Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ түрік



Дата28.05.2023
өлшемі33.04 Kb.
#474391
Отбасы құқығы бөж 2 апта


Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ түрік
университетінде.
Экономика,басқару және құқық факултеті
Құқықтану кафедрасы

Бөж
Тақырыбы: Неке шартының түсінігі мен маңызы

Қабылдаған: Тұрлыбеков.Қ.А
Орындаған: Бағдатқызы.А
Тобы: ЗҚТ-111
Түркістан-2022
Жоспар

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

1. Неке шартының түсінігі мен маңызы


2. Неке шартының мазмұны және оны жасаудың тәртібі 

3. Қорытынды
4.Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Отбасы қоғамда үлкен рөл ойнайды. Отбасы құқығы - отбасы мүшелерінің арасындағы жеке мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін нормалар жүйесін көрсететін, құқықтың бір саласы. Сонымен қатар, заңда анықталған жағдайдайларда – басқа да туыстар арасындағы қатынастарды реттейді.Осыдан шығатын қорытынды: отбасы құқығы – неке қатынастарының пайда болуын, өзгертілуі мен тоқтатылуын реттейтін теориялар жиынтығын зерттейтін ғылым. Отбасы, ол – баспана әрі тұрақты мекен. Неке отбасын құру мақсатымен заңда белгіленген тәртіппен ерікті және толық келісім жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақ болып табылады. Неке ерлі–зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды туғызады. Ерлі–зайыптылардың құқықтары мен міндеттері АХАЖ органдарында некеге тұру мемлекеттік тіркелген кезден бастап туындайды және де заңмен белгіленген тәртіпте тіркелген неке ғана құқықтық салдарға әкеп соғады.Ерлі–зайыптылардың мүлкі жөніндегі қатынастың шарттық сипаты болуы, сондай–ақ қолданыстағы неке-отбасы заңының нормаларымен реттелуі де мүмкін. Мүлік режимі белгілі бір мүліктің ерлі-зайыптылардың біреуіне (өзіндік мүлік) тиесілі екенін немесе екеуіне де ортақ мүлік болатынын анықтайды. Ерлі-зайыптылар мүліктің режимі мен құқықтық мәртебесін, оның біреуіне тиесілі болуын өзара келісімі бойынша анықтай алады. Мұндай келісім болмаған жағдайда, ерлі-зайыптылар меншігінің заңды режимі некеде тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады. Дамыған елдердің бәрінде некелеспес бұрын, өзара келісім-шартын жасасады. Бұл құжатта азаматтар ажыраса қалатын жағдайда мәміледе неке өмірінің барлық маңызды сәттері ескеріледі: екі тараптың дәулет жағдайы, кәмелетке толмаған балалар кіммен болатынын, рақымсыз жұбайға қандай айып-шара қолдануға болады. Шетелдерге неке шарты арқылы мүліктік қатынастан бөлек, жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамада неке шартына отыру мүмкіндігін 1993 жылдың қазан айынан бастап қарастырылған. Бірақ мұндай озық жаңа енгізілім керекті қолдау тапқан жоқ. Бұрыннан некеде тұрғандар да, енді некелесушілердің бірлі жарымы ғана неке шартында өздерінің мүлік жағдайы туралы ескереді. Неге олай? Жалпы, қоғамның оның ішінде әр азаматтың құқық мәдениетінің төмендігі. Неке шартын жасасудың барлық сәттерін саралап көрейік. Бұл құқықтық іс-әрекеттің әр нақты адамға берері не? [Біздің еліміздегі некеге тұрушы екі жасты бір-біріне толық сенімді деп есептейді, сондықтан алдын-ала дәулет-мүлігін қағазға түсіруді ерсі санайды. Неке шарты елімізде кеңінен таралмаса да, жұбайлар арасында белең алып келе жатқан өзгеріс. Бұған байланысты туындап жататын даулар да аз емес. Бұл мемлекетіміз үшін қажет емес, неке шарты ажырасуды көздейтін құбылыс деушілер де бар. Бұрынғы ҚазКСР-нің 1969 жылғы «Неке және Отбасы» кодексінде жұбайлардың мүліктік құқықтық режимі барлығына бірдей анықталған. Сондықтан да, кеңес дәуірі кезінде «неке шарты» деген ұғым болған емес. Десек те, сол кезде тәжірибеде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде «неке шарты» «неке контрактісі» деген терминмен қолданылып келген. ҚазКСР-нің «Неке және Отбасы» туралы кодексінің күші жойылғаннан соң, да «неке контрактісі» деген термин қолданыста болды. Қазіргі «Неке және Отбасы» кодексінде 1993 жылы толықтырулар мен өзгертулер енгізіліп, ол қосымша құжат ретінде қабылданысымен, «неке шарты» ұғымы ең алғаш рет пайда болды. Осыған орай неке шартының жасалу жолдарын, реттейтін қатынастардың маңызын, бұзылу мен өзгертілуін толығымен қарастырған жөн.Ерлі–зайыптылардың мүліктік құқықтық қатынастары 1998 жылғы 17-ші желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының «Неке және Отбасы туралы» Заңымен бекітіледі. Көптеген заңнамаларда «неке шарты» деген термин кездескенімен, тәжірібиеде «неке контрактісі» немесе «неке келісімі» деген терминдер қолданылады. Олардың барлығы синонимдер болып табылады. «Контракт» деген термин ағылшын сөзінен (contract) алынған, ол да шарт деп аударылады. Отбасы заңнамалары арқылы ерлі-зайыптылардың қатынастары құқықтық реттелуге жатады. Көптеген мемлекеттердің заңнамаларында ерлі-зайыптылардың мүліктік шарттық режим институтына бірқатар нормаларды енгізген.Отбасында неке шарты жанжалды болдырмайды, өйткені мүлікті талап ету жолдары шартта көрсетілген. Адам алдағы өмірін болжай алмағанмен, неке шарты тағдырдың соққысын жеңілдетуге себебін тигізеді. Егер ерлі-зайыптылар некеге тұру кезінде неке шартын жасаса, бұл құжат артықшылық етпейді. Мұндай шарт басқадай құжат сияқты заңның қорғауында болады. Неке шартының ең тиімді жағы - ерлі-зайыптылардың арасындағы бітпес дау, орынсыз кикілжіңдерді болдырмай, бар мәселені заңмен шешетіндігінде болып отыр. Заңгерлер неке шартының белең алмауларының себептерінің бірі-кеңес менталитетінің басылмағандығы, онда жоғары моральдік принциптері, мәңгі махаббат және әртүрлі меншіктікке күресті басшылыққа алған еді. Неке шарты еліміздегі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Неке шартын жасау қажеттілігін ерлі-зайыптылар өздерінің қалауы бойынша шеше алады. Кейбіреулері бұған ойланбастан келіседі, ал кейбіреулері қарсылықтарын білдіреді. Неке шарты алғашында мүліктік қатынастарды реттейді, кейіннен әлеуметтік және жеке қатынастарды реттеуі мүмкін.

Неке – ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік емес қатынастардытуғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппентараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пенәйелдің арасындағы тең құқықты одақ. Некеге тұрушы немесе некеде тұрған ерлі-зайыптылардың қалауынша некешарты жасалуы мүмкін. Неке шарты – нотариуспен расталған, жазбаша түрденекеге тұратын немесе некеде тұрған ерлі-зайыптылардың құқықтық жағдайынанықтайтын шарт болып табылады.Қазақстан Республикасының Неке және Отбасы туралы Заңның 38-бабындаНекеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және(немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтар мен міндеттерінайқындайтын келісім неке шарты деп танылады деп көрсетілген. 1992 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Неке және Отбасытуралы Заңында неке жасы еркектер мен әйелдер үшін 18 жас деп белгіленді.. Дегенмен, неке жасын төмендетуге де болады, ол үшін некегетұруға ниет білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары(қамқоршылары) белгіленген неке жасын азайтуға қажетті тиісті құжаттарменрасталған себептерді көрсете отырып, неке жасын азайту туралы арыз береді.Жалпы, неке жасын азайтуға тек некеге тұрушылардың, сондай-ақ неке жасынатолмаған адамдардың ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардыңкелісімімен рұқсат етіледі. Неке шарты тек еркін түрде ғана жасалынады. 14-18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар ата-анасының, қамқоршысыныңрұқсатымен мәміле жасай алады. Заңдарда шарт жасасудың бірнеше шарттарыбар. Егер ол үйлену тойына дейін жасалса, некені тіркеу күні өз күшінеенеді. Неке шарты тек жазбаша түрде және міндетті түрде нотариалдыкуәландырылады. Неке шартын жасасу кезінде тараптар ретінде некегетұрушылар және сонымен қатар ерлі-зайыптылар тұра алады. Бұл тұлғалардыңәрекет қабілеттілігі бар болуы тиіс (18 жастан бастап). Көптегенмемлекеттерде неке жасы біркелкі 12-21 жасқа дейін болып келеді. Неке шарты неке жасына дейінгі некеге тұрушылар және ерекше мәнжайларға байланысты жағдайлардағы ертерек некеге тұрушылар да жасай алады. Неке қиғанға дейінгі шартты жасауды психологиялық стимулятор ретіндеқарауға болмайды. Яғни неке тіркелуін жедел түрде іске асыру депқарамауымыз керек. Некені тіркеу арқылы алдында жасалған шарттың жүзегеасырылуына жол беріледі. Қазақстанда неке шарты көптеген себептер бойынша кең таралмаған. Атапайтатық болсақ: 1. заң некедегі жұбайлардың қатынастарын дәлме-дәл реттейді; 2. заңда жұбайлардың біреуі шарт ережелерін бұзған жағдайда некешарты олардың біреуінің жағдайын нашарлата алмайды дегенереже бар; 3. шарт нормасынан заң нормасы басым құқыққа ие; 4. неке шарты – жұбайлардың толық, тең құқылы болып табылады. 5. жастардың ата-анасы неке шарты психологиялық жағынанжағымсыз әсер етеді, деп ойлайды. Қазақстан Республикасының Неке жәнеОтбасы туралы жаңа заң қабылданғанға дейін адамдар неке шартын жасаспай-ақөмір сүріп келді, сонымен қатар олар бұл жас отбасыға ешқандай пайдакелтірмейді, тек қана ұрыс-керістің көбеюіне алып келеді, -деп есептейді; 6. Қазақстан Кеңес дәуірінен бері ұмытылмаған тұрақты дәстүрдісақтап келеді. Ислам, христиан және республикамыздағы басқа да діндер ерлі-зайыптылрдың өзара құқықтық қатынастар мәселесін басқа да заңдармен шешудідұрыс деп санамайды; 7. некеге тұратын адамдардың өздерінің мүлкі (пәтер, автомобиль,бағалы заттар) мен капиталдары (акция, бағалы қағаздар, банктегі шоттар,ЖШС-нің үлестері және т.б.) болған жағдайда ғана неке шартын жасасудың мәнібар; 8. көбінесе жастар арасында екеудің біреу шарт жасауға ниетбілдірсе, екінші тарап оған сеніміздік білдіреді, яғни жағымсыз көңіл-күйөмірлік жұбай таңдауына күмән келтіреді. Тараптар ажырасқан жағдайда, шарт бойынша мүлік қалай бөлінеді дегенсұрақ та әркімді толғандырады. Көбінесе неке шартына отырушылар заңталаптарын мүлтіксіз орындай бермейді. Егер мүлік шартта көзделмесе, ондадүние бөлісу жалпы белгіленген режимнің заңына бағынады. Анықталған шарттыңбасталуына немесе басталмауына байланысты неке шартында ерлі-зайыптылардыңқұқықтары мен міндеттері белгілі бір мерзімге шектеулуі мүмкін. Мысалы,егер кім көп айлық тапса, сол үйдің шығынын көтеріп алады. Сонымен қатар неке шартын жасасу қажеттілігін ерлі-зайыптыларөздерінің қалауы бойынша шеше алады. Кейбіреулері бұған ойланбастанкеліседі, ал кейбіреулер қарсылық білдіреді. Неке алғашында мүліктікқатынастарды, кейіннен әлеуметтік және жеке қатынастарды реттейді. Некешарты әйел мен еркектің мүліктік міндеттерін тең дәрежеде қорғайды.
41-бап. Неке шартының мазмұны
1. Ерлi-зайыптылар неке шартымен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген бiрлескен ортақ меншiк режимiн өзгертуге, ерлi-зайыптылардың барлық мүлкiне, оның жекелеген түрлерiне немесе ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкiне бiрлескен, үлестiк немесе бөлек меншiк режимiн белгiлеуге құқылы. 

Неке шарты ерлi-зайыптылардың қолда бар мүлкiне қатысты да, болашақтағы мүлкіне де қатысты жасалуы мүмкiн. 

Неке шартында ерлi-зайыптылар өзара күтiп-бағу жөнiндегi өз құқықтары мен мiндеттерiн, бiр-бiрiнiң табыстарына қатысу тәсілдерін, өздерінің әрқайсысының отбасылық шығыстар шығару тәртiбiн айқындауға; неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған жағдайда ерлi-зайыптылардың әрқайсысына берiлетiн мүлiктi айқындауға, сондай-ақ неке шартына ерлi-зайыптылардың мүлiктiк қатынастарына қатысты өзге де кез келген ережелердi, сондай-ақ осы некеден (ерлі-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған балалардың мүліктік жағдайын енгізуге құқылы. 

2. Неке шартында көзделген құқықтар мен мiндеттер белгiлi бiр мерзiмдермен шектелуi не белгiлi бiр жағдайлардың туындауына немесе туындамауына қарай қойылуы мүмкiн. 



3. Неке шарты ерлi-зайыптылардың құқық қабiлеттiлігін немесе әрекетке қабiлетiн, олардың өз құқықтарын қорғау үшiн сотқа жүгiну құқығын шектей алмайды; ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк емес жеке қатынастарды, ерлi-зайыптылардың балаларға қатысты құқықтары мен мiндеттерiн реттей алмайды; еңбекке қабiлетсiз мұқтаж жұбайдың күтіп-бағу қаражатын алуға құқығын шектейтiн ережелерді және Қазақстан Республикасы неке-отбасы заңнамасының негiзгi бастауларына қайшы келетiн басқа да жағдайларды көздей алмайды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы





Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет