Өте көне дәуірден келе жатқан, қазақ халқының ұлт ойындарының бірі. Ол еңбек құралдары ағаш, тас, сүйек болып келетін ғасырларда пайда болған деп болжанады



Дата20.03.2024
өлшемі15.41 Kb.
#496165
бес тас


«Бестас» — өте көне дәуірден келе жатқан, қазақ халқының ұлт ойындарының бірі. Ол еңбек құралдары ағаш, тас, сүйек болып келетін ғасырларда пайда болған деп болжанады. Бұл ойынды кезінде жас өспірімдерден бастап ересек адамдарға дейін ойнаған екен. Ойынға керекті зат бес кішкентей домалақ тас, немесе кейде бес асық болып келеді.[1]
Қазақ ұлттық ойындарында "асық ату", "сақина салмақ", "тоғызқұмалақ", "алты бақан", "ақсүйек", "Ләңгі", "Ақ сандық, көк сандық" және "көкпар" қатарлылармен тең тұратын бұл ойынның тарихы да өте ежелгі дәуірлерге барып тірелетіні анық.
Махмұд Қашқаридың «Түркі тілдері сөздігі» еңбегінде бестас ойыны туралы мағлұмат кездеседі. Бұл мағлұматтар арқылы «бестас» ойынының сақ-ғұндардан бері келе жатқан ойын екеніне көз жеткізуге болады. Ойыншыны жылдамдыққа, қағылездікке, тез шешім қабылдауға үйрететін, тарихы сонау ежелден басталатын таспен ойналатын ойынның «бестас» аталу себебі ойында бес тастың пайдаланылуымен байланысты.
Ойын «балта шабу», «тоқылдақ», «тарақтау», «құдыққа салу», «қуалау», «кедергі» сияқты көп кезеңнен тұрады. «Кедергі» аталатын кезеңге ойынды әбден меңгерген, епті, қағылездер ғана өте алған.
Ойын түрлері «үштік», «төрттік» деп аталады. Одан кейін «жалау» деген түрі, «нәби» сынды бірнеше кезеңі бар. Мысалы, «жалау» ойынында төрт тасты жерге тастап, қолдағы қақпа тасты алып, оң қолыңызбен жерге 3 не 5 рет жалатуыңыз керек. Сонда сіз осы кезеңнен өткен болып есептелесіз. 3 не 5 рет жалату ойын басында ойыншылардың өзара ақылдасуына, келісуіне байланысты. Осылайша бестас ойынының кезеңдері, тәртіптері, түрлері жалғаса береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет