Өндірістік жоспарлау, алдын-ала жоспарлау және кәсіпорынның айналысатын ісі. Мақсаты



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата11.11.2022
өлшемі203.59 Kb.
#464534
  1   2   3   4   5
Дәріс 4 Жоспарлау



ДӘРІС 4 
ӨНДІРІСТІК ЖОСПАРЛАУ, АЛДЫН-АЛА ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ 
КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫСАТЫН ІСІ.
 
1. МАҚСАТЫ: Нарықтық экономикада жоспарлау бұл 
- әртүрлі 
экономикалық ұйымдастырушылық, басқарушылық, әлеуметтік және қазіргі 
заманғы өндірістің даму дәрежесін сипаттайтын көптеген қызметтерді жүзеге 
асыру негізі болып саналады. Олардың өзара әрекет ету механизмі бір кешенді 
жоспар немесе оған жетуге сәйкес мақсаттар мен құралдың біртұтас жоспарлы 
жүйесін талап етеді. 
 
2. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ: 
1. Бизнес – жоспарлаудың мәнi, мақсаттары мен есептерi 
2. Кәсіпорынның өндірістік жоспарының мазмұны. Өндірістік жоспардың 
көрсеткіштері 
3. Кәсіпорынның өндірістік қуатын жоспарлау. Тауарлар мен қызметтерді сату 
жоспарын құру 
4. Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын құру
Кәсіпорынның перспективті қызмет етуінің әртүрлі экономикалық 
көрсеткіштерін жоспарлауда прогрессивті нормативтер, алдыңғы қатарлы 
стандарттар, ғылыми ережелер және экономикалық мақсаттар жүйесін толық 
пайдалану қажет. Бұл мақсаттарды келесі түрлерге бөлуге болады: 
1) экономикалық өсім 
2) толық жұмыс бастылық 
3) экономикалық тиімділік 
4) бағаның тұрақты деңгейі 
5) экономикалық еркіндік 
6) табыстардың әділ бөлінуі 
Фирма ішілік жоспарлау – фирмалар мен кәсіпорының жоспарлы 
қызметіне тікелей қатысты ұйымдастырушылық басқарушылық қызметтер. 
Ол қызметтерге: мақсатты негіздеу, стратегия құру, жұмыстарды жоспарлау, 
белгілі операцияларды жобалау, процесті ұйымдастыру, жұмыстармен 
қызметтерді үйлестіру, олардың атқаруын бақылау, нәтижелерді бағалау
мақсатқа түзету енгізу, жоспарлауды өзгерту. Фирма ішілік жоспарлау 
адамдардың өзара байланысты ғылыми тәжірибелік қызметі, оны зерттеу пәні 
болып – материалдық және рухани құндылықтарды өндіру, бөлу және тұтыну 
кезіндегі еңбек пен капитал арасындағы еркін нарықтық қарым қатынастар 
жүйесі табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет