Орфографиялық сөздіктермен жұмыс



Дата20.05.2022
өлшемі14.36 Kb.
#458306
түріНұсқаулар
24-сурак


Орфографиялық сөздіктермен жұмыс

Сауатылықтың негізі мектептен қалыптасатындықтан емлені оқытуға ғалымдар ертеден-ақ көңіл бөліп келеді. Оған Ш.Сарыбаевтың, Ж.Шакеновтың еңбектерінің кейбір әдістемелік нұсқаулар мен ғылыми мақалаларды атауға болады. Морфологиялық ұстаным біріккен сөздердің, қос сөздердің, қысқартылған сөздердің және күрделі емлесін белгілейді,- дей келіп, орфографияны үйрету әдісін меңгеру үшін, алдымен, оны әдістемелік жақтан топтастырып алуды ұсынады. Атап айтқанда:


1. Түсіндіру емлесі. Мұғалім жазылуы қиын сөздерді жазып көрсете отырып түсіндіреді. Түсіндіру емлесінде оқушылар көру сезімін де, есту қабілетін де қарастырады.
2. Көздік емле. Мұғалім жазылуы қиын сөздерді күн ілгері жазып қояды, оқушылар оқып көзі қанған соң мәтін тасаланады, оқушылар оған қарамай жазады.
3. Жат жазу. Орфографиялық жағынан талқыланған сөзді оқушылар өз беттерімен жазады.
4. Аралас жазу. Онда әрі емлелік, әрі шығармашылық қасиет бар. Сондықтан оны аралас жазу дейді. Яғни орфографияға қатысы бар әңгіме жатқа жазылады.
5. Әдейі қате жазылған сөзді мұғалім оқушыға беріп, оны түзеттіреді.
6. Орфографиялық сөздікті пайдалану. Мұғалім жазылуы қиын сөзді тақтаға жазып, оқушыларға сөздіктен іздетеді [32, 5].
К.Аханов, Б.Кәтенбаева, Т.Әбдіғалиевалардың әдістемелік нұсқауында: «Күрделі сөздердің бір түрі - біріккен сөздер. Мұғалім біріккен сөздердің әрі мағыналық, әрі тұлғалық жақтарына тереңірек үңіле қарап, оқушыларға ешбір дауы жоқ екі ұғым тудырмайтын нақты мысалдар ұсынып, оларды оқулықта берілген теориялық түсінік төңірегінде түсіндіру керек дей келіп, біріккен сөздер мен тіркес сөздердің құрамын ажыратудың тиімді жолы ретінде салыстыру әдісін ұсынады. Мысалы, ақсақал, итмұрын т.б. деген сөздерді бірге жазып, әрқайсысының мағыналарын ажыратуға олардың синонимдерін жарыстыра айтып түсіндіру керек»,- дейді [33, 19].
И.Ұйықбаев мақаласында бірге және бөлек жазылатын сөздерді салыстырып көрсету (қосаяқ-қос аяқ), біріккен сөзді мәтіннен теріп жаздыру әдісін, біріккен сөздерге сөйлемдер ойлап тапқызып, біріккен сөздің сыңары болатын сөзді іріктеп алып олардан біріккен сөздер жасату, т.т. әдістер оқушылардың ой-өрісін дамытуға жәрдемдеседі, емлесін біледі, біріккен сөздерді басқа сөздерден ажырата білуге қалыптасады деп түйіндейді [34].
Ғ.Мұсабаев «Біріктіріп жазылатын сөздер» деген мақаласында: сөздің біріктіріп жазылатынын анықтау үшін 5 түрлі ғылыми өлшем бірлігін қояды:
1) Екі түбірден құралған сөздер алғашқы мағыналарын қашықтап, жаңа бір мағына берсе;
2) Екі сөз үнемі қатар айтылу салдарынан бір ұғымның атауына айналғанда, екі компоненттің бірі я екеуі де жекелеп алғанда ешбір мәнге ие бола алмаса, мұндай сөздер бірігіп жазылады: алаңғасар т.б.
3) Сөздің дыбыстық деформацияға ұшырауы: белбау-бел буар «б» түсіп қалған, тыржалаңаш - тырдай жалаңаш.
4) Екі сөзден бірігіп, белгілі бір аңның, жәндіктің, өсімдіктің аты болып, халық тәжірибесінде қалыптасып қалған сөздер (қарағаш, қарақұйрық).


Орфоэпиялық сөздіктермен жұмыс


Орфоэпия (гр. 'orthos' – дұрыс, epos – сөз, сөйлеу) – сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ережелерінің жиынтығы. Тілдегі сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейді. Қазақ тілінің дыбыс үндестігіне сәйкес көптеген сөздер орфография нормадан ауытқып айтылады. Мысалы, құлұн, өнөр, түңгү, Амаңгелді, көг гүл, айталады, ағиық, т.б. Сөздерді дұрыс айту нормалары дыбыс үндестігіне, яғни ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал заңдылықтарына негізделеді. Сөздердің дұрыс айтылуы орфоэпия сөздіктерде көрсетіліп отырады. «Орфоэпия»-дұрыс айтамын деген сөз. Орфоэпия-ауызша бірізді дыбыстардың дыбысталуын қамтамасыз ететін ұлттық тіл нормасының жиынтығы. Орфоэпиялық норма бойынша сөз бен қосымшаның шегіндегі, сөз бен сөздің аралығындағы дыбыстар бір-біріне үндесіп айтылуын керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет