Нұр Астана. – 2012. №2. – 17 қантар Жүнісбекова Д. Машақаты мол



Дата03.07.2016
өлшемі18.71 Kb.
#174680
Нұр Астана. – 2012. - №2. – 17 қантар

Жүнісбекова Д.



Машақаты мол «летник»

Студенттердің білім сапасын жақсарту мақсатында ЖОО-ның оқыту жүйесіне «летник» тәсілі енгізілді. Яғни, ендігі уақытта сынақ тапсыра алмай қалған студент жаз маусымына қалдырылады да, сол уақытта емтиханын қайтадан тапсырады. Ал, оған дейін ол «летникке» қалғаны үшін белгіленген соманы қалтасынан телеуге тиіс. Өзі ақылы бөлімде оқыса, әрі «летникке» қалғаны үшін тағы қосымша ақша төлесе, студент байғұстың несі қалады сонда? Бұл жүйенің пайдасы мен зиянын таразылайтын болсақ, ЖОО үшін ғана оның пайдасы зор да, ал студент қауымына шектіретін зияны шаш етектен сияқты. Тіпті «летниктің» кесірінен студент қауымы жазғы демалысқа кеш шығады, әрі оның үстіне соңғы сиырын сатып баласын оқытып жатқан ата-анасына да салмақ түсіреді. Біз осы мәселеге байланысты оқытушылар мен студентердің пікірін сұраған едік....



Ақжарқын Жасұзақова,

С. Сейфуллин атындағы агротехникалық, университеттің 3-курс студенті:

- Жазғы семестрғе қалудың менің ойымша, ешқандай да пайдасы жоқ. Әсіресе ол студенттерғе ақша жағынан қиындық туғызады. Былтыр 2-курс оқып жүрғенде, маған жұмыс істеуге тура келді. Сондықтан сабаққа үлғермей қалып, жазғы семестрғе қалып қойдым. Тапсыратын пәнім 2 кредиттен тұратын, сонда жалпы алғанда мен 15 740 теңге төледім. Осы соманы төлеп болғаннан кейін, түбіртек алып кафе­дра оқытушысына көрсеттім, ол менен сабақты сұрамай төленгені үшін 97 балл қойып берді. Осыдан туындайтын ой, студенттің жазғы семестрден кейін білімі арта қоймады, тек ақшасы азаяды.

Әсет Асқаров,

С.Сейфуллин атындагы агротехникалык, университеті, «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» кафедрасының аға-оқытушысы:

- Мектепті бітірген балалардың базалық білімі төмен болып келеді. Физика, математикадан еш нәрсе білмейді, сондықтан да білімі жеткіліксіз болған сон жазғы семестрғе қалады. Оқытушы ретінде менің ойым, «лет­никке» қалған студенттің өзі кінәлі, сабаққа келмейді, берген тапсырманы орындамайды.

Бахтыбек Байниязов,

С.Сейфуллин атындағы агротехникалық, университеті, электрмен жабдықтау кафедрасының меңгерушісі:



- Бұндай жағдайда студент қана кінәлі деп есептемеймін. Менің оқытушы ретінде ұстанып отырған бағытым, елу де елу. Екі жақтың да өзара қатысы бар. Яғни, оқытушы пәнін дұрыс түсіндірмейді, не болмаса қаталдықтанытпайды. Оқу процесінде қатаң талап етпейді. Содан студент босаңсып кетеді. Өз басым мен сту­дентке барынша қаталдық танытып, уақытылы тапсыруға мәжбүр етемін кейін студенттің обалына қалғым келмейді....

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет