МкқК «№12 бөбекжай-балабақшасы» «Тәуелсіздік-тұғырым» Музыка жетекшісі: Акимбаева Ғ. Т. Алматы, 2018ж



бет1/7
Дата16.05.2023
өлшемі81 Kb.
#473757
  1   2   3   4   5   6   7
16 желтоқсан сценарий (1)


МКҚК «№ 12 бөбекжай-балабақшасы»
«Тәуелсіздік-тұғырым»


Музыка жетекшісі: Акимбаева Ғ.Т.

Алматы, 2018ж.


«Тәуелсіздік-тұғырым»
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара


Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігітуралы терең мағлұмат беру; елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу; туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: «Тәуелсіздік-тұғырым» атты слайдты алдын-ала көрсетіледі, еліміздің рәміздері т.б.


Зал іші тақырыпқа сәйкес суреттермен, көрнекіліктермен безендіріледі.
«Жаса, Қазақстан!» әні (А.Жүнісбеков) орындалып, балалар жалаушалар ұстап кіреді.

Музыка жетекшісі: Құрметті қонақтар, бүгінгі үлкен мерекеміз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналады. Барша халқымыз 16-шы желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін ерекше атап өтеді. Егеменді еліміздің тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!

Бала: Елдің елдігі,
Ердің ерлігі- Бәрі: Әнұран!
Бала: Сезім биігі,
Төзім биігі-Бәрі: Әнұран!
Бала: Әннің асылы,
Ұранның басымы-Бәрі: Әнұран!


Музыка жетекшісі: Қазақстан Республикасының Гимні шырқалсын!


КР Гимні орындалады.


Музыка жетекшісі: Тәуелсіздік – бұл бақыт,
Сарқылмайтын шаттық қой.
Көздің жасын құрғатып,
Келген бізге бақыт қой – енді, балалардың жыр шумақтарына кезек берейік.
Бала: Тәуелсіздік - ұранымыз,
Тәуелсіздік - жыр-әніміз.
Желтоқсанда бастау алған,
Тәуелсіз ел ұланымыз.


Бала: Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп мәңгілік,
Ел жадында қалған күн.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет