Mysql дің құрылымы



Дата09.11.2023
өлшемі14.52 Kb.
#482731
түріПрограмма
MySQL дің құрылымы


MySQL дің құрылымы
Деректер қоры дегеніміз белгілі бір құрылымға бағынатын деректер жиынтығы.Кейде осындай деректер қорын реляциондық(relation – қатынас, байланыс) деректер қоры деп атайды.Себебі, мұндай деректер қорында деректер қалай болса солай сақталмайды,керісінше мақсаттарына сай бөлек-бөлек кестелерде орналасады және бір-бірімен қандай да бір қатынас арқылы байланыста болады.
MySQL міне осындай қатынастағы деректер қорын басқаратын жүйе, яғни программа.Ол деректермен жұмыс істеу үшін SQL (Structured Query Language – құрылымдалған сұраныстар тілі) тілін пайдаланады.
Реляциондық деректер қорына мысал ретінде интернет-дүкендерге арналған дерекқорды алайық.Ол деректер қоры мынадай кестелерден тұруы мүмкін – тауарлар кестесі,категориялар кестесі,сатушылар кестесі,тапсырыстар кестесі,тауарлар сипаттамасы жазылған кесте және тағысын тағылар.|
Және бұл аталған кестелер бір-бірімен байланыста болады.
Мысалы,тауарлар кестесі мен категориялар кестесі категория арқылы байланыса алады-көйлек,блузка,пальто сияқтылар киім категориясына, ал туфли,босоножки т.т. аяқ-киім категориясына жатады.
MySQL екі бөліктен тұрады – клиенттік және серверлік.
Клиенттік, мысалы PHP скрипттен тұруы мүмкін-ол скрипт деректермен жұмыс істейді,яғни оларды қабылдайды,өңдейді сосын қайтадан серверге жібереді және басқа дегендей әрекеттер жасайды. 
Серверлік немесе деректер құрылымы 3 деңгейден тұрады: 1) Деректер қоры. 2) Кестелер. 3) Жазбалар.
Дерекқор мен кестелер физикалық түрде файлдармен сипатталады, ал логикалық түрде кестелер дегеніміз жазбалардың жиынтығы.
Жазбалар әр түрлі типтегі өрістер жиынтығы болып келеді.
Жазбалардың аттары кесте аумағында,кестелердің атаулары дерекқор аумағында ал дерекқор атауы жүйе аумағында бірегей,яғни қайталанбайтын болуы тиіс.
MySQL дегі жазбалар өрісі және олардың типтері. 
Өріс 2 атрибут арқылы сипатталады – атауы және типі.
Тип мынадай болып келеді:
-Бүтін
-Заттық
-Тармақтық
-Бинарлық
-Мезгіл және уақыт
-Санау және жиынтық

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет