Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасы Әдістеме – библиография бөлімі



Pdf көрінісі
бет1/27
Дата14.11.2023
өлшемі0.6 Mb.
#483209
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27



Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасы 
Әдістеме – библиография бөлімі 
 
 
 
 
 
 

Азаттықты аңсаған Алаш жолы
/ Алаш саяси партиясының I-Жалпықазақ съезіне 100 жыл/ 
Библиографиялық көрсеткіш 
Арқалық қаласы, 2017






Құрастырушыдан 

Халқымыздың тарихы ұшан-теңіз екеніне Тәуелсіз ел болғаннан бері көз 
жеткізіп келеміз. Небір тың деректерді, ел болашағына көз жіберген дара 
даналарды танып, біліп отырмыз. Алаш қозғалысы, «Алаш» партиясы
Алашорда үкіметі, Алаш идеясы бүгінгі таңда қазақ тарихының күрделі әрі 
көкейкесті мәселелері болып табылады. Жоғарыда аталған күні кешеге дейін 
лайықты бағасын ала алмай келген ұғымдар қазақ қоғамындағы ұлттық 
оянудың, ұлттық сана қалыптасуының бір көрсеткіші. 
«Алаш» партиясын құру мен Алашорда үкіметін қалыптастыру 
жолындағы жанқиярлық еңбегі нәтижесінде «Алаш арыстары» ардақты есімін 
иеленген зиялы қауым тарих сахнасына көтерілді. 
«Алаш саяси партиясының 100 жылдығына» орай шығарылып отырған 
библиографиялық көрсеткіште елім, жерім деп арыстандай айбаттанып, «Оян, 
қазақ!» деп үн қатқан Алаш азаматтары, ардақты зиялыларымыз кешегі қызыл 
империяның қанды тырнағына ілінген азаматтарымыздың ерен ерлігін жас 
ұрпаққа үлгі етіп, насихаттау мақсатында библиографиялық көрсеткішті 
оқырман қауымының назарына ұсындық. 
Библиографиялық көрсеткіш «Алаш қозғалысы: Аңыз және Ақиқат», 
«Алаш партиясы, Алаш партиясы съезінің каулысы» «Алашқа айбын болған 
арыстар», «Алаш арыстары және әдебиет» атты бөлімдерден тұрады.
Библиографиялық көрсеткіштің «Алаш қозғалысы: Ақиқат және Аңыз» 
бөлімінде «Алаш» партиясының құрылуы, мақсаты және қызметі жайында 
мәлімет берілсе, «Алаш» партиясы «Алаш партиясы съезінің каулысы» 
бөлімінде
бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылып, бұл 
съезде қаралған басты мәселелерді айқындайды. 
«Алашқа айбын болған арыстар» бөлімінде азаттық үшін, ұлт еркіндігі 
үшін күрескен Алаш зиялылары ұлт-азаттық қозғалысқа жаңаша сипат беріп, 
саяси күрес түрін, күшін қалыптастырғандығы туралы айтылып, алаш 
ардақтылары туралы жазылған әдебиеттер мен мерзімді баспасөз бетінде 
жарияланған мақалалар тізімі енгізілген. 
«Алаш арыстары және әдебиет» бөлімінде Алаш қайраткерлерінің әдеби 
шығармалар арқылы қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, 
сезіміне әсер ету жолдарын іздеген, жаңа өлеңдік форма мысал арқылы
әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен жазылған Алаш қайраткерлерінің 
шығармашылықтары жайында мағлұматтар берілген. 
Көрсеткіштің 
соңғы 
бөлімінде 
Есімдер 
көрсеткіші 
берілген. 
Библиографиялық көрсеткіш тарихшыларға, ғылыми қызметкерлерге, 
оқытушылар мен студенттерге ел тарихын білгісі келетін барша оқырман 
қауымға арналған.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет