Мінездеме оқушы туралы жалпы мәлімет: Оқушының аты-жөні



бет1/2
Дата27.01.2024
өлшемі21.46 Kb.
#489993
  1   2
Мінездеме логопед (1)




МІНЕЗДЕМЕ


Оқушы туралы жалпы мәлімет:
Оқушының аты-жөні:Қарабай Азамат
Туған жылы, күні, айы: 30.10.2007 ж.
Сынып жетекші: Қарабай Азамат 31.10.2007 жылы туылған.
2014 жылы қыркүйектен бері осы мектепте оқиды. Оқу кезінде үзілістер болған жоқ.
Анасы, екі қарындасы бар. Туғаннан бері Таушық ауылында нағашы ата - әжесінің қолында тұрады.
Азамат отбасылық жағдайын қалыпты жағдай деп қабылдайды. Оған ата-әжесімен тұрған ұнайды. Ата - әжесі зейнеттегі адамдар, баланың бар жағдайын жасап отыр. Өзі туралы мәліметтерді толықтай біледі.Сабырлы, парасатты және салмақты мінезімен ерекшеленеді. Құрдастарымен «ортақ тілді» оңай табады. Мұғалімдерді құрметтеп, жасалған ескертулерді жақсы қабылдайды. Күнделікті өмірде тек жағымды жақтарымен ситатталады. Себепсіз сабақтан қалған емес.
Азаматтың білім қоры орташа, есептеуге жақсы, сандарды азайтып, бағандап қосып, көбейтіп біледі. Сабаққа қатты ынталы болмаса да, берілген тапсырманы мұғалімнің қасында отырғанда орындайды. Бірақ өз бетінше үй тапсырмасын орындау дағдысы жақсы қалыптаспаған. Түсіндіргенде тез қабылдайды, бірақ орындауы жәй. Дәптермен жұмыста өте баяу жазады, қарапайым сөзден қате жібереді. Жазбаша сабақтан гөрі ауызша сабаққа жақсы. Берілген мәтіндерді оқып бере алады. Білім алудың зор маңызы барын біледі, бірақ тез шаршап қалады, «басым ауырып тұр» деп айтады. Физикалық дамуы жоғары деңгейде. Футболмен және бокспен әуестенеді.
Жағымсыз әрекеттері жоқ, мұғалімге дөрекілік танытпайды. Тапсырмаларды бар ынтасымен орындауға тырысады. Қоғамдық шараларға қатысуы төмен.
Денсаулығына байланысты тез шаршап қалатыны және тіл кемістігі бар. Азамат сабақ беру кезінде еш қиындық туғызбайды.
Педагог-психолог:Азаматтың зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып,төмендегідей мінездеме беруге болады.Жанұяда орнықты,сабақтарын себепсіз босатпайтын,барлық пәндерге деген қызығушылығы орта деңгейде. Сөздік қоры төмен.Тәртібінде айтарлықтай кемшілігі жоқ.Мінезінде агрессиялық сипат жоқ.танымдық үрдістерінің ішінде есте сақтау қабілеті-тиянақты.Сабырлы қимылдайды.Сыныптағы достарымен қарым – қатынасы тұрақты оқушы.
Зейін ерекшеліктері: зейіні баяу, бір тапсырмадан екінші тапсырмаға ауысу қабілеті орташа.
Қабылдаудың ерекшелігі мен ой танымы: қоршаған орта жайлы түсінігі жақсы, суреттің мазмұнын түсініп айтып бере алады, мәтін мазмұнын өздігінен түсіне алмайды, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау мақсатында заттарды салыстыра алады , ойлау шапшаңдылығы орташа.
Естің ерекшелігі: есте сақтауы жақсы.
Сөйлеу тілі аппаратының жағдайы: артикуляциялық аппараттың икемділігі қалыпты, дауыс темпі орташа, тіл асты желбезегі қалыпты.Мұрынмен сөйлейді.
Белсенді сөйлеу тілі - жас нормасынан төмен қалыптасқан, берілген қарапайым нұсқауларды түсінеді, бірақ орындауға деген құлшынысы орташа. Байланыстырып сөйлеу тілі дамыған, сөздік қоры толық қалыптасқан.

Сынып жетекші:


Педагог-психолог:
Педагог-логопед:
Педагог-дефектолог:

Характеристика


на ученика 1«е» класса
средней школы-гимназии №30
КанатовТемірлану 22.07.2013г.р



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет