Қожаберген Сабира. Мфпко-301 тобы Академиялық жазу. Жеке жұмыс 1-апта Рефлексия



бет1/2
Дата28.09.2023
өлшемі0.9 Mb.
#479011
  1   2
Қожаберген Сабира Академиялық жазу


Қожаберген Сабира. МФПКО-301 тобы
Академиялық жазу.
Жеке жұмыс
1-апта
Рефлексия

  1. «Жазылым» деген сөзді қалай түсінесіз? Жазылым — тіл үйренуге қатысты қиын да күрделі жұмыс.

  2. «Оқылым» деген сөзді қалай түсінесіз? Оқылым - графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердің мағынасы мен мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде қабылдай отырып, одан қажетті деректі түсініп, сұрыптап алу.

  3. Тілдік қатынас дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар? Тілдік қатынас — тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы; қоғамдық ұлттық тіл арқылы ұғынысу, түсінісу; яғни адамзаттың тіл арқылы қатынасқа түсуі тілдік қатынас дегенді білдіреді. Тілдік қатынастың бес түрі бар: оқылым, жазылым, айтылым, тілдесім және тыңдалым.

  4. «Академиялық жазылым» пәнінің мақсаты не? Академиялық жазылым мақсаты ғылыми тұрғыда жазылым әрекетіне дағдыландыру, демек ғылыми мақала, зерттеу жұмыстарын және тағы басқа ғылыми бағытта жазылатын еңбектерді жазуға үйретеді.

2-апта
Берілген мәтін бойынша жұмыс орындау


Ресейлік риторика және өкілдері
Мәтіндегі негізгі ой Ресейдегі риториканың дамуы туралы. Бізге Ресейдегі риториканың тарихын таныстырады. Ресейлік риториканың екі жүз-үш жүз жылдай тарихы бар. Даму жолы мен тәжірибелері де біршама. Риторика жөніндегі алғашқы орыс шығармасы «Сказание о семи свободных мудростях» деп аталады. Бұл шығарма әр қилы ғылым салаларына мәліметтер беретін жеті бөлімнен тұрады: грамматика, риторика, диалектика, мусика, арифметика, геометрия, астрономия. Бұлардың әрқайсысының сыпат-ерекшелігі, керектігі, пайдалы жақтары, өзге білім түрлерімен байланысы әңгімеленеді. Сонымен қатар, орыс әдеби тілінде «оратор» сөзі 18 ғасырдың аяғында қолданыла бастаған. Тіпті, 19 ғасырдың екінші жартысының өзінде ол тырнақшаға алынып, аз қолданылған.
Шын мәнінде орыс шешендік өнері М.В.Ломоносовтан басталады. Оның «Шешендікке қысқаша басшылық» атты оқулығы бар. Ол «Шешендік дегеніміз - ғылым»
деген еңбегінде шешендік өнердің рухани қабілетпен, ғылыммен, еліктеумен, мол
біліммен, шығармашылық ізденіспен, күшті дауыс, мықты рухпен біртұтас екенін
баяндаған. Шешен сөзі тыңдаушының сезіміне зор әсер етуі керек, даусы таза, сөзі анық
болуы керек дейді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет