Отбасылық тәрбиенің тоғыз парызы



Дата29.06.2016
өлшемі37.05 Kb.
#164972
Отбасылық тәрбиенің тоғыз парызы

1.      Балаңыз қандай болса, сол күйінде қабылдаңыз. Табиғат баланы өте кірпияз әрі күрделі етіп, баланың тұқым қуалаушы гендік жиынтығында оның тікелей ата-аналары ғана емес, ондаған, жүздеген бабаларының сапалары мен қасиеттерін аралас пайдаланады. Сондықтан да бір отбасында көркем

2.      Өз қалауыңызға орай оларға ешқашан бұйырып сөйлемеңіз. Баланың өміріне үнемі араласа беру қауіпті. Жоқтан өзгеге баланы діңкелете беру-оны топастандырып жібереді. Ұзамай ол күрделі әрекетті ұсақ-түйектен айыралмай қалады. Сонымен қатар олардың кінәсін кешіре беруге де болмайды, өйткені бала өз кінәсінің жағымсыз салдарын түсінбей кетеді. Балаға қатесіне өкіну, теріс қылығына өзін кінәлі сезіну пайдалы, кейін біріншісін екіншісінен айыра білуге, қателесуден және кінәлі болудан қорықпауға үйренеді.

3.      Шешімді жалғыз қабылдамаңыз. Шешімді тек ата-аналар арасында келісім болғанда ғана қабылдау керек. әке мен шешенің тең дәрежеде тыйым салу құқығы бар. Мектеп жасына жеткен баланы да отбасы істерін талқылауға қатыстыру керек. Біртіндеп олар отбасылық кеңесте кеңесші ғана емес, шешуші дауыс құқығын да иеленуі керек.

4.      Ата-аналардың мінез-құлқы-бала тәрбиесіндегі басты фактор. Әсіресе отбасындағы дау-жанжалдың зияны көп: одан балалар үлкендерден гөрі көбірек залал шегеді. Жеке бастың үлгісі –түсіндірудің ең жақсы жолы. Егер әкесі темекі шегетін болса, өсіп келе жатқан балаға темекі тартуға тыйым салу қиын. Егер анасы салақ әрі талғамыз киінетін болса, қыз баланың тап-тйнақтай болып өсуі күмәнді. Бұл туралы Лев Толстой былай деп жазған: «біз өзімізді емес, балаларды тәрбиелейтін болсақ, тәрбие күрделі әрі қиын болып қала береді... Егерде өзгелерді өзің арқылы тәрбиелеу керектігін түсінсең, тәрбиелеу жайлы мәсележойылып, өзің қалай өмір сүруің керек деген сұрақ қана қалады. Егер әке, шеше тамақтану, киінуде қарапайымдылықты сақтап, жұмыс істеп, білімін жетілдіретін болса, балалар да соны жасайды... Тәрбие деген өзің жақсы өмір сүру, яғни жақсы жүріп-тұруға ғана келіп тіреледі, адам тек осынысымен ғана өзгелерге әсер ете алады, өзгелерде, өздеріне қарап өсетін балаларды тәрбиелейді.»

5.      Не нәрсежайлы да қорықпай сөз етіп, сізге қарсы қитұрқы сұрақ қойғандарға да сеніммен қараңыз. Балалармен әңгімелесіңіз, оларды өз жұмысыңызды, үй жұмыстарын, ақша жайлы, алда тұрған демалыс жайын талқылауға тартыңыз. Дауласыңыз, бірақ оларды құрметтеңіз, балаларға деген көзқарасыңызды өзгертпеңіз. Олардың сіздікінен бөлек болса да ақылды өзіндік көзқарастары, өз сенімдері барына қуаныңыз. өзіңіздің қатеңізді мойындай біліңіз. Отбасы-баланы әлеуметтік өмірге бейімдейтін алғашқы тәжірибе орны.

6.      Балаларға сыйлық жасауда артық кетуге жол бермеңіз. Көбіне балалар жарнамаға елігіп, қыр соныңыздан қалмай қояды. Ақырында ата-аналар олардың бетін қайтаруды ұмытады, ал бетін қайтарудың пайдасы зор, өйткені керексіз артық нәрседен қажеттіні айыра білуге үйретеді. Артық сыйлық жасау баланы қоғамға қатысты жатыпішерлікке баулиды. Қоғам сыйлық жасамайды-оған адал еңбегіңмен қол жеткізуің қажет. Бұған В.А. Сухомлинский де баса назар аударған болатын.ол бала көзін ашып, есін жиысымен-ақ оған үнемі бірдеңе керек болып тұратынын атап көрсеткен. Қажеттілік-адам өмірінің қозғаушысы. Қажеттіліктен тілек пайда болады. Бала кезінде өзінің тілегін ауыздықтап үйренбеген, оның адамгершілік қажеттілігі мен негізделуін бастап өткермеген бала әлеуметтік сенімсіз болып өседі, ол қоғамдық талаптармен қайшылыққа түседі. Сәби шағынан тұтынушылық бақытқа еркін шомылып өскен бала оқуға ынтасыз болады. Содан кейін одан да қорқынышты қатер-еңбек етуге құлықсыздық бой көрсетеді. Қазіргі кезде адамзат басынан көшіріп жатқан дағдарыс адамдардың өз қажеттіліктерін реттеуге, экологиялық және адамгершілік дағдарысқа алып келетіндерін ауыздықтауға үйренбегендігінен деуге болады.

7.      Қандай да бір қиындық туа қалса, оны балаға түсіндіріп, бірлесе жеңу керек. Отбасындағы міндеттерді бөлісіп атқарған жөн. Анасы үйдегі қызметші емес екенін бала түсінуі тиіс. Баланы тазалыққа ерте жастан әдеттендірген дұрыс. Үй жинаудың белгілі бір ережелерін жасап, оны барлық отбасы мүшелері қатты сақтауы керек. Күн тәртібі сіз үшін де, балалар үшін де орында, мақсатты болғаны жөн. Егер сіз балалардың белгілі бір сағатта түскі асқа жиналуын талап ететін болсаңыз, олар мұндай тәртіптің тамақ дайындау және тамақтан кейін ыдыс-аяқты жинау жұмысын жеңілдетуге, ең бастысы отбасы мүшелері түгел жиналып, өз ойларын, сезімдерін бөлісу үшін қажет екендігін түсінуі тиіс. Егер сіз балалардан желінбеген тамақ қалдырмауды талап ететін болсаңыз, олар мұның ата-аналар ақшасына сатып алынған азық-түлікті ұқыпты пайдалану арқылы олардың еңбегін құрметтеу екенін ұғынуы тиіс.

8.      Үйіңіздің есігі ашық болсын. Бала өзін байлаулы сияқты сезінбесін. Үйдің есігін оның достарына ашық болсын. Балаларға сенім білдіру керек, бірақ олар да еркіндікке үйренуі тиіс, бұл оңай нәрсе емес. Балаларға іс-әрекет, достар таңдау еркіндігіне жауапкершілік сезімі қалыптасуына көмектесу керек. Егер отбасында бір-біріне қайырымдылық, құрметтеушілік қарым-қатынас орнаған болса, ата-аналар тыйымға жүгінбей,сыпайы кеңес берумен шектеліп, барлық отбасылық және балалардың істерін бірлесіп талқылайтын жерде балалар ата-аналарынан ештеңені жасырмайды, ал олар балаларын ойсыз әрекеттерден дер кезінде сақтандырып қала алады.

9.      Дер кезінде шеттей біліңіз. Әрине, балалардың туған ұясын тастап шығуы қашанда мұң шақырады. Бірақ оған кедергі жасамаңыз. Өйткені отбасы міндеттерінің бірі-баланың бойындағы бар жақсылықты анықтап, оны дамыту және қоғам иелігіне ұсыну ғой. Ата-аналарынан дербес тіршілікке бөлініп шыққан бала ешқашан таусылмайтын жаңа өмір циклін бастайды.



 

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет