Қоңыр және қызыл балдырлар



Дата05.07.2016
өлшемі36.5 Kb.
#179667
Қоңыр және қызыл балдырлар.

Қоңыр балдырлар (PHAEOPHYTA) негiзiнен теңiз өсiмдiктерi. Олар теңiзде орман және шалғын сияқты ну болып өседi. Бұл балдырлар көпжасушалы, денесi шырышпен қапталған. Көпшiлiк қоңыр балдырлар аса iрi болып бiрнеше метрге тiптi ондаған метр ұзындыққа жетедi.

Қоңыр балдырлардың жасушаларында барлық балдырларға тән органойдтар бар. Хроматофорларында хлорофилл, каротин, ксантофилл және қоңыр фукоксантин бар. Осы пигменттердiң әртүрлi көлемде (аз, көп) болуына байланысты қоңыр балдырлардың түсi де таза жасылдан қара-қоңырға, тiптi кейде қараға дейiн өзгерiп тұрады.

Ламинария – бұл қоңыр балдырдың қиыр шығыстан Солтүстiк Мұзды мұхит теңiздерiне дейiн кездесетiн түрi.

Ламинарияның денесi ұзындығы 1 метр немесе бiрнеше метр болатын ұзынша келген сағақтағы жапырақ тәрiздi. Дегенмен бiз айтқандай балдырлардың барлығында нағыз жапырақ, сабақ, тамыр сияқты мүшелерi болмайды. Ламинарияның және басқа балдырлардың денесiн қабаттама дейдi. Су түбiне ламинария тамыр тәрiздi өсiндiлерi –ризоидтарымен (гректiң «ризат» – тамыр, «идес» – түр деген сөзiнен шыққан) бекiнедi. Ризоидтары басқа балдырлардыкiндей тек қана бекiну үшiн қажет. Су дене қабаттамасының бүкiл бетiмен сорылады. Жоғары сатыдағы өсiмдiктердiң сүзгiлi түтiктерi сияқты оның сүзгiлi жасушалары бар. Бiрақ, өткiзгiш түтiктерi болмайды, судағы балдырларға оның қажетi де шамалы.

Жағалауда өсетiн кәдiмгi қоңыр балдырлар қатарына фукус та жатады.

Қайыс тәрiздi аса тармақталған фукустың қабаттамасы 50 см-ге дейiн жетедi. Бұл балдыр суда ауаға толы кең қуыстары арқасында тiк тұрады. Су деңгейi төмендегенде фукустың ну өсiндiлерi құрлықта, құрғақта қалады.

Қызыл балдырлар (RHODOPHYTA) өте тереңде мекендейдi. Балдырлардың осы типтерiне тән пигмент – қызыл фикоэритрин. Қызыл балдырларда одан басқа хлорофилл, каротин, ксантофилл және фикоциан сияқты пигменттер де бар. Қоңыр балдырлар сияқты бұлардың да осы пигменттер көлемiнiң әр түрлi болуына байланысты түстерi де қара-қоңырдан ашық-қызылға дейiн өзгерiп отырады. Қызыл балдырлардың түсi олар мекендейтiн 100 м тереңдiкке дейiн жететiн күн сәулесiне байланысты.

Қызыл балдырлар көпжасушалы . Олар кейде жiп тәрiздi тармақталған ағзалар, кейде күрделi тармақталған таспа тәрiздi болып сыртқы құрылысы жоғарғы сатыдағы жапырақты өсiмдiктерге ұқсайды.

Хлорофилдерiнiң есебiнен жарықта фотосинтез жүредi. Осы кезде суға оттегi бөлiнiп, судан көмiрқышқыл газы сiңiрiледi. Олардың денесiнде ақуыз, май, қант, крахмал сияқты органикалық заттар түзiледi.



Көк – жасыл балдырлар (CYANOPHYTA). Көк – жасыл балдырлар жасушаларының қарапайым құрылыстылығымен ерекшеленедi. Жасушаларының қабықшасы пектиндi, шырышпен қапталған. Цитоплазмада органоидтары жоқ. Цитоплазма шеттерiнде пигменттер орналасқан, жасуша ортасында ядролық зат бар. Жасуша құрылысының ерекшелiгiне байланысты олардың көбеюi қарапайым бөлiну арқылы жүредi. Көк жасыл балдырлар прокариоттарға жатады(қалыптасқан ядросы жоқ). Бұл балдырлардың әртүрлi пигменттерi болады. Көк-жасыл түс беретiн жасыл хлорофилл және көк пигмент фикоциан . Осы екi пигменттен басқа бiрде аз, бiрде көп мөлшерде қызыл түс беретiн –фикоэритрин және сарғыш түс беретiн каротин де бар.

Көк-жасыл балдырлар әртүрлi экологиялық жағдайларда тiршiлiк етедi: әртүрлi деңгейде ластанған тұщы және тұздылау су қоймаларындағы су қабаттарында, топырақта, ағаштар дiңдерiнiң түбiнде.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет