Негіздер мен қышқылдардың күштері және термиялық беріктілігі 1 – тәжірибе



Дата26.04.2023
өлшемі17.07 Kb.
#472864
11 Зертханалық жұмыс


Негіздер мен қышқылдардың күштері және термиялық беріктілігі
1 – тәжірибе. Бейтараптану реакциясы Тапсырмалар: 1) Бейтараптану реакциясын жүргізіңіз және реакция нәтижесінде түзілген тұздарды анықтаңыз: a) HCl + NaOH → … б) H2SO4 +NaOH → … 38 2) Реакциядан байқалатын сыртқы белгілерді көрсетіңіз және реакция теңдеулерін жазыңыздар. 3) Алынған мәліметтерді түсіндіріңіз және қорытынды жасаңыз.
Құралдар және реактивтер. 50 мл - лік бюретка, 5 мл - лік пипеткалар, 50 мл-лік конус тәрізді колбалар, метилоранж және фенолфталеин индикаторлары, тұз қышқылының HCl, күкірт қышқылының H2SO4, натрий гидроксидінің NaOH ерітінділері.
Тәжірибенің орындалуы. Екі конус тәрізді колба дайындаңыз. Бір колбаға пипеткамен 5 мл тұз қышқылының HCl ерітіндісін, ал екінші колбаға 5 мл күкірт қышқылының H2SO4 ерітіндісін құйыңыз. Олардың әр қайсысына 1-2 тамшы кез- келген қышқылдық негіздік индикаторды тамызыңыз. Қышқылдың табиғатына тәуелсіз, индикатордың бір түске боялғанына көз жеткізіңіздер, екі ерітіндінің де ортасы қышқылдық. Осыдан кейін екі сынауықтағы қышқыл ерітіндісін натрий гидроксидінің NaOH ерітіндісімен ақырындап титрлеңіздер. Индикатордың түсінің өзгеруі бойынша ерітіндіні бейтараптау арқылы қышқыл ортадан сілтілі ортаға өткенін байқаңыз. Фенолфталеин қосса индикатор түсі түссізден қызғылт, содан кейін таңқурай түске, ал метилоранж тамызса қызыл түстен қызғылт сары, содан кейін сары түске өзгереді.
2 – тәжірибе. Орта, негіздік және қышқылдық тұздардың түзілуі
1) Химиялық алмасу реакциясын жүргізіңіздер және әрекеттесу нәтижесінде түзілетін тұздарды анықтаңыздар:
a) Na2CO3 + CaCl2 →…
б) Na2CO3 + CoCl2 → …
в) Na2CO3 + HCl → …
2) Реакциядан байқалатын сыртқы белгілерді көрсетіңіз және реакция теңдеулерін жазыңыздар.
3) Алынған мәліметтерді түсіндіріңіз және қорытынды жасаңыз.
Құралдар және реактивтер. Сынауықтар, фенолфталеин индикаторы, кальций хлоридінің CaCl2, кобальт хлоридінің CoCl2, натрий карбонатының Na2CO3 және тұз қышқылының HCl ерітінділері.
Тәжірибенің орындалуы. Орта тұздың (кальций карбонатының СаСО3) алынуы. Сынауыққа 1-2 мл натрий карбонаты Na2CO3 ерітіндісін құйыңыз сынауықты тоқтаусыз ақырын шайқай отырып аз еритін орта тұз кальций карбонатының СаСО3 ақ тұнбасы түзілгенше тамшылатып кальций хлоридінің CaCl2 ерітіндісін қосыңыз.
Негіздік тұздың (кобальт гидроксокарбонатының (СоОН)2СО3) алынуы. Сынауыққа 1-2 мл натрий карбонатының Na2CO3 ерітіндісін құйыңыз, сынауықты тоқтаусыз ақырын шайқай отырып аз еритін негіздік тұз кобальт гидроксокарбонатының (СоОН)2СО3 күлгін тұнбасы түзілгенше тамшылатып кобальт хлоридінің CoCl2 ерітіндісін қосыңыз.
Қышқылдық тұздың (натрий гидрокарбонатының NaНCO3) алынуы. Сынауыққа 1-2 мл натрий карбонатының Na2CO3 ерітіндісін құйып, 2-3 тамшы фенолфталеин индикаторын тамызыңыз. Содан кейін сынауықты тоқтаусыз шайқай отырып, фенолфталеиннің таңқурай түсі жойылғанша тұз қышқылының HCl ерітіндісін тамшылатып қосыңыз. Яғни, натрий гидрокарбонаты NaНCO3 (қышқылдық тұз) түзілгеніне көз жеткізу үшін сынауыққа 2-3 тамшы тағы да тұз қышқылының HCl ерітіндісін қосыңыз. Газ көпіршіктерінің бөлінуі қышқылдық тұз натрий гидрокарбонатының NaНCO3 өзгеріске ұшырағанын дәлелдейді.
3-тәжірибе. Негіздік гидроксидтердің күші және термиялық төзімділігі
Тапсырмалар:
1) Мынадай негіздік гидроксидтер жұбының иондардың поляризациялық әсерлесу (ПӘ) тұрғысынан термиялық беріктігін (ТБ) және күшін (α) салыстырыңыз:
а) Mg(OH)2 – Cu(OH)2
б) Ni(OH)2 - Cu(OH)2
2) Жоғарыда көрсетілген негіздік гидроксидтерді алыңыз және олардың қыздырғандағы қасиетін тексеріңіз.
3) Реакциядан байқалатын сыртқы белгілерді көрсетіңіз және реакция теңдеулерін жазыңыздар.
4) Алынған мәліметтерді түсіндіріңіз және қорытынды жасаңыз.
Құралдар және реактивтер. Сынауықтар, электр плитасы, 200-300 мл – лік жылуға төзімді стакан, магний хлоридінің MgCl2, мыс сульфатының CuSO4, никель хлоридінің NiCl2 және натрий гидроксидінің NaOH ерітінділері.
Тәжірибенің орындалуы. Үш сынауық дайындаңыз. Бірінші сынауыққа 1-2 мл магний хлоридін MgCl2, екінші сынауыққа 1-2 мл мыс сульфатын CuSO4, ал үшінші сынауыққа да 1-2 мл никель хлоридін NiCl2 яғни тұз ерітінділерін құйыңыз.
Содан кейін әр сынауыққа, бірінші сынауыққа магний гидроксидінің Mg(OH)2 ақ тұнбасы, ал екінші сынауыққа мыс гидроксидінің Cu(OH)2 көгілдір тұнбасы және үшінші сынауыққа никель гидроксидінің Ni(OH)2 ашық - жасыл тұнбасы пайда болғанша натрий гидроксидінің NaOHерітіндісін құйыңыз. Ары қарай барлық сынауықтарды гидроксид тұнбаларымен суы бар жылуға төзімді стаканға салып, электр плитасына қойыңыз. Бірнеше уақыттан кейін тек мыс гидроксиді Cu(OH)2 бар сынауықта ғана көгілдір түсті тұнбадан қара түске өзгеруін байқаңыздар, ал сол уақытта магний гидроксиді Mg(OH)2 және никель гидроксиді Ni(OH)2 тұнбалары өзгеріссіз қалады. Никель гидроксидінің термиялық ыдырау реакциясын байқау үшін тұнбаны термиялық тигельге салып, ашық – жасыл түсті никель гидроксидінің Ni(OH)2 қара түсті никель оксидіне NiO айналғанша қыздыру қажет. Алынған мәліметтер анықтамалықтағы мәліметтермен, яғни заттардың ыдырау температураларымен сәйкес. Мыс гидроксиді Cu(OH)2 үшін ыдырау температурасы 800 С, магний гидроксиді Mg(OH)2 – 3500С, ал никель гидроксиді Ni(OH)2 – 2300С.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет