған Мұғалжар аудандық мәслихаты

1999-2003 жылдарында қызмет жасады

Екінші сайланған Мұғалжар аудандық мәслихатына 14 депутат сайланды.Олардың арасында 1 әйел, 13 ер адам болды,14 депутаттың да білімі жоғары.Аудандық мәслихат хатшысы болып Жамбыл Әбітұлы Баймұханов сайланды.Ол 1999-2006 жылдары қызмет атқарды.

2002 жылы 27 наурызда Қазақстан Республикасының әділет министрлігі №8634-1904-ММ «Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесін Заңды тұлға ретінде тіркеді.
Үшінші сайланған Мұғалжар аудандық мәслихаты

2003-2007 жылдарында қызмет жасады

Үшінші сайланған Мұғалжар аудандық мәслихатына 14 депутат сайланды, олардың ішінде 2 әйел, 12 ер адам болды.

Олардың ішінде: жоғары білімді-12 депутат

арнаулы орта білімді-2 депутат

Аудандық мәслихат хатшысы болып депутат Жамбыл Әбітұлы Баймұханов сайланды.

2006 жылы 9 қазанда Ақтөбе облысы әкімінің №513-р өкімімен Жамбыл Әбітұлы Баймұханов Қазақстан Халықтары Кіші Ассамблеясы атқарушы хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды.

2006 жылдың қараша айынан бастап 2007 жылдың тамыз айына дейін аудандық мәслихат хатшысының уақытша міндетін атқарушы болып депутат Мүслихан Жұмақызы Тыныштықұлова сайланды.
Төртінші сайланған Мұғалжар аудандық мәслихаты

2007-2012 жылдарында қызмет жасайды

Аудандық мәслихат депутаттығына 14 адам сайланды,оның 13-ші «Нұр Отан» партиясынан,1-і өзін-өзі ұсынған.

Білімі бойынша: 13 депутат жоғары білімді

1 депутат арнаулы орта білімді

Құрамында мамандықтар бойынша экономист-1, инженер-1, мұғалім-1, дәрігер-1, сауда қызметкері-1, ауыл шаруашылығынан-2, мемлекеттік қызметкерлер-1.

Аудандық мәслихат депутаттығына сайланғандардың жасы орташа есеппен -50 жаста болса,арасында 11 ер адам, 3 әйел адам бар.

Мұғалжар аудандық мәслихаттың хатшысы болып №14 Егіндібұлақ сайлау округінің депутаты Сағнадин Сағададинұлы Салықбаев сайланды.

Мұғалжар аудандық мәслихаты өз жұмысын 3 тұрақты комиссия,1тексеру комиссиясы және аудандық мәслихат аппараты арқылы жұмыс атқарады.Олар:аудандық мәслихаттың заңдылық,құқықтық тәртіп бойынша тұрақты комиссиясы (4 депутат )-төрағасы №4 тораптық сайлау округінің депутаты Айтбай Мамытайұлы Беркімбаев.Аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы,экономикалық реформа,әлеуметтік-экономикалық даму,экология және агроөнеркәсіп кешені жөніндегі тұрақты комиссиясы (4 депутат )-комиссия

төрағасы №9 Жаңа сайлау округінің депутаты Павел Павлович Хохлов.Аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясы (4 депутат )-комиссия төрайымы №10 Ақкемір сайлау округінің депутаты Жаңғақ Садыққызы Сақтағанова. 2009 жылғы 25 маусымдағы аудандық мәслихаттың кезекті он алтыншы сессиясының №124 шешіміне сәйкес,аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы болып,Құрания Мұғавияұлы Аймағанбетов сайланды. Комиссия құрамында 5 адам бар. Осы күннен бастап ол аудандық мәслихат аппаратының штаттық кестесіне енгізілді.

Аудандық мәслихатта 2010 жылдың 1 шілдесінде штат бойынша 5 мемлекеттік, 2 саяси қызметкерлер және 4 қызметкер келісім шартпен жұмыс жасайды.Штат кестесі бойынша:

Аудандық мәслихаттың хатшысы -1 депутат

Аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы-1депутат

Аудандық мәслихат аппаратының жетекшісі-1 адам

Аудандық мәслихат аппаратының бөлім бастығы-1 адам

Аудандық мәслихат аппаратының бас маманы-2 адам

Аудандық мәслихат аппаратының жетекші маманы-1 адам

Аудандық мәслихат аппаратының қабылдау бөлімінің нұсқаушысы- 1 адам

Аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының бас экономист-тексерушісі-1 адам.

Аудандық мәслихат аппаратының іс қағаздар жүргізушісі-1 адам.

Аудандық мәслихат аппаратының автокөлік жүргізушісі-1 адам.



Бесінші сайланған Мұғалжар аудандық мәслихаты

2012-2017 жылдарында қызмет жасайды

Аудандық мәслихат депутаттығына 14 адам сайланды,оның 13-ші «Нұр Отан» партиясынан,1-і «Ақ жол» партиясынан.

Білімі бойынша: 14 депутат жоғары білімді.

Құрамында мамандықтар бойынша экономист - 3, инженер - 4, мұғалім - 4, дәрігер - 2, ауыл шаруашылығынан -1.

Аудандық мәслихат депутаттығына сайланғандардың жасы орташа есеппен -50 жаста болса,арасында 9 ер адам, 5 әйел адам бар.

Мұғалжар аудандық мәслихаттың хатшысы болып №7 Ембі сайлау округінің депутаты Сағнадин Сағададинұлы Салықбаев сайланды.

Мұғалжар аудандық мәслихаты өз жұмысын 3 тұрақты комиссия және аудандық мәслихат аппараты арқылы жұмыс атқарады. Олар: аудандық мәслихаттың заңдылық, құқықтық тәртіп бойынша тұрақты комиссиясы (4 депутат) - төрағасы №2 Орталық сайлау округінің депутаты Құрания Мугавияұлы Аймағанбетов. Аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономикалық реформа, әлеуметтік-экономикалық даму, экология және агроөнеркәсіп кешені жөніндегі тұрақты комиссиясы (5 депутат ) - комиссия

төрағасы №9 Жаңа сайлау округінің депутаты Нұрлан Зейнуллаұлы Сейтқамалов. Аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясы (4 депутат) - комиссия төрайымы №1 Батыс сайлау округінің депутаты Нұргүл Маратқызы Қалиева.

Аудандық мәслихатта 2010 жылдың 1 шілдесінде штат бойынша 5 мемлекеттік, 1 саяси қызметкер және 2 қызметкер келісім шартпен жұмыс жасайды. Штат кестесі бойынша:

Аудандық мәслихаттың хатшысы -1 депутат

Аудандық мәслихат аппаратының басшысы -1 адам

Аудандық мәслихат аппаратының бөлім бастығы-1 адам

Аудандық мәслихат аппаратының бас маманы-2 адам

Аудандық мәслихат аппаратының жетекші маманы-1 адам

Аудандық мәслихат аппаратының қабылдау бөлімінің нұсқаушысы- 1 адам.

Аудандық мәслихат аппаратының автокөлік жүргізушісі-1 адам.

«Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме болып табылады.

1.Сағнадин Сағададинұлы Салықбаев ауылшаруашылық саласында ұзақ жылдар бойы еселі еңбек еткені үшін «Тың игеруге-50 жыл» және «Қазақстан Тәуелсіздігіне -10 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне -20 жыл» медальдарымен марапатталды.

2.Аудандық мәслихат аппаратының жетекшісі Ғайни Батиханқызы Нұрсұлтанова жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін 2009 жылы Білім және Ғылым министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» медалімен марапатталған.

3.Аудандық мәслихат аппаратының бөлім бастығы Болат Нұрғалиұлы Серікбаев ұзақ жылдар бойы үздіксіз аудандық мәслихаттағы еселі еткен еңбегінің нәтижесінде 2001 жылы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.




Аудандық мәслихаттың

хатшысы С.Салықбаев


Мұғалжар аудандық мәслихатының

тарихы және жұмысы туралы мәлімет
1994 жылы наурыз айында халық депутаттарының жергілікті кеңесі таратылып, оның орнына жергілікті мәслихаты-депутаттар жиналысы құрылды.

Бірінші сайланған Октябрь аудандық мәслихаты-депутаттар жиналысының сайлауы 1994 жылы 7 наурызда өтті.

Октябрь аудандық мәслихаты-депутаттардың жиналысының хатшысы болып Серік Енсепұлы Енсепов сайланды.Ол 1994-1999 жылдар аралығында қызмет жасады.

1997 жылы 18 шілдеде Октябрь және Мұғаджар аудандары қосылғаннан кейін, аудандық мәслихат атауы «Мұғалжар аудандық мәслихаты» болып өзгертілді.


Екінші сайланған Мұғалжар аудандық мәслихатына 14 депутат сайланды. Аудандық мәслихат хатшысы болып Жамбыл Әбітұлы Баймұханов сайланды.Ол 1999-2006 жылдары қызмет атқарды.

2006 жылы 9 қазанда Ақтөбе облысы әкімінің №513-р өкімімен Жамбыл Әбітұлы Баймұханов Қазақстан Халықтары Кіші Ассамблеясы атқарушы хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды.

2007 жылдың 27 тамызында Мұғалжар аудандық мәслихаттың хатшысы болып №14 Егіндібұлақ сайлау округінің депутаты Сағнадин Сағададинұлы Салықбаев сайланды.

Мұғалжар аудандық мәслихаты өз жұмысын 3 тұрақты комиссия, 1тексеру комиссиясы және аудандық мәслихат аппараты арқылы жұмыс атқарады. Олар:аудандық мәслихаттың заңдылық, құқықтық тәртіп бойынша тұрақты комиссиясы (4 депутат )-төрағасы №4 тораптық сайлау округінің депутаты Айтбай Мамытайұлы Беркімбаев. Аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы,экономикалық реформа,әлеуметтік-экономикалық даму,экология және агроөнеркәсіп кешені жөніндегі тұрақты комиссиясы (4 депутат )-комиссия төрағасы №9 Жаңа сайлау округінің депутаты Павел Павлович Хохлов. Аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясы (4 депутат )-комиссия төрайымы №10 Ақкемір сайлау округінің депутаты Жаңғақ Садыққызы Сақтағанова, аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы болып № 1 Батыс сайлау округінің депутаты Құрания Мұғавияұлы Аймағанбетов сайланды.



«Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі аудандық мәслихат депуттатарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме болып табылады. Аудандық мәслихатта штат бойынша 2 саяси, 5 мемлекеттік қызметкерлер және 4 қызметкер келісім шартпен жұмыс жасайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет