«мсак деңгейіндегі шұғыл көмек»



бет1/2
Дата23.11.2022
өлшемі32.93 Kb.
#465508
  1   2
ВОПРОСЫ МСАК ЛД 4 курс


ШЖК «Талдыкорган жоғары медициналық колледж»

«Келісемін» «Бекітемін»


Колледж әдіскері Директордың оқу ісі
________________ жөніндегі орынбасары А. Манарбекқызы ______ А.Б.Кумарова «_____»____2022ж «_____»________2022ж


«МСАК деңгейіндегі шұғыл көмек»
пәні бойынша емтихан cұрақтары
Мамандығы: «Емдеу ісі»
Біліктілігі: «Фельдшер»
Курс: Семестр VIІІ
2021-2022 оқу жылы
№ 5 ЦӘК отырысында
қаралып талқыланды.
Хаттама №
«____»_______2022 г.
ЦӘК төрайымы
____ Филимонова А.А.
Талдықорған 2022 ж.

СҰРАҚТАР



  1. "Жедел іш" ұғымы: себептері, клиникалық көрінісі. "Жедел іш" клиникасын тудыруы мүмкін негізгі хирургиялық аурулар. Терапия бағыттары. МСАК деңгейінде шұғыл көмек көрсету тактикасы мен алгоритмін таңдау. Ауруханаға жатқызу көрсеткіштері. Науқастың жағдайын бақылау және тасымалдау ерекшеліктері. Жиі кездесетін қателіктер

  2. "Шұғыл жағдай", "жедел медициналық көмек" түсінігі, жедел медициналық көмек көрсетудің нысандары мен уақыт нормативтері.

  3. Анафилактикалық шок: себептері, патогенезі, клиникасы, жедел медициналық көмек.

  4. Бас сүйек-ми жарақаты (ЧМТ): жіктелуі, мүмкін асқынулары, клиникалық көрінісі. Бас сүйек-ми жарақаты (ЧМТ): МСАК деңгейіндегі диагностика, шұғыл шаралар алгоритмі

  5. Гипертониялық криз: себептері, формалары, клиникалық көріністері және асқынулары. МСАК деңгейінде шұғыл көмек көрсету алгоритмі. Асқынған және асқынбаған гипертониялық кризі бар пациенттерге шұғыл көмек көрсету алгоритмі. Ауруханаға жатқызу көрсеткіштері.

  6. Жедел аллергоздың себептері, ең көп таралған аллергендер. Жедел аллергоздардың жіктелуі, клиникалық көріністері. МСАК деңгейінде шұғыл көмек көрсету тактикасы мен алгоритмдерін таңдау. Аллергияға қарсы және симптоматикалық терапия. Науқастың жағдайын бақылау және тасымалдау ерекшеліктері. Госпитализацияланбаған пациенттерге қатысты тактика.

  7. Жедел аппендицит асқынулары: себептері, клиникалық көрінісі. МСАК деңгейінде шұғыл көмек көрсету тактикасы мен алгоритмін таңдау.

  8. Жедел аппендицит ұғымы: себептері, клиникалық көрінісі. МСАК деңгейінде шұғыл көмек көрсету тактикасы мен алгоритмін таңдау. Негізгі диагностикалық критерийлері. Ауруханаға жатқызу көрсеткіштері. Науқастың жағдайын бақылау және тасымалдау ерекшеліктері.

  9. Жедел жүрек жеткіліксіздігі: себептері, клиникалық формалары, дифференциалды диагнозы. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы. МСАК деңгейінде шұғыл көмек көрсету тактикасы мен алгоритмдерін таңдау. Науқастың жағдайын бақылау және тасымалдау ерекшеліктері

  10. Жедел коронарлық синдром: себептері, клиникалық формалары, мүмкін асқынулар, дифференциалды диагноз. Диагностикалық критерийлер: клиникалық көрініс, ЭКГ белгілері, биохимиялық экспресс-зерттеу (миоглобин, тропониндер т.б). МСАК деңгейінде шұғыл көмек көрсету алгоритмі. Тромболитикалық терапия: көрсеткіштер, қарсы көрсеткіштер, дәрі-дәрмектер, мүмкін асқынулар және олардың терапиясы. Науқастың жағдайын бақылау және тасымалдау ерекшеліктері.

  11. Жедел қан жоғалту және геморрагиялық шок: анықтамасы, этиологиясы, клиникалық кезеңдері. Жедел қан жоғалту және геморрагиялық шок кезіндегі шокқа қарсы терапия. Қан жоғалту кезіндегі науқастың жағдайын бақылау және тасымалдау ерекшеліктері. Жиі кездесетін қателіктер.

  12. Жедел ми қанайналым бұзылысы (ОНМК) себептері, клиникалық көріністері және асқынулары. Науқастың неврологиялық жағдайын бағалау. Дифференциалды диагностика. Негізгі терапия бағыттары. МСАК деңгейіндегі шұғыл көмек көрсету тактикасы мен алгоритмін таңдау. Науқастың жағдайын бақылау және тасымалдау ерекшеліктері.

  13. Жедел панкреатит ұғымы: себептері, клиникалық көрінісі. МСАК деңгейінде шұғыл көмек көрсету тактикасы мен алгоритмін таңдау. Негізгі диагностикалық критерийлері. Ауруханаға жатқызу көрсеткіштері. Науқастың жағдайын бақылау және тасымалдау ерекшеліктері.

  14. Жедел тамыр жеткіліксіздігі. Патогенез, естен тану мен коллапстың клиникалық көрінісі, дифференциалды диагнозы. МСАК деңгейінде шұғыл көмек көрсету тактикасы мен алгоритмін таңдау. Науқасты тасымалдау және бақылау ерекшеліктері.

  15. Жедел уланулар. Ауруханаға дейінгі кезеңдегі жедел улануды диагностикалау, жедел диагностика әдістері. Улану кезінде пациенттерді тексеру ерекшеліктері. МСАК деңгейіндегі шұғыл көмек. Ауруханаға жатқызу көрсеткіштері.

  16. Жедел холецистит ұғымы: себептері, клиникалық көрінісі. МСАК деңгейінде шұғыл көмек көрсету тактикасы мен алгоритмін таңдау. Негізгі диагностикалық критерийлері. Ауруханаға жатқызу көрсеткіштері. Науқастың жағдайын бақылау және тасымалдау ерекшеліктері.

  17. Жедел ішек өтімсіздігі ұғымы: себептері, клиникалық көрінісі. МСАК деңгейінде шұғыл көмек көрсету тактикасы мен алгоритмін таңдау. Негізгі диагностикалық критерийлері. Ауруханаға жатқызу көрсеткіштері. Науқастың жағдайын бақылау және тасымалдау ерекшеліктері.

  18. Зәрдің жедел тоқтауы: себептері, клиникалық көрінісі, диагнозы және ауруханаға дейінгі кезеңдегі дифференциалды диагнозы. МСАК деңгейінде шұғыл көмек көрсету, фельдшер тактикасы. Ауруханаға жатқызу көрсеткіштері.

  19. Күйіктердің этиологиясы және жіктелуі. Термиялық зақымданудың ауданы мен тереңдігін анықтау. Күйіктің мүмкін асқынулары.МСАК деңгейінде шұғыл көмек көрсету. Ауруханаға жатқызу көрсеткіштері. Күйік жаралары кезінде ауруханаға дейінгі кезеңде қолданылатын дәрілік заттар.

  20. Қан айналымының жедел тоқтауы: анықтау, жиі кездесетін себептер, тоқтау түрлері, дифференциалды диагностика.Клиникалық өлім. Клиникалық өлім белгілері. Биологиялық өлім. Биологиялық өлімнің белгілері.

  21. Қысылған жарықтар: себептері, клиникалық көрінісі. МСАК деңгейінде шұғыл көмек көрсету тактикасы мен алгоритмін таңдау. Негізгі диагностикалық критерийлері. Ауруханаға жатқызу көрсеткіштері. Науқастың жағдайын бақылау және тасымалдау ерекшеліктері.

  22. МСАК деңгейінде жедел медициналық көмекті ұйымдастыру: ауруханаға дейінгі кезеңде көмек көрсету кезінде медицина қызметкерлерінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер (Бұйрықтар, функционалдық міндеттер, стандарттар, хаттамалар, құжаттама нысандары).

  23. МСАК деңгейінде жүректің кенеттен тоқтауы кезінде қолданылатын дәрі-дәрмектер: босату түрі, әсер ету механизмі, дозалары, қолдану көрсеткіштері, енгізу жолдары. Жүрек-өкпе реанимациясының асқынулары, олардың себептері мен алдын-алу. Реанимацияны тоқтату көрсеткіштері. Реанимацияға қарсы көрсеткіштер. Жиі кездесетін қателіктер

  24. МСАК деңгейіндегі жүрек-өкпе реанимациясы (ЖӨР): анықтамасы, көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер, тиімділік және қалпына келтіру белгілері. ЖӨР кезеңдері мен сатылары: атаулары, іс-шаралар, ережелер, тиімділікті бақылау. Дефибрилляция: анықтамасы, түрлері, іс-әрекет ережелері.

  25. Перитонит ұғымы: себептері, клиникалық көрінісі. МСАК деңгейінде шұғыл көмек көрсету тактикасы мен алгоритмін таңдау. Негізгі диагностикалық критерийлері. Ауруханаға жатқызу көрсеткіштері. Науқастың жағдайын бақылау және тасымалдау ерекшеліктері.

  26. Спонтанды пневмоторакс: себептері, патогенезі, клиникасы, жедел диагностика және МСАК деңгейіндегі шұғыл медициналық көмек

  27. Тірек-қимыл аппаратының зақымдануы: травматикалық шығу, сүйектердің сынуы. Ауруханаға дейінгі кезеңдегі жарақаттарды диагностикалау. МСАК деңгейінде шұғыл көмек көрсету алгоритмі.

  28. Үсіктер, жалпы салқындау түсінігі, олардың жіктелуі. МСАК деңгейіндегі шұғыл көмек. Ауруханаға жатқызу көрсеткіштері

  29. Шок: ұғымның анықтамасы, жіктелуі, патогенезі. Дененің шок кезіндегі компенсаторлық реакциясы. Ауырлық дәрежесіне байланысты шоктың клиникалық көрінісі. Шоктың бақылау критерийлері.

  30. Электр жарақаты: электр тогының биологиялық тіндерге әсері, жіктелуі және клиникалық көрінісі, науқасты физикалық тексеру. МСАК деңгейінде шұғыл көмек көрсету алгоритмі.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет