Орындаған: ҚТӘ-33 тобының студенті Мағауия Дильназ



Дата04.12.2023
өлшемі18.28 Kb.
#485340
марсель пруст


Орындаған: ҚТӘ-33 тобының студенті Мағауия Дильназ

Марсель Пруст сауалнамасына жауап



  1. Сіздің ойыңызша ең қатерлі жағдай деген не?

Ең алдымен сұрақты түсінгенім бойынша, қатерлі жағдай деп тұрғанымыз бір жерімізге зақым келу немесе өмірімізге қауіп төндіретін дүниелер емес, басымызға түскен жағдайда қалай әрекет ететіндігіміз жайында сияқты. Мен үшін ең қатерлі деп саналатын дүние екі оттың ортасында қалу болар. Себебі, кейде қалай шешім қабалдарыңды, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсіне алмағаныңда шешім қабылдау қиын.


  1. Қай елде тұрғыңыз келеді?

Бала күнімнен Франция елі, Париж қаласында тұрып көргім келеді. Маған олардың өмірлік ұстанымдары мен күнделікті өмірлері қызық. Және сөйлеу тілдері ұнайды. Бірақ, туған жер бәрібір ыстық, басқа мемлекетте тұрақтап қалу ойда жоқ.

  1. Сіз үшін ең үлкен бақыт не?

Бақыт - мен үшін үлкен ұғым. Бақыт дегенді әркім әртүрлі түсінер болса, менің түсінігімде бақыт – отбасымның амандығы, жақын жандардың қолдауы және жанымның тыныштығы.

  1. Адамдардың қай қылықтарын ең алдымен кешіру керек?

Кемшіліксіз пенде жоқ. Бәрімізде шалыс басамыз, қателесеміз. Бірақ адамды кешірместен, кешпестен бұрын ол болған жағдайда болып, ол сезінген сезімді сезініп көрмесемде, өзімді өзге адамның орнына қойып көріп, түсіністік танытудан бастаймын. Өзім мен үшін деп жасалған, менің қамым үшін қателік жасауға тура келген істе кешірімді боламын.

  1. Сіздің сүйікті әдеби кейіпкеріңіз?

«Махаббат қызық мол жылдар» - дағы – МЕҢТАЙ.

  1. Сіздің сүйікті тарихи кейіпкеріңіз?

Аты аңызда қалған – сақ патшайымы – ТОМИРИС.

  1. Сіз жек көретін тарихи кейіпкер?

Таққа отыру үшін Махамбеттің өліміне себепкер болған - ЫҚЫЛАС.


  1. Сіздің сүйікті суретшіңіз?

Мектеп бағдарламасындағы бейнелеу өнері, тарих кітаптарындағы суреттердің авторы – Әбілхан Қастеев.

  1. Сіздің сүйікті музыкантыңыз?

Аңыз тұлғалардан тұратын топ – Дос-Мұқасан.

  1. Ер адамның қай қасиетін ерекше бағалайсыз?

Ер адамның намысшыл, қыз деген құдіретті жандарды сыйлауын, ұстамдылығын ерекше бағалаймын.

  1. Әйелдердің бойындағы қай қасиетін ерекше бағалайсыз?

«Қызда қылық болмаса – құр шырайдан не пайда?» демекші қыз баланың өзіне жарасатын нәзіктігі, еркелігі мен қарапайымдылығын бағалаймын.

  1. Сіздің ең басты ермегіңіз?

Шығармашылыққа қатысты барлық дүниені жаным сүйеді. Поэзия, театр, көрініс.

  1. Белгілі адамдардың қайсысы болғыңыз келеді?

Белгілі адамдардың емес, тұлға ретінде еліктеп, осы адам секілді болғым келеді дейтін бір жан бар. Ол – тоғыз ай құрсағында көтеріп, дүниеге әкеліп, әлі күнге дейін балаша еркелететін анам. Анамның қайсарлығы мен батылдығын өзімде қалыптастырып, тағдырын қайталамасамда, анам сияқты болғым келеді.

  1. Сіздің міңезіңіздің басты ерекшелігі?

Адамдарға деген таза көңілім. Сыйлағанның құлымын, маған деген сыйластығы ерекше адамдарды әрдайым көтеріп жүремін.

  1. Сіздің басты кемшілігіңіз?

Мәселенің анық-қанығына бармай жатып, тез өкпелеп қаламын және ойланбай, ойымдағыны айта салатыным бар.

  1. Достарыңызды не үшін құрметтейсіз?

Дос деген – сырлас, ақылшы. Қазір дос деген түсінікті түсінбейтіндер аз болмаса, көп емес. Достарымды қиын кезде жанымнан табыла білетіндері үшін, керек кезде жұбаныш болып, қолдау білдіретіндері үшін, қуанышыма бірге қуана алатындары үшін құрметтеймін. Өз басым, дос деген ұғымды қатты бағалаймын.

  1. Сіздің сүйікті түсіңіз?

Ең сүйікті түсім – ашық сары түс.

  1. Сіздің сүйікті гүліңіз?

Мен үшін ақ түс – тазалық пен пәктіктің түсі. Сол үшін ақ раушан гүлдерін ұнатамын.

  1. Сіздің сүйікті құсыңыз?

Аққу. Мен үшін ең бағалы саналатын құс.

  1. Сіздің сүйікті жазушыларыңыз?

Абай Құнанбаев.

  1. Сіздің сүйікті ақындарыңыз?

Фариза Оңғарсынова.

  1. Сүйікті есімдеріңіз?

Менің түсінігімде, есім - адамның болмысын ашып тұрады. Есімдердің ішінде ұнайтындары - Дильназ, Дина, Томирис.

  1. Бәрінен де бетер нені жек көресіз?

Өтірік пен екіжүзділікті. Бетіне күліп қарап, артынан ойына келгенді айтатынды жек көремін.

  1. Сіз қайран қалатын әскери оқиға?

Бәрімізді елең еткізген, көп өзгерістер алып келген, 2022 жылдың қысында болған «Қаңтар оқиғасы».

  1. Сіз жоғары бағалайтын реформа?

Көп балалы аналарға берілетін жәрдемақының өсуі.

  1. Қандай қасиетті бойыңызға дарытқыңыз келеді?

Бойыма барлық жақсы қасиеттерді дарытқым келеді. Соның ішінде ұйқыны қысқартып, жалқаулықты азайтқым келеді.

  1. Сіздің ұраныңыз?

Адам боп келіп өмірге, адам боп кету – парызым. Адамгершіліктен аттамай, ешкімді алаламай, бір-бірімізбен сыйласып жүргенге не жетсін?


  1. Дәл қазіргі көңіл-күйіңіз?

Оқитын сабақтың көптігі мен дұрыс ұйықтамағаным болмаса, көңіл-күйім бүгінгі күнімнің қызықты әрі пайдалы өткендігінен өте жақсы!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет