Өмірсерікқызы, Э. Іле-Балқаш алабындағы табиғи компоненттердің ластаушы көздері / Э. Өмірсерікқызы // География в школе. – 2007. №2. – 8-9 б. –



Дата09.06.2016
өлшемі99.11 Kb.
#124177
Өмірсерікқызы, Э.

Іле-Балқаш алабындағы табиғи компоненттердің ластаушы көздері / Э. Өмірсерікқызы // География в школе. – 2007. - №2. – 8-9 б. – (Вести из вузов)
Сулардың ластануы. Іле-Балқаш аймағында беткейлік суларды негізгі ластаушылар: Іле, Шарын, Қаратал өзендерінің алабында күріш өсіретін шаруашылықтар. Осы шаруашылықтардан су көздері құрамында органикалық, азотты және қалқымалы заттары көп коллекторлы-дренажды сулардың 200 млн текше метрден көп мөлшері келіп түседі және коммуналды мекемелері бар қалалар мен елді мекендер жатады (1-кесте).

Осы аймақтың беткейлік және грунт сулары шаруашылықта Жаркент, Шонжы және т.б. елді мекендерді ластап отыр. Осы аймақтың су ресурстары­на тамақ өнеркәсібінің әртүрлі мекемелері, атап айтқанда: Қарабұлақ, Алматы қант зауыттары, "Көксу-Шекер" ААҚ, "Талғарспирт", Чапаев, Қарасай құс фабрикалары спецификалық әсер етеді. Осы аталған мекемелер ағындарды фильтрация алаңына шығарады; ағындарды сыртқа шығару көлемі азғана, бірақ та олар органикалық заттармен минералданған, ал ХПК мен БПК ШКМ-інен ондаған, жүздеген есеге асып отыр.

Қазақстан Республикасы табиғи ресурстар және экология министірлігінің мәліметтері бойынша Іле өзенінің суы бормен (15 ШКМ-не дейін), алты валентті хроммен (11 ШКМ-не дейін) және мұнай өнімдерімен (20 ШКМ-не дейін) ластанған. Бұлардан басқа беткейлік ағынға қатты, тұрмыстық өнімдердің ұйымдаспаған қалдықтары, сонымен қатар мұнай өнімдерінің қалдықтары кері әсерін тигізеді. Мысалы: "Фосфохим АҚ" шламды арықтарының суының құрамында 19 ШКМ-не дейін бор, 2 ШКМ-не дейін фенол бар. Осының кесірінен Іле өзені алабының жағалық ландшафтары нашар сипатқа ие, өсімдіктерінің морфологиялық бөліктері айқын өзгерген. Ихтиофауна мен орнитофауна өкілдері патологиялық өзгеріске ұшыраған.

Соңғы жылдары Алматы қаласының ағын суларының утилизациясы біршама жақсарды. Сорбұлақ су жинағында судың деңгейі 619,87 метр абсолютке жетіп отыр, бұл 865,1 млн текше метр көлеміне тең. Іле өзеніне ағын сулардың тасталуына байланысты су жинағышта су деңгейі едәуір төмендеді. Сорбұлақтың жағалық зоналарында тұрмыстық мақсатта пайдаланылатын теректер массиві орналасқан.

Балқаш көлінің суының сапасы қанағаттандырарлық емес. Ол ауыр металдармен, мұнай өнімдерімен және фенолдармен ластанған. Мұнда 12,0-16,0 есе жоғары мыс бар, яғни шектен тыс асып отыр. Балқаш көлінің негізгі ластаушылары - "Балқашмыс" ӨҚ, Балқаш балықөндірісі және т.б. Су сапасы күйінің аңықталған тенденциялары Балқаш көлінің бірегей биоценозының қалпына келместей өзгеруі және ауыр металдармен ластану нәтижесінде Балқаш маңы халкының денсаулығы төмендеуі қаупін туғызып отыр.

Топырақтың ластануы. "Қазжыныс АҚ"-ның экологиялық-техникалық зерттеулерінің мәліметтері бойынша топырақ жамылғысының ластануы агро­өнеркәсіп кешендерінің есебінен болады. Мысалы, топырақ жамылғысынын Алматы агроөнеркәсіптік кешені арқылы ластануының нәтижесінде қорғасынмен, фосформен (фондық құрамның 3 есе көбеюі), хроммен (фонның 1,2 есе көбеюі) және т.б. ластанудың аномальді учаскелері анықталған.
1-кесте. Жер беті суларының гидрохимиялық көрсеткіштері.

Су алабы


Суды ластаушының

көрсеткіші



Құрамы мен cу

сапасының

көрсеткіші


Орташа

концентрат,мг/л



ШРК-ның

ыкшамды


жоғарлы-

ғы

Су сапасын

бағалау


Май

2005


Апрель

2006


Май

2006


Іле езені


0,79

1,08


1,7

азот нитраты,

мыс


0,051

0,0028


2,8

2,5


3 топ, орташа

ластанған



Қапшағай

су коймасы






0,98

0,8

мыс

0,0015

1,5

2 топ, таза

Үлкен

Алматы көлі



2,32




1,65

мыс, фенол

0,005

0,003


4,0

3,0


3 топ, орташа

ластанған



Текес өзені




0,94

1,23

азот нитраты

0,075

3,0

3 топ. орташа

ластанған



Қорғас өзені

1,79

0,84

0,62










2 топ. таза

Кіші Алматы

өзені


1,90

3,40

2,02

азот нитраты,

темір,мыс,

фенол


0,0077

0,26


0,002

0,002


3,9

2,5


2,0

2,0


3 топ, орташа

ластанған



Есентай езені

1,22

3,20

1,46

темір, фенол,

мұнай қалдығы



0,16

0,002


0,08

1,5

2,0


1,6

3 топ, орташа

ластанған



Үлкен

Алматы өзені



1,43

1,45

1,55

темір, мыс

0,32

0,002


3,2

2,0


3 топ, орташа

ластанған


Қаскелең қаласынан солтүстікке қарай ұзындығы 18 шақырымнан асатын қорғасын аномалиясы байқалады, мұның құрамы 30 мг/кг-ға дейін жетеді. Осы сызықпен орталығы Алматы қаласында аумақты аудан қоршалып жатыр; аномалия солтүстік-батыс бағытта Ремизовка ауылынан 19 шақырымға созылып жатыр. Топырақ жамылғысының сынаппен ластануы екі фонның деңгейінде Өжет ауылынан солтүстікке қарай 2 шақырымға, Бірінші Май, Покровка ауылдарының аумағында айқындалған. Алматы қаласынан 25 шақырым радиуста ауданның 30% дейін екі фон деңгейінде толық ластанған.

Аймақта 45954,4 мың тонна әртүрлі қалдықтар жинақталған, мұның 420,3 мың тоннасы өндірістік және тұрмыстық кәсіпорындарының есебінен улы болып келеді.

Іле-Балқаш аймағында экологиялық бұзылудың жоғарғы деңгейін байқауға болады, бұл әсіресе пайдалы қазбалар кең орындарын өндейтін жерлерде, өндіріс орындары әсер ететін аласа таулардың орманды-далалы және орманды, шалғынды, далалы ландшафтарында байқалады. Осындай жағдайда аймақтың 96,6 мың гектары немесе жалпы ауданның 0,7% өте күшті экологиялық дестабилизацияға ұшыраған. Таулы-кенді өнеркәсіп объектілері, бірінші кезекте рудалық емес пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі карьерлер қалыптасқан биогеоценоздық байланыстарды бұзады, санитарлық-гигиеналық жағдайды төмендетеді. Бұзылған жерлердің аймақта алып жатқан ауданы 19,9 мың гектарды құрайды, оның ішінде 18 мың гектар жері (90.4%) тау-кен өндірісінің үлесіне кіреді: карьерлер - 2,0 мың гектар, құламалар — 1,2 мың гектар, жер асты өңдеулері — 0,2, шахтатар үстіндегі деформацияланған беткейлер, басқа да таулы- геологиялық бұзылымдар - 14,5 мың гектар. Сонымен қатар, көлік коммуникацияларының құрылысына арналған жерлер күшті экологиялық бұзылуға ұшыраған (жергілікті, аудандық, облыстық, республикалық көлемде маңызы бар автомобиль жолдары, темір жолдар, құбыр жолдары, ЛЭП).

Ауыл шаруашылығында мал шаруашылығымен қатар, өсімдік өсіру шаруашылығы үшін осы аймақтың 75% ауданы қолданылады. Берілген тер­риторияның экологиялық бұзылу қалыпты деңгейімен сипатталады. Ауылшаруашылық жерлері жыртылған жерлермен (1101,8 мың гектар), ша­бындықтармен (464,3 гектар), жайылымдармен сипатталады. Жыл сайын жер жырту, оларды ауылшаруашылық машиналармен өңдеу жердің табиғи-ресурстық потенциалының төмендеуіне, сонымен қатар олардың физикалық-химиялық қасиеттерінің нашарлауына әкеп соғады, соның кесірінен эрозия және дефляция процестері күшейеді (2-кесте).

Аймақтын жер ресурстарын тұтынатын ірі жайылымдық мал шаруашылығының үлесіне барлық ауылшаруашылық жерлерінің 95% кіреді. Ауылшаруашылық жайылымдарының осы түріне шаруашылық әрекеттің әсері малды жүйесіз түрде жаюмен түсіндірітеді және негізінен жайылымдардың топталуынан байқалады, осының кесірінен басты өсімдік жамылғысын сор шөптеріне ауыстыруға және беткі топырақ қабатын қопсытуға тура келеді.

Жайылым ретінде ландшафтын барлық түрі пайдаланылады. Ең көп өзгеріске ұшырайтын аласа таулардың дала ландшафтары (75%), тауаралық және тау іші ойпаттарының құрғақ далалы ландшафтары (82%), тау алды және аласа таулы құрғақ дала ландшафтары (85%). Жайылымның бұзылуы жайлау мен қыстауларда, мат суарылатын жерлерде байқалады, осы жерлерді күшті бұзылған жерлерге жатқызуға болады.

Қорғалатын территориялар (ұлттық табиғи парктер, қорықтар), сонымен қатар батпақтар, мұздықтар атып жатқан территориялар экологиялық бұзы-луларының төмен деңгейімен сипатталады. Олар 5437,6 мың гектар немесе аймақтың 21% ауданың алып жатыр.


2-кесте. Іле-Балқаш алабындағы топырақтың қазіргі жағдайы

Сипаттама

Аудан, га

Жалпы ауданы

16421,0

Соның ішінде:




Жағымсыз нышанды:

Барлығы


Сонымен қатар жарамды жерлер

2969,3


778,6

Тұзды

2902.6

Тұзшы

573,1

Шайылған

802,4

Жел мен су эрозиясына шырағыш

-

Батпакталған

186.1

Баска да

224,2


Пайдаланған әдебиеттер:

1. Гельдыева Г.В., Надыров Ш.М. Проблемы совместного использования водных ресурсов Или-Балхашского региона / Материалы международной юбилейной научно-практической конференции, КАЗНИИМОСК, Алматы, 2001.

2. Геоконфликтология и подходы к совместному использованию водных ресурсов странах Центральной Азии // География, общество, окружающая среда: развитие географии в странах Центральной Азии и Восточной Европы. Калининград, 2001.

3. Надыров Ш.М., Пердегулова Г.Е., Латынаев Ш.Т. Водные ресурсы трансграничных рек Центральной Азии как потенциальный источник конфликтов // Казахстан — спектр: аналитические исследования", 2000, №2



4. Современное состояние окружающей среды Алматинской области // Экологическое образование в Казахстане, 2006, №3
Резюме

В статье рассматриваются проблемы загрязнения поверхностных вод и почвенного покрова Или-Балхашского региона. Источниками загрязнения являются хозяйства, выращивающие рис в бассейнах рек Или, Чарын, Каратая, а также города и населенные пункты, на территории которых расположены различные промышленные и коммунальные предприятия.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет