Науқас терісі мен көрінетін шырышты қабаттары сары түсті. Тері мен шырышты қабаттардың сарғаю себебі неде?



Дата04.12.2023
өлшемі25.61 Kb.
#485379
Науас терісі мен крінетін шырышты абаттары сары тсті. Тері мен шырышты абаттарды сараю себебі неде


Науқас терісі мен көрінетін шырышты қабаттары сары түсті. Тері мен шырышты қабаттардың сарғаю себебі неде?

Тері қантамырларының тарылуы

Қандағы биллирубиннің жоғарылауы +

Қандағы оттегінің жоғарылауы

Қанда оттегінің азаюы

Қантамырларды кеңейтетін препараттардың әсері

2.Қандай патологияда өкпенің төменгі шекарасының жоғары қарай ығысуы байқалады?

Туберкулез кезінде

Өкпе эмфиземасында

Асцит кезінде +

Бронх демікпесінде

Пневмония кезінде

3.Қанқақыру қандай аурыға тән симптом

Пневмосклероз

Бронхит

Өкпе туберкулезі +

Гайморит

Тонзилит

4.Науқас қақырығында атипті жасушалар анықталды. Қандай аурыды күдіктенесіз?

Өкпенің іріңді ауруларын

Өкпе ісігі +

Өкпе абсцессі

Өкпе туберкулезі

Созылмалы бронхит

5.Резинадан жасалған бұйымдардың сапасы сақталу үшін бөлмеде қандай шарттарды ұстану керек?

күн сәулесі мен жарықтан сақтау +

төмен температурадан қорғау

Ағынды ауа болуын қамтамасыз ету

Ауа ылғалдығының 20%дан кем болмауын қамтамасыз ету

Йодпен өңдеуді жүргізу

6.Қандай жағдайда пульс жеткіліксіздігі дамиды?

тахикардияда

АҚ төмендегенде

жыпылықтайтын аритмияда +

АҚ көтерілгенде

брадикардия

7.ЭКГ жазған кезде оң қолға қандай электродты бекіту керек?

жасыл

сары

қызыл +

қара

қоңыр

8.Емдеу бөлiмiне науқасты тасымалдау түрi немен байланысты?

қараған уақыттағы науқастың жағдайына +

науқастың санитарлы- гигиеналық тазартуына

антропометриялық мәлiметiмен

дене қызуын өлшеу нәтижесiмен

артериялық қан қысымына байланысты

9.Науқасты қабылдау бөлімінен бөлімшеге тасымалдау шешімін кім қабылдайды?

кiшi мейiргер

қабылдау бөлiмiнiң аға мейiргерi

дәрiгер +

қабылдау бөлiмiнiң мейiргерi

шаруашылық мейiргерi

10.Жүрек гликозидтерінің мөлшерінен артық қолдану симптомдары қандай?

ісіктің пайда болуы, әлсіздік

жүректің қағуы, АД төмендеуі +

бас ауру, тахикардия

брадикардия, іш ауруы

АҚ жоғарылауы, лоқсу

11.Миокард инфарктісін кешкен науқастарға ұзақ уақыт бойы аспирин қабылдауды тағайындайды. Бұндай тағайындауда аспирин қандай әсер береді?

протромбининдексін төмендетеді

тромбоциттын агрегациясына кедергі болады +

пайда болған тромбтарды ерітеді

аспириннын әсер ету механизмы белгісіз

Гемоглобинді жоғарылатады

12.Артериалдық гипертензиясы бар науқастарда жүректің сол жақ бөлімдерінің гипертрофиясы байқалады. Жүрек пен аортаның қай бөлімдері ең жиі гипертрофияланған болады?

сол қарынша +

оң қарынша

оң жүрекше

аорта шықан жері

сол жүрекше

13.Жалпы жансыздандырудан кейін алғашқы сағаттарда науқастың төсектегі қалпі қандай болу тиіс?

Шалқасынан жастықсыз жатқызып, басын бүйіріне бұрады +

Шалқасынан жатқызып аяғын төмен түсіру

Жартылай отырған қалыпта

Бір бүйірімен жатқызады

Шалқасынан жастықсыз жатқызып, басын шалқайту

14.Науқасты «жату» позициядан тәуелсіз төсекке «отыру» жағдайына қарай жылжыту үшін қолданылады

Эргономикалық баспалдақ +

Флекси дискісі

Жылжымалы тақталар

Ұстауыштар

Слайдер матрасы

15.Бүйрек қызметін бағалау үшін қандай анализ өткізу керек?

Жалпы зәр анализі

Зимницкий тәсілімен +

Нечипоренко тәсілімен

Бактериологиялық тәсілімен

Аддиса-Каковский тәсілі

16.Сізге Пастернацкий симптомын тексеру керек. Бұл симптом қандай әдіс арқылы анықталады?

Іш қуысын терең пальпациялау

Іш қуысын беткей пальпациялау

Бел аумағын ұрғылау +

Қабырға доғасын ұрғылау

Өлшеу

17.Аталған симптомдардың қайсысы геморрагиялық синдромға тән?

Қан кету +

Гемоглобин мен эритроциттердің жоғарылауы

Эритроциттердің және гемоглобиннің көбеюі

Гипертермия

Тез шаршағыштық

18.Қандай патологиялық жағдай қайталанатын қансыраудың нәтижесінде болуы мүмкін?

Лейкоз

Анемия +

Геморрагиялық васкулит

Гипоксия

Гипогликемиялық кома

19.Қант диабеті кезіндегі науқастың потенциалды

Көруді жоғалту +

тат түсті қақырықпен жөтел

өкпеден қан кету

жағымсыз иісті кекірік

гематурия, олигурия

20.Созылмалы лейкоз кезінде қандай ағзалардың ұлғаюын байқайсыз?

бауыр, көкбауыр, жүрек

бауыр, көкбауыр, лимфа түйіндері +

көкбауыр, жүрек, қалқанша безі

көкбауыр, жүрек, бүйрек

мұрын, құлақ қалқаны, қол

21.Темір тапшылықта анемияның ең жиі себебі болып табылады

Дәрумендердін тапшылығы

созылмалы қан жоғалту +

көмірсуларды шамадан тыс қолдану

нәруыздарды шамадан тыс қолдау

тоңазу

22.Қарау кезінде дененің жоғарғы бөлімдерінде "медуза басы", асцит пен "тамырлы жұлдызшалар" симптомдарының анықталуы қандай аурыға тән?

гастрит

холецистит

бауыр циррозы +

Жара ауруы

панкреатит

23.Асқазан жарасы бар науқастың приоритетті проблемасы - ол эпигастралді аймақтағы ауырсыну. Бұл аурыған қандай ауырсыну тән?

ерте +

кешкі

сыздап ауру

шаншып ауру

аш қарынға ауырсыну

24.Гипертониялық кризбен науқас неге шағымданады?

бас ауруы, бел ауруы, дизурия

жалпы әлсідік, бас айналу, ауыз құрғауы

бастың қатты ауруы, құлақтағы шуыл, көз қараутыуы +

әлсіздік, суық тер, іш ауруы

жүректің соғуы, жүрек тұсының ауыруы, экзофтальм

25.Төс арты ауырсынуының сол жақ жауырын астына иррадиациялануы, ауырсыну ұзақтығы 5-10 минут симптомдары қандай патологияға тән?

миокард инфарктісінде

ревмокардит

остеохондроз

стенокардия +

құрғақ плевритте

26.Науқаста 10 жылдан бері АҚ жоғары денгейде байқалады. Соңғы күндері жағдайы нашарлай бастады. Бас айналу, құсу, лоқсу пайда болды. Обьективті: сылбыр, АҚ 230/140 мм.с.б.б., Сіздің диагнозыңыз.

Гипертоикалық криз +

Миокард инфаркті

Кардионевроз

Артериальды гипотония

Нейродистантты дистония

27.Шақыруда анамнез жинау мен қараудан соң сіз науқаста энтеритті күдіктендіңіз. Созылмалы энтеритке қандай симптом тән?

Кіндік аймағында ауырсыну +

Іш қату

Үзіліссіз құсу

Кекіру

Ауыздағы ащы дәм

28.Қараудан кейін сіздің алдын ала диагнозыңыз: 12елі ішектің жара ауруы. Бұл ауру кезіндегі ауырсыну сезімін сипаттаңыз

Тамақтан соң сыздап ауырсыну

Аш қарынға, түнде +

Майлы тамақтан кейін, "пышақ сұққандай"

белдемелі сыздап ауырсыну

Ащы тамақтан соң қысып ауырсыну

29.Терінің трофикалық өзгерістерінің дамуы қандай патологияға тән?

Темір жетіспеушілік анемияларға +

В12 жетіспеушілік анемияларға

Лейкоздарға

Геморрагиялық диатездерге

Лимфогранулематозға

30.Аталған симптомдардын қайсысы ревматоидты артриті бар науқаста болады?

Таңертеңгілік сіресу +

Әлсіздік

Жүрек айну

«Үйрек жүріс»

Ауыспалы ақсандау

31.Барлық транзиторлы- ишемиялық шабуылға ұшыраған науқастар емделуі керек

Емханадағы неврологта амбулаторлы түрде

Шипажайлық

Арнайы инсульт орталықтарында +

Күндізгі стационарда

Терапия бөлімшесінде

32.ЖКС диагнозындағы науқасқа алғашқы диагностика және жағдайының қауіптілігі жедел жәрдемнің келуімен қай аралықта көрсетілуі керек

10 мин +

15 мин

1сағ

20 мин

30 мин

33.Жіті миокард инфарктісі кезінде төс артындағы ауырсынумен қатар жүрмейтін тұншығу ұстамасы тән:

Астматикалық формаға +

Ангиозды формаға

Абдоминальді формаға

Аритмиялық формаға

Перифериялық формаға

34.Ишемиялық инсульт көрсеткіштері болатын оқшаулау алды сатысындағы гипотензивті терапия кезіндегі систолалық артериялық қысымның минималды дәрежесін таңдаңыз:

150 мм.сын.бағ.

170 мм.сын.бағ.

200 мм.сын.бағ. +

220 мм.сын.бағ.

240 мм.сын.бағ.

35.Қант диабетінің I түрімен ауыратын 30 жастағы науқаста инсулин салғаннан кейін, кома жағдайы дамыды. Ең алдымен қандай іс - шара жасау керек?

ЭКГ түсіру

5% глюкоза ерітіндісін енгізу

Инсулин (10-20 ЕД) енгізу

Қандағы креатинин, электролит деңгейін тексеру

20 мл 40%глюкоза ерітіндісін енгізу +

36.Сіз жіті коронарлы синдромның абдоминальді формасында келесі симптомдарды анықтайсыз:

Тақтай тәріздес іш, жоғары қызба

Қасағаға иррадиациялайтын шат аймағындағы ауырсынулар

Эпигастрийдағы ауырсынулар, диспепсия +

АҚ төмендеуі, бас айналу

Оң жақ қабырға астындағы ауырсынулар

37.Егер имплантацияланған кардиостимулятор бар науқасқа реанимациялық шаралар жүргізілсе:

Бұл дефибриллятор қолдануға қарсы көрсеткіш

Бұл дефибриллятор разрядын 30%-ға азайту көрсеткіші

Бұл дефибриллятор разрядын 50%-ға азайту көрсеткіші

Дефибриллятор фибрилляция анықталғанда қолданылады +

Реанимациялық шаралар жүргізілмейді

38.ST сегментінің жоғарылауымен жүретін ЖКС-ның алғашқы туындаған өткізгіштігінің бұзылыстарын бағалау қандай нұсқаға тән?

АВ блокадасы I дәрежелі

АВ блокадасы II дәрежелі

АВ блокадасы III дәрежелі

Гисс тармағының сол жақ аяқшасының блокадасы +

Гисс тармағының оң жақ аяқшасының блокадасы

39.Ішектің бітелуіне тән симптомдарды атаңыз:

Терінің жер түстес боуы, шап аймағындағы ауырсыну

тері жамылғысының сарғыштығы, сарғыш түсті нәжіс

Тақта тәрізді іш, құсу және лоқсу

Тамақтан жеркену, іштегі белдемелі ауырсыну

Іште ұстамалы ауырсынулар, газдардың шықпауы , метеоризм +

40.Тұншығу ұстамалары, кеуде торындағы қатты ауырсынулар, айқын цианоз- белгілері болып табылады:

Өкпе артериясының тромбэмболияларының +

Кардиогенді шоктың

Жыбырлақ аритмияның

Бронхты демікпенің

Клиникалық өлімнің

41.Эклампсиясы бар науқаста клоникалық тырысулардың пайда болуы кезінде фельдшердің тактикасы қандай?

Литикалық қоспаларды енгізу

Тілді тістеп алу мен жарақаттанудың профилактикасы +

Броквин бойынша магнезиальді терапия

Оксигенотерапия

Ингаляциялық кезең

42.Аяқ сынығы бойынша иммобилизацияланатын науқастың табаны қалай орналасу керек?

Барынша бүгу қалпында

сыртқа айналдыру және орташа бүгу қалпында

Балтыр сүйегіне 90 градус бұрышпен +

Балтыр сүйегіне және ішке айналыммен 90 градус бұрышпен

Барынша бүгу қалпында

43.Ересек адамға зонд арқылы асқазанды шаю кезіндегі енгізілетін сұйықтықтың бір реттік көлемі қандай?

300-400 мл

500-700 мл

900-1000 мл +

1000-1500 МЛ

150-200 мл

44.Тиімді қанайналымның тоқтауының негізгі белгісі болып саналады:

Қарашықтың жарыққа реакциясының болмауы

Апноэ

Тырысулар

Естің болмауы

Каротидті пульсінің болмауы +

45.Белсенді әңгімелесіп отырған орта жастағы ер адам кенеттен бозарып, есін жоғалтты. Дем алысы жоқ. Жүрек дефибрилляциясын жасауға нұсқаулықты атаңыз:

Асистолия

Электромеханикалық диссоциация

Братикардия

Атриовентрикулярлы блокада

Тамыр соғысынсыз тахикардия +

46.Сіз оқиға болған жерде ауыр куйдегі науқасты байқадыңыз. Демікпе, айқын цианоз, ЖЖЖ 116, АҚ 110/70 мм.сын.бағ. белгіленеді. Перкуссия кезінде оң жақта тимпанит, көкіректің солға жылжуы анықталады. Аускультацияда кенет демалудың бәсеңдеуі байқалады. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

Жіті ми қанайналымының бұзылуы

Жіті коронарлы синдром

Кенеттен болған пневмоторакс +

Өкпе артериясының тромбэмболиясы

Қолқа коарктациясы

47.Артерия жарақаты кезінде қан тоқтатушы байламды босатар алдында:

Натрий этамзилаты кт/і

Артерияны байламнан жоғары қысу орындалады +

Жарақаттанған жерге қысатын байлау салынады
Қосымша іс-шараларды қажет етпейді

Гемостатикалық губка салынады

48.Алқызыл қанның нәжісте болуы қан ағуды күмандандырады 

тоқ ішектің төменгі бөліктерінен +

асқазаннан

он екі елі ішектен.

өызыл иек пен ауыз қуысынан.

ащы ішектен

49.Шынайы кардиогенді шоктың жіті инфаркт кезіндегі себебі болып саналады:

Инфаркттан кейінгі перикардит

Миокардтың кеңейген некрозы +

Жүрек ырғағының бұзылуы

Толық атриовентрикулярлы блокада

Жүрек қақпашаларының жетілмеуі

50.Жүрекшелер тахисистолалық формалы фибрилляциясы кезінде тоқтату үшін қолданылатын препарат:

Лидокаин

Дигоксин +

Верапамил

Аденозин

Бисопролол

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет