Осакаров ауданы әкімдігі ҚаулысыНЫҢ жобасы аудан әкімдігінің 2012 жылдың 1 ақпандағы



Дата07.07.2016
өлшемі14.57 Kb.
#182849
Осакаров ауданы

әкімдігі ҚаулысыНЫҢ

ЖОБАСЫ

Аудан әкімдігінің 2012 жылдың 1 ақпандағы

«Осакаров ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» № 03/02 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 20001 жылдың 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-5) тармақшасына сәйкес

аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


  1. Аудан әкімдігінің 2012 жылдың 1 ақпандағы «Осакаров

ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-15-162 болып тіркелген, «Сельский труженик» аудандық газетінде 2012 жылдың 25 ақпанда № 8(7284) жарияланған) № 03/02 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

тақырып келесі рекдакцияда мазмұндалсын:

«Осакаров ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»;

1 бөлім келесі рекдакцияда мазмұндалсын:



«1. Осакаров ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайызы көлемінде квота белгіленсін.».

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Рахметуллаұлы Бикеновке жүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

С.Аймақов

Осакаров ауданының әкімі

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет