Отбасындағы тәрбие-этно-мәдени тәрбиенің басы. Баланы сыпайылыққа қалай тәрбиелеуге болады?



бет1/5
Дата05.02.2024
өлшемі28.05 Kb.
#490861
  1   2   3   4   5
Отбасындағы тәрбие


Отбасындағы тәрбие-этно-мәдени тәрбиенің басы.
Баланы сыпайылыққа қалай тәрбиелеуге болады?

Адамның мәдениеттілігін ең бірінші оның сыпайылығы білдіреді. Сыпайылық танытпай адамдармен тез тіл табысып кетуде қиындау болады. Сондықтан да ата-аналарға айтарымыз балаңыз есін білгеннен бастап оған айналасындағы адамдарға сыпайылық танытуды үйретіп өсіргеніңіз жөн. Кей балалар сыпайылықты бойына тез сіңіреді, ал кейбіріне бұл әдетті үйретуге ұзақ уақытты қажет етеді.


Сыпайылықты баланың бойына сіңіру үшін қандай шараларды жасау қажет?
Ата-аналардың әрқайсысы балаларын сыпайылыққа тәрбиелеуді әр түрлі жастан бастайды. Кейбірі бұл әдетке баланы сәби кезден бастап дағдылау керек деп санайды, ал кейбірі ой қалыптаспаған жас балаға сыпайылықтың не екенін түсіндіру мүмкін емес деп ойлайды. Шын мәнісінде жас кезінен баланы осы әдетке дағдылаған дұрысырақ. Өмірге келгеннен бастап бала белгілі бір ортада өседі және ол айналасында болып жатқан әр-түрлі құбылыстарды өз бойына сіңіреді. Осы ортада ол кішкентай сәбиден, өзінің жеке ойы бар айналасындағы адамдарға өз ойын жеткізе алатын кішкен адамға айналатын үлкен қадам жасайды. Дәл осы шақта оның сыпайылық мінез-құлық нормалары қалыптасады.
Балаға ата-анасының жақсы бала қандай тәртіпті сыпайы болу керектігі жайлы айтқан сөздері әсер етпейді.Бала айналасындағы ересектердің өз араларында қалай қарым-қатынас жасайтындығына қарап үлгілі алады.
Егер жанұяда сыпайылық қарым-қатынас болса онда бұл жағдай балаға әдеттегі қарым-қатынас жолы ретінде қабылданады. Мұндай жанұяда баланың сөздік қорына «сиқырлы сөз» ерте жастан қосылады. Ал бұл жағдай ата-аналардың арнайы педагогикалық араласуын қажет етпейді.
Бір-бірін сыйлап, бір-бірінің пікірімен санасатын жанұяда тәрбиеленген бала өзіде үлкендерден үлгі алып тәрбиелі сыпайы болып өседі. Баланы тәриелеудің қажеті жоқ алдымен ересектер өз-өздерін тәрбиелегені жөн, өйткені бала ата-ананың айнасы.


Ата-анаңды қуанттың ба?
Соңғы рет ата-анаңды қашан қуанттың? Иә, иә... саған айтып тұрмын. Шыныңды айтшы, анаң не әкең қашан шын қуанды. Оларды қуантқан сәтті есіңе алшы? Ол қашан еді? Қай күні? 3 күн өтті ме? 2 апта бұрын? 1 ай бұрын? Мүмкін сен әке-шешеңді шын қуантпағаныңа 1 жыл өтіп кеткен шығар?! Сен себепсізден себепсіз ана-анаңның бетін қашан сүйдің? Қашан оларды құшақтап, мен сіздерді жақсы көремін деп айттың? Бүгін бе? Кеше ме? Әлде 5-6 жыл бұрын бір құшақтағаныңды есіңе алып отырмысың? Мойындашы, ата-анаңа арнаған жылы сөзің олардың қасында тым аз ғой. Әлде сенің ата-анаң жылы сөзіңе лайықты емес пе? Мүмкін сен оларды жек көретін шығар. Олардың сен үшін құрметі жоқ шығар?! Олай емес пе? Онда оларды қуантуға не кедергі? Олардың бетінен сүюге кім тосқауыл? Оларды құшақтап мен сіздерді жақсы көремін деп айтсаң кім қой дейді. Олар сенің ата-анаң ғой. Олар сенің жарық дүниеде жүруіңе себепші жандар ғой. Неге өзімшіл, тым қатал болып кеткеңсің? Соңғы рет сыйлық сыйлаған күнің есіңде де жоқ шығар. Есіңде болса дасыйлық сыйлағаныңа 3-4 айт өтіп кеткен шығар. Сәл ойланшы.... Бүгіннен қалдырмашы, жоооқ, оларды қазір қуантшы! Қоңырау шал. Үйде болса, құшақтап бетін сүйші. Кім біледі, кешке дейін тым кеш болып қалуы да мүмкін ғой! 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет