«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты


Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі



бет2/5
Дата19.06.2016
өлшемі0.84 Mb.
#148361
1   2   3   4   5

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі


11. Алушы мемлекеттік қызметті алу үшін (жеке өзі келгенде) жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) өкілетті тұлғаның өкілеттілігін растайтын құжатты көрсеткен кезде мынадай құжаттар тізбесін береді:

1) уәкілетті органға, ЖАО-ға немесе Мұрағатқа өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті алушы үшін растауды қажет ететін мәліметтер көрсетілген өтініш;

2) орталыққа өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті алушы үшін растауды қажет ететін мәліметтер көрсетілген өтініш.

Алушының жеке басын куәландыратын, мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттар мәліметін уәкілетті органның қызметкері ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанындағы Орталықтың ақпарат жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйесінен алады.

Портал арқылы мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы сұрауды толтыру қажет;

Мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын, мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттар мәліметін уәкілетті орган ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанындағы Порталдың ақпарат жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйесінен алады.

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін бланкілерді толтыру талап етілмейді, өтініштер еркін нысан бойынша қабылданады. Өтініште алушының аты, әкесінің аты, тегі, оның туған жылы мен туған жері, тұрғылықты жері, азаматтығы, сондай-ақ сұранысты орындауға қажетті құжаттарды іздестіруге мүмкіндік беретін өзге де мәліметтер көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті алушы Орталыққа өтініш білдірген кезде, бекітілген нысандағы өтініштердің бланкілері күту залындағы арнайы тағанда, сондай-ақ Орталықтың www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.

Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін электронды сұрау нысанын толтыру қажет.

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар пошта арқылы жіберіледі немесе уәкілетті органның кеңсесіне мына мекенжайға: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, 15-кіреберіс, 224-кабинетке тапсырылады.

Мемлекеттік қызметті ЖАО немесе Мұрағат арқылы алу үшін осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесі осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген Мұрағатқа немесе ЖАО-ға тапсырылады.

Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залдағы «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Порталда электронды сұранысты қабылдау мемлекеттік қызметті алушының жеке жәшігінде жүзеге асырылады.

14. Уәкілетті органға өтініш білдірген кезде осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген күні мен уақыты, құжатты қабылдаған уәкілетті орган кеңсесі қызметкерінің тегі, аты жөні көрсетілетін алушыға (немесе нотариалды куәландырылмаған сенімхаты бойынша өкілге) берілетін талон құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.

Орталықта өтініш берілген кезде тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат:

1) сұраныстың нөмірі мен қабылданған күні;

2) сұратылған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

4) құжаттарды беретін күні (уақыты) мен орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

6) мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.

Портал арқылы өтініш берілген кезде мемлекеттік қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметтің нәтижелерін алған күнін және уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сауалдың қабылданғаны туралы хабарлама есеп жолданады.

15. Уәкілетті органда, ЖАО немесе Мұрағат мұрағаттық анықтаманы алушыға жеке өзі келгенде (не нотариалды куәландырмай жазбаша сенімхат арқылы басқа тұлғаға) береді, пошта арқылы немесе Орталыққа жіберіледі.

Орталықта дайын құжаттарды алушыға беруді Орталық инспекторы қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде «терезелер» арқылы жүзеге асырады.

Алушы белгіленген уақытта қызметтің қорытындысын алмаған жағдайда, Орталық оның бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды Орталықтың мұрағатына жібереді.

Көрсетілген қызметтің нәтижесі алушының порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі.

16. Алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін тапсырмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты осы стандарттың 11-тармағында белгіленген мерзімде мемлекеттік органда, Мұрағаттарда немесе электрондық құжат түрінде порталдағы «жеке кабинетінен» алады.

Мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін тапсырмаған жағдайда Орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда, Орталық қызметкері алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып қолхат береді.


3. Жұмыс қағидаттары


17. Уәкілетті орган, ЖАО, Мұрағат және Орталық мемлекеттік қызметтерді алушыға қатысты мынадай:

1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

2) қызметтік борышты орындау кезінде заңдылықты сақтау;

3) сыпайылық;

4) жан-жақты және толық ақпарат ұсыну;

5) жеке және заңды тұлғалар құжаттарын қорғау және құпиялылық қағидаттарын басшылыққа алады.


4. Жұмыс нәтижелері


18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жұмыстың нәтижелері осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен бекітіледі.


5. Шағымдану тәртібі


20. Мұрағаттардың уәкілетті лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін уәкілетті органның Мұрағаттар мен құжаттама басқармасының бастығы мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, 15-кіреберіс, 215-бөлме, телефон: 8 (7172) 74-05-29 түсіндіреді және шағым жазуға жәрдемдеседі. Сондай-ақ осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында мекенжайлары көрсетілген облыстардың, Астана, Алматы қалаларының мұрағаттар мен құжаттама басқармаларының басшылары және Мұрағат директорлары түсіндіреді.

Орталық инспекторларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданудың тәртібі туралы ақпаратты call-орталығының телефоны (1414) арқылы алуға болады.

21. Қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі басшылығының атына шағым мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, 15-кіреберіс, 309-кабинет, телефоны: (7172) 74-01-63, интернет-ресурс: www.mki.gov.kz, жұмыс күндері сағат 9-00-ден бастап, 18-00-ге дейін демалыс және мереке күндерін қоспағанда күн сайын, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

22. Уәкілетті органның, ЖАО, Мұрағаттың немесе Орталықтың қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, сәйкес уәкілетті орган басшысының атына: демалыс және мереке күндерін қоспағанда күн сайын, жұмыс күндері сағат 9-00-ден бастап, 18-00-ге дейін түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Уәкілетті органның мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, 15-кіреберіс, 225-бөлме. Уәкілетті орган басшысының қабылдау бөлмесінің телефоны: (7172) 74-02-51, интернет-ресурсы: www.mki.gov.kz, ЖАО, Мұрағаттар немесе Орталықтар басшысының атына, осы стандарттың 1, 2 және 3-қосымшаларында көрсетілген мекенжайлар бойынша шағым беріледі.

Орталық қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, мекенжайлары www.con.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және Орталық ғимараттарында қойылған стенділерде көрсетілген Орталық немесе «ХҚКО» РМК басшысының атына шағым жазылады.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.


24. Шағым еркін нысанда ресімделеді. Мемлекеттік қызмет алушы өз шағымында міндетті түрде мыналарды көрсетеді:

1) тегі, аты, әкесінің аты;

2) жауап жіберілетін пошталық мекенжайы;

3) шағымның мәнісін баяндау;

4) жеке қолы және уақыты.

Қажет болған жағдайда мемлекеттік қызмет алушы өз дәлелдерін растайтын құжаттар мен материалдарды немесе оның көшірмелерін жазбаша шағымға қоса береді.

25. Шағымның екінші данасы не шағымның көшірмесі шағымды қабылдағанын растайтын құжат болып табылады, онда шағымды қабылдайтын тұлға берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын және шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректерін көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті алушы Орталыққа немесе «ХҚКО» РМК өтініш білдіргенде, қолма қол берген және поштамен жеткізілген кезде шағымның қабылданғанын растауы, оның Орталық кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе ілеспе хатына қойылады) болып табылады.

Уәкілетті орган қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне (әрекетсіздігіне) берілген шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабында көзделген мерзімде қаралады.

26. Уәкілетті орган мына мекенжай бойынша орналасқан: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, 15-кіреберіс, № 215 кабинет, телефоны: 8(7172) 74-05-29, интернет-ресурс: www.mki.gov.kz.

«ХҚКО» РМК мекенжайы: Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 А үй, телефоны: 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурс: www.con.gov.kz.
«Мұрағаттық анықтамалар беру»

мемлекеттік қызмет стандартына



1-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет