Өткізілу күні: 2014 жылғы 29 қыркүйек, сағат 12. 00-де. Өткізілетін орыны: Сандықтау ауданы, Веселое ауылы, «Байдалы» жшс-інің кеңсесі. Қоғамдық тыңдаулар «Веселое ауылдық округі әкімінің аппараты»



Дата04.07.2016
өлшемі56.34 Kb.
#177874
«Веселое ауылында астықты тазалайтын және кептіретін механикаландырылған тоқтың құрылысы» жұмыс жобасының «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі жөніндегі қоғамдық тыңдаулардың

ХАТТАМАСЫ
Өткізілу күні: 2014 жылғы 29 қыркүйек, сағат 12.00-де.

Өткізілетін орыны: Сандықтау ауданы, Веселое ауылы, «Байдалы» ЖШС-інің кеңсесі.

Қоғамдық тыңдаулар «Веселое ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі «Байдалы» ЖШС-і бірлесе отырып ұйымдастырылды.



Қоғамдық тыңдауды өткізу жөніндегі ақпарат келесі ақпарат құралдары арқылы жұртышылық назарына ұсынылды: «Арқа ажары» газеті, 2014 жылғы 9 қыркүйек күнгі №105 саны, Сандықтау ауданы әкімдігінің http://sand.akmol.kz ақпараттық веб порталы.

Қатысушылар:



1

«Байдалы» ЖШС-інің жетекшісі

А.Б.Уразалин

2

Веселое ауылдық округінің әкімі

Т.С.Искендиров

3

Сандықтау ауданы бойынша өкілетті мемлекеттік экологиялық инспекторы

Б.И.Оспанов

4

«Байдалы» ЖШС-інің бас бухгалтері

Т.К.Алтенов

5

Жобалау ұйымының өкілі

В.В.Гулаков













Веселое ауылының тұрғындары (жалпы саны – 9 адам, тізімі қоса берілген).


Қоғамдық тыңдаулардың күн тәртібі:

  1. Қоғамдық тыңдаудың қатысушыларын тіркеу;

  2. Қоғамдық тыңдаудың төрағасын сайлау;

  3. Қоғамдық тыңдаудың хатшысын сайлау;

  4. Веселое ауылында астықты тазалайтын және кептіретін механикаландырылған тоқтың құрылысын қоғамдық талқылауға енгізу;

  5. Қоғамдық тыңдау қатысушыларының сөзі;

  6. Қоғамдық тыңдау заты бойынша шешім қабылдау;

  7. Қоғамдық тыңдаудың жабылауы.

Сөз сөйлеудің регламенті – 5 минут.

Алдын-ала ұйымдастырылған іс-шаралар:

  1. Жеке кәсіпкер В.В.Гулаковтың жобалау ұйымымен «Веселое ауылында астықты тазалайтын және кептіретін механикаландырылған тоқтың құрылысы» жұмыс жобасының «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі жасалды.

  2. 2014 жылдың 9 қыркүйегі мен 2014 жылғы 29 қыркүйегі аралығында қоғамды таныстыру үшін «Байдалы» ЖШС-інің кеңсесінде жасалған іс-шаралар жоспарының қаралуына рұқсат берілді.

  3. Жергілікті БАҚ пен Сандықтау ауданы әкімдігінің интернет ресурсында хабарландыру жариялау арқылы қоғамды ақпараттандыру ісі жүзеге асырылды.

Тыңдауды Т.С.Искендиров ашты. Ол өз сөзінде қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, тыңдау Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 57 бабына, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы «Қоғамдық тыңдауларды өткізудің ережелерін бекіту туралы» №135-п бұйрығына, сонымен қатар, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 26 наурыздағы «Қоғамдық тыңдауларды өткізудің ережелерін бекіту туралы» №135-п бұйрығына өзгертулер енгізу туралы» №50-п бұйрығына сәйкес өткізіліп жатқанын ортаға салды. Және «Байдалы» ЖШС-інің жетекшісі А.Б.Уразалинді қоғамдық тыңдаудың төрағасы етіп сайлауды ұсынды.


Тыңдау қатысушылары бір ауыздан қолдады.

Үшінші мәселе бойынша А.Б.Уразалин сөз алып, қоғамдық тыңдаудың хатшылығына Т.К.Алтеновты сайлауды ұсынды.

Тыңдау қатысушылары бір ауыздан қолдады.

Сөз алғандар:

«Байдалы» ЖШС-інің жетекшісі, қоғамдық комиссияның төрағасы А.Б.Уразалин:

«Бүгінгі талқылаудың тақырыбы – «Веселое ауылында астықты тазалайтын және кептіретін механикаландырылған тоқтың құрылысы». Аталмыш құрылысты салу үшін 3003 жылы «Байдалы» ЖШС-іне 2,25 га аумақты жер телімі бөлінді. Ол Веселое ауылынан шығыс бағытына қарай 750 метр шақырымда орналасқан. Тоқ аумағында келесі құрылыс нысандары салынбақ: астық сақтайтын ангар түріндегі төрт қойма (әрқайсысының сыйымдылығы 6500 тонна); қоқыс үйетін ор; жинақтау бункері; қалдықтар бункері; автокөлікке жөнелту бункері; астық тазалайтын ғимарат (ЛУЧ ЗСО-50) астық тазалайтын агрегатпен жабдықталғанЖ; КС-30 астық кептіргіші (Қазақстанда жасалынған).

Механикаландырылған тоқ құрал-жабдығын 2015 жылы эксплуатацияға беру жоспарланып отыр. Астық кептіргіш құрал-жабдығымен жабдықталған аталмыш механикаландырылған тоқ элеваторға алыс орналасқан біздің кәсіпорынға ауа-райы өзгерген жағдайда өз астығымызды толық өңдеп сақтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар, жақын жерде орналасқан шаруа қожалықтарының да қажет болған жағдайда астығын қабылдай аламыз. Бұл кәсіпорынға экономикалық тәуелсіздік пен салмақты қаржылық саясатты жүргізуге қолұшын береді.

Жобалау ұйымының өкілі В.В.Гулаков қатысушыларды Веселое ауылында механикаландырылған тоқтың құрылысның әсерін бағалау нәтижелерімен таныстырды: Механикаландырылған тоқты эксплуатациялау қоршаған ортаға тікелей әсер етеді. Аталмыш әсер маусымдық сипатта болады. Тоқ құрылысын салу мен жобалау кезінде қоршаған ортаның барлық компоненттеріне көң сақтау қоймаларының қоршаған ортаға әсерін ықшамдау мақсатында (топырақ, атмосфералық ауа, және т.б.) келесі кешенді іс-шараларды жүзеге асыру қарастырылған:


  1. Механикаландырылған тоқ құрал-жабдығын эксплуатациялау мен құрылысы технологиясын сақтау;

  2. Тұрғын секторы жағынан ағаш отырғызу қарастырылған;

  3. Тоқтың санитарлық-қорғау аймағын жиі-жиі тазартып отыру көзделген;

  4. Табиғатты қорғау ережелері мен өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау және т.б.

Әзірленетін жобалар міндетті түрде өкілетті органдарда (Ақмола облысының тұтынушылар құқық қорғау департаменті, «Ақмола облысының табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ) келісуден өтеді.

Механикаландырылған тоқты эксплуатациялау келесі категориялармен бағаланды:

–әуе кеңістігі, жануарлар, өсімдіктер әлемі мен топырақ – маңыздылығы төмен.

Механикаландырылған тоқ орналасқан ауданда жер астындағы сулар болмағандықтан жер асты суларына әсері тимейді.

Физикалық әсерлер маңызды емес бағалауға жатқызылады.

Механикаландырылған тоқты эксплуатацияға беру процецінде атмосфераға 8 ластаушы заттар бөлінетін болады. Өткізілген талдау нәтижелері бойынша тұрғын және санитарлық-қорғау аймағында құрылыс кезінде де, механикаландырылған тоқты эксплуатациялау кезінде де қарастырылған заттардың ластау деңгейлерінің мөлшері сәйкес келеді.

Механикаландырылған тоқты эксплуатациялау халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына түсетін әсері онша емес.

Баяндамашы қарастырылып жатқан мәселе бойынша қатысушыларға өз ойларын, ескертулерін, ұсыныс-пікірлерін білдіруді ұсынды.


Жұртшылық қойған сауалдар, ұсыныстар мен ескертулер:

Жергілікті тұрғын Николай Юрманов келесі сауал қойды: Тоқ құрал-жабдығын эксплуатациялаудың ерекшеліктері бар ма?

А.Б.Уразалин жауап берді: астық кептіргішті эксплуатациялауға арнайы білім алған персонал жіберілетін болады. Кептіргіш құрал-жабдығын монтаждауға болашақ кептіру шеберінің қатысуы қарастырылған, сондықтан оқыту тез әрі түсінікті болатынына сенімдіміз.

Қоғамдық тыңдаудың төрағасы А.Б.Уразалин Веселое ауылында астықты тазалайтын және кептіретін механикаландырылған тоқтың құрылысын келісуге ұсыныс жасады.

Тыңдау қатысушылары бірауыздан келісім берді.

Жергілікті тұрғын Шахман Құздановтвн ҚР ҚОҚМ хабарландыру жарияланған күннен бастап қоғамдық тыңдауларды өткізудің мерзімін 20 күннен 7 күнге дейін қысқарту жөнінде өтініш түсті.

Талқылау қорытындысы бойынша шығарылған негізгі түйін: механикаландырылған тоқтың құрылысы кезінде есепке алуды қажет ететін ешбір ескерту мен ұсыныс түскен жоқ.

Қоғамның ой-пікірін есепке алатын ешқандай принципті келіспеушілік болған жоқ.


ШЕШІМ

Қоғамдық тыңдауларға қатысқан қатысушылардан теріс ескертулер мен ұсыныстар түспегендіктен Веселое ауылында астықты тазалайтын және кептіретін механикаландырылған тоқтың құрылысын салу бір ауыздан бекітілді.






Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет