Ms access Макростар және модульдер Макрос кейбір амалдарды автоматты түрде орындаудың командаларды жасауды нұсқайтын: «Открыть Таблицу»



Дата14.09.2023
өлшемі15.68 Kb.
#477632
түріПрограмма
Ассess Макрос және модуль


MS Access Макростар және модульдер
Макрос - кейбір амалдарды автоматты түрде орындаудың командаларды жасауды нұсқайтын: «Открыть Таблицу» (Open Table), «Закрыть» (Close), «Найти Запись» (Find Record) және «Печать» (PrintOut) сияқты Access-ке қоса орнатылған тіл макрокомандаларының тізбегімен ұсынылады. Жүйенің келесі нұсқаларында макростар алдыңғы нұсқалармен сәйкестікті қамтамасыз етуге қоданылады және автоматизациялау процедураларына VBA программалық коды пайдаланылады.
Модуль - жалпы атаумен сақталған сипаттамалардың, инструкциялардың және VBA тіліндегі процедуралардың жиынтығын білдіреді. Access-те үш типтің: форманың, есеп берудің және стандарттық модульдар пайдаланылады. Формалардың және есеп берулердің модулдары бұл нысандар үшін жергілікті болып табылатын программалардан тұрады. Стандарттық модулдің процедуралары, егер олардың модулын құрайтын жергілікті модулдар сияқты анық бейнеленбесе, онда адрестелген мәліметтер қорынан басқа модулдардағы процедураларды оқитын және шақыратын болады.
Access офистік қосымшалар үшін қажетті OLE (Object Linking and Embedding) байланыстыру және тұрғызу механизмдерін және DDE (Dynamic Data Exchange) мәліметтерінің динамикалы ауысуын бойында ұстайды. Сонымен қатар, OLE хаттамасы бойынша Access жүйесі кітапханадағы кез-келген басқа қосымшалар үшін ұсынады.
Access жүйесі тұтынушының (клиент) қабылдайтын және сервердегі мәліметтер түпнұсқасынан қосымша түрінде алынатын мәліметтермен динамикаы ауысуды мәліметтері хаттамаларын ұстанады. Мысалы, Access-тегі мәліметтер қоры Microsoft Word қосымшалары үшін клиент ретіндегі және байланыс арнасымен мәлімет қабылдаушы сервер бола алады.
Кестелерде сұраныстар, формалар және есеп берулерге пайдаланылатын мәліметтер сақталады. Формалар мен есеп берулер кестелердегі немесе сұраным арқылы (таңдау жолымен) алынатын мәліметтерге қолданылады. Есептеуіш операциялары немесе мәліметтерді форматтау сұранымдарды орындауда құрылмалы функциялардың немесе қолданыстағы VBA-программасы көмегімен жасалады. Макростар мен VBA-программалары мәліметтер қорында төмендегі: форманы ашу, кестеге кіргізілетін жазбалар, форма терезесінде түймені басу кезінде және т.б. шақырылады.
Макростардың көмегімен, мысалы, форманы ашу немесе есеп беру, сұранысты орындау сияқты т.б. жұмыстар атқарылады. VBA-программалары Access нысандарымен жұмыс істеуге қабілетті және Windows DLL-кітапханасынан процедуралар шақыра алады.
Microsoft Access программалары жұмысы үшін мыналар болуы шарт:
· 25 МГц тактілік жиіліктегі 80486 процессоры;
· 12 Мбайттан кем емес негізгі жадылар (16 Мбайт пен одан да көп ұсынылады);
· қалыпты жағдайда қатты дискіде 33 Мбайттан кем емес.
Жүйеде төрт мәліметтер қоры бар: College Counseling Entertainment Schedule, Microsoft Press Books және Wedding List.Кейбір дистрибутивтерде, сондай-ақ, Northwind Database, Orders Database және Developer Solutions Database оқу базалары болады. Өнімнің локалданған нұсқаларында Access МҚБЖ 7.0: «Борей», «Заказы» және «Решения» мәліметтер қоры болуы мүмкін. Олардың құрылымын оқу жұмыс істеу кезінде өз мәліметтер қорын қалай дұрыс ұйымдастыру мен жасауға болатынын, Access-ті қалай қолдану керектігін жақсы түсінуге мүмкіндік береді.
Бұрын құрылған қорлармен жұмыс істеуде бұрын бар Microsoft Access-тегі ескі форматтарды жаңа форматтарға кіріктіру құралдарын қолдану ұсынылады.
Access МҚБЖ жергілікті желілерде төмендегі типтерді: Microsoft LAN Manager, Microsoft Windows for Workgroups, Microsoft Windows NT, Novell NetWare, Banyan VINES т.с.с. функциялай алады.
Access МҚБЖ кейбір шектеулері:
· 1 Гбайт- (mdb кеңейтілуімен) мәліметтер қоры файлының өлшемі. Нақтылы өлшем МҚ (мәліметтер қоры) біріккен кестелерді қоса алатын болғандықтан, дискідегі қол жеткізуімен ғана шектеледі;
· мәліметтер қорындағы нысандар саны – 32768;
· бір уақытта жұмыс істейтін пайдаланушылар саны – 255;
· кестенің ең үлкен өлшемі – 1 Гбайт;
· кестедегі өрістердің ең үлкен саны – 255;
· кестедегі индекстердің ең үлкен саны – 32;
· символдар мен жазбалардың ең үлкен саны (Memo және OLE нысандарының өрістерін санамағанда) – 2000;
· Memo өрісіндегі символдардың ең үлкен саны – 65535;
· OLE нысанының ең үлкен өлшемі – 1 Гбайт;
· сұраныстағы кестелердің ең үлкен саны – 32.
Microsoft Access-те Office Developer Edition (ODE) деп аталатын қосымша жұмыс жасау құралдары бар. Microsoft Access-ке аспаптық жұмыс жасаудың 7 түрлі нұсқасы - Microsoft Access Developer’s Toolkit пакеті ұсынылған. 

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет