Ґмірге ќажетті тілдіѕ функционалды жїйелерін сай сґз саптауєа машыќтандыру їстінде ќазаќ тілініѕ грамматикалыќ негіздері тур



бет1/61
Дата20.05.2022
өлшемі1.22 Mb.
#458184
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
¥ì³ðãå àæåòò³ ò³ëä³¾ ôóíêöèîíàëäû æ¿éåëåð³í ñàé ñ´ç ñàïòàóºà ìà


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ
Жалпы орта білім беру деңгейінің
«Тіл және әдебиет» білім саласы пәндерінің


ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
(қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптар)

Астана 2013


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген.


Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелген.


Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарға арналған «Тіл және әдебиет» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары. – Астана, 2013. – 192 б.

Ы.Алтынсарин атындағы


Ұ лттық білім академиясы, 2013
«Қазақ тілі» пәнінен оқу бағдарламасы
(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
1. Түсінік хат



  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. Қазақ тілін бейіндік бағытта тереңдеп оқытуда тілдің коммуникативті, эстетикалық және кумулятивтік қызметі назардан тыс қалмауы керек. 10-11-сыныптарда оқытылатын сөз мәдениеті және шешендік тілдің жоғарыда айтылған қызметтерін тереңдеп оқытуға бағытталған. Мұнда адамдардың өзара түсінісуі белгілі бір жағдаяттарда, нақтылы тіл бірліктерінің қызмет етуі нәтижесінде толыққанды ақпараттар жүйесі арқылы жүзеге асатынын, адамның тіл байлығы және жан дүниесі, мінез-құлқы сөйлеу барысында, тілдік қарым-қатынас үстінде көрінетіндігі зерделенеді.
3. Сөйлесім әрекетін қарастырғанда оның өзіне тән бірліктерін, сөйлеу нормаларын, сөз мәдениетіне қатысты ұғым-түсініктерді жүйелі түрде жан-жақты оқыту қажеттігі туындайды.
4. Түрлі стильдік жанрдағы тілдің қолданыс ерекшелігін мәтін мазмұнын құраушы мүшелердің құрылымдық-стилистикалық ерекшеліктерінен шығарып, публицистикалық, ғылыми, ауызекі сөйлеу және көркем шығармадағы лексика-семантикалық сипатты салыстыра анықтайды, мәтіннің тілдік-құрылымдық жүйесін ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздейді.
5. XXI ғасыр үдерісіндегі жаңа қоғамдағы тілдің коммуникативтік қызметін, БАҚ құралдарының тілін, ресми тілдің стильдік ерекшеліктерін, функционалдық стильдердегі өзгерістерді, тілді қолданушының тілдік-стильдік белсенділігін бейіндік бағытта оқып жүрген оқушы өз танымы мен қолданысы арқылы саралайды.
6. Тілді тереңдеп оқытатын мектептерде оқушылар тілдің құрылымдық жүйесін, сөз мағынасын, жұмсалу ерекшеліктерін, мәтін ішіндегі сан түрлі қызметін, сөз тіркесу заңдылықтары мен сөйлем түрлерін тереңдеп оқып, ғылыми ізденістерге барады, тілдің табиғатын ғылыми тілде түсіндіреді.
7. Пәнді оқытудың басты мақсаты – ұлттық және әлемдік құндылықтарды салыстыра түйін жасай алатын, Қазақстан Республикасы халықтары мен әлемдік қоғамдастықтың мәдениетін игерген, қоғамда қолдануын талап етілетін тілдердің коммуникативтік құзіреттіліктерін игерген Тұлғаның даралануы мен әлеуметтенуіне мүмкіндік жасайтын тілдің лексика-фразеологиялық, грамматика-стилистикалық, мәдени-этикалық және шешендік нормаларын меңгерту, жоғары деңгейде күрделендірілген түрлі жанрдағы мәтінді салыстыру, талдау, ойқорыту әрекеттерін жетілдіру, мәтін түрлеріне сай тілдік бірліктерді қолдана алу біліктілігін арттыру.
8. Пәнді оқытудың міндеттері:
1) қазақ тілінің байырғы тіл екендігін тіл дамуындағы кезеңдерді оқыту арқылы меңгерту;
2) қазақ тілінің байлығын мәдени мұралар тілін талдату арқылы игерту;
3) сөз байлығы ұғымына енетін лексика-фразеологиялық, морфологиялық, синтаксистік жүйелерді меңгерту;
4) жазудың тарихын оқыту арқылы қазақ халқының ежелгі мәдениетін таныту;
5) қоғам дамуындағы тілдің қызметін негіздеу;
6) тілдің табиғи қасиеттері мен функционалды қасиеттерін ажырата білгізу;
7) тілдік құзіреттілікті қалыптастыратын тәсілдерді меңгерту;
8) сөз сапасына әсер ететін тілдік шарттарды меңгерту;
9) заттар мен құбылыстарды бейнелеп айту тәсілдерін игерту;
10) стиль түрлеріне сай тілдік бірліктерді таңдап қолдануға төселдіру;
11) сөйлесім әрекетіне қажетті заңдылықтар мен талаптарды меңгерту;
12) сөйлеу өнерінің талаптарына сай тілді жұмсау біліктілігін дамыту;
13) ұлттық этикет нормаларына сай тіл мәдениетін жетілдіру;
14) сөз мәдениеті мен шешендіктің бірлігін, сабақтастығын таныту;
15) шешендік өнердің тұлға қалыптастырудағы және тұлғаны әлеуметтендірудегі рөлін пайымдату;
16) шешендік өнердің адамның мінез-құлқын тәрбиелеудегі күшін таныту;
17) пікірталас мәдениетіне төселдіру;
18) мәтін құраудың және диалогқа түсудің амал-тәсілдерін меңгерту.
9. Пәнаралық байланыс оқушының дүниетанымын молайтып, қазақ тілін басқа ғылым негіздерімен ұштастыра меңгеруіне жол ашады. Жалпы білім беретін мектептің негізгі орта деңгейінде «Қазақ тілі» пәнін төменде көрсетілген пәндермен байланыстыру көзделеді.
1) «Қазақ әдебиетімен»:
қазақ тілі қазақ әдебиетімен тығыз байланысты;
тіл – әдебиеттің бірінші элементі;
қазақ тілін оқытып-үйретуде кез келген көркем туынды;
әдеби шығарма тіл үшін құнды материал болып саналады, көркем шығармаларды оқу барысында стиль түрлерінің авторлық қолданысын ажырата білу,
әдеби шығармалар арқылы оқушының көңіл күйін, сезімін ояту, көркемдік тәрбие беру, әдеби шығармаларды талдау арқылы сөз мәдениетіне үйрету көзделеді;
2) «Қазақстан тарихымен»:
Қазақстан тарихы пәнімен байланыстырып оқыту оқушының тілді ұлттық құндылық ретінде тануына мүмкіндік береді;
тілді тарихпен байланыстыра оқыту ұлттық дүниетанымға негізделген білім қорын тілдік деректер арқылы дәйектеуге мүмкіндік береді;
қазақ тілінің пайда болуы, дамып жетілуі оның тарихымен тығыз байланыста болғандықтан, оқушылар тарихи деректерді пайдаланып, өзіндік ой-тұжырымдар жасай біледі;
3) Жаратылыстану циклі пәндерімен:
тілдік материалдардың мазмұны жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тікелей байланыста болады;
биологиямен байланыстыру тілді жанды құбылыс ретінде тануға мүмкіндік береді;
басқа пәндермен сабақтастыра оқыту қазақ тілінің терминдер жүйесімен тығыз байланысты;
тіл дыбыстары физикалық құбылыс ретінде танылады;
дыбыстау мүшелерінің қатысы тұрғысынан физиологиямен, компьютермен, қазіргі радио, теледидар тілімен де байланысты;
танымдық бағытта берілетін материалдар жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тікелей байланыста болғандықтан, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырады.
10. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі:
1) 10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
2) 11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағатты құрайды.
11. Әрбір тоқсанда алынатын бақылау жұмысының (тест, эссе, диктант, т.б.) саны сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.
12. Оқушылардың тілдік біліктілігін одан әрі жетілдіре түсу және сөйлеу мәдениетінің ерекшеліктеріне сай сөйлесім дағдыларын жетілдіру, пікірталас әдебін меңгерту мақсатында арнайы сабақтар ұйымдастырылады.
1) 10-сыныпта: «Сөз байлығы»; «Тілдік норма және стиль», «Этнолингвистикалық атаулар сыры», «Сөз мәдениетінің негіздері» ;
2) 11-сыныпта: «Ұлттық шешендіктанудың алғашқы бастаулары», «Шешендік сөз – шеберлік өрнегі», «Журналистика және баспасөз негіздері», «Пікірталас мәдениеті» сияқты үлгі-тақырыптар ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет