Ойын технологиясы



Дата13.09.2023
өлшемі18.15 Kb.
#477433
Ойын технологиясы


Ойын технологиясы- баланы жан – жақты дамытудың негізгі құралы
Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты, дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс- әрекетінің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап- талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдылық, шығармашық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын- балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қыйыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қаситеттерін де қалыптастырады. Ойын – әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады.
Мектепке дейінгі балалардың жан – жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын- жалпы адамзат мәдениетінің бірегей фенонимі, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, көңіл көтереді, дем алдырады , сонымен қатар, ол сықақтап , күлдіріп, кез- келген әлеуметтік мәртебенің шартты екенін көрсетеді. Ұлы педагог В. Сухомлинский « Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл – ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек балалар мен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында жанды-жансыз табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сананы қалыптастырады. Ойын бала үшін- нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балалараға ықпал жасауға мүмкіндік алады. Дидактикалық ойын- бваланың қызығушылығына негізделген тәсіл. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын баласы екенін ескере келе, дидактикалық ойындардың жүйелі қолданылуы жақсы нәтиже береді. Дидактикалық ойындарды пайдалану мәселесі педагогикалық теорияда кеңінен қарастырылған.
1.Заттық дидактикалық ойындар.
Заттық дидактикалық ойындарда ойыншықтар мен нақты заттар қолданылады. Олармен ойнап , балалар салыстыруды үйренеді, заттардың ұқсастығымен айырмашылығын белгілейді. Бұл ойындардың құндылығы сонда, балалар олардың көмегімен заттардың қасиеттерімен, олардың белгілерімен: түсі, көлемі, пішіні, сапасымен танысады. Ойындарда салыстыруға, классификациялауға тапсырмаларды шешеді, тапсырмаларды шешуде реттілкті белгілейді. Балалар мен заттық орта туралы жаңа білімдімеңгеру шамасы бойынша ойындарда тапсырмалар күрделенеді; балалар қандай да бір қасиетімен затты анықтауға жаттығады, дерексіз, логикалық ойды дамыту үшін маңызыд, заттарды осы қасиеттері бойынша( түсі, пішіні, сапасы, міндеті, т.б) біріктіреді. Дидактикалық ойындарда әр түрлә ойыншықтар кеңінен қолданылады. Олардың түсі, пішіні, міндеті, көлемі жасалған материалы ашық көрсетіледі. Бұл балаларға білгілі дидактикалық тапсырмаларды шешуге, мысалы ағаштан жасалған зататрды немесе әртүрлі шығармашылық ойындарына қажетті ойыншықтар: отбасы, құрылыс, дүкен және т.б. жинақтауды жаттықтыруға ерік береді. Тәрбиеші табиғи материалдарды (өсімдік тұқымы, жапырақтар, гүлдер, тастар, балшықтар және, т.б) мынадай ойындар: «Бұл не тұқым?», ! Бұл қандай ағаштың жапырағы?», « Күзгі жапырақтардан гүл шоғын жина» және т.б. өткізуде қолдаланылады. Тәрбиеші бұл ойындарды табиғатпен жанасып серуен мезгілінде ұйымдастырады.
2.Үстел үстінде ойнатылатын дидактикалық ойындар
Үстел үстінде ойнатылатын дидактикалық ойындар- балаларға арналған қызық сабақ. Түрлері бойынша олар әртүрлі: сыңар суреттер, лото, домино. Ойындарды ойнаған кезде шешілетін тапсырмалар да әртүрлі. Суреттер сыңарын табу ойындары. Мұндай ойындағы ең қарапайым тапсырма- алуан түрлі суреттерден бірдей сыңарларын : түстері, үлгілері және т.б. бірдейлерін табу. Содан соң тапсырма күрделенеді: бала суреттерді тек қана суреттерді сыртқы белгілерімен ғана емес, сонымен бірге мағынасы бойынша әртүрлі болуы мүмкін, бірақ оларды ұқсатып заттардың бір түріне жатқызып, біріктіреді. Мұндай ойындарда жеке тұлғаның осындай құнды қасиеттері: қайта түрленуге қабілеттілігі, қажетті бейнені жасаудағы шығармашылық ізденушілігі қалыптасады.
3.Сөздік ойындар
Сөздік ойындар ойнаушылардың сөздері мен әрекетінен тұрады. Мұндай ойындарда балалар заттар туралы түсініктеріне сүйеніп, олар туралы білімдерін тереңдетіп үйренеді. Балалар өздігінен түрлі ойлау тапсырмаларын шешеді: олардың сипаттамалық қасиеттерін бөліп, заттарды суреттейді; суреттеу бойынша табады; ұқсастық және айырмашылық белгілерін табады; әр түрлі қаситтерді, белгілері бойынша заттарды топтайды. Бұл дидактикалық ойындар барлық жастағы топтарда өткізіледі, әсіресе балаларда мектепке дайындауға мүмкіндік береді.
Сөздік ойындарды педагогикалық үдерісте қолдануға қолайлы болу үшін төрт топқа біріктіруге болады. Олардың біріншісіне заттар мен құбылыстардың маңызды белгілерін бөліп қалыптастыра білуде көмектесетін ойындар: « Тапшы?», « Дүкен?», «Иә-жоқ» және басқалар кіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет