Оқыту мен оқудағы өзгерістер Қазіргі технология заманында дәстүрлі дайын білімді жаңа үрдістер басып жатыр. «Дәстүрлі дайын білім өмірлік жағдайларда пайдалануға келмейді, керексіз болып қалады деген»



Дата17.06.2016
өлшемі73.75 Kb.
#143539



Оқыту мен оқудағы өзгерістер

Қазіргі технология заманында дәстүрлі дайын білімді жаңа үрдістер басып жатыр. «Дәстүрлі дайын білім өмірлік жағдайларда пайдалануға келмейді, керексіз болып қалады деген» пікірлер айтылып жатыр. Алайда осы пікірмен келісуге де болады. Қарбалас, ақпараттық ағымдар толастамай тұрған заманда сындарлы оқыту өз нәтижесін беретін сияқты. Сындарлы оқыту оқушының түсіну қабілетін, алған білімін кез келген жерде пайдалана алуды мақсат тұтады. Сондықтан осы өзгеріске мұғалімнің де дайындығы болуы керек. Қалай болмасын, біртіндеп ендеп келе жатқан технология түрлері, олардың пайдасы мен маңызы, әсері туралы әр мұғалімде түсінік болу керек. Өзінің білім берудегі әрекетінде осылардың қайсысы өз жемісін бере алатыны, қолдануда оқушыға нәтижелі әсер ететінін сезіне алуы тиіс.

Бір сөзбен айтқанда жан-жақты ұстаз болу – заман талабы. Қалыптасып қалған қағидалармен білім беріп келген мұғалімдердің жаңашыл иделарды бірден қабылдап алуы қиынға соғуы мүмкін немесе сенімсіздігін туғызуы да ғажап емес. Сондай уақыттарда алдымен көзқарасты өзгертуге тура келеді. Мұғалімнің жаңашыл технологияның қаншалықты маңызды екенін түсініп, оқушыдан бұрын өзінің дайындығы талап етіледі.

Мен оқып бітіргеннен бері оқыған бағдарламаны өз тәжіриемде қолданып, осы бағдарлама аясыда өзгергенім қуанышты жағдай. Мен үшін үлкен бетбұрыс болғаны – бағдарламадағы қалай оқу керектігі туралы идеялар мен оқушылардың өзін - өзі реттеуіне, сыни тұрғыдан ойлауға үйретуге, сонымен қатар дарынды және талантты балалардың қабілетін көрсетуге мүмкіндік беру жолдарын қарастыратындығы. Яғни, барлық мүмкіндіктерді бір желіге келтіргендігі.

Жалпы алғанда, оқу туралы сөз болғанда адамның ішкі «мені» мен физиологилық қажеттіліктеріне көңіл аударылып отырған. Осы мәселе турасында А.Маслоу бес сатылы баспалдақ жасап, оның төменгі бөлігіне биологиялық және физиологиялық қажетіліктерді орналастырған, ал жоғары жағынан өзін-өзі таныту қабілеті көрінген. Сондықтан мен бұл жерде

А. Маслоудың қажеттіліктер иерархиясымен толық келісемін. Қандай жұмыс болмасын, алдымен адамға жағдай жасалу керек. Содан кейін барып баланың ішкі «Менін» оятып алға жылжытуға болады. «Мен» тұжырымдамасы арқылы әр балада стимул орнатып, нәтижеге бағыттау мүмкін болады.

Семинарлар, ата-аналармен тренингтер өткізу барысында семинарға қатысушылар қызығушылық танытып, өз ой пікірлерімен бөлісіп отырады. Қазіргі оқушылардың талабы жоғары, сондай - ақ сол талапты орындау мақсатында мұғалімге де жоғары талап қойылады.

Еңбек етіп жүрген кез келген адам еңбегінің жемісін көргісі келеді. Ал ұстаз еңбегінің адал жемісі – білімді де тәрбиелі шәкірті. «Ұстаздан шәкірт озсын» демекші, бойында барын мұғалім білім алушыға сарқа құюға тырысады. Себебі, мұғалім бағасы алдындағы шәкіртімен берілмек. Оқытылған бағдарлама бойынша мұғалімнің алдына оқушының жан-дүниесін жақсы түсіне білу міндеттемесі қойылған. Оған бала, білім алушы деп қана қарамай, білім үрдісінің бір бөлігі ретінде назар салу қажет. Қалай десек те, сабақ өткізуге келген тәжірибелі мұғалім алдымен балаларға бажайлай қарап, әркімнің қандай көңіл-күймен отырғанын қарап шығады емес пе? Ұстаз оқушыны икемдей отырып, бірте-бірте оның да білім үрдісіне қатысуына алып келеді. Әр оқушы білімнің іске асуында өзінің де жауапты екенін сезіне алуы тиіс. Осы кезде мұғалім бойында Шульман атаған «үш көмекші» қасиеттердің болуы оқытудың тиімді өтуіне мүмкіндік береді. Олар: бас, қол және жүрек.

Бағдарламада көрсетілгендей, білім беру бар да білім алуды үйрету бар. Шынында бір сыныпта отыз бала отырса, оның бәрінің білімге ынтасы, қабылдауы, қабілеті бірдей емес. Біреулері бір айтқанды жылдам қабылдап алса, енді бірі баяу қабылдауы мүмкін. Осы кезде оларға мұғалім көмегі қажет. Игертілетін материал көлемін, күрделілігі, нені оқыту керектігін мұғалім алдын ала сұрыптап алуы қажет. Әр оқушыны шыныдан көргендей барлық жан-дүниесімен мұғалім көре алуы - басты дүние. Білім беру барысында оқушының өзіне де жауапкершілік жүктелуі табысқа әкеледі.

Тәжірибемнен айта кетсем, қазір білім беріп жатқан сыныбым

2 «А» сынып. Әр пәнде визуалды айғақтар, дыбыстық жазбаны, сергіту сәттерін ақпараттық комуникативті технологияның көмегімен оны қолдану тиімді. Сабағымда үй тапсырмасын тексеруде оқушыларды диалогтік қарым- қатынасқа түсу үшін сұрақ қоюдан бастаймын.Сұрақ қою түрлері «түрткі сұрақ, қайта бағыттау,сынақтан өткізу». Бұл сұарақтар оқушылардың сыни ойлауларына әрекет ету мақсатында таратпа ресурстар арқылы тапсырмалар бергенде, топ ішінен тапсырмаларды орындауда шапшаңдылықтарымен талантты және дарынды оқушылар да байқалады. Тапсырмаларда оқушылардың сөйлеу мәнері, олардың сұрақтарға нақты, әрі дәлелдермен жауап беруі, оқушылардың жауаптарына қарай формативті бағалануы, яғни барлық іс - әрекет сыни тұрғыдан ойлау әдістерін, стратегияларын қолдану арқылы іске асырылып отырады. Сабақ барысында қолданатын бағалау түрлерім – формативті және жиынтық. Мұндай бағалау оқушылардың өздеріне деген сенімділіктерін байқатады және шынайы баға екендіктеріне көздері жетеді.Мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы диалогтік оқыту арқылы оқушы жауаптарын формативті бағалап отыру мен үшін әдеттегі жағдайға айналды десем болады. Яғни ынталандыру мақсатында мақтау, мадақтау,ауызша бағалау түрін жүзеге асырып келемін. Өзін - өзі бағалау парақшаларын да толтырып отырады.Жалпы сабақ барысында ақпараттық комуникативті технологияларды және де оның кейбір элементтерін де қолдану кезінде мұғалім үшін өте қажетті құрал екеніне көзім жетті.

Александер (2008) диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. [нұсқаулық, 29бет] Сондықтан, тәжірибе барысында диалог түрінде оқытуды қолдану, мен үшін өте қолайлы. Сондай - ақ оқушылар үшін де жұмыс істеу қолайлы деп есептеймін. Себебі, оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы, оқушы мен мұғалім өзара тығыз қарым - қатынаста болады. Диалогты оқыту әр сабақта, сабақтың өн бойында көрініс алады.

Кей сабақты қорытындылау барысында интербелсенді тақтада «Инсерт» стратегиясын қолдану арқылы АКТ модулін ықпалдастыруда оқушыларға суреттер көрсету, дыбыстық жазба тыңдату, сергіту сәттерінде интербелсенді тақтаны пайдаланамын.

Критерийлер пәнге байланысты алынады. Берілген тапсырмалар бойынша уақыт шегі қойылады. Осындай сабақтар өткізу барсында оқушылардың ойлары дамиды, бір – бірінің пікірлерін тыңдауға үйренеді. Сабаққа деген қызығушылықтары артқандығы байқалады.

Сыныпта жүргізілген кез келген сабақ түрлерінде оқушы белсенді рөл атқарады. Балалар сабаққа барынша қатысып, өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, ойын жеткізеді, мақсат қояды, өзін-өзі қадағалайды. Осылайша білім беру үрдісінің белді мүшесіне айналып шыға келеді.

Бағдарламада көрсетілгендей, оқу пирамидасында дәріс пен оқытудың үлесі небәрі 10% - ғана тең болса, практика жүзінде қолдана отырып, білім беру 90%- дейін барады екен. Бұған оқушыларда Чиксентмихаил «өзіндік мақсат» деп атайтын, ал Райан мен Деки «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттерді қосыңыз. Бұл-аталғандар оқушылардың саналы түрде білім алуға ұмтылыстарын арттырады. Оқушы тек жақсы жағынан көрініп, үздік баға үшін ғана тырыспай, өзінің жан-дүниесін біліммен нәрлендіруге ұмтылады. Білім алудың өзі үшін қаншалықты маңызды екенін іштей түйсінеді. Түйсіне отырып, алға ұмтылады. Мұғалім жұмысын жеңілдетіп, оқушы рөлінен әріптес рөліне ауысуы мүмкін. Осы кезде ғана мұғалім мен оқушының ұштасқан әрекеті нәтижеге ие болады. Қазір былтырғы сыныптағы сапамен салыстырғанда білім сапамыз 62%--ды құрап отыр. Әлі де жоғарлай беруге жұмыс жасаймын.Оқушылар түрлі сайыстар мен респуликалық баспаларға өз шығармашылықтарын жариялап отырады.

Жалпы сабақ барысында ақпараттық комуникативті технологияларды және де оның кейбір элементтерін де қолдану кезінде мұғалім үшін өте қажетті құрал екеніне көзім жетті.Бұл сандық құрылғылардың қайсысы болмасын оқушыларды оқытуда, ақпарат беруде мұғалімнің уақытын үнемдеуге көп көмегін тигізеді.

Оқушылармен түрлі әдіс- тәсілдер мен стратегиялар атап айтар болсам әр сабағымда «Ыстық орындық», «Инсерт», «Өрмекші торы» және рефлексия жасаудың өзін де түрлендіріп отырамын. Олар: « Екі жұлдыз , бір тілек » ,

« Бес минуттық эссе жазу» , « Екі жұлдыз , бір тілек » рефлексиясында оқушы сабақтан түйген білімінен екі ұнаған және келесі сабаққа айтар бір ұсынысын жазу кезінде күтпеген жауаптар алуға болады.

Десек те, бұл жерде оқушының білімге деген ынтасы ғана сөз болмайды. Нұсқаулықта қарастырылғандай, білім беруде немесе білім алуда негізгі рөлдер қызметі – психологиялық жағдайында, генінде, жадысында. Пиаже теориясы бойынша білім алу ассимиляция және бейімделу деген екі үдеріске ие екен. Яғни, бұл туа біткен және жеңіл түрде айқындауға болатын қасиеттер. Ал ген мәселесі табиғатпен байланысты. Жүргізілген зерттеулерге сенсек, ген адамның мінез-құлқына әсер етеді, ал адамның мінез-құлқы генге әсер етеді екен. Бұған қарап, білім алатын оқушының шығу тегі, отбасылық жағдайы, қоршаған ортасы да дұрыс білім қабылдауға айтарлықтай ықпал жасайды деген тұжырым жасауға болады.

Заман талабына сай білім беру мен білім алуда жаңа тәсілдер үнемі қажет болып отырады. Олардың ең бастылары:


  • сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

- оқытудағы ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану;

  • талантты және дарынды оқушыларды оқыту;

  • оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру.

  • оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

  • оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

  • оқытудағы басқару және көшбасшылық

Аталған модульдердің қай –қайсысын алсақ та, өзіндік ерекшелігі бағыты, міндеттері бар.

Сондай – ақ бағдарлама аясында мінез-құлықтары әр түрлі, білімге деген бейімдері де сан қырлы оқушыларға қалай көмектесу керектігі айтылды. Расында білім алуды өзінше түсінетін, соған қарай қимыл жасайтын балалар әрекеттері де бір-бірлеріне ұқсамайды. Осы жөнінде қандай көмек ұсынуға болатыны туралы топтық жұмыстарда қаралды. Өз пәніне оқушылар қызғушылығын арттыруда жұмыс істеген Дипак жаңа стратегиялар анықтайды. Оқушыларға ғана емес, мұғалімдерге де ықпал жасайды. Міне, Дипак әрекет еткендей, сыныптағы болып жатқан жағдайларды мұғалім әрдайым бақылап, пайда болған проблемадан шығудың жолдарын қарастырып отыруы табысқа әкеледі.

Бүгінгі таңда Қазақстанда шет елдік нәтижеге ие, үздік технология түрлерін көптеп ендіруде. Мұның бәрі дамыған елдермен терезесі тең дәрежеде болу, әлемдік ағымнан қалыс қалмай, оза шабу. Қазақстанды әлем елдеріне таныту мақсаттарынан туындаған. Сондықтан кез келген салада жүрген азаматтар мен азаматшалар жан-жақты қаруланып, технологиялық өзгерістерге дайын болуға тырысуда. Ал мұғалімдер қауымының негізгі әрі басты қаруы – білім мен жаңашыл технология. Мұғалімдер бір ғана білім беруді жалаң қабылдамай, оның түрлі аспектілерін меңгеріп, әлемдік озық технология түрлерінен хабардар болулары керек деп ойлаймын. Мен осы үшінші деңгейлік курсты аяқтап, жұмыс жасау аясында өзім және оқушыларымның да өзгергендіктері байқалады.

Алдағы уақытта да осы білімімді әрі қарай талмай ізденіп, әріптестермен кеңесе отырып, алдымдағы шәкірттеріме сапалы білім бере отырып, өзімнің



іс – тәжірибеме көптеген өзгерістер енгізуді міндет етіп қойдым.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1..Мұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012 жыл

2.Ресурстар.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет